Сыныбы: 6 «ә»
Сабақтың тақырыбы: Менің атым Қожа повесі.
Түбі адам болатын бала
Сабақтың мақсаты:
1.
Білімділік: Оқушыларды оқыған повесть
бойынша мазмұнын меңгерте отырып, кейіпкерге мінездеме беруге,
салыстыруға, олардың бейнесін аша білуге, алған білімін қолдана
білуге үйрету.
2.
Дамытушылық: Әр баланың сезіміне ерік
бере отырып, іздену, хат жазу, түрлі жағдаяттарды шешу арқылы
шығармашылық қабілеттерін арттыру.
3.
Тәрбиелік: Оқушыларды өзінің және өзгенің
бойындағы жағымды –жағымсыз жақтарын көре және ажырата отырып,
ұстаз еңбегін бағалап, айналасындағылармен жақсы қарым-қатынаста
бола білуге, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың
түрі: талдау, шығармашылық
сабақ.
Сабақтың
әдісі: іздену, сұрақ-жауап, ой
шақыру, салыстыру, шығармашылық жұмыс.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі:
• Оқушылармен сәлемдесу;
• Кезекші мәліметі;
• Психологиялық дайындық «Менің атым Қожа» фильміндегі «Біз Отанның ұланымыз» әнін орындау.
• Сыныпты топқа бөлу (Оқушылар шығарма кейіпкерлерінің суретін таңдау арқылы «Қожа», «Жантас», «Жанар», «Сұлтан», «Дәулет» топтарына бөлінеді).
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
«Менің атым ... » өздерінің атының шығу тарихы мен жақсы-жаман қасиеттерін қосып, шығарма жазу.
«Сезімді ояту» кестесін толтырту

ІІІ. Мінездеме беру
Топтар өздерінің атаулары бойынша шығарма кейіпкерлеріне мінездеме береді.
IV. Топтық жұмыс
«Қожа» тобына:
Оқиғалар тізбегін ретімен орналастыр
1. Атымды айта бастасам, тілім таңдайыма жабысып қалғандай болады да тұрады
2. Түстен кейін төсегімде демалып жатып, ойға қалдым. Бағана Майқановаға істегенім тұрпайылық болды – ау деймін.
3. Мақтанғаным емес, сыныптағы орыс тілін тәуір біледі дейтін оқушының бірі менмін.
4. Майқанова сумкасын ашып, қол орамалын суырып алды. Сол кезде кішкентай қара сұр бақа қол орамалмен қоса секіріп шығып, секемшіл мұғалімнің үстіне қонбасы бар ма
5. Құпия кеңес бір сағаттай уақытқа созылды. Ақыры тұжырымға келіп, бірауыздан қаулы қабылданды.
«Жанар» тобына:
Кейіпкерлер сөзін кейіпкер есіміммен сәйкестендір
|
Қара Көже, мынаның не екенін білесің бе? |
Жантас |
|
Қайда кимелеп барасың? Кезекке тұр |
Сәбира Майқанова |
|
Келесі сабақта қайсың бақа ұстап әкелесіңдер? |
Оспанов |
|
Қу жалғыз, сенен-ақ өлетін болдым ғой |
Анасы |
|
Қожатай, шыбыным |
Әжесі |
«Жантас» тобына:
Сын-сипаты мен мінез-құлқына, іс-әрекетіне қарап әр кейіпкерді өз тұсына сәйкестендір
|
Біреуді біреуге атыстырып, от тастап жүретін қу, сабақ үстінде сыбырлап-сыпсыңдағыш; өзі тақтаға шыққанда көрінгенге құлақ түргіш |
Жантас |
|
Көкшіл көзді, бір ашуланса, шапылдап, жуық арада толас бермейтін |
Сәбира Майқанова |
|
Жіңішке аяқтары сидиып, шашы қақ жарыла желбіреген |
Ахметов |
|
Педучилещені бітіріп, жазда институтқа сырттай оқуға түскен; Адам жанын керемет түсінетін, мұғалімдердің ішіндегі алтын адам |
Анфиса Михайловна |
|
Тәмпіш мұрын, шекесі шығыңқы, басы қарбыз тәрізді доп-домалақ, тап-тақыр. Сол жақ құлағының астына таман бір түйір қалы бар. |
Қожа |
«Сұлтан»
тобына:
Оқиғаның
қай жерде болғанын анықта
|
- Сен адасып барасың. Қант ана жақта сатылады, - дейді. - Сіздің не шаруаңыз бар, қоя беріңіз,- деп жұлқынып қалдым да, ... бір-ақ барып жеттім |
Дүкенде |
|
Төбемнен шатыр етіп жай түскендей болды. Не істерімді білмеген меңіреу халде орнымнан сүйретіле түрегеле бердім. Маңдайымнан бұрқ етіп, суық терім шығып кетті. |
Орыс тілі сабағында |
|
... Сол кезде кішкентай қара сұр бақа қол орамалмен қоса секіріп шығып, секемшіл мұғалімнің қолының дәл үстіне қонбасы бар ма. Майқанованың шаңқ еткен даусы бір-ақ шығып үлгерді. Өңі құп-қу болып, сылқ етіп құлап бара жатыр. |
Қазақ тілі сабағында |
|
Алдыма қақпан құрулы тұрғандай жыбырлап бір-екі аттадым. Екі жақ қабырғада тізіліп отырған мұғалімдердің барлық көзі жан-жағымнан найзадай түйреп қадалып барады. |
Педсоветте |
|
Есікті аша бергенімде, тынысым мүлде бітіп, жүрегімнің соғуы тоқтап қалғандай болды. Сол кездегі келбетім көлденең көзге тірі аруақ тәрізді қыбырлаған бірдеңеге ұқсар деймін... |
Үйде |
«Дәулет»
тобына:
Қате қойылған сөздерді дұрыс сөздермен алмастыр
|
Лагерьге жолдама |
|
Осы арада тілі құрғыр өтірікті менің еркімнен тыс айтып салды: - Мен оқулық емес, тұз аламын дедім. Өйткені дүкеннің арғы азық-түлік сататын бөліміне қарай адамдар еркін өтіп жатыр. |
Қант |
|
Пушкиннің «Қысқы кеші» |
|
... Сол кезде кішкентай сұр тышқан қол орамалмен қоса шығып, секемшіл мұғалімнің қолының дәл үстіне жүгірмесі бар ма. Майқанованың шаңқ еткен даусы бір-ақ шығып үлгерді. |
Бақа |
|
Ахметовтің өзі де осыдан он шақты күн бұрын ғана аудандық оқу бөлімінен келген инспекторға мені: «Мынау біздің мектептің ақыны, болашақ Мұқағали Мақатаевымыз» деп дәріптемеді ме? |
Сәбит Мұқановымыз |
V. Егер мен Қожаның орнында болсам...
«Қожа» тобына:
Сен күзде дүкенге оқулық алуға бардың. Бірақ кезекте тұрған көпшілікті көріп, мұғалімді алдап соғып, өтіп кеттің. Мұғалім саған кіжініп қала берді. Ал сол мұғалім бүгін сенің сынып жетекшің болатынын мәлімдеді. Ол сенімен таныс екенін де айтты. Сен мұғалімге не деп жауап бересің?
«Жанар» тобына:
Орыс тілі сабағынан сен (Қожа секілді) Пушкиннің «Қысқы кешін» жаттамай келдің. Анфиса Михайловна үй жұмысын сұрай бастады да, бір уақытта сенің есіміңді атады. Сен не істейсің?
«Жантас» тобына:
Майқанова мұғалімнің сөмкесіне бақа салып жіберіп, оны қатты шошытып алдың. Сол шошынғаннан мұғалім екі күн бойы сабаққа келмеді. Жұмысқа бүгін ғана шығып отыр. Сені көрген бетте жүзі сұрланып кетті. Бұл жағдайда сен не істейсің?
«Сұлтан» тобына:
Мектепте педсовет өтіп жатыр. Олар сенің мәселеңді қарау үстінде. Педсоветте не айтылып жатқанын тыңдағың келгенімен, ұстаздардың дауысы анық естілмейді. Ал терезеге бойың жетер емес. Сонымен сен теректің бұтағына шығып, әңгімені сол жерден тыңдамақ болдың. Бір сәтте бұтақ сынып, сен дәл педсовет өтіп жатқан бөлмеге топ ете түстің. Бұл сәтте сен өзіңе қадала қараған ұстаздарға не айтасың?
«Дәулет» тобына:
«Бақа оқиғасынан» кейін сенің анаңды мектеп әкімшілігі шақыртып, сенің тәртібіңе шағымданды. Анаң сен үшін әбден ұятты болды. Сен үйге келсең:
«Қу жалғыз, сенен-ақ өлетін болдым ғой. Өлтірдің ғой мына сорлы анаңды. Ел бетіне қарағысыз қылдың ғой. Қайтем сені? Қайтем?! Неге тыныш жүрмейсің? Осы саған не жетпейді?» деп ашынып жылады. Сен анаңа не айтасың?
VI. Сергіту сәті. Үнсіз бейнеле
Оқушы қолына түскен парақшадағы іс-әрекетті жолдастарына үнсіз бейнелеп көрсетеді. Өзгелер бұл қай сәт екенін табуға тиіс.
1. “ Омырауымды сипалап таппаған галстугым, сөйтсем, иығыма шығып кеткен екен. Бұрып әкеп, орнына қойдым да, зып беріп сыныпқа кірдім. Балалар дүр етіп түрегелді. Маған емес, әрине, артымда келе жатқан оқытушыға құрмет көрсеткендері ғой. Бірақ мен оны басқаша қабылдадым. Бір секундқа кідіріп, мұрнымды көкке шүйіріп, маңғаздана қалдым да, қолымды кеудеме қойып, тәжім еттім”
2. Қоңырау әлі бола қоймаған. Сол кезде сап етіп, басыма бір қызық ой келе қалды. Кішкентай бақаның бірін Майқанованың сумкасына сүңгітіп жібіердім. Не болар екен?
3. Ол бұл сөзді айтып үлгергенше Қожекең сұр кепканы қойнына сүңгітіп жіберіп, тақыр бас қара бала болып шыға келді. Ақшаны сатушының қолына ұстата салып, қажетті оқулық – дәптерлерімді бір құшақ етіп, алып шыға бердім.
4. Жантас мұрнын уқалап, тырп-тырп басып, тақтаға шықты.
- Буря мглою… - Жантас осыны айтты да, жым болды.
- Дальше?
- Мұғалім мен жаттамай келіп едім.
5. Төр үйге кіріп, үстел шамды жақтым да, сырттан ештеңе көрінбестей етіп, терезе перделерін түсірдім. Бұрышта кісі бойы үлкен айна тұр. Үстелімді соның дәл алдына жақын қойдым да, дүниені шулатып, сойқандап жүрген қылмыскер Қожамен бетпе-бет келдім.
VІI. Жалпы жиын
Дәл қазір Қожа біздің ортамызда отыр. Оның тәртіпсіз қылықтары бір басына жетерлік. Қазір Қожаның қылықтарын ортаға салып, бірге талқылаймыз.
«Қожа» тобына:
Сіздер Қожаның барлың тәртіпсіз қылықтарын жіпке тізіп, даттауға тиіссіздер.
«Жанар» тобына:
Сіздер Қожаның жақсы қасиеттерін ескеріп, оны ақтауға тиіссіздер.
«Жантас» тобы:
Сіздер Қожаға ата – аналар атынан ақыл айтуларыңыз керек.
«Сұлтан» тобына:
Сіздер Қожаның ұстаздары ретінде оның жақсылы – жаманды қылықтарын таразыға салып, ұстаздар атынан сөйлейсіздер.
«Дәулет» тобына:
Сіздер даттаушылар мен ақтаушыларды және ата-аналар мен ұстаздарды тыңдай келе, шешім шығарасыздар.
VIIІ. Мен таныған Қожа
Төмендегі сөйлемдерді оқи отырып, оқушылар өзі таныған Қожа туралы ойларын жазады.
"Бағана Майқановаға істегенім тұрпайылық болды-ау" Маматай қойшы! Ең соңғы рет кешірші! Ант етемін!
"Бір секундқа кідіріп, мұрнымды көкке шүйіріп, маңғаздана қалдым да, қолымды кеудеме қойып, тәжім еттім. Мұным балалардың құрметіне сыпайгершілікпен қайтарылған жауап болды да шықты. Балалар ду күліп жіберді"
Оқулығы сай бала – көңілі жай бала
Мынау, біздің мектептің ақыны, болашақ Сәбит Мұқановымыз
Қадыров түбінде адам болатын бала
Оты бар
Қожаның құпия кеңес ашып, түзу жолға түсемін деп, өзіне-өзі серт беруі оның қандай бала екендігін керсетеді?
ІХ. Автор орындығы
Оқушылар арасынан біреуі Бердібек Соқпақбаев болып оқырмандардың сұрақтарына жауап береді. Ең үздік сұрақ қойған оқушыға автор өзінің кітабын сыйға тартады.
Х. Сабақты қорыту:
Қалай ойлайсыздар, әдепті жолға түсуіне не себепкер болды? Анасын аяуы ма, Сейбек қарт, Оспановтар айтқан естеліктер ме, Майқанованың педкеңестен шығып бара жатып айтқан сөзі ме?
«... Қаламгердің анық өсіп, шеберліктің белгілі бір биігіне шыққанын көрсеткен туындысы - «Менің атым Қожа» повесі»
Қ. Баянбаев
Бала жайлы шығарманың төресі, «Менің атым Қожа» деген повесі. Өзімізді сол повестен табамыз, Шалқып –тасып қиялардың кемесі.
ХІ. Бағалау
Рефлексия
XI. Үйге тапсырма: Шығарма кейіпкерлерінің біріне хат жазу.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Сабақ жоспары "Менің атым Қожа" 7-сынып

шағым қалдыра аласыз