Сабақ жоспары "Сыныптан тыс жұмыс" 5 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сабақ жоспары "Сыныптан тыс жұмыс" 5 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқыған шығармалары туралы әңгімелеу,қандай көркем әдебиет немесе халық ауыз әдебиетінің түрлерін оқығаны туралы сұрақтар қойып, әңгімелету,алған білімдерін тест сұрақтары арқылы бекіту. Оқушыларды көркем, әдемі сөйлей білуге үйрету, тілін дамытып, логикалық ойлау жүйелерін қалыптастыру. Ұлттық дәстүрді сақтауға, әдеби тілде сөйлей білуге тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

5 сынып

Сабақтың тақырыбы: Сыныптан тыс жұмыс.

Сабақтың мақсаты: Қандай көркем әдебиет немесе халық ауыз әдебиетінің түрлерін оқығаны туралы сұрақтар қойып, әңгімелету,алған білімдерін тест сұрақтары арқылы бекіту. Оқушыларды көркем, әдемі сөйлей білуге үйрету, тілін дамытып, логикалық ойлау жүйелерін қалыптастыру. Ұлттық дәстүрді сақтауға, әдеби тілде сөйлей білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: шығармашылық сабағы.

Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер:баяндау, сұрақ-жауап,шығармашылық.

Көрнекілігі:тест сұрақтары, суреттер.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй жұмысын тексеру

Хрестоматия. Б:11, 12,24. Мәтін.

ІІІ. Жаңа сабақ.

1.Оқыған шығармалары бойынша сұрақтар қою:

А) Қандай шығарма оқыдың?

Ә) Оның авторы кім?

Б) Авторы туралы не білесің?

В) Бұл кітабың қандай жанрға жатады?

Г) Кітап саған ұнады ма, ұнаса несімен ұнады?

Ғ) Кейіпкерлері кімдер?

Д) Ұнамды және ұнамсыз кейіпкерлерін ата.

2.Б:57. Тыйым сөздерді оқып, аудару, мағынасын түсіндіру.

ІV. Сабақты бекіту.

Тест сұрақтарына жауап беру:

1.Ауыз әдебиетін ғылыми түрде қалай атайды?

А) мақалдар Ә) фольклор Б) халық ауыз әдебиеті

2.Халық ауыз әдебиеті қалай тараған?

А) ауызша Ә) жазбаша Б) тарамаған

3. Қазақ халық ауыз әдебиетінің түрін ата:

А) повестер Ә) романдар Б) ертегілер

4.Тұрмыс –салт жырлары неше түрге бөлінеді?

А) 2 Ә) 3 Б) 4

5. Төрт түлік малдың иелерін тап:

А) Қой атасы 1) Ойсыл қара

Ә) Сиыр атасы 2) Қамбар ата

Б) Ешкі атасы 3) Шопан ата

В) Жылқы атасы 4) Зеңгі баба

Г) Түйе атасы 5) Сексек ата

6. Жылқының төлін қалай атайды?

А) бұзау Ә) лақ Б) құлын

7. Малға байланысты айтылған тыйым сөзді тап:

А) Малды аяқпен теппейді. Ә) Бұлақ көрсең ,көзін аш Б) Жұлдыз санама.

8. Әдет-ғұрыпқа байланысты өлең-жырды тап:

А) Төлді қалай шақырады? Ә) Наурыз жыры Б) Тұсау кесу жыры.

9. «Тойбастар» жыры қайда айтылады?

А) үйлену тойында Ә) қыз елімен қоштасарда Б) келін түскенде

10. Ұзатылып бара жатқан қыздың айтатын жыры

А) беташар Ә) көніл айту Б) сыңсу

11. Наурыз өлеңдері қай кезде айтылады?

А) мерекеде Ә) Наурыз мерекесінде Б) қоштасарда

12. Наурыз мерекесі қашан болады?

А) 21 наурызда Ә) 23 наурызда Б) 22 наурызда

13. «Наурыз» деген парсы сөзі нені білдіреді?

А) жаңа күн Ә) жаңа ай Б) жаңа жыл

14. «Ұлыстың ұлы күні» деп қандай мерекені айтады?

А) Тәуелсіздік күнін Ә) Наурыз мерекесін Б) Білім күнін

15. Мақал-мәтелдердің көлемі қандай болады?

А) шағын Ә) үлкен Б) зор

16. Туған ел туралы мақалды тап:

А) Еңбек етсең, емерсің. Ә) Күш-білімде. Б) Отан оттан да ыстық.

17. Мына мақал не туралы: Көз-қорқақ, қол-батыр.

А) Отан туралы Ә) Еңбек туралы Б) Білім туралы

18. Мақалдың жалғасын тап: Ақыл азбайды, ... ... .

А) Елі үшін өледі. Ә) Білім басқа бітеді. Б) Білім тозбайды.

19. Достық туралы мақалды тап:

А) Өлімнен ұят күшті. Ә) Жақсы дос үшін жан пида. Б) Ер дәулеті – еңбек.

20. «Фольклор» деген сөз нені білдіреді?

А) халық шығармасы Ә) жұмбақтар Б) жаңылтпаштар.

V.Сабақты қорыту.

Сұрақтар қою арқылы.

VІ. Үйге тапсырма

Хрестоматия. Б:11, 12,24. Мәтін. Қайталау.

VІІ. Бағалау.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.12.2017
1519
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі