САБАҚ ТАЛДАУҒА ҚОЙЫЛАТЫН ЖАЛПЫ ТАЛАПТАР

Тақырып бойынша 11 материал табылды

САБАҚ ТАЛДАУҒА ҚОЙЫЛАТЫН ЖАЛПЫ ТАЛАПТАР

Материал туралы қысқаша түсінік
«Сабақ талдауға қойылатын жалпы талаптар» атты әдістемелік нұсқаулықтың мазмұнын төмендегіше сипаттауға болады: Бағыты: Бұл нұсқаулық педагогтерге сабақтан кейінгі немесе бақылау сабақтарын талдау мен бағалауға арналған жүйелі әдістемелік көмек ретінде бағытталған. Ол педагогикалық процестің сапасын арттыруға, мұғалімнің кәсіби дамуына ықпал етуді көздейді. Жаңалығы: Сабақты талдаудың дәстүрлі тәсілдерінен бөлек, рефлексиялық, критериалды және құзыреттілікке негізделген бағалау өлшемдерін ұсынады. Мұғалімнің кәсіби шеберлігін бағалауда обьективтілікті қамтамасыз ететін жаңа құрылымдар мен алгоритмдер енгізілген. Сабақ талдау үлгілері мен чек-листтері ұсынылған. Өзектілігі: Қазіргі білім беру жүйесінде мұғалімнің кәсіби дамуы мен оқушы жетістігіне бағытталған білім сапасын арттыру қажеттігі артқан тұста, сабақтың тиімділігін талдай білу – басты талап. Бұл құрал білім беру мазмұнының жаңартылуы мен бағалау жүйесінің өзгеруіне сәйкес келеді. Педагогикалық мақсатқа лайықты
Материалдың қысқаша нұсқасы

Shape1 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі




Құрастырған: Турмысова Роза Досмаханбетовна




















САБАҚ ТАЛДАУҒА ҚОЙЫЛАТЫН ЖАЛПЫ ТАЛАПТАР




Әдістемелік нұсқаулық















Тараз – 2022

ӘОЖ 373.167.1 (075.3)

ҚБЖ 32.81 я 72

С 124


Пікір жазған:


Ф.Н.Каракшекова – педагогика ғылымдарының кандидаты, қауымдастық

профессоры. «Өрлеу» АҚ БАҰО Алматы облысы бойынша ПҚ БАИ

«Инновациялық Технологиялар және Жаратылыстану (гуманитарлық) пәндерді оқыту әдістемесі» кафедрасының профессоры


Құрастырған: Турмысова Роза Досмаханбетовна

Сабақ талдауға қойылатын жалпы талаптар (әдістемелік нұсқаулық). Білім беру жүйесінде оқу-тәрбие процесінің сапасын арттыру үшін сабақтың тиімділігі мен мазмұнын жүйелі түрде талдап отыру маңызды. Сабақ талдауы – мұғалімнің кәсіби шеберлігін арттырып, оқушылардың білім сапасын жақсартуға бағытталған маңызды үрдіс. Бұл нұсқаулықта сабақ талдаудың негізгі талаптары мен ерекшеліктері қарастырылады. Осы нұсқаулықта сабақ талдаудың кезеңдері реттілігімен көрсетілген.






ӘОЖ 373.167.1 (075.3)

ҚБЖ 32.81 я 72

С 124




ISBN 996-854-63-81








© Турмысова Р.Д., 2022.




«Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының Тараз қаласы білім бөлімінің №9 орта мектебі» КММ

Құрастырған:

Турмысова Роза Досмаханбетовна – математика пәні мұғалімі,

мектеп директоры


Педагог-зерттеуші, еңбек өтілі-30 жыл 6 ай. Тараз қаласы №9 орта мектебі директоры, математика пәні мұғалімі. Еңбек жолын Жамбыл облысы Жуалы ауданындағы ауыл мектебінен бастап, «Өркениет» жеке мектеп - гимназия директоры, ТСТК колледжі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, математика пәні оқытушысы болып еңбек етті. Көптеген балалар үйінің түлектері колледж қабырғасынан мамандық игеріп шығуына көп еңбек сіңірді. Жұмысшы мамандар тәрбиелеудегі еңбегі еленіп, 2017ж. Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталды. Білім мен тәрбиенің басы-мектеп екенін білетін ұстаз 2019ж. бастап Тараз қаласы №59 мектепке математика пәні мұғалімі және директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары болып ауысты. Роза Досмаханбетовна сабақ беретін сыныптар арасында математикадан қалалық Олимпиададан үшінші орын алған 5-сынып оқушысы Оспанова Динара бар. Жаңартылған оқу бағдарламасы, мектеп басқарудағы менеджмент курстарын Өрлеу білім жетілдіру орталығында 80сағ, НЗМ 430сағ білім жетілдіру курсында оқып, үнемі білімін жетілдіріп жүрген мамандардың бірі. Білгенін бөлісуден жалықпайтын ұстаз авторлық бағдарлама курсынан өтіп,«Сабақты талдауға қойылатын жалпы талаптар» атты әдістемелік нұсқаулығы жарық көрді. 5- сыныпқа арналған «Ғажайып математика» авторлық бағдарламасын жинақтауда. Сабақ зерделеуде Lesson Study тәсілін ұжымымен бірге оқып үйреніп, практикада пайдаланып жүрген ұжым ұйытқысы. Қазіргі таңда Тараз қаласы №9 орта мектеп директоры және математика пәні мұғалімі.
















Түсінік хат


«Сабақ талдауға қойылатын жалпы талаптар» атты әдістемелік нұсқаулықтың мазмұнын төмендегіше сипаттауға болады:

Бағыты:

Бұл нұсқаулық педагогтерге сабақтан кейінгі немесе бақылау сабақтарын талдау мен бағалауға арналған жүйелі әдістемелік көмек ретінде бағытталған. Ол педагогикалық процестің сапасын арттыруға, мұғалімнің кәсіби дамуына ықпал етуді көздейді.

Жаңалығы:

Сабақты талдаудың дәстүрлі тәсілдерінен бөлек, рефлексиялық, критериалды және құзыреттілікке негізделген бағалау өлшемдерін ұсынады.

Мұғалімнің кәсіби шеберлігін бағалауда обьективтілікті қамтамасыз ететін жаңа құрылымдар мен алгоритмдер енгізілген.

Сабақ талдау үлгілері мен чек-листтері ұсынылған.

Өзектілігі:

Қазіргі білім беру жүйесінде мұғалімнің кәсіби дамуы мен оқушы жетістігіне бағытталған білім сапасын арттыру қажеттігі артқан тұста, сабақтың тиімділігін талдай білу – басты талап. Бұл құрал білім беру мазмұнының жаңартылуы мен бағалау жүйесінің өзгеруіне сәйкес келеді.

Педагогикалық мақсатқа лайықтылығы:

Нұсқаулық мұғалімге өз сабағын немесе әріптесінің сабағын жүйелі, мақсатты, құрылымдық тұрғыда талдауға мүмкіндік береді. Ол сабақты талдау барысында оқушы әрекетін, мұғалімнің әдістемесін, қолданылған ресурстарды сараптай отырып, педагогикалық шешімдерді оңтайландыруға жағдай жасайды.

Мақсаты:

Сабақ талдаудың тиімді әдіс-тәсілдерін ұсыну арқылы педагогтердің кәсіби рефлексиясын дамыту.

Міндеттері:

  • Сабақ талдаудың кезеңдерін, құрылымын, талаптарын нақтылау;

  • Талдаудың өлшемдері мен индикаторларын анықтау;

  • Мұғалімнің кәсіби дамуына бағытталған кері байланыс мәдениетін қалыптастыру.

Нормативтік сілтемелер: 1. Орта білім берудің жаңартылған мазмұны бойынша жалпы білім беру ұйымдары үшін әдістемелік-нұсқаулық құжаттар (ҚР БҒМ, Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА)

2. Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020–2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. 4.2-бөлім: Педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру. Оқытудың нәтижесіне бағытталған білім беру жүйесін қалыптастыру талабы. Сабақ жоспарлау мен талдау өлшемдері бойынша ұсыныстар.

3. Педагогтерді аттестаттаудың қағидалары мен шарттары туралы ереже (ҚР БҒМ, бұйрық № 57, 2020 ж.). 2-бөлім: Мұғалімнің педагогикалық қызметін бағалау критерийлері. Сабақ өткізу мен талдау талаптары.


Мұғалімнің кәсіби қызметін бағалаудағы жаңаша көзқарас.

Ерекшелігі:

  • Әртүрлі пән мен сынып ерекшеліктеріне сай бейімделе алады;

  • Мұғалім мен әдіскер, басшылық арасындағы кәсіби сұхбатты жандандырады;

  • Қолдануға ыңғайлы құрылымда.

Күтілетін нәтижелері:

  • Мұғалімдер сабақ құрылымын жүйелі талдай алады;

  • Әріптестік кәсіби даму қалыптасады;

  • Сабақ сапасы мен оқушының оқу жетістігіне оң әсер етеді;

  • Кері байланыс берудің тиімді әдістері меңгеріледі.

































МАЗМҰНЫ


КІРІСПЕ ................................................................................................................. 7

НЕГІЗГІ БӨЛІМ ................................................................................................... 8

1. Мектептің оқу үдерісін ұйымдастыруға басшылық жасаудың

механизмдері................................................................................................. 8

2. Жаңа технологияларды меңгерту арқылы оқу процесін

ұйымдастыру................................................................................................. 10

3. Сабақ талдауға қойылатын талаптар..................................................... 15

4. Мұғалімнің сабақты өзіндік талдауы: сабақтың тиімділігін

бағалаудың критерилері............................................................................. 16

5. Сабақты тексерушінің талдауына қойылатын талаптар...................... 18

6. Мұғалімнің жұмысындағы сабақтың психологиялық анализі ........... 21

7. Сабақтың психологиялық анализінің типі ........................................... 22

8. Мұғалімнің өзі өткізген сабағын талдау үлгісі ретіндегі ұсыным...... 26

9. Қысқа мерзімді сабақ жоспарының рефлексивтік есебін жүргізу ..... 28

10. Сабақты талдау...................................................................................... 30

ҚОРЫТЫНДЫ.................................................................................................... 33

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ............................................... 34


























КІРІСПЕ


Сабақ – бұл оқыту үдерісінің ең басты, ең маңызды бөлігі. Қандай әдіс тәсіл үйренсекте, оның іске асатын табысты болатын соңғы нүктесі – сабақ. Сондықтан, қазір ұстаздарымыз оқытудың Кембридждік тәсілдерінің мәні мен мақсатын түсініп, өз сабақтарында іске асырып жатыр. Қысқа мерзімді сабақ жоспарын құра алатын деңгейге жетті. Деңгейлік бағдарлама аясында сабаққа жеті модульді кіріктірудің өзі мұғалімнен аса жауапкершілікті, іскерлікті, біліктілікті қажет етеді. Егер мұғалім сабағын сауатты талдай алса, онда тиімді сабақты іске асыра алады. Міне, осы жолда қазіргі жаңа форматтағы сабақтарды талдай аламыз ба? Бұл сұрақ бәріміздің көкейімізде жүргені де рас. Сондықтан мен педагог зерттеуші ретінде дәстүрлі сабақтарды талдаудың керекті элементтерін сақтап, жаңа жүйенің талаптарын кіріктіре отырып, сабақ талдау жүйесін жасап көрдім. Сабақ талдау жүйесімен басқада әріптестеріммен жұмысты бөліскім келеді. Бастапқы бөліктері бізге бұрыннан таныс. Мұндағы өзгеріс сабақ сапасын талдау жүйесіне енді. Білім беру жүйесінде сабақ – оқыту процесінің негізгі және шешуші бөлігі болып табылады. Әсіресе, нақты ғылымдар қатарындағы математика пәнінен берілетін білім оқушының логикалық ойлауын, есептеу дағдыларын және шығармашылық қабілетін дамытуда маңызды рөл атқарады. Осы орайда, өткізілетін әрбір сабақтың сапалы ұйымдастырылуы, тиімді жоспарлануы және нәтижелі жүзеге асуы – мұғалімнің кәсіби шеберлігіне тікелей байланысты. Сабақ талдау – мұғалімнің өз іс-әрекетін саралап, кемшіліктерін түзетуге, жетістіктерін нығайтуға бағытталған маңызды үрдіс. Сабақ талдауы – оқыту процесіндегі жетістіктер мен кемшіліктерді анықтап, оларды жетілдіру жолдарын ұсынатын педагогикалық талдау. Оның негізгі мақсаты – мұғалімнің әдістемелік жұмысын жетілдіру, тиімді оқыту әдістерін табу және білім сапасын көтеру. Сондықтан да, сабақ талдауға қойылатын талаптарды айқындау – оқыту сапасын арттыруға, әдістемелік жұмысты жүйелеуге ықпал етеді.















НЕГІЗГІ БӨЛІМ


1. МЕКТЕПТІҢ ОҚУ ҮДЕРІСІН ҰЙЫМДАСТЫРУҒА БАСШЫЛЫҚ

ЖАСАУДЫҢ МЕХАНИЗМДЕРІ


Әріптестерімен ынтымастықтықта оқу ортасында құру, жүргізу, басқару және жоспарлауға үлес қосу үшін өзінің мүмкіндіктерін барынша жетілдіріп отыруға тиіс. Мұғалімдер өз тәжірбиесі арқылы білім алу үшін өз практикасына қатысты рефлексия жасап отыруы қажет. Қазіргі таңда үшінші, және екінші деңгейге өтіп келіп отырған мұғалімдер өз тәжірибелерінде жаңа стратегияларды тиімді, орынды қолдануда. Мен өз жұмысымды мектебіміздегі мұғалімдермен бірлесе отырып, басқа ұстаздармен қоян қолтық жұмыс жасауды мақсат еттім. Осы мақсатта өзім білгенімді әріптестеріммен бөлісуге, мәселелерді бірге шешуге, жоспарлауға бірігеміз деп ойлап отырмын. Екіншіден, ұстаз - еркін шығармашылық иесі. Өз бетіңше іздене, көре жүріп, әрекетіңе сараптама, талдау жасаумен қатар шығармашылығың шыңдай түседі. Үшіншіден, ұстаз - шәкіртін үнемі қадағалаушы, жалпы сабаққа қатысуын, бос уақытын өткізуін қадағалаумен қатар баланың жан дүниесіне үңіліп, ішкі сырын, ойын, өмірге көзқарасын байқап, бақылап отырады. Ұстаздық тағы бір ерекше қасиеттерінің бірі - жетелеуші, алға ұмтылдырушы, үлгермеушілерді жақсы оқушылар санатына қосу жолында еңбектенсе, қиын оқушыларды тәрбиелі оқушылар қатарына қосу мақсатында, дарынды оқушыларды биіктен көрсету жолында аянбай тер төгу керек.

Мұғалім еңбегі біріншіден, адамзат қоғамы тарихында жинақталаған ғылым негіздерінен білім беруге тиіс болса, екіншіден, ол үнемі13 оқушылармен қарым - қатынаста болып, білсем, үйренсем деген бала тағдырына басшылық етуді мойынына алған адам. Мұғалім алдынан бір - біріне ұқсамайтын, әр қайсысының өзіндік ерекшелігі бар мыңдаған шәкірттер өтеді. Бірақ, олардың барлығын бір жүйеге бағындырып қарататын – ұстаздың «тактикасы». Ұстаздың үздік қасиетінің. Яғни, шын мәніндегі үлкен абырой - беделінің тәрбиелік күші шәкірттерінің, соларды мойындай отырып, сол әсерге міндеттеусіз, өз ерік - қалауымен берілуінде, еліктеуінде. Өз ісіңе деген, түсіндіретін тақырыбыңа деген сүйіспеншілікті оқушыға деген сүйіспеншілікпен ұштастыра алғанда, шәкіртің саған сеніп, тәнті болып, болмаса да «ұқсап бағып» айтқаныңды екі етпей, тапсырманы ауырсынбай, оны шын пейілімен, бар ынтасымен және шабытпен орындап шығады екен. Әр сабағымды осылай қызғылықты, құштарлықпен, оқушы талпынысын одан әрі өрбетіп өткізуге тырысамын. Оған жаңа технологияның элементтерін қолдана отырып, жеке тұлғаны оқытып, тәрбиелеу мақсатында оқу жұмысының көптеген көңілді, түсінікті түрлерін енгізіп, сабақ жүргізу әдісін пайдаланамын.

Сабаққа дайындық кезінде маңызды аспектілерді ескеру үшін сабақ жоспарларының бірнеше бөлімдерін зерттеу қажет. Сонымен қатар, сабақты жоспарлау кезінде мұғалімдердің сабаққа қойылатын талаптарын және білім алушыларға пайдалы болатын түсініктеме түрін ескеру қажет. Ірі ақпараттық жүйелердің күрделілігі мен пайдалылығы ішінара олардың функционалдылығымен, яғни олардың не істейтінімен және олардың дәлдігіне, қауіпсіздігіне, құнына, ыңғайлылығына, өнімділігіне және т.б. жаһандық шектеулермен анықталады. Мектептегі оқу үдерісінің тиімді ұйымдастырылуы – білім сапасын арттырудың негізгі кепілі. Бұл үдерісте мектеп әкімшілігі, әсіресе директор мен оның орынбасарлары жетекші рөл атқарады. Басшылық жасау тек басқару ғана емес, сонымен қатар оқу-тәрбие процесін үйлестіру, мұғалімдердің кәсіби дамуын қолдау және оқу сапасын бақылау жүйесін құруды қамтиды.

Негізгі механизмдер:

1. Стратегиялық және жылдық жоспарлау

Мектептің даму жоспары мен оқу жылының жұмыс жоспарын әзірлеу.

Жылдық мақсаттар мен міндеттерді нақтылап, соған сай іс-шаралар жүйесін құру. Пән бірлестіктерінің жоспарларын үйлестіру.

2. Оқу үдерісін ұйымдастыру және үйлестіру

Оқу жоспарын (тақырыптық-күнтізбелік, апталық жүктемелер) бекіту және оның орындалуын бақылау. Сабақ кестесін құру, оны санитарлық-гигиеналық талаптарға сай ұйымдастыру. Мұғалімдердің педагогикалық жүктемесін тиімді бөлу.

3. Мониторинг және ішкі бақылау

Білім сапасын талдау (оқушылар үлгерімі, ҰБТ, диагностикалық тесттер). Сабақтарға қатысу, ашық сабақтар, әдістемелік күндер арқылы мұғалімдердің жұмысына бақылау жүргізу. Педагогикалық кеңестер мен әдістемелік бірлестіктер жұмысын үйлестіру.

4. Педагогикалық кадрларды басқару

Мұғалімдердің кәсіби дамуын қолдау (курстар, семинарлар, аттестаттау). Педагогтардың құзыреттілігін арттыруға жағдай жасау. Жас мамандарға тәлімгерлік ұйымдастыру.

5. Цифрлық технологияларды енгізу

Электрондық журналдар мен күнделіктер (Kundelik.kz және т.б.) жүйесін бақылау. Оқу процесіне АКТ-ны енгізуді бақылау, цифрлық ресурстарды тиімді пайдалануды қамтамасыз ету.

6. Ата-аналармен және қоғамдастықпен байланыс

Ата-аналар комитеті, қамқоршылық кеңеспен бірлескен іс-шаралар.

Ата-аналар жиналыстары арқылы оқу-тәрбие процесінің нәтижелерін таныстыру. Жергілікті қоғаммен (кітапхана, мұражай, спорт ұйымдары т.б.) байланыс орнату.

7. Оқу үдерісінің сапасын бағалау және жетілдіру

Ішкі аудит жүйесін енгізу (оқыту сапасы, педагогтердің кәсіби даму көрсеткіші). Мектептің өзіндік бағалау есебін (Self-assessment report) дайындау. Нәтижелерге сүйене отырып, оқу процесін жетілдіру бойынша нақты шешімдер қабылдау.

Бұл әдістемелік құралда, бұғанға дейін жасалған жұмыстарға өзіндік зерттеу жүргізе отырып жазып шықтым. Сабақ талдау барысында нұсқалар жетерлік. Дегенмен, бірізділік жоқтың қасы. Сол себептен, сабаққа талдау жасаудың бірсыпыра нұсқаларына тоқталып, мұғалімдердің күнделікті пайдалануына ыңғайлы етіп жасалынды.



2. ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ МЕҢГЕРТУ АРҚЫЛЫ ОҚУ ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ



Білімді меңгеру белгілі әрекет үстінде жүзеге асады. А. Науменко: «Ойын арқылы адам әлемді таниды, біліктілікті игереді, білім алады» - деп, өте орынды атап өткен.

Тәжірибе көрсеткендей әдеттегі бірсарынды сабаққа үндемей отыратын оқушылар ойын кезінде өте белсенді болатын кездер жиі кездеседі. Өйткені, ойын кезінде олар тең құқыққа ғана қолы жетіп қоймай, басқаларды өзіне қарататын мүмкіндікке ие болады. Олардың әрекеттері еркін және батыл болып, ойлаудың тереңдігін көрсете бастайды.

Басқа әрекеттер сияқты сабақтағы ойын әрекеті де белгілі бір мақсатқа негізделіп, оқушылар оның қажеттігін сезінулері керек. Ол үшін мұғалім оқушылардың психологиялық ерекшеліктерін ескеріп, ойынның мақсаты, міндеті, мазмұны мен жүрісін анықтап алуы қажет. Оқу ойындарының мазмұны қызықты, балаларды тартатындай болуы және әрбір ойын әрекеті оқушылар үшін құнды, белгілі бір қорытынды алумен бітуі қажет.

Оқыту үрдісі педагогикалық үрдістің басты құраушысы болып табылады. Оқыту үрдісі мұғалім және оқушының бірлескен әрекеті ретінде оқыту мен оқудың бірлігін көрсетеді. Қазіргі таңда оқыту:

- екі жақты сипатта;

- мұғалім мен оқушылардың бірлескен әрекеттері;

- жоспарлы ұйымдастыру мен басқару;

- тұтастығы және бірлігі;

- балалардың жас ерекшелігіне сәйкестігі;

- олардың даму мен тәрбиесін бақылау, басқару белгілеріне ие.

Мұғалім мен оқушының бірлескен әрекетінде мынадай кезеңдер айқындалады:

оқушының оқуға қызығушылығын ояту; оқушының білім, білік, тәжірибесін айқындау; жаңа тақырыпты меңгеруін ұйымдастыру өткенді пысықтау;

оқытудың нәтижелілігін айқындау.

Әр кезеңде мұғалім мен оқушының өз міндеттері бар, бірақ екеуінің де мақсаты ортақ. Білім, білік, дағдыны меңгерудегі мұғалім мен оқушының бірлескен әрекеттерінің негізгі кезеңдерін сызба түрінде төмендегідей көрсетсе болады:

қабылдау (тапсырма, мәселе қою, өзектігі, ынталандыру)

түсіну (ұғыну логикалық, сезінушілік)

меңгеру (білім, білік, дағды)

бекіту (қайталау есте сақтау)

қолдану (теориялық, тәжірибелік, сөз арқылы)

қорыту (дәлелдер, теориялық ұғымдар, тәжірибелік әрекеттер, шығармашылық әрекеттер)

диагностикалау.

Оқыту үрдісі қызығушылық оятудан басталуы керек. Осы кезеңде балалардың айналадағы заттар, құбылыстар туралы түсініктері, ұғымдары қалыптаса бастайды. Мұғалім оқушыға сұрақтар қою, әңгімелесу арқылы өтілетін тақырып бойынша бала не біледі, қаншалықты осы білімді іске асыратындығын анықтайды. Мұғалім сабаққа дайындалу барысында мынадай мақсаттарды көздейді:

- баланың қазіргі білімі мен білімді қабылдауға қаншалықта жеткілікті екенін анықтау;

- олардың білгенін еске түсіру үшін қандай тәжірибелік материал, жаттығулар ұсыну;

- жаңа тақырыпқа қызығушылығын тудыру үшін балалардың сезімін ояту.

Жаңа тақырыпты айқындағаннан-ақ білімді қабылдау үрдісі басталады. Бұл кезеңде мұғалімнің оқушы алдындағы борышы — осы жаңа білімнің алдағы өміріне қажеттілігіне көзін жеткізу. Жаңа тақырыпты түсіну- ол қабылдаудан дерексіз ойлауға, теориялық білімді меңгеруге жол ашады. Оқушы көп нәрсені түсінбей есте сақтауы да мүмкін, бірақ бұл жол дамуға жеткізбейді. Жалпы айтқанда, түсіну үрдісі белгілі бір әрекеттердің орындалуын қажет етеді: сараптау, жалпының ішінде маңыздыны табу, салыстыру, дерексіздендіру, нақтылау, дәйек, дәлел келтіру, қорыту. Бала тақырыпты жақсы түсінсе, білім білік дағдығаайналып жақсы меңгеріледі. Меңгеру нәтижесі болып- заттардың, құбылыстардың, үрдістердің мән мағынасы туралы оқушыларда ұғымдар туралы түсінік қалыптасуы табылады.Осы меңгерілген ұғымдар, түсініктер бекіту кезеңінде өтілген материалды тәжірибеде қолдану барысында жетіледі. Мұғалім бұл кезеңде үнемі қайталаудың маңызын есте сақтағаны дұрыс

Қорыту кезеңінің мақсаты- білім, білік, дағдыны жалпы бір жүйеге келтіру. Оқыту үрдісінің соңғы кезеңі- оның нәтижелілігін анықтау. Диагностикалау-

балалардың білім, білік, дағдыны қаншалықты меңгергені көрсетеді, оқытудың сапасын, кемшіліктерді анықтауға көмектеседі.

Білім алу көзіне қарай.

Білім көзіне тәжірибе, көрнекілік, сөз, кітап, бейне материалдары жатады. Осы топтастыруға практикалық, көрнекілік, сөздік, бейне, кітаппен жұмыс тәсілдері жатады.

Қызметіне немесе негізгі дидактикалық мақсатына орай:

1. білім алу;

2. білік, дағдыны қалыптастыру;

3. білімді қолдану;

4. шығармашылық әрекеттер;

5. бекіту;

6. білім, білік, дағдыны тексеру.

Танымдық әрекеттердің түріне қарай:

1. түсіндірме-иллюстративтік;

2. репродуктивтік;

3. ішінара-ізденіс;

4. зерттеушілік әдістерін жатқызуға болады.

Оқушылардың белсенділігіне қарай:

1. белсенді;

2. енжар.

Оқу тәрбие үрдісіне электрондық оқыту ресурстарын енгізу, электрондық оқулықтарды пайдалану, мультимедия мүмкіншіліктерін әр пәнді оқытуда қолдану. Демонстрациялау әдісін компьютер негізінде жабдықтау. Оқытатын және модельдейтін бағдарламалар енгізу қажеттілігі туындады. Осылардың негізінде оқу-тәрбие үрдісін ақпараттандырудың жұмыстары басталды. Ақпараттық технология және жүйелік бірігу әртүрлі мүмкіндіктерге жол ашады.

Ақпараттық технологиямен жүйелік кірігуді жобалаудың негізгі міндеті- оқушыларды білімге, ізденушілікке, баулу қызықтыру. Ол үшін оқушылар міндетті түрде ақпаратытқ технологиялардың, ресурстарын қолдана білуі керек. Оқушы өзінің жеткен жетістіктеріне қуанып, қанағаттана алуы керек. Пәндерді оқытуда ақпаратты технологияны пайдалану, оқушының ақпаратты тез қабылдап, тез түсінуіне, уақы1тын үнемдеуіне жол ашады. Оқушы жаңа нәрсеге қызығады, өзін-өзі бағалайды.

XXI ғасыр- бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі, айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына, кәсіби мәдениеттілігіне мұқият қарайтын дәуір. Бүгінгі білім мазмұны мұғалім мен оқушының арасындағы байланысты субъективті деңгейде көтерудегі демократиялық бастамалардың барлығы мұғалімдер арқылы жүзеге асырылады. Бүгінгі мұғалімге тек пән мұғалімі ретінде қабылдау олқылық көрсетеді. Мұғалім- қоғам айнасы.

Білімділік аспект: оқушылардың оқу материалын қабылдауы, нысандардың байланысы мен қарым-қатынасын зерделеу.

Дамытушылық аспект: оқушылардың танымдық қызығушылығын, жүйелеу, сараптау, салыстыру дағдыларын дамыту, оқушылардың шығармашылық іс-әрекетін арттыру

Тәрбиелік аспект: ғылыми көзқарастарын тәрбиелеу, өздігінен және топп1ен жұмыс істеуге дағдыландыру, жолдастық сезімге, өзара көмек беруге тәрбиелеу.

Қазіргі уақытта шетел және отандық мектептерде компьютерлік технологияны бастауыш мектептерде пайдалану ауқымының кеңейе түсу үрдісі байқалады. Жаңа бағдарламалық- педагогикалық жүйелер жасалуда, компьютермен жұмыс істеудің санитарлық-гигиеналық нормалары анықталып, үй және қашықтан оқу тәсілінде жаңа мүмкіндіктер ашылуда.

Қазіргі кездегі компьютерлік технологияның білім беру жүйесін дамыту ісіне берері ұшан теңіз. Кезінде К.Д.Ушинский: «Бала табиғаты көрнекілікті қажет етеді»,- деген болатын. Мұғалім компьютер желісі арқылы әрбір оқушымен тығыз байланыста болғандықтан, ол оқытуға тиянақты түрде көңіл бөліп, әрбір баланың жеке деңгейін анықтап, оларға жеке шаралар қолдануына да мүмкіндік болады.

Мультимедиялық технологиялар мұғалімдерге қалыпты оқыту жүйесінің бұрынғы тәсілдерінен бас тартып, еңбек етудің интеллектуалдық түрлерін пайдалануға мүмкіндік туғызып, оқу материалдарының басты көлемін бұрынғыша беруді азайтып, жаңа тәсілдің жақсы жақтарын кеңінен қолдануға итермелейді.

Ақпараттық технологиялаларды пайдаланудың негізгі артықшылықтары мынадай:

1. Олар оқушыларға тақырып шеңберінде немесе белгілі бір уақыт аралығында айтылуға тиіс мәліметтер көлемін ұлғайтады.

2. Білімге бір-бірінен алыс ара қашықта орналасқан әр түрлі оқу орнында отырып қол жеткізуге болады;

3. Оқыту жүйесінің көп деңгейлігі оқу материалының сапасын арттырады.

Компьютердің көмегімен оқушы өз бетінше, сондай-ақ өзге оқушылармен топтасып бірге жұмыс істеуге мүмкіндік алады.

Жаңа ақпараттық технологияны пайдалану және оқу мекемесінде ақпараттық білім кеңістігін дамыту төмендегі жағдайды қамтамасыз етеді:

- Педагогтардың сабақты ұйымдастырудың мазмұны, әдістері мен формаларын өзгертуіне көмектесу, ақпараттық қоғамда өмір сүре алатын адамдарды дайындау;

- Оқушының оқу таным процесін тиімді басқару және баланың жақын уақыттағы дамуын айқындау;

-Психологиялық мониторинг мәліметтері негізінде оқушының оқу процесін оңтайландыру және жекешелеу;

-Баланың даму динамикасын көрсететін мониторинг және бақылау жүйесін жасау;

-Оқушының білім алуына ұмтылысын қалыптастыруда жағымды мотивацияны жасау;

-Мектептің ата-анасымен және қоршаған социуммен тығыз байланысын қамтамасыз ету.

1. Жаңа ақпараттық технологияны оқу және тәрбие үрдісіне енгізу.

2. Жаңа ақпараттық технологияның білім беру жүйесі қоғам талаптарына жауап беруі.

Қазіргі кезеңде республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, қазақстандық білім беру жүйесі әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Білім беру саласында оқытудың жаңа педагогикалық технологияларын практикада меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Ал, жаңа технологияны меңгеру оқытушының интелектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және де басқа көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, білімгер тұлғасын дамытып, оқу тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.

Компьютерлік технологияларды қолдану өздігінен сабаққа дайындалу деңгейін арттырады; оқу процесін жүргізуді қызықты етеді; шығармашылық жағынан бұрын болмаған кәсіби дағдыларды қалыптастыратын жаңа мүмкіндіктер туғызады; осыларға қоса, мемлекет мектептерге қойып отырған әлеуметтік тапсырыс деңгейіне де сейкес келеді.

Ақпараттық технологияларды білім беру жүйесіне енгізу оқу процесін ұйымдастырудың тиімді технологияларын таңдай мүмкіндігін береді.

Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі –білім беру бағдарламаларын меңгеру үшін жағдайдар жасау керек.»- деп көрсетілген. Солардың бірі білім беруді ақпараттандыру барысында дидактикалық және оқыту құралы болып компьютер саналады. Сондықтан кез-келген білім беру саласында мультимедиялық электрондық оқыту құралдары барлық пәндерді оқытуға пайдаланылады. Қорыта келгенде, сабақтарды ақпараттық технологияны пайдалана отырып, түрлендіріп өткізу арқылы жан-жақты дамыған терең білімі бар, бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыруға болады. Қазіргі заманның талабы сол. Сондықтан ұстаздар үнемі ізденіп, шығармашалықпен жұмыс істеп білім деңгейін үнемі жоғарылатып отыруы қажет. Сонда ғана оқушылар әрбір пәннің мазмұнын жүйелі меңгеріп, олардың пәніне деген қызығушылығы арта түседі, өз бетінше оқып үйренуге дағдыланады.

Қазіргі білім беру жүйесі заманауи талаптарға сай, оқыту үдерісіне жаңа технологияларды тиімді ендіруді қажет етеді. Әсіресе, математика пәні – теориялық білім мен практикалық дағдыны ұштастыра отырып, оқушылардың логикалық және сыни ойлау қабілетін дамытуға бағытталған маңызды пәндердің бірі. Бұл бағытта жаңа ақпараттық-коммуникациялық және интерактивті технологияларды қолдану – оқу процесінің тиімділігін арттыруға үлкен мүмкіндік береді.

Жаңа технологияларды қолдану арқылы оқу процесін ұйымдастырудың негізгі бағыттары:

1. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (АКТ)

Интерактивті тақта, мультимедиялық презентациялар, видеосабақтар, виртуалды зертханалар пайдаланылады. Мысалы, химияда — виртуалды тәжірибе жасау, тарихта — анимациялы карталар қолдану арқылы визуалды есте сақтау қабілеті дамиды.

2. Онлайн платформалар мен қосымшалар

Google Classroom, Moodle, Kahoot, Quizizz, Padlet, Wordwall, LearningApps секілді платформалар арқылы оқыту интерактивті және тиімді өтеді. Бұл оқушылардың өзіндік жұмыс жасауына, материалды қайталап, бекітуіне мүмкіндік береді.

3. Формативті бағалау мен кері байланыс

Жаңа технологиялар арқылы кері байланыс алу жеңілдейді (мысалы, Google Forms немесе Kahoot арқылы тест алу). Мұғалім оқушының түсіну деңгейін жылдам анықтап, түзету жұмысын дереу жүргізе алады.

4. Жобалық және зерттеушілік технологиялар

Оқушылар интернет ресурстарын пайдалана отырып, жоба жұмыстарын орындайды, мини-зерттеулер жүргізеді. Бұл олардың өзіндік ізденіс, ақпаратты өңдеу, талдау жасау қабілетін дамытады.

5. Геймификация (ойын арқылы оқыту)

Ойын элементтері арқылы оқушылардың пәнге қызығушылығы артады.

Мысалы, “Kahoot”, “Baamboozle”, “Wordwall” сияқты құралдар – сабаққа жарыс, сайыс элементін енгізеді.

6. Сандық сауаттылықты дамыту

Оқушыларға жаңа технологияны қолдана отырып ақпаратты табу, сараптау, қолдану дағдылары үйретіледі. Бұл болашақта кез келген салада керек болатын құзіреттілік.

Жаңа технологияларды меңгерту арқылы оқу процесін ұйымдастыру:

  • оқу сапасын арттырады;

  • оқушылардың белсенділігін, қызығушылығын күшейтеді;

  • мұғалім мен оқушы арасындағы тиімді байланыс орнатады;

  • оқыту үдерісін заманауи талаптарға сай икемдейді.


3. САБАҚ ТАЛДАУҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР



Сабақ талдау – оқу-тәрбие үдерісінің сапасын арттыру мақсатында жүргізілетін педагогикалық бақылау мен рефлексия процесі. Ол мұғалімнің әдістемелік деңгейін көтеруге, тиімді оқыту әдістерін анықтауға және білім беру сапасын жақсартуға бағытталған.

Сабақ талдау бірнеше бағытта жүзеге асады:

  • Жалпы талдау – сабақтың құрылымы мен мазмұнына жалпы баға беру.

  • Әдістемелік талдау – қолданылған оқыту әдістерінің тиімділігін анықтау.

  • Психологиялық-педагогикалық талдау – мұғалім мен оқушы арасындағы өзара әрекетті саралау.

  • Жеке талдау – мұғалімнің өзіндік рефлексиясы негізінде жасалатын талдау.

Сабақты тиімді талдау үшін мынадай талаптар орындалуы тиіс:

1. Сабақ құрылымын талдау.

Сабақтың мақсаты мен міндеттері дұрыс қойылған ба? Сабақтың кезеңдері логикалық реттілікпен ұйымдастырылған ба? Уақыт тиімді пайдаланылды ма?

2. Оқыту әдістері мен тәсілдерін бағалау.

Мұғалім қандай әдіс-тәсілдер қолданды (диалог, топтық жұмыс, СТО, жобалық әдіс және т.б.)? Әдістер оқушылардың жас ерекшелігі мен мүмкіндіктеріне сәйкес пе? Әдістер білім, білік, дағдыны қалыптастыруға бағытталған ба?

3. Сабақтағы интерактивтілік пен оқушы белсенділігі.

Оқушылар сабаққа қаншалықты белсенді қатысты? Сабақта өз бетімен жұмыс жасауға, ой қозғауға, пікір айтуға жағдай жасалды ма? Барлық оқушылар қамтылды ма?

4. Құрал-жабдықтар мен ресурстарды қолдану.

Сабақта АКТ қолданылды ма (интерактивті тақта, видео, презентация)?

Қосымша көрнекіліктер, таратпалар, оқулықтан тыс материалдар қолданылды ма? Құралдар тақырыпқа сай, мақсатты түрде қолданылды ма?

5. Білімнің берілуі және меңгерілу деңгейі.

Сабақта жаңа білім мазмұны түсінікті әрі жүйелі берілді ме? Мұғалім оқушылардың түсінуін тексеріп отырды ма? Қайталау, бекіту, бағалау қалай ұйымдастырылды?

6. Кері байланыс пен бағалау.

Мұғалім оқушылардан кері байланыс алды ма? Формативті және жиынтық бағалау түрлері қолданылды ма? Бағалау әділ және нақты жүргізілді ме?

7. Психологиялық-педагогикалық ахуал.

Мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынас қандай болды? Сабақта қолайлы, ынтымақтастық атмосфера орнады ма? Мұғалім оқушыларды ынталандырып отырды ма?

8. Сабақтың тиімділігі мен нәтижесі.

Сабақ мақсаты орындалды ма? Оқушылардың сабақ соңындағы жетістігі қандай? Сабақ оқу бағдарламасына және күтілетін нәтижелерге сай өтті ме?

Сабақ талдаудың әдістемелік аспектілері

Сабақты талдағанда білім берудің жаңа талаптарына, оқу бағдарламасына сәйкестікке, жаңартылған мазмұн элементтерінің енгізілуіне де мән беріледі. Сонымен қатар, критериалды бағалау жүйесінің, сараланған оқытудың қолданылуы да маңызды фактор болып есептеледі.

Сабақ талдау – мұғалімнің кәсіби шеберлігін арттырудағы маңызды құрал. Ол арқылы педагог өз жұмысындағы жетістіктер мен кемшіліктерді айқындап, болашақтағы іс-әрекетін тиімді жоспарлай алады. Тиімді талдау – үздіксіз жетілудің, сапалы білім берудің кепілі.



4. МҰҒАЛІМНІҢ САБАҚТЫ ӨЗІНДІК ТАЛДАУЫ: САБАҚТЫҢ

ТИІМДІЛІГІН БАҒАЛАУДЫҢ КРИТЕРИЙЛЕРІ



Ең алдымен сабақ – логикалық тұрғыдан аяқталған, толық, шектеулі бағандармен негізделіп қамтылған оқу-тәрбие үрдісі. Оның құрамында күрделі тығыз байланыста оқу процесінің негізгі элементтері қамтылған: мақсат, міндет, мазмұны, әдісі, тәсілі, түрі, оқушы мен оқу арасындағы іс-әрекеттің байланысы.Сабақ өз алдына мұғалімнің шеберлігінің айқын көрінісі болғанымен, бір жағынан оқытудың психологиялық – педагогикалық заңдылықтарына, екінші жағынан білім беру стандартының қоятын талаптарына негізделген.

Оқу үрдісінің жалпы заңдылықтары:

Мақсат қою қоғамның қажеттілігі мен даму деңгейіне, білім үрдісіне қоятын талаптарына, тұлғаны тәрбиелеу мен оқытуға тікелей байланысты.

Мазмұнын айқындау оқытудың мақсаты мен міндеттеріне, оқушының жас ерекшелік және жеке дара қабілеттеріне, оқытудың теориялық және практикалық даму деңгейіне байланысты. Әдістерді таңдау оқытудың міндеттері мен мазмұнына, оқушылардың нақты оқу мүмкіндіктері мен оларды қолдануына байланысты. Оқу үрдісін ұйымдастыру формасы оқытудың мақсаты, мазмұны мен әдістеріне байланысты. Оқушылардың оқу іс-әрекетіндегі белсенділігі оқушылардың бойында ішкі танымдылық түрткілердің және сыртқы ынталардың (қоғамдық, экономикалық, педагогикалық) қамтылуымен тығыз байланысты.

Оқу үрдісінің тиімділігі барлық заңдылықтардың өзара байланысы мен ұйымдастырылу жағдайына тәуелді.

Оқу үрдісінің жекеленген заңдылықтары:

o дидактикалық үрдістің мазмұнды – өз құрамына процесуалдық сипаттамасын (мазмұны, тәсілдері, түрі, әдісі, формасы т.б.) қамтиды;

o гносеологиялық (грек сөзі-философияның бір бөлімі танымдық іс- әрекетінің құрылымы) мұғалімнің басшылығымен оқушының қоршаған ортаның нақтылығын, табиғаттың, қоғамның және өз-өзін факторлары мен заңдылықтарын тану аспектілерін айқындау.

o Психикалық- оқушының оқу үрдісінің барысындағы айрықша ішкі психикалық (танымдылық) іс-әрекетіне қатысты.

o кибернетикалық оқу үрдісіндегі барлық байланыстың сан қырлығын, ақпараттық ағымының таралуын, ақпаратты меңгеруін басқаруды бейнелейді.

o әлеуметтік жалпы үрдіске қатысушылардың (оқушы мен оқушы

арасындағы өзара қатынас, бағыттылық, маңыздылығы т.б.) қарым-қатынасын қамтиды.

Сабақ – мұғалімнің кәсіби іс-әрекетінің негізгі көрсеткіші. Оқыту процесінде әрбір сабақтың сапасы мен нәтижелілігі мұғалімнің шеберлігіне тікелей байланысты. Сондықтан мұғалімнің сабағына рефлексия жасап, өзіндік талдау жүргізуі – үздіксіз кәсіби дамудың маңызды бөлігі болып табылады. Сабақты өзіндік талдау арқылы мұғалім өзінің іс-әрекетіне сыни көзбен қарап, тиімділікті бағалай алады және болашақ сабақтарды жетілдіруге бағыт алады.

1. Сабақты өзіндік талдаудың маңызы

Өзіндік талдау мұғалімге:

  • өзінің әдістемелік деңгейін бағалауға,

  • сабақ құрылымындағы кемшіліктерді анықтауға,

  • оқушылардың кері байланысы мен белсенділігіне талдау жасауға, келесі сабақтарға мақсатты түрде дайындалуға мүмкіндік береді.

Бұл үдеріс мұғалімді рефлексия жасауға, үнемі ізденуге және шығармашылықпен жұмыс істеуге итермелейді.

2. Сабақтың тиімділігін бағалаудың негізгі критерийлері

Сабақты тиімді деп бағалау үшін келесі критерийлерге назар аудару қажет:

1. Сабақтың мақсаты мен міндеттерінің нақтылығы:

Сабақ мақсаттары оқу бағдарламасына және оқушы деңгейіне сәйкес белгіленуі керек.

2. Сабақ құрылымының жүйелілігі:

Кіріспе, негізгі және қорытынды бөлімдер өзара логикалық байланыста болуы тиіс.

3. Оқыту әдістерінің тиімділігі:

Қолданылған әдіс-тәсілдер оқушылардың жас ерекшелігіне сай және оқу мақсаттарына жетуге бағытталуы керек.

4. Оқушылардың белсенділігі мен қатысуы:

Оқушылардың сабаққа белсенді араласуы, пікір айтуы, сұрақтар қоюы және тапсырмаларды орындауы сабақтың нәтижелілігін көрсетеді.

5. Сабақта қолданылған ресурстар:

АКТ құралдары, көрнекіліктер, интерактивті материалдар және басқа ресурстардың орынды пайдаланылуы маңызды.

6. Уақытты тиімді пайдалану:

Әр кезеңге бөлінген уақыттың дұрыс жоспарлануы мен орындалуы.

7. Оқу нәтижелерінің жетістігі:

Сабақ соңында оқушылар сабақ мақсатына қаншалықты жеткенін көрсетуі керек (мысалы, кері байланыс арқылы).

8. Мұғалімнің кәсіби шеберлігі:

Тіл байлығы, оқушылармен қарым-қатынасы, сыныпты басқару дағдылары да сабақ сапасын анықтайтын факторлар.

Сабақты өзіндік талдау – мұғалімнің кәсіби өсуінің, педагогикалық шеберлігін жетілдіруінің, оқыту процесін сапалы ұйымдастыруының негізгі тетігі. Тиімділік критерийлеріне сүйене отырып жүргізілген талдау болашақ сабақтарды жетілдіруге, білім сапасын арттыруға және оқушылармен нәтижелі жұмыс істеуге мүмкіндік береді.



5. САБАҚТЫ ТЕКСЕРУШІНІҢ ТАЛДАУЫНА ҚОЙЫЛАТЫН

ТАЛАПТАР



Білім беру сапасын арттыруда сабақты сырттай бақылау мен талдау маңызды рөл атқарады. Бұл үдерісте сабақты тексерушінің кәсіби көзқарасы, әдістемелік білімі және обьективті бағалауы шешуші мәнге ие. Сабақ тексеру барысында тек қана мұғалімнің емес, бүкіл оқу процесінің тиімділігі бағаланады. Сондықтан, тексерушінің талдауына қойылатын талаптар нақты, жүйелі және әдістемелік тұрғыда негізделген болуы тиіс.

1. Сабақты тексерушінің мақсаты.

Сабақ талдаудың негізгі мақсаты – сабақтың құрылымы мен мазмұнын бағалау, мұғалімнің қолданған әдістерінің тиімділігін анықтау, оқу процесінің сапасын саралау және кәсіби кері байланыс беру арқылы мұғалімге қолдау көрсету.

2. Сабақты талдаудағы негізгі талаптар.

Сабақты талдау кезінде тексеруші келесі негізгі бағыттар бойынша жүйелі талдау жасауы керек:

1. Сабақ мақсатының айқындығы:

Сабақ мақсатының оқу бағдарламасына сәйкестігі мен оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай нақтылануы.

2. Сабақ құрылымының логикалық бірізділігі:

Сабақтың кезең-кезеңімен ұйымдастырылуы (кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімдердің үйлесімділігі).

3. Оқыту әдістері мен тәсілдерінің тиімділігі:

Қолданылған әдістердің оқу мақсатына жетуге ықпалы және оқушы белсенділігін арттырудағы рөлі.

4. Оқушылардың оқу әрекетін ұйымдастыруы:

Оқушылардың сабақтағы белсенділігі, өз бетінше жұмыс істеуі, топтық, жұптық және жеке жұмыстың ұтымды ұйымдастырылуы.

5. Бағалау жүйесінің қолданылуы:

Критериалды бағалаудың қолданылуы, формативті және жиынтық бағалау элементтері, оқушылардың жетістігін уақтылы бағалау.

6. Мұғалімнің сөйлеу тілі мен қарым-қатынас мәдениеті:

Мұғалімнің тіл байлығы, оқушылармен және сыныппен диалог орнату қабілеті.

7. Сабақта қолданылған көрнекіліктер мен техникалық құралдар:

Интерактивті тақта, презентациялар, бейнематериалдар және басқа да құралдардың тиімді пайдаланылуы.

8. Уақытты тиімді басқару:

Сабақ уақытын жоспарға сай пайдалану, негізгі және қосымша жұмыстардың уақтылы ұйымдастырылуы.

9. Сабақ нәтижесі:

Сабақ соңындағы кері байланыс, оқушылардың білім нәтижесі және сабақ мақсатына жету деңгейі.

3. Талдау жасаудағы әдістемелік талаптар.

Талдау нақты деректерге, бақылау нәтижесіне негізделуі керек.

Сын емес, қолдау көрсету, жетілдіруге бағытталған конструктивті пікір басым болу қажет.

Мұғалімнің кәсіби дамуына ықпал ететін ұсыныстар ұсынылуы тиіс.

Сабақтың сәтті тұстары мен жақсартуға болатын жақтары тең дәрежеде қамтылуы керек.

Сабақты тексерушінің жасаған талдауы – мұғалім үшін кәсіби даму құралы. Сондықтан, талдау әділ, жан-жақты, нақты және әдістемелік тұрғыдан негізделген болуы тиіс. Мұндай талаптарды сақтай отырып жүргізілген талдау мұғалімнің педагогикалық шеберлігін шыңдап, білім беру сапасын арттыруға елеулі үлес қосады.

Сабақтың бірыңғай дидактикалық мақсаты:

Бірінші кезең.Ұйымдастыру кезеңі

Дидактикалық мақсаты оқушыларды сабаққа жұмыс істеуге дайындау;

Кезеңнің мазмұны, яғни оқушылармен сәлемдесу,түгелдеу, сынып бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу, сабаққа дайындығын тексеру .

Нәтижеге жету шарттары Мұғалімнің жинақылығы, талап қоюшылығы, ұстамдылығы.

Екінші кезең. Үй тапсырмасын тексеру

Дидактикалық мақсаты Білім деңгейін үй тапсырмасы бойынша орындалғанын тексеру, тексеру барысында кемшіліктерді түзеу.

Кезеңнің мазмұны үй тапсырмасындағы білім деңгейіндегі көрініс табуы, білімдегі типтік кемшіліктерді анықтау, оның пайда болу себептерін зерттеу, байқалған олқылықтарды жою.

Нәтижеге жету шарттары. Мұғалім қызметінің мақсаттылығы,оперативті жұмыс істеуі, үй тапсырмасын тексерудің тиімді,жүйелі әдістерін қолдануы.

Үшінші кезең. Білімді жан-жақты тексеру

Дидактикалық мақсаты Білім мен дағдылардың себептерін аша отырып, оқушы білімін жан-жақты тексеру

Кезеңнің мазмұны Әртүрлі материалдың меңгеру сапасы мен көлемін тексеру, анықтау,оқушының ойлау қабілетін дамыту, жауаптардың толықтылығын білім білік дағдыларын бағалау.

Нәтижеге жету шарттары- білімді тексерудің әртүрлі әдістерін қолдана отырып,оқушыға жұмыстың маңыздылығын, қажеттілігін сезінуге жағдай туғызу.

Төртінші кезең. Оқушыларды білімді белсенді меңгеруге дайындау

Дидактикалық мақсаты Оқушының танымдық қызметін белгілі бір мақсатқа бағыттау және ұйымдастыру.

Кезеңнің мазмұны Жаңа материал тақырыбын, мақсаты мен міндетін хабарлау, жаңа материалды оқып үйренуге практикалық қажеттіліктерін көрсету

Нәтижеге жету шарттары. Оқушы үшін жаңа материалдың түйінді мәселелеріне ерекше назар аудару үшін қолдану, көрнекілікті пайдалану,өздік

жұмыстарын тиімді ұйымдастыру.

Бесінші кезең Жаңа материалды меңгерту.

Дидактикалық мақсаты Оқушыға оқылып отырған мәселенің негізгі идеяларына нақты түсінік беру. Кезеңнің мазмұны Ынта,ықыласты жұмылдыру,оқушыға материалды қабылдату, жалпылай және жүйелей білу

Нәтижеге жету шарттары: Жаңа материалдың түйінді мәселесіне оқушының ерекше назарын аудару.

Алтыншы кезең Жаңа материалды меңгергенін тексеру.

Дидактикалық мақсаты Жаңа ұғымдардың мазмұны мен заңдылықтардың түсінгенін анықтау. Кезеңнің мазмұны Материалды меңгеру дәрежесін анықтау.

Нәтижеге жету шарттары: Оқушының ойлау белсенділігін қажет ететін сұрақтар қою, сандық және сапалық құрамын анықтау.

Жетінші кезең Оқушы білімін бағалау.

Дидактикалық мақсаты: Жаңа материал бойынша оқушы есінде білім,

білік дағдыларын қалыптастыру. Кезеңнің мазмұны Түсіндірілген білімдер мен дағдыларды бекіту, оқушы жауабындағы кеткен кемшіліктерді анықтау. Нәтижеге жету шарттары: білім есте сақтап қана қоймай, сонымен қоса өмірде пайдалана білуге бағыттау,бекіту формаларын қолдану.

Сегізінші кезең Үй тапсырмасын беру.

Дидактикалық мақсаты: Оқушыға үй тапсырмасын хабарлау,оны орындауды түсіндіру, сабақты қорытындылау. Кезеңнің мазмұны: Үй тапсырмасын қалай орындауға нұсқау беру.

Нәтижеге жету шарттары: Үй жұмыстарының түрлерін ұсыну, шығармашылыққа баулу.


6. МҰҒАЛІМНІҢ ЖҰМЫСЫНДАҒЫ САБАҚТЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ АНАЛИЗІ



Сабақ – оқушы мен мұғалім арасындағы екіжақты қарым-қатынас процесі ғана емес, сонымен қатар күрделі психологиялық құбылыс. Әр сабақта оқушының ішкі дүниесімен, сезімдерімен, ойлау қабілетімен, қызығушылығымен тығыз байланыс орнайды. Мұғалімнің кәсіби шеберлігі – тек пәнді меңгертіп қана қоймай, оқушының психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, оған қолайлы оқу ортасын құра білу. Сондықтан мұғалімнің жұмысындағы сабақтың психологиялық анализі – оқу процесінің сапасын арттырудың маңызды құралы болып табылады.

1. Сабақтағы психологиялық ахуалдың маңызы.

Сабақ барысында қалыптасатын психологиялық орта оқушылардың эмоциялық күйіне, зейініне, ынтасына және өз-өзіне сенімділігіне тікелей әсер етеді. Қолайлы психологиялық ахуал – оқушылардың еркін ойлауына, белсенді әрекет етуіне, шығармашылығын дамытуға жол ашады.

2. Психологиялық анализ жүргізудің бағыттары.

Сабақтың психологиялық талдауы келесі бағыттарда жүргізіледі:

Оқушының ішкі мотивациясын анықтау:

Оқушының сабаққа деген қызығушылығы мен ынтасы қандай деңгейде екені талданады.

Зейін мен қабылдауды бақылау:

Сабақ барысында оқушылардың шоғырлану деңгейі мен ақпаратты қабылдау ерекшеліктері ескеріледі.

Қарым-қатынас стилін бағалау:

Мұғалім мен оқушылар арасындағы диалог, қолдау, сенімділік деңгейі сараланады.

Эмоциялық фон:

Сабақта орын алған жағымды немесе жағымсыз эмоциялар, олардың туындау себептері мен әсері талданады.

Жас және дара ерекшеліктерді ескеру:

Сабақ беру барысында оқушылардың жас ерекшеліктері мен психологиялық даму деңгейі ескерілген бе – соған назар аударылады.

3. Психологиялық тиімді сабақтың белгілері.

Оқушылар өзін еркін және сенімді сезінеді;

Мұғалімнің сөзі, қимылы, қарым-қатынасы қолдаушы сипатта болады;

Тапсырмалар оқушының даму деңгейіне сәйкес ұсынылады;

Жеңіс жағдайын сезіну мүмкіндігі жиі беріледі (позитивті кері байланыс);

Сабақта әр оқушының дауысы естіледі, пікірі бағаланады.

Сабақтың психологиялық анализі – мұғалімнің кәсіби рефлексиясының маңызды құрамдас бөлігі. Оқушының жеке тұлғасын тану, оның ішкі әлемін түсіну арқылы ғана шынайы білім мен тәрбие беруге болады. Мұғалім психологиялық сауатты болса, сабағы да нәтижелі, ал оқушысы – сенімді әрі белсенді болады. Сондықтан әр мұғалім өз сабағына тек әдістемелік емес, психологиялық тұрғыдан да талдау жасап отыруы – заман талабы. Сабақты психологиялық анализдеудің негізгі мінездемелік түрі адамның ойлау процесіндегі екі негізгі процесінің біреуін пайдалануға негізделеді. С.Л.Рубинштейннің айтуы бойынша «анализ дегеніміз- заттарды, құбылыстарды ойша жеке-жеке тарату, олардың элементтерінің құрама бөліктерін, сәттерін анықтау, талдау арқылы құбылыстардың көзге көрінбейтін қатынастарын бөліп шығара аламыз.


7. САБАҚТЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ АНАЛИЗІНІҢ ТИПІ



Анализ түрлері жан-жақты болады. Оның толық түріне анализдің синтез

арқылы жасалуы онда «синтез анализдің бөліктеріне біріктіріледі». Мұғалім

сабақта берілетін материалға байланысты әр оқушымен, сыныппен қарым-қатынасқа түседі. Осыған байланысты мұғалім оқу пәніне байланысты қарым-қатынаста оқушыларға әр кезде жаңа санамен қасиеттерде көрінеді: мұғалім қызықты әңгімелесуші, зерттеуші (балалармен бірге сабақтың міндеттерін шешеді), орындаушы (мектепке дейінгі балаларға және төменгі сынып оқушыларына өлең айтады) ретінде көрінеді. Жаңа қарым-қатынастарға байланысты ол сабақта өзінің барлық қырынан көрінеді, пән жағынан интеллектуалды қызметтік мінез құлық жағынан да көрінеді.

Сабақтың психологиялық «компоненттері» психологиялық анализге, бәрінен бұрын мұғалім мен оқушы ортақ нәрсеге біріктіретін пән (бірігіп жұмыс жасау, жалпы қарым-қатынас) жатады. Сабақ дегеніміз - өзінің құрамында толық жүйеге жатпайтындықтан, олар бір-біріне қатысты, бір-бірінен бөлек бола алмайды, олар бөліне алуы және бірімен-бірі байланыстырылуы мүмкін. Сонымен сабақтың психологиялық анализін талдауды синтез арқылы елестетуге болады. Талдауға жататын объектіні зерттеген кезде адам оның жаңа бір әлі белгісіз қырларын байқай алады. Егер адам өздігінен осындай қарым-қатынастарды өзі зерттемесе ол осы қарым-қатынасарды ашатын жаңа сапа мен қасиеттерді байқай алмайды (А.В.Брушлинский).

Сабақтың синтез арқылы анализдену түрі, сабақтардың құрамының алуан

түрлі қарым-қатынастағы компоненттері, мұғалімді оқытудың күрделі

психологиялық сәттерін терең білуге көмектеседі.

Сабақты талдау көбіне отандық психологиялық мектептің негізгі принципін дамыта және тәрбиелей отырып, оқытумен байланыстырыла жүргізеді. Мысал ретінде сабақты талдаудың П.Т.Охитина көрсеткен мысалына жүгінсек: «Сабақ сабақты өткізу үшін ғана емес, ол оқушының жеке басына әсер ету үшін тек қана қажетті бағдарламаларды өту үшін ғана емес, сонымен қатар осы оқыту барысында балаларға белгілі интеллектуалдық моральді, жігерлілік және т.б. қасиеттерді қалыптастыру болып табылады. Қандай да бір сабақтың ортақ компоненті - оқушылардың білімге деген ынтасын ұйымдастыру білімнің негізгі үрдісінде ойлау мен еліктеудің мәні зор. Аналитикалық-синтетикалық қызметтің қатысуы барысында білімнің интеллектуалдық біліктілігін және өзекті мәселелерді зерттеуде шығармашылық шешім қалыптасады.

Оқытудың жетістігі тек қана сыртқы факторларға, сонымен қатар әдістемені жетілдіруге, мұғалімнің жеке шеберлігіне және оқушылардың жеке басының психологиялық ерекшеліктеріне байланысты болады. Келтірілген мысалдар дамыта отырып оқытуды ғана емес, балалардың жеке бас ерекшеліктерін есепке алудың маңыздылығын қуаттайды.

Сабақтың психологиялық анализінің үш жоспары

Сабақтың психологиялық анализін тұтас құбылыс екенін айта отырып, оның үш түрлі жоспары бар екенін баса көрсетуіміз қажет. Бірінші жоспар – тәрбие оқушының жеке басының дамуына оның ғылыми көз қарасының қалыптасуын мәдениеттілікке қатысты психологиялық анализі. Бұл жоспар жалпы педагогикалық талқылауда, оның осы заманғы оқытудың жалпы оқыту мен тәрбие мақсаттарының бөлігіне кіреді. Жалпы контексте оқыту процесін реформалауда әсіресе оқытудың тәрбиелік жағын күшейтіп, сонымен қатар психологиялық талдауда көптеген кең ауқымдағы оқушының жеке басын тәрбиелеуде оны детальді түрде қарау қажет. Оқушының белсенді әлеуметтік ұстанымы, өзінің көз қарасын дәйектеуге деген дайындығы психологиялық анализде өзекті мәселе болып отыр. Оқыту үрдісіндегі психологиялық анализдеуде оқушылардың жауапкершілігінің артуы, бірлсе қызмет етуге дайындығы, олардың мәдениеті жоғары белгілі бір әлеуметтік мақсатқа жұмылған оқшы топтарының болуының маңызы зор.

Екінші жоспар әдістемелік талқылаумен тығыз байланысты: оның

мақсаттарын негіздеуге, мазмұнына және ұйымдастыруға байланысты және т.б. Анализдеу кезінде сабақ қаншалықты дайындық деңгейіне және олардың

интелектуалдық дамуына сай екені ескеріледі. Оқу материалын түсінудің

психологиялық табиғаты оқу үрдісінде оқушылардың интелектуалдық

белсенділігін дамыту, әдіс тәсілдердің оқушылардың жаспен жеке психологиялық ерекшеліктеріне сай екендігі талданады. Сабақтың үшінші жоспары екі бағытта негізделеді: біріншісі – оқушы, оның ғылыми білім қажеттілігі, оның ойлау – сөйлеу, даму, жеке психологиялық ерекшеліктері тағы басқа. Оқушы оқу үрдісінің субьектісі ретінде басқа оқушылармен, мұғаліммен қарым-қатынас.

Психологиялық анализ сонымен қатар мұғалімнің педагогикалық қызметін жетілдіруде қазіргі заманда маңызды құрал болып табылады. Сондықтан да мұғалім осы екі бағыттың бір бағыты болып табылады. Психологиялық анализдің осы бағытында рефлексия механизмдері түйсіну, ойлау, адамның ішкі жан дүниесін сыртқа шығаруы жатады. Педагогикалық рефлекция мұғалімнің педагогикалық қызмттің субьектісі ретінде, басқа адамдарды тәрбиелеу мен оқытуды өзіне-өзі жаупкершілікті алуымен тығыз байланысты.

Психологиялық талдаудың объектісі.

Сабақты психологиялық анализдеуде педагогикалық рефлекцияның

объектісі ретінде, бәрінен бұрын жеке педагогикалық қызметтің мативіне

байланысты. Зерттеулерге қарасақ, мұғалімдер әлеуметтік позитивтік мативтермен (жастармен жұмыс істеуге қызығушылық, өзінің еңбегінің әлеуметтік маңызын түсінуі) қатар мұғалімдер сыртқы жағдайларға байланысты мативтерді де басшылыққа алады (мысалы, өзінің сүйікті пәнімен айналысуға мүмкіндіктің болуы, ой еңбегіне қызығушылық). Осыған байланысты «не үшін жұмыс істеп жүрмін» деген сұраққа жауаптың өзі, соны орындауға жақсы әсер етеді, еңбектің тиімділігін арттырады.Сонымен қатар оқытушының педагогикалық үрдісті

түсінуінің маңызы зор. Оларға алдында айтылғандай конструктивті – жоспарлау, ұйымдастырушылық, сөз арқылы оқыту, зерттеушілік жұмыстары жатады. Психологиялық анализдеуде рефлексивтің объектісі ретінде оқытушы

қызмет қорытындысының өзінің қызметінің әлді, әлсіз жақтарын сезіне алады.

Байқауымыз бойынша мұғалімдердің 100-ден 98 %-і өздерінің нашар сабақтарын жүйелі талдайды екен. Тек екі оқытушы ғана жақсы өткізілген сабағының себебін біледі. Оның өзінде де олар 15 жыл ішінде тәжірибе алу арқылы ғана осы заңдылықтарға жетеді екен. Оқытушылардың өзінің қызметін талдауда, педагогикалық шеберлігін шыңдауда әр түрлі уақыт шеңберінде, әр түрлі дайындық шамасында өткізілуі қаралуы керек.

Психологиялық сабақтың талдау сатылары

Бұл сатыда мұғалім сабақты алдымен бейнелі ойымен көз алдына келтіруімен және уақытпен кеңістіктің шегіне қарамастан ойша өткізеді. Содан соң мұғалімнің қызметінің маңызды сатысы. Бұл сатыда келешекте болатын сабаққа жан-жақты және тиянақты дайындалудың маңызды сатысы келеді; Ол бағдарламадағы оқу материалымен, қойылатын тапсырмамен, мақсатпен, оқытуды таңдап алынатын әдіс-тәсілдермен тығыз байланысады. Осындай талдау кезінде оқытушы белгілі сабақтың жоспары мен конспектісін сол бейне орындауды алдын-ала дайындайды. Мұғалім сабақты алдын-ала талдай отырып, ол ойша және мақсатты түрде жалпы жас мөлшеріне байланысты, педагогикалық, әлеуметтік психологияға, өткізілетін пәнге байланысты теориялық білімін іске асырады.

Білім алудағы екінші фактор – оқытушының жеке басының психологиялық және маманды ерекшелігіне байланысты болады. Педагогикалық қызмет мұғалімнің жеке басына және педагогикалық (дидактикалық, академиялық, перцептивтік, сөйлеу, ұйымдастыру) қабілеттеріне үлкен талаптар қояды.


Сабақтың психологиялық анализінің схемасы

Сабақтың психологиялық анализінің сатылары

Оқытушының өзіне-өзі қойған міндеттері

Оқытушының оқушыларға қойған міндеттері

Алдын-ала жүретін анализ

Сабақтың психологиялық міндеттерінің қойылуы оқушылардың, белгілі бір пәнді білуге қызығушылығын дамыту, олардың ой-белсенділігін бағалау, есте сақтау көлемін дамыту, жоғары моральдік сапасын және сенімдерін қалыптастыру.

Мақсаттарды міндеттерін, сатыларын, жұмыс түріне, методикалық әдістерді негіздеу.

Білім алушылардың жұмысының негізгі талпынысын (ұмтылу, әлеуметтік, коммуникативтік) анықтау. Білім алушылардың жасын және жеке психологиялық ерекшеліктерін нақтылау. Сабаққа пән бойынша дайындық мөлшерін есепке алу.

Ағымдағы анализ

Тапсырмаларды орындау кезінде туатын қиындықтар немесе тапсырмаларды орындаудың жеңілдігіне байланысты жаңа міндеттер қою қажет, оқытудың жаңа құралдары мен әдістерін пайдалану, сабақтың барысын өзгерту. 

Оқу жұмысының барысын есепке алу 0(олардың сабақтағы қызығушылығын, ойлау белсенділігін, материалды түсінуінің сипаттамасын, т.б.)

Ретроспективті анализ

Өзінің педагогикалық қызметін бағалау (жетістік, кемшіліктер, олардың

себептерін, жетістікке жетудің және жөндеу жолдарын)

Оқушылардың жалпы білім алудағы, тәрбиедегі және тәжіриебелік жоспар аясындағы нақты алдыға жылжуын анықтау немесе өткізілген сабақтың нақты қорытындсы қандай деген сұраққа жауап)


Психологиялық анализдің үш сатысы – алдын-ала анализ, ағымдағы ретроспективті анализдерді білудің маңызы зор.

Білім беру процесіндегі қарым-қатынас.

1. Қарым-қатынастың жалпы сипаттамасы.

2. Педагогикалық қарым-қатынас процесі субъектілерінің өзара

әрекетесу формасы ретінде өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

1. Өзара әрекеттесудегі реактивті жақтың, субъективтінің белсенділігі қалай дәлелденеді?

2. Қарым-қатынастың ақпараттық моделі мен оқытудың субъект-объектік

схемасы қалай байланысқан?

3.Мұғалім үшін қарым-қатынастың репрезентативтік функциясы дегеніміз

не?

4. Педагогикалық қарым-қатынастың жалпы сипаттамасы мен өзгешелігі

қандай?

5. Қарым-қатынастың үш жақтарының қайсысы – ақпараттық, интерактивтік – педагогикалық өзара әрекеттесуде неғұрлым көп қиындықтарды тудырады.



8. МҰҒАЛІМНІҢ ӨЗІ ӨТКІЗГЕН САБАҒЫН ТАЛДАУ ҮЛГІСІ РЕТІНДЕГІ ҰСЫНЫМ



Мұғалім пікірі

Сабақты жоспарлағанда оқушылардың қандай ерекшеліктері ескерілді?

Оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттері ескеріліп, сабақтың әр кезеңінде қызығушылығын ояту, байланыстыра сөйлеу, сөздік қорын молайту көзделді.

Сабақтың түрі қандай? Өткен сабақпен байланысы бар ма?

Саяхат сабағы. Сабақта жеті ата еліне саяхат жасай отырып, топпен жұмыс (белсенділіктерін арттыру) үшін, ойын элементтері (қызығушылығын, ойлау, есте сақтауын дамыту) үшін пайдаланылды. Бұл сабақ - өткен сабақты бекіту. Сабақта қандай міндеттер алға қойылды?

А) білімділік

Ә) дамытушылық

Б) тәрбиелік

бұлардың арасында байланыс болды ма? Бұл міндеттерде сыныптың, жеке оқушылардың ерекшеліктері қалай алынды? Аталған міндеттерді шешуде сабақтың бұл түрі неге тиімді болды? Сабақ кезеңдерінің арасында байланыс болды ма? Уақыт тиімді пайдаланылды ма?

Алға қойған мақсат біреу болғандықтан сабақтың әр кезеңдері, бір – бірімен байланысып, жүйелі қорытындыланып өз уақытында өтті.

Жаңа тақырыпты ашуда оқытудың әдіс – тәсілдерінде қандай үйлесім болды? Әдіс – тәсілдерді таңдау себептерін түсіндіру.

Ш.А. Амоношвилидің “Ойын арқылы оқыту”, В.В. Давыдовтың “Дамыта оқыту”, “Оқу мен жазуды сын тұрғысынан ойлау технологияларының элементтерін ізгілендіру педагогикасымен ұштастыра өткізіп, өткенді қайталауда оқушылардың ойын, қиялын, есте сақтау дағдысын қалыптастыру қарастырылды”.

Оқушымен жеке жұмыс болды ма? Ол қалай ұйымдастырылды? Неліктен?

Әрбір ауылға саяхат жасай отырып, кейбір ойын жеткізуге қиналатын оқушыларға жеке тапсырма берілді, себебі саяхатқа ілесу үшін үлестірмелі арнайы карточка таратылды.

Оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтары байқалды ма? (себебін түсіндіру)

Сабақтың әрбір кезеңдерінен өткен сайын оқушылар ауыл – ауылдан түскен тапсырмаларға тез, дұрыс жауап беруге тырысып ұйымшылдыққа тәрбиеленді, белсенділіктері, қызығушылықтары артты. Сынып бөлмесінде қандай оқу құрал - жабдықтары8 пайдаланылды? Неліктен?

Сабақ барысында оқушылардың арасындағы дұрыс психологиялық қарым – қатынас жасауына мұғалімнің тәрбиелік әсері қалай жүзеге асты.

Қазіргі білім беру жүйесінде мұғалімнің кәсіби дамуына ерекше көңіл бөлінеді. Соның ішінде өткізген сабақты жүйелі түрде талдау – педагогикалық шеберлікті арттырудың негізгі тетігі. Мұғалімнің сабақты өзіндік талдауы – оқу процесіндегі кемшіліктер мен жетістіктерді бағалап, келесі сабақта сол тәжірибені тиімді қолдануға бағытталады.

Сабақты талдау:

  • оқытудың сапасын арттыруға;

  • мұғалімнің кәсіби жетілуіне;

  • оқушылардың оқу жетістіктерін бағалауға;

педагогикалық процестің тиімділігін саралауға мүмкіндік береді. Сондықтан әрбір мұғалім өз сабағын талдай білуі – кәсіби мәдениеттің көрсеткіші.

Мұғалім өткізген сабағын төмендегі құрылым бойынша талдай алады:

1. Сабақтың тақырыбы мен мақсаты:

Сабақтың тақырыбы нақты, оқу бағдарламасына сай ма?

Мақсаттар дұрыс қойылды ма (оқу, тәрбиелік, дамытушылық)?

2. Сабақ құрылымы:

Сабақтың кезеңдері (ұйымдастыру, жаңа материалды түсіндіру, бекіту, қорытынды) дұрыс сақталды ма? Уақыт тиімді пайдаланылды ма?

3. Оқыту әдістері мен тәсілдері:

Қолданылған әдістер қаншалықты тиімді болды? Оқушылардың жас ерекшеліктері ескерілді ме?

4. Оқушылардың белсенділігі:

Сабақта оқушылардың белсенділігі қандай деңгейде болды? Барлық оқушы қамтылды ма?

5. Көрнекіліктер мен техникалық құралдарды қолдану:

Сабақта қандай құралдар қолданылды және олар қаншалықты пайдалы болды?

6. Нәтиже мен рефлексия:

Сабақ мақсатына қол жеткізілді ме? Оқушылар сабақты қалай қабылдады?

Сабақ соңындағы өз талдауым: не жақсы шықты, неге көңіл бөлу керек?

Сабақты өзіндік талдау жүргізуге ұсыныстар

Жазбаша түрде жүйелі түрде жазу – әр өткізілген сабақтан кейін шағын есеп жүргізу;

Видео немесе аудиожазба арқылы талдау – өз сабағын сырт көзбен қарап, объективті баға беру;

Әріптестермен пікір алмасу – коучинг, әдістемелік бірлестік отырыстарында сабақты бірлесіп талдау;

Оқушының кері байланысын пайдалану – сабақ туралы оқушылардың пікірін ескеру;

SMART-мақсаттар қою – нақты, өлшенетін, қолжетімді, маңызды және уақытпен шектелген мақсаттармен жұмыс істеу.

Мұғалімнің сабақты өзіндік талдауы – кәсіби дамудың маңызды бөлігі. Өз тәжірибесін үнемі саралап отыру арқылы педагог өзінің әдістемелік шеберлігін арттырып, оқушыларға сапалы білім береді. Сабақ талдаудың ұсынылған құрылымын жүйелі түрде пайдалану – нәтижелі оқыту кепілі.



9. ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ САБАҚ ЖОСПАРЫНЫҢ РЕФЛЕКСИВТІК ЕСЕБІН ЖҮРГІЗУ



Рефлексивтік есеп — мұғалімнің өз өткізген сабағына талдау жасап, оның қаншалықты тиімді, сапалы, мақсатқа сай өткенін анықтау үшін жүргізілетін кәсіби ой толғауы. Бұл есеп мұғалімнің өзіндік дамуына, тәжірибесін жетілдіруге және келесі сабақтарды жақсартуға бағыт береді.

Рефлексивтік есептің мақсаты:

  • Сабақ жоспары мен шынайы сабақ барысын салыстыру;

  • Сабақтың мақсатына жету деңгейін анықтау;

  • Қолданылған әдіс-тәсілдердің тиімділігін бағалау;

  • Оқушылардың оқу әрекетіне талдау жасау;

  • Келесі сабақтарға нақты қорытынды мен ұсыныс жасау.

Рефлексивтік есеп құрылымы (үлгі):

1. Сабақ туралы қысқаша мәлімет:

Пәні, сыныбы, тақырыбы, күні

Қойылған оқу мақсаттары мен күтілетін нәтижелер

2. Сабақ барысындағы бақылаулар:

Сабақ қалай өтті? (жоспарға сәйкестігі, уақытты пайдалану, құрылымы)

Оқушылар қалай әрекет етті? (белсенділік, қызығушылық, түсіну деңгейі)

Қандай әдіс-тәсілдер сәтті болды? Қай тұстары қиындық туғызды?

3. Сабақ мақсатына жету деңгейі: Оқу мақсаты орындалды ма? Неге?

Қандай дәлелдермен растайсыз? (кері байланыс, тапсырма нәтижелері)

4. Бағалау туралы ой: Бағалау әдістері қалай қолданылды?

Қиындықтар болды ма? Келешекте бағалауды қалай жақсартуға болады?

5. Оқушылардың үлгерімі мен оқуында байқалған ерекшеліктер:

Қолдау қажет оқушылар бар ма? Қандай оқушылар жақсы нәтиже көрсетті? Неге?

6. Сабақтан кейінгі ойлар мен болашаққа ұсыныстар:

Сабақтан қандай қорытынды шығардыңыз? Келесі жолы неге көңіл бөлесіз?

Жоспарға қандай өзгерістер енгізесіз?

Маңызды:

Рефлексивтік есеп сын емес, дамуға бағытталған кәсіби ойлау болып табылады. Мұғалім ашық, шынайы және әдістемелік тұрғыдан негізделген талдау жасауы тиіс.




































10. САБАҚТЫ ТАЛДАУ

Күні Мұғалімнің аты-жөні _____________________________


Пәні ________________________________________________________________


Сынып барлық оқушы / қатысушы ____________________________


Сабақтың тақырыбы __________________________________________________


Сабақ қатысу мақсаты ________________________________________________

Көрнекілік / АКТ _____________________________________________________

Санитарлық жағдай


Сабақтың формасы мен қолданылған әдіс-тәсілдерді талдау


Әдістер тобы

Әдіс-тәсілдердің түрлілігі

Ұпай

1.Сыныптың психологиялық ахуалы

а) мұғалімнің балалармен қарым-қатынас стилі, ынтымақтастық пен сенім атмосферасын орната білуі


0

1

2




б) оқушының ой еркіндігіне жағдай жасалуы





в) оқушының сөйлеу, өзара әрекеттесу, білім алмасу дағдыларының қолданылуы





г) мұғалімнің оқушының оқу қажеттігін түсінуіне ықпал жасауы, бақылауы, орындалатын жұмыстарға қойылатын талап мазмұны





2. Оқу құзыреттерінің әр алуандығы

а) сабақ кезеңдерінің өзара тиімді ұйымдастырылуы мен байланысы





б) аудио-видео көрсетілімдері мен көрнекіліктердің негізді қолдануы





в) бірлескен іс-әрекеттерді, топтық, жұптық жұмыстарды ұйымдастыруы, нәтижелігі





г) уақытты тиімді пайдалану, іс-әрекеттің әр түріне тиімді ауысып отыруы





3. Оқушылардың сабаққа белсенділігі

а) сабақ барысындағы жұптық, топтық жұмыстарға қатысуы, қызығушылығы мен белсенділігі





б) бірін-бірі сұрауы (оқушы оқушыны сұрайды)





в) сыни тұрғыдан ойлау, сөйлеу қабілетінің көрінісі





г) оқу қажеттілігін түсінуі





Саралау

Сабақтың басы





Сабақтың ортасы

Сабақтың соңы




Қалыптастырушы бағалаудың жүргізілуі

Өзін-өзі бағалау





Жұптық бағалау





Топтық бағалау





4. Сабақты ұйымдастыру формалары, нәтижелігі

жаппай, жан-жақты сұрау





Топтық





Жұптық





Жеке





Деңгейлік





5.Салауаттықты қалыптастырудағы жұмыс түрлерінің ұйымдастырылуы

сергіту сәті





оқушылырдың дене бітімінің дұрыс қалыптасуын назарда ұстауы (дұрыс отыру)





еңбек, техника қауіпсіздігінің сақталуы





6. Сабақтың жаңа талаптарға сай ұйымдастырылуы (7 модуль)

сын тұрғысынан ойлауға үйрету





оқытудағы жаңа тәсілдер (диалогтық оқыту, топтық жұмыс)





дарынды, талантты балалармен жұмыс





оқу мен оқыту үшін бағалау





оқушыларды жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту





АКТ-ны қолдану





Оқытудағы басқару мен көшбасшылық





7. Сабақтың оқушы дамуына (эстетикалық, тәрбиелік) сабақтың әсері,

мақсаттарының байланыстылығы





8. Пәндік көрнекіліктердің қолданылуы





9. Сабақтың ғылыми тұрғылығы, бүгінгі күннің өзекті мәселесімен байланыстылығы, мазмұндылығы





10. Оқулықпен жұмыс (кесте, тапсырмалар)





11. Үйге тапсырма көлемі, мақсаты, нәтижеге бағытталуы, түсіндірілуі





12. Сабақтың мақсатқа жетуі, сабақ тиімділігін анықтауда кері

байланысты орнатуы





13. Сабақ нәтижелігі






Қорытынды мен ұсыныстар:

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________ __________________________________________________________________________________________________________________________________________

ҚОРЫТЫНДЫ


Сабақ талдау – мұғалімнің кәсіби дамуын қамтамасыз ететін маңызды үдерістердің бірі. Талдау арқылы сабақтың құрылымы, мазмұны, қолданылған әдіс-тәсілдердің тиімділігі мен оқушылардың білім деңгейі жан-жақты бағаланады. Сабақ талдауы – мұғалімнің кәсіби дамуына ықпал ететін маңызды құрал. Ол арқылы сабақтағы жетістіктер мен кемшіліктер айқындалып, білім беру сапасын жақсарту жолдары анықталады. Әдістемелік тұрғыдан дұрыс ұйымдастырылған сабақ талдауы педагогикалық ұжымның шығармашылықпен жұмыс істеуіне жағдай жасайды. Сабақты сапалы талдау үшін нақты талаптарды сақтау – білім сапасын арттырудың кепілі. Бұл талаптар тек мұғалім әрекетіне емес, оқушының белсенділігіне, оқу мақсатына жету деңгейіне және бағалау әдістерінің тиімділігіне де қатысты болуы тиіс. Жүйелі, объективті және әдістемелік тұрғыдан негізделген талдау – әр мұғалімнің педагогикалық шеберлігін арттырып, оқу үдерісінің сапасын жетілдіруге ықпал етеді. Сондықтан пән бойынша сабақ талдау – жай есеп беру емес, кәсіби рефлексия мен үздіксіз жетілудің құралы болып табылады.




























ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:


1. Андреева Г.М. Социальная психология М.,1996. Раздел 2

2. Леонтьев А.Н. Избранные психологические произведения:В 2 т.М.,1983. Т.1.

3. Лийметс Х.Й. Групповая работа на уроке. М.,1975.

4. Бабаев С.Б., Құдиярова А.М., Жанайдарова Г.А. «Жалпы педагогика» – Алматы: Раритет, 2020.

5. Рубцов В.В. Организация и развитие совместных действий у детей в процессе обучения.М.,1987.

6. Әбенбаев С. «Педагогика» – Алматы: Дарын, 2018.

7. Цукерман Г.А. Совместная учебная деятельность как основа формирования умения учиться. М.,1992.

8. Добрович А.Б.Воспитателю о психологии и психогигиене общения. М.,1987.

9. Кан-Калик В.А.Учителю о педагогическом общении. М.,1987.

10. Есімбекова Б.О., Айтбаев Қ.К. «Білім беру ұйымын басқаруды ұйымдастыру». / Мектеп басшыларына арналған әдістемелік құрал – Алматы, 2009.

11. Леонтьев А.А. Психология общения. М.,1997.

12. Петровский Л.А. Компетентность в общении: социальнопсихологичсекий тренинг. М.,1989.

13. Карнеги Д. Как выработать уверенность себе и влиять на людей, выступая публично. Минск,1990.

14. Леонтьев А.А.Педагогическое общение//Педагогика и психология. М.,1979.№3

15. Маркова А.К.Психология труда учителя. М.,1993.

16. Митина Л.М.Учитель как личность и профессионал. М.,1994.

1


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
08.05.2025
218
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі