Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер және ойындар
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер және ойындар
Қ ұрметті ұстаздар!
Аталған әдіс-тәсілдер жинағы білім беру мазмұнында мұғалімдерге көмек құрал ретінде құрастырылды. Сіздердің назарларыңызға қол жетімді ресми интернет-сайттардан және өзім құрастырған ойындар, жаттығулар және әдіс-тәсілдерді ұсынып отырмын. Әдіс-тәсілдер, жаттығулар және ойындарды әркім өзінің шығармашылығын қолдана отырып, өзгертіп жүргізулеріне болады, ал бұл өз ретінде сабақтың қарқынды өтуін жоғарлатады.
Жемісті жұмыс пен шығармашылық табыс тілеймін!
“ Кезбе тілші” әдісі
Топ мүшелері 5 рөлге бөлінеді: көшбасшы, уақыт сақшысы, бақылаушы, хатшы, баяндамашы.
Әр топ басшысы сыныпқа келген хаттардың біреуін таңдайды. Әр хатта жаңа сабақтың әр бөлігі түсіндірмесімен, мысалдарымен берілген. Берілген мәтінді топта талқылап алған соң баяндамашы келесі топтарға сағат тілімен ауыса отырып, хаттың мәтінін баяндап береді.Соңында өз топтарына оралады.
“Сиқырлы айна”
әдісі
Бұл әдісті сабақ соңында алуға болады. Оқушылардың көңіл күйлерін сұрау мақсатында, сергіту сәтіне алуға болады. Оқушылар шеңберге тұрып, бір-бірлеріне қарап сұрақтар қояды, қарсы тұрған оқушы сол сұраққа жаап беруі тиіс. Орындарымен алмасып отырады.
Ж асырын сөз
Оқушылар тақырып бойынша сөз жасырады. Оны сипаттайды, сол сипаттама арқылы басқа оқушылар жасырынған сөзді табады. Сипаттауда айтатын сөздерге шектеу қою арқылы немесе қимыл арқылы көрсетуді ұсынуға болады. Мысалы жасырылған сөзді 3 сөз арқылы сипатта деген сияқты.
Түйінді сөздер
Мұғалім жаңа тақырыптың ішінен түйінді сөздерді әр топқа бөліп береді. Оқушылар топ болып бірігіп сол сөздердің анықтамасын, мағынасын ашып, басқа топтарға түсіндіреді.
«Солай ма?” әдісі
Оқушыларды жұптастыра отырып әр жұпқа бірнеше тұжырым (ереже, анықтама,т.б) жазылған парақша таратылады.
Ол тұжырымдардың бір-екеуі жалған болуы тиіс. Оқушылар осы жалған тұжырымдарды табуы керек. Егер тұжырым бұрмаланған болса, онда дұрысын айтады.
Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданы әкімдігінің
«Суындық» жалпы орта мектебі коммуналдық мемлеттік мекемесі
Сабақта қолданылатын
әдіс-тәсілдер және
ойындар
Құрастырған: Смайлов Талғат
Көктөбе елді мекені
2018 жыл
К іріспе
Ойын технологиясы – бұл педагогикалық жұмысты ойын түрінде ұйымдастырудың әдістері мен тәсілдерінің жиыны. Ойын- оқу үрдісіндегі оқытудың әр формасы, әрі әдісі ретінде дербес дидактикалық категория. Ойын элементтерінің сабақ барысында басты мақсаты – білім беруді ойынмен ұштастыру. Баланың ойынға белсенді түрде қатысуы оның ұжымдағы басқа да әрекеттерін айқындайды. Ойын бір қарағанда қарапайым, жеңіл құбылыс сияқты көрінгенімен, ол ұжымдық әрекет. Ойындардың қажеттілегін іріктеп ала білу- ұстаз шеберлігіне байланысты.
Оқушыларды сан қырынан дамыта білу үшін, ойын түрлерін қолдануымыз қажет. Қазіргі кезде мемлекетіміздің алдында білімді де іскер, ғылымға қабілетті заман талабына сай ұрпақ тәрбиелеу мәселесі тұр. Яғни мемлекет, соның ішінде адамзат заманға сай білім мен білікті меңгеруі қажет. Осы орайда заман талабына сай ұрпақ тәрбиесін жүзеге асыру үшін жаңа дамыта оқыту технологиялары, соның ішінде ойын технологияларының маңызы зор. Еліміздің білім беру жүйесінің жаңарып, толыға түсуі заман талабынан туындап отыр. Жас ұрпақ – еліміздің тірегі, ертеңіміздің кепілі. Сондықтан оларға саналы тәрбие мен сапалы білім беру мұғалімдердің басты міндеті. Олар жан – жақты жетілген білімді әртүрлі әдістемелерді меңгерген, шығармашылықпен жұмыс жасай алатын шеберлік иесі болуға тиіс. Ұстаз кәсіби білімін үнемі жетілдіріп отыруы керек. Қазіргі таңда еліміз дарынды балалар тәрбиелеуде зор көңіл бөлініп отыр. Сондықтан оқыту мен дамытудың жаңа мазмұнын құруға, оның әдістемелік
Тізбектер
Оқушылар тізбектеле тұрады. Мұғалім не бір оқушы тақырыпқа қатысты бір сөз айтады. Келесі тұрған оқушы оны жалғастырады, яғни тақырыпқа қатысты сөз айтады. Осылайша жалғаса береді. Кезегінде айта алмаған оқушы шығып кетеді.
2 түрі: Қол ұстасып тұрған оқушының бірі тақырып бойынша бір сөз айтады(не сұрақ қояды), екінші оқушы оның мағынасын түсіндіреді (не екенін айтады), келесісі сұрақ , сосын жауап деп жалғаса береді.
Жұмыс столы
Оқушылар топқа бөлініп отырады. Әр топ өтілген тақырып бойынша сұрақтар құрастырып, басқа топтардың жұмыс столына жапсырады. Топ мүшелері қойылған сұрақтардың жауабын бірлесе іздеп табады. Барлық топ қойылған сұрақтарға жауаптарын түсіндіреді. Егер тақырыптан қалып қойған маңызды жерлері болса, мұғалім өзі сұрақ дайындауына болады.
Бумеранг
Әр топ мүшелері тақырып бойынша сұрақтар құрастырады. Сұрақтарын келесі топқа береді. Олар сол сұрақтарға жауап береді. Оқушылардың барлығы да қатысады. Тақырыптың ішінде қалып қалған бөлімдері болса, мұғалім өзі сұрақ қоюына болады, әр топқа.
Ж ұппен оқып, жұппен мазмұндау
Сынып оқушылары жұппен (А, Б оқушы) отырады. Берілетін мәтін 2-ге бөлінген. 1-ші бөлімін А, 2-ші бөлімін Б оқушы оқиды. Сосын бір-біріне оқығандарын айтады. Екеуі бірігіп мәтін бойынша сұрақтар дайындайды. Сынып болып сол сұрақтарға жауап береді.
Топпен де орындауға болады. Топта 4 оқушы болса, екеуден бірігіп мәтіннің 1 бөлігін оқиды. Қалған екеуі мәтіннің келесі бөлігін оқып, бір-біріне баяндайды.
Стикер
Стикерлерді оқу үдерісін талдау үшін қолданыңыз. Оқушылар топтарда, жұппен немесе дербес түрде мынадай сұрақтарға жауап бере алады:
-
мен нені үйрендім?
-
Маған не қиын болып көрінді?
-
Не күрделі болды?
-
Мен енді нені үйренгім келеді?
Дөңгелек стол
Т опқа 1 парақ беріледі. Топ оқушысының бірі сол параққа осы тақырып бойынша 1 сөйлем жазады. Екіншісі оның жазған ойын әрі қарай жалғастырып, екінші сөйлемді жазады. Соңында тақырып жайлы мәтін шығады. Бір оқушы мәтінді оқиды, сынып болып талдайды.
жүйесін іздестіру мәселелеріне мән берілуде. Балалардың интеллектуалды қабілеттерін анықтау және дамыту үрдісі орталықтың құрылымдық бөлімшелерінде әрбіреуінде бірегей білім беру ортасын құру арқылы жүзеге асады. Оқушылардың интеллектуалдық қабілеттерін анықтап, оны одан әрі дамытуда дамыта отырып оқыту технологиясының маңызы зор.
Ойын элементтерін білім беру үрдісінде қолданғанда төмендегідей әдістемелік талаптарға сүйенген жөн:
-
Ойынға кіріспес бұрын оның жүргізілу тәртібі мен шартын оқушыларға әбден түсіндіру;
-
Ойынға сыныптағы , топтағы оқушылардың түгел қатысуын қамтамасыз ету;
-
Ойын түрлерін тақырыптық бағдарламаға сай іріктеп алу;
-
Ойын үстінде шешім қабылдай білуіне, сын тұрғысынан ойлана білуіне жетелеу;
-
Ойынды баланың жас ерекшелігіне қарай түрлендіріп пайдалану.
-
Қарапайым ойыннан күрделі ойынға көшу;
-
Міндетті түрде ойынның қорытындысын жариялау қажет;
-
Белсенді қатысқан оқушыларды мақтап, мадақтау;
Ойын үстінде баланың түрлі қасиеттері, қабілеті мен белсенділігі де көрінетіні туралы аса көрнекті педагог А. С Макаренко былай дейді: «Ойында бала қандай болса, өмірде кәсіби қызмет саласында, көбінесе сондай болады». Сондықтан келешекке адамды тәрбиелеу – бәрінен бұрын ойын арқылы жүзеге асыралады.
« ДОМИНО» әдісі
(сөздерді ретімен орналастыру);
Келтірілген сөздерді мынадай ретпен орналастыру керек:келесі сөз алдыңғы сөз аяқталған әріптен басталуы керек.
Сөздер: Файл – телеграф – килобайт – робот – дюим – процессор – монитор – тире – разряд – диск.
«Бұрыштар тәсілі»
Мұғалім оқушыларға сұрақ ұсынады және мүмкін төрт жауабын сыныптың төрт бұрышына орналастырады. Оқушылар өзіне дұрыс деген жауаптың қасына барып тұрады, таңдаған жауаптарын топтық жұмыста тұжырымдайды және өздерінің ккөз қарастарын дәлелдейді.
« Stop-кадр»
Stop-кадр –видеофильмнің бәр сәтімен (кадр) жұмыс. Кадрды экранда тоқтатып қойып, сұрақтар қою арқылы оқушыларды диалогқа тартуға болады. Сыныпта жұптық жұмыс ұйымдастыруға да болады: оқушылардың біреуіне кадрды көрсетіп, екіншісіне осы көріністі толықтай сипаттап беруін тапсыруға болады, екінші оқушы оған нақтылау сұрақтарын беру арқылы көмектесуіне болады.
«Ойлан-жұптас-бөліс»
Берілген тапсырма (сұрақ) бойынша әрбір оқушы жеке жұмыс жасау арқылы өз ойын қорытып, жұп болып пікірлерімен бөліседі; бұл бүкіл топтық талқылауға ұласады.
«Көшбасшы» ойыны
Екі топтың көшбасшыларына сұрақтар қойылады. Қай топ бірінші қоңырауды басып сұраққа жауап берсе, сол топқа 5 ұпай беріледі.
«Бәйге» ойыны
Бәйге ойынында тапсырмалар мен сұрақтар беріледі, оқушылар сол тапсырмаларды орындау арқылы өз тұлпарларын алға жылжытады.
« Конверттегі-сұрақ»
2 -3 сұрақ жазып, конвертке салыңыз (оқу мақсатына қарай). Әрбір оқушыда өзінікі болатындай етіп, бірнеше конверт дайындаңыз. Әрқайсысына екі минут беріңіз: оқушы стикерде атын және жауабын жазады; екі минут өткен соң конверт келесі оқушыға беріледі, осылай бұл 2-3 сұраққа барлығы жауап бергенше жүре береді. Стикерлерді жинап, бірнеше жауапты дауыстап оқыңыз (аттарын атамастан); сынып белгілі бір сұрақтың қаншалықты дұрыс болғанын талқылайды.
«Миға шабуыл»
стратегиясы
(Мұғалімдермен
жұмыс)
Тақырыпқа байланысты идеяларды көбірек жазыңыз. Уақыт аяқталғанда кезектесіп өз идеяларыңызды оқисыз, идея қайталанбау керек. Қайталанған идеяларды сызып тастап отырыңыз. Мысалы: “оқушылар мектепті тастамас үшін не істеу керек?”
«3 таяқша»
әдісі
Берілген тақырыпқа
байланысты
1 сұрақ
1 жауап
1 идея әр топ даярлап, көпшілікке
салады.
«Допты лақтыру»
М ұғалім допты лақтырып сұрақ қояды. Допты қағып алған оқушы сұраққа жауап беріп, өзінің сұрағын қояды. Егер оқушы сұраққа жауап бере алмаса, допты басқа оқушыға береді. Бұл әдіс теориялық сұрақтарды бағалауға, тілдік мақсаттардың орындалуына көмек береді.
Р өлдік ойын
Рөльдік ойындар – тиімді интербелсенді әдістердің бірі. Адам жадында бірінші мезетте өзінің жасағаны мен бастан кешкен әсерлері қалады. Ал рөльдік ойындар оқушылардың өздерін басқа адамдардың орнына қойып, мәселе немесе проблеманың солардың тұрғысынан қарастырып, шешімді өз « қолдарымен » жасауды меңзейді.
«Менен сұрақ, сізден жауап» әдісі
Үй тапсырмасын не жаңа сабақты бекіту мақсатында оқушыларға сұрақтар қойылып, жауабы тыңдалады. Оқушы сұрақтарға нақты жауап беру керек.
«Серпілген сауал»
Тақырыптың түсіну деңгейін арттыруға және талқылау дағдыларын дамытуға қол жеткізу үшін сыныптағы оқушылардың арасында бірінен-біріне сұрақтарды «лақтыру»: мысалы, «Асан, Айнаның пікіріне қосыласыңба?», «Айна, Асанның жауабын тағы қалай толықтыруға болады?», «Асан, айтылған пікірлерді бір сөзбен қалай тұжырымдауға болады?»
«Адасқан әріптер» әдісі
Әріптерден сөздер құрастырамыз. Сабақты бекіту кезінде қолданамыз.
«Сөзді тап»
Қобдишаға тақырыпқа қатысты түйінді сөздер жазылған қағаз қиындылары салынады. Бір оқушы қобдишадан қиынды қағазды алып, 1 минутта ондағы сөздің өзін атамай сипаттап түсіндіру керек. Сөзді тапқан оқушы келесі сөзді алып түсіндіруді жалғастырады.
«Қауіпті аймақ» ойыны
Қауіпті аймақтан сұрақтар мен тапсырмалар жасырылған. Егер оқушы қауіпті аймақтағы сұрақты басқан жағдайда сұраққа жауап береді. Ал баспаған жағдайда сұраққа жауап бермейді.
С ұрақты ұстап ал!
М ұғалім сұрақ қойған кезде фасоль салынған қапшықты лақтырады. Бұл сұрау үдерісіне кинестикалық сипат береді және оқушыларды өз еркімен жауап беру үшін ниет білдіруге итермелейді. Сіз оқушыларға жауапты білмеген жағдайда сұрақты басқа оқушыға лақтыруына мүмкіндік бере аласыз. Сонымен қатар, бұл тапсырманы командамен шешуге де болады. Мұғалім кезек-кезекпен фасольды қапшықты әр командаға лақтырады. Егер де қапшықты қағып алған адам сұраққа жауап берсе, онда команда 3 балл алады. Егер де ол жауабын білмесе, қапшықты басқа командаға 2 балға лақтырады. Егер де қапшық тағы да кері лақтырылатын болса, онда дұрыс жауаптың құны 1 балға дейін төмендейді.
«Он сұрақ!» әдісі
Мұғалім бір оқушыны таңдап алады және оның маңдайына негізгі сөз жазылған стикерді жапсырады – қатысушы сыныпқа 10 сұрақ қоя алады, оған жауап не ИӘ, не ЖОҚ деп беріледі.
« Кір жаю» әдісі
Үй тапсырмасын бекіту.
Өткен сабақтағы оқушы түсінігін еске түсіру, қалай оқып келгені жайында байқау мақсатында пайдаланады. Жайулы тұрған сұрақтарға жауап беред.
«Элективті тест»
Мұғалім алдын ала әрбір оқушыға А, В, С, Д, Е арқылы белгіленген түстері сәйкес ақ, сары, көк, қызыл, жасыл стикерді таратады. Әрбір сұрақты қойғаннан кейін 20 сек. Кідіріп, сыныптан тест жауабына сәйкес әріпті көтерулерін сұрайды. Өзін-өзі және бірін –бірі бағалауды жүзеге асыру үшін дұрыс немесе дұрыс емес жауаптарды диалог құру арқылы талқылайды.
«Сиқырлы сандық» әдісі
Мақсаты: Оқушыларды сабақ соңында бағалауға пайдаланады. Сандықтың ішіндегі сұрақтарға жауап береді.
«Өзіңізді тексеріңіз» әдісі
Бұл
мәлімет ШЫНДЫҚ
па немесе
ЖАЛҒАН
ба?
Өтілген мәтін бойынша мысалдар келтіріледі. Мысалдарды оқу
кезінде
оқушылар ол келтірілген мысалдың өтілген мәтінде бар, жоғын
анықтайды.
« Пирамида» әдісі
Әңгіменің кейіпкерлерін табу, сол кейіпкерге мінездеме жазу.
«Дыбыстау»
Фильмен өткен тақырыпқа байланысты немесе оқушылардың деңгейіне сәйкес келетін үзіндіні дыбыссыз көрсетіп, оқушылардың рөлге еніп, дыбыстауын тапсыруға болады. Алдымен үзіндіні дыбысымен көрсетсе де болады. Дайындалуға оқушыларға жеткілікті уақыт беру арқылы көмектесуіне болады.
Б ірге ойлаймыз» әдісі
Бұл әдістің тиімділігі сыныптағы елеусіз оқушыны сабаққа таратуда қолданылады.
1 минуттағы ой
Мұғалім сабақтың тақырыбын айтады не бір сөз айтады. Оқушылар осы сөзді естігенде ойларына не түсті, соны 1 минут ішінде жазады. Сосын сол сөзді не үшін жазды түсіндіреді. Егер оқушылар сөздерінің ішінде ерекше сөздер болса, сол сөзді не үшін жазды, бұл тақырыпқа (не айтылған сөзге қандай қатысы бар) соны айтып беруі керек.
К убизм әдісі.
Мағынасы терең және қызықты стратегияның бірі.
-
Т ақырыпты жан-жақты қамтуға мүмкіндік туғызады.
-
Алты қыры бар:
-
Сипаттаңыз
-
Салыстырыңыз
-
Зерттеңіз
-
Талдау жасаңыз
-
Қолданыңыз
-
Дәлелдеңіз
Кубик қырлары бойынша жұмыс ауызша, жазбаша, аралас түрде жүруі мүмкін
«Лездеме!» әдісі.
Сіздің топтың екі қалған оқушысына бүгінгі сабақтың негізгі сөздерін түсіндіру үшін сізде бір минут бар:
Конверттен бір сөзді бір рет алу
Сөздің өзін атамай түсіндіру
Сөзді тапқан бірінші адам конверттен келесіні таңдайды және қалғандарына түсіндіреді!
П олиглот. Жеті жұрттың тілін біл.
Мақсаты: Оқцшылардың ой- өрісін дамыту. Басқа пәндермен де пәнаралық байланыс орнату. Сергіту сәтінде де пайдалануға болады.
-
Адасқан әріптер
Дұрыс жауабы
Орысша мағынасы
Ағылшынша мағынасы
пьюкомтер
терприн
қантыш
«Қалың және жұқа сұрақтар» әдісі
Бұл әдіс топ жұмысы барысында оқушыларға тақырып бойынша сұрақтар құру тапсырылады.
« Қонаққа бару»
Бір топ екінші топқа қонаққа барып, Бай мен жарлы баласы мәтіні бойынша «Алты қалпақ» әдісі арқылы сұрақтар қойылып, жауаптары алынады.
Көршінің сұрағына жауап
Параққа бір сұрақ жазып, парақты оң жағында отырған серігіне береді, бұл сұраққа жазбаша жауапты серігі береді.
« Эссе жазу»
3 минут ішінде өтілген тақырып бойынша не түсінгенін жазады. Сабақты қорытындылауға өте тиімді әдіс- тәсілдің бірі.
«Мұғалімге хат жазу»
Сабақ аяғында оқушылар өтілген тақырып бойынша сұрақ қояды немесе түсінбеген, түсініксіз сұрақтар бойынша ұсыныстарын жазады.
«Джигсо» әдісі
Оқушыларды 4-5 топқа бөлеміз. Тақырыпты, (мақаланы) топтың санына қарай, мазмұнына қарай бөліп береміз. 1,2,3,4,5,- әрбір топ өкілдері берілген бөліктерді оқиды. Топтағы оқушылар өзара пікір алмасады, ортақ тапсырма жасайды. Әр топ өз лидерін тақтаға шығарады. Ол оқушы оқыған білгенінің мазмұнын түсіндіреді.
«Бірге ойлаймыз» әдісі.
Бұл әдістің тиімділігі сыныптағы елеусіз оқушыны сабаққа тартуда.
• көршілеріңіз естімейтіндей етіп, сіздің сұрағыңызға жауапты талқылаңыз.
• мұғаліміңіз 1 – 4 дейін санды таңдайды;
• осы санға сәйкес келетін оқушы жауап береді;
• талқылау және саралау үшін тамаша тәсіл.
« Детектив» әдісі
Ұйымдастыру: топпен жұмыс.
Мақсаты: оқушылардың сыни ойлау, көшбасшылық дағдыларын дамыту.
Сипаттамасы: Оқушылар екі топқа біріктіріледі. Екі топқа да шытырман оқиғалы мәтін шағын бөліктерге бөлініп, қима қағаздарға жазылып беріледі. Олар 15 минут ішінде осы мәтіндегі шытырман оқиғаның шешімін табуы тиіс. Әр топ өз шешімдерін айтады. Қандай тәсілмен анықтағандары талқыланып, ақпараттармен жұмыс істеу туралы ой бөліседі.
«Коллаж әңгіме» әдісі
Ұйымдастыру: топпен жұмыс.
Мақсаты: оқушылардың сыни ойлау және коммуникативтік дағдыларын дамыту.
Сипаттамасы: оқушыларға түрлі-түсті суреттері бар журналдар беріледі. Олар журналдардан қиып алып алған суреттерін флипчартқа жабыстырып, әңгіме құрастырады.
«Ыстық орындық» әдісі.
Берілген тапсырмаға байланысты қойылған сұрақтарға жылдам жауап беру керек, себебі, орындық ыстық.
«Автор орындығы»
Оқушының өзі жазған
шығарма, эссесін оқытқанда отырғызып оқытуға болады.
Бұл әдістер үй тапсырмасын сұрауда, өткен сабақты бекітуде
тиімді.
«Айналмалы бекеттер»
Айналмалы бекеттер стратегиясын орта буынды қолданған дұрыс деп ойлаймын.
« Менің сөзім» әдісі
Ұйымдастыру: ұжыммен жұмыс.
Мақсаты: оқушылардың сабақта алған білім, білігін бағалау.
Сипаттамасы: сыныптан бір оқушы тұрып, сабақтан бүгінгі үйренгендерін қорытындылап айтады. Айтып болған соң, басқа бір оқушының атын атайды. Сөзді сол оқушы жалғастырып, сабаққа рефлексия жасайды. Барлық оқушы сабақты қорытындылауға осы ретпен қатысады.
«Бинго» ойыны
(Мұғалімдермен жұмыс)
Лотоға түскен сандарға
байланысты сұрақтар беру. Мысалы: 16 - сұрақ.
Семинарға не үшін келдіңіз?
Алдымен мұғалімдерге жауап бергізіп, соңынан дайын жауапты ашу,
салыстыру.
Мыс: «Әдіс алмасу үшін»
«9 - ромб» әдісі
Қатысушыларға айтарлықтай маңыздысын анықтап, талқылау үшін тізім беріледі. Тізімнің әрбір тармағын үлкен ромбылы торға орналастыру қажет. Маңызды тармақтарды әдетте ромбының жоғарғы жағына, ал оншалықты маңызды еместерін төменгі бөлігіне орналастырады. Әр қатарда орналасқан тармақтардың маңызы бірдей. Кейбір топтар ең маңызды карточкаларын орталықта орналастыра алады (екі нұсқасы сәйкес келеді, себебі тапсырманың маңызды элементі топтағы талқылау үдерісі болып табылады). Ромбының нысаны топқа бірқатар басымдықтар мен перспективаларды қамтуға мүмкіндік береді.
«Ақпаратпен бөлісу»
1-ші оқушыда ақпараттың 50% бар. 2-ші оқушыда ақпараттың
50% бар.
Жұптар бір-бірінің ақпараттарын толықтырады. Жұптар сыныппен жұмыс
жасайды.
«Детальдарын қосу» әдісі.
(мұғалімдермен жұмыс)
Командада жұмыс істеу кезінде сізге алынған білімдерінкөрсету үшін сөйлемді кеңейтуіңіз қажет. Сөйлемі барынша дұрыс және нақты команда сыйлық алады!
«Логикалық тізбекті ажырату»
Бұл әдісті сабақ қорытындысын шығару кезінде қолданған тиімді.Оқушыларға тақырыпқа сәйкес негізгі сөздер тізбегін жүйелілікке келтіру тапсырылады.
«Маршрут» ойыны.
Бұл ойын чайнворд ұстанымы бойынша жүреді. Чайнворд (ағыл. chain – шыңжыр және word – сөз) бас қатыру есебі – ойланып табылған сөздің әріптерін, алдыңғы сөздің соңғы әрпі, кейінгі сөздің алдыңғы әрпі болып табылатындай етіп, бірінің соңына бірі тізбектеле орналасқан торкөздерге сөздер толтырады.Мысалы, Алматы-ыдыс-сабын-нар-рахмет-тарақ,-қарбыз т.б.
«Еске түсіру» ойыны.
Қатар отырған оқушылар бір-біріне теріс қарап отырады да, парталасының аты кім, көзінің түсі қандай, киімі қандай, аяқ киімі қандай, егер қыз бала болса юбкасының түсі қандай, құлағында сырғасы бар ма, осы сияқты белгілерді айтып шығады. Бұл ойын балалардың бір-бірін жақсы тануға, қарым-қатынасын реттеуге көмектеседі. Балалардың есте сақтау қабілеті, бақылағыштығы жақсарады.
«Екі ассоциация» ойыны.
Екі баған сызады да, оған төрт сөзден жазады. Бағанға кез келген адам, жануар, заттардың атын жазады. Осы екі жақтағы сөзді байланыстырып, ерекше бір ассоциация ойлап табуы керек. Мысалы егер бірінші бағанға мысық, екіншісіне жарық деп жазылса, екі сөзді қосып «жарыққа жылынған мысық», «лампочка спиралы мысық мұртына ұқсайды», «лампочка сияқты» мысық томпақ және жылы», «мысықтың басы лампочка сияқты» т.б. ерекше ұқсастықтар табады. Орындауға 5 минут уақыт беріледі. Жазғандардың ішінен ең қызықты ассоциация таңдалады.
«Қара жәшік» ойыны.
Оқушылар екі топқа бөлінеді. Стол үстіне екі жәшік қойып, ішіне көзілдірік, түйме, гүл, желпуіш, айна т.б. заттарды салады. Ойыншының міндеті жәшік ішіндегі затты өмірде қай кезде, қалай қолданатынын сипаттап айтуы керек. Қарсы топ оларды жасырып отырған затын айтқан сөздеріне қарап табуы керек.
« Дұрыс-дұрыс емес» ойыны.
Ойынға қатысушыларды екі топқа бөледі. Оларды бір-біріне қарама-қарсы отырғызған дұрыс. Ортаға бос екі орындық қояды. Бір орындық «дұрыс» дегенді білдірсе, екінші орындық «дұрыс емес» дегенді білдіреді. Мұғалім немесе бір оқушы қағазда жазылған ой-тұжырымды оқиды: Ы.Алтынсарин – алғаш мектеп ашушылардың бірі». Бұл тұжырымды дұрыс деп санаса, олар тез барып «дұрыс» орындығына отыруы тиіс. «Дұрыс емес» деп санаса, соған сәйкес белгіленген орындыққа отырады. Қайсысы бірінші барып отырса және жауапты дұрыс тапса, сол жеңімпаз болады.
«Жолға шығу» ойыны.
Ойын айналадағы заттарға талдау жасауға мүмкіндік береді. Жолға шыққан жолаушы қандай заттарды алады? деген сұрақ қойылады.Бір топ керекті заттар тізімін айтады, екінші топ ол заттар не үшін қажет екенін айтып беруі керек.
«Кемпірқосақ» ойыны.
Бір минут ішінде түстері әртүрлі бес түсті затты ретімен тез айтып шығуға тапсырма береді. Мысалы: қарбыз (қызыл), лимон (сары), аспан (көк), жапырақ (жасыл), топырақ (қоңыр). Кімде-кім түске сәйкес заттың атын таппай қалса, ойыннан шығады.
«Сұрақтар жаңбыры»
Ұйымдастыру: топпен жұмыс.
Мақсаты: оқушылардың сұрақ қою және сыни ойлау дағдыларын дамыту.
Сипаттамасы: оқушылар топтарға өз еркімен, қалауымен бөлінеді. Әр топ параққа сұрақтар жазып, бір-біріне лақтырады. Алған сұрақтарына жауап жазып, кері лақтырады. Жауап жазылған парақты қағып алған ойыншы, сол жауаптан сұрақ тудырып, ары қарай лақтырады. Ойын осылай жалғасады.
«Еске түсіру» ойыны.
Қ атар отырған оқушылар бір-біріне теріс қарап отырады да, парталасының аты кім, көзінің түсі қандай, киімі қандай, аяқ киімі қандай, егер қыз бала болса юбкасының түсі қандай, құлағында сырғасы бар ма, осы сияқты белгілерді айтып шығады. Бұл ойын балалардың бір-бірін жақсы тануға, қарым-қатынасын реттеуге көмектеседі. Балалардың есте сақтау қабілеті, бақылағыштығы жақсарады. Жаңартылған білім бағдарламасының мазмұндық ерекшеліктері оқытудан күтілетін нәтижелерге оңтайлы қол жеткізуге мүмкіндік беретін стратегияларды, әдіс-тәсілдерді жетік білуді және таңдап қолдануды талап етеді.
«Неге? Неге? Неге?» әдісі
Ұйымдастыру: ұжыммен жұмыс.
Мақсаты: Орындалған тапсырмалардың түйінді тұстарымен ой бөлісу және оқушылардың рефлексиялық ойлауын дамыту.
Сипаттамасы: Оқушылар шеңбер бойымен тұрады. Жүргізуші осы сабақта не үйренгенін айтады және соңғы сөйлемін «неге?» деген сұрақпен аяқтайды. Келесі оқушы сол сұраққа жауап беріп, қасындағы әріптесіне «неге?» деген сөзі бар сұраулы сөйлем айтады. Келесі ойыншылар да осы әрекеттерді тізбек бойынша жалғастырады. Ойынның соңында оқушылар орындалған тапсырмаларды еске түсіріп, олардың түйінді тұстарымен ой бөліседі.
«Суретті әңгімеле» әдісі
Ұйымдастыру: барлық сыныппен, жұппен жұмыс.
Мақсаты: бір бөлігі берілген сурет бойынша әңгімелету, суреттегі оқиғаның басын және соңын болжату арқылы тапқызу.
Қажетті материалдар: сериялы суреттер
Сипаттамасы: оқушыларға сурет көрсетіліп, әңгімелетіледі. Қажет болған жағдайда әңгіменің жаңа сөздерін алдын ала үйретуге болады. Сурет әңгіменің бір бөлігі екені ескертіледі. Оқушыларға суретте бейнеленген сәттің алдында не болғаны және кейін не болатыны болжатылады. Оқушылардың өз әңгімелері тыңдалғаннан кейін әңгіменің толық нұсқасы оқып беріледі.
Оқушылар өздері құраған әңгіме мен әңгіменің шынайы сюжетін салыстырады. Оқушыларға әңгімедегі негізгі ойды табу тапсырылады.
Венн диаграммасы
Екі затты алып, олардың ерекшеліктері мен ұқсастықтарын салыстыру.
« Әңгімеге негізделген жазу»
Ұйымдастыру: топпен/жұппен жұмыс
Мақсаты: әңгіме желісі бойынша орындалған жұмысты топтарда немесе жұптарда талқылай отырып жазу; әңгіме туралы өз ойларын ортаға салу және пікір алмасу.
Қажетті материалдар: ақ парақтар, қалам
Сипаттамасы: берілген әңгіме бойынша шақыру қағазын, хат, ашықхат, электрондық хат, күнделік жаздыру үшін оқушылар шағын топтарға немесе жұптарға бөлінеді. Оқушылар берілген жұмыс түрлерінің бірін таңдайды немесе жеребе арқылы анықталады. Жазу уақыты белгіленіп, оқушыларға ескертіледі. Әр топта немесе жұпта бір хатшы сайланады. Оқушылар не жазатындарын талқылап, бір-бірімен пікіралмасады. Жазып біткеннен кейін олар өз жұмыстары төңірегінде ой бөліседі.
Оқушылар әңгіменің бір кейіпкеріне электрондық хат жазады.
«Ирек» стратегиясы.
Оқушылардың танып білу қызметін арттыру үшін қолданылады. Мұғалім алдын ала мәтінді мағынасына қарай бөліктерге бөліп тастайды. Бүкіл сыныптағы оқушыларды топқа бөліп, әр топқа мәтін үзінділерін береді. Әр топ сынып оқушыларға, өздеріне берілген мәтіндерін түсіндіріп шығады. Мұндағы басты мақсат - әр оқушы осы тақырыпты түгелдей қамтуында.
«Қол белгісі»
Ұйымдастыру: ұжыммен жұмыс.
Мақсаты: оқушылардың рефлексиялық қабілетін дамыту
Сипаттамасы: Мұғалім оқушылардан тақырыпты түсінгендігін немесе түсінбегендігін қол белгілері арқылы арқылы көрсетуді сұрайды. «Мен түсініп отырмын және түсіндіре аламын» дегендер қолдын бас бармағын жоғары бағыттайды. «Мен әлі түсінбей отырмын» дегендер қолдын бас бармағын жанына қарай жантайтады. «Мен түсінгеніме сенімді емеспін» дегендер қолды бұлғайды.
Осы белгілерге сүйеніп, мұғалім сабақтың қай деңгейде өткенін біле алады
«Бағдаршам»
Ұйымдастыру: ұжыммен жұмыс.
Мақсаты: оқушылардың рефлексиялық қабілетін дамыту
Сипаттамасы: Әрбір оқушыға бағдаршам түстеріне сәйкес карточкалар таратылады. Мұғалім олардан сабақты түсінген-түсінбегеніне сәйкес карточкаларды көтеруін сұрайды. Жасыл карточка көтерген оқушылар барлығын түсінген боп есептеледі. «Не түсіндің?» сұрағы қосымша қойылады. Сары және қызыл карточка көтергендерден не түсініксіз болғаны айқындалып, тақырып төңірегінде қосымша жұмыстар жүргізіледі.
Бұл жүйе арқылы тақырыпты пысықтауға немесе әлі де жетілдіру керектігін білуге болады.
« Иә, жоқ» әдісі
Әр топқа сұрақтар қойылады.
Оқушылар «иә, жоқ» деп жылдам жауап береді.
«Ашық микрафон» әдісі
Сабақтан қандай әсер алдыңдар?
С абақта өзіңе не ұнады?
Инсерт (түртіп алу) әдісі
Бұл тәсіл бойынша оқу
материалы дайын күйінде беріледі, мәтінді оқып отырып оның бір жақ
шетіне немесе кесте түрінде
жазылады:
«V» - білемін «+» мен үшін жаңа «-» басқаша
ойлаймын «?» - түсінбедім, тереңірек білгім
келеді
«V» |
|
+ |
? |
|
|
|
|
Кестені мәтіннің фрагменттері немесе толық
абзац түрінде толтырады. Сонан соң оқушылар жұп болып немесе топпен
өзара пікір алмасады. Түсініксіз болған ұғымдарды мұғалім
түсіндіреді немесе басқа ақпарат көздерінен іздеуге үйге тапсырма
беріледі. Мұнда оқушыларға аз таныс, қызықтыратын,
энциклопедиялық сипаттағы, яғни
құбылыстар туралы мәліметтер жинауға болады. Бұл тәсіл дәстүрлі
оқытудағы «оқулықтан пәлен парагрофты оқыңдар» деген тапсырмаға
қарағанда тиімді.
«Тоғысқан пікірталас» әдісі
1-қадам
Мәселелік сұрағының қойылымы
2-қадам «Т» сызбасы немесе «Пікірталас картасы» әдісі бойынша жұмыс
Иә |
Жоқ |
дәлелдемелер |
дәлелдемелер |
3-қадам
Жұптық жұмыс (кесте бойынша талдау)
4-қадам
Қорытнды шығару
5-қадам
Ұстанған бағыттарына қарай топқа бөліну
«Қолдаушы топ», «Қарсы топ», «Қалыс қалушылар»
6-қадам
Салмақты дәйектемелер дайындау
7-қадам
Пікірталас жүргізу
«Ротация» әдісі
1-қадам
Сұрақ дайындау (1-ден 4-ке дейін) сұрақтарды нөмірленген ватмандарға жазып, аудиторияның әр бұрышына ілу
2-қадам Сынып оқушыларын төрт топқа бөлу
Әр топ оз сұрақтарына жауап беру
3 -қадам
Сағат тілімен орындарын алмастыру
4-қадам
Барлық топтардың жауаптары талқылану
«Лото» әдісі
1-қадам: Оқушыларға сандары жазылған лото таратылып беріледі.
2-қадам: Мұғалім лото тастарынының нөміріне сәйкес сұрақтарды оқиды
3-қадам. Лотосында бар санның сұрағына сол топ жауап беріп, лото тасын ұтып алып лотоны толтырулары керек.
4-қадам: Қай топ толық толтырса сол топ жеңімпаз атанады
Вагон құрау» ойыны.
Әр топқа бірнеше вагондар беріледі. Әр балаға 1 вагоннан. Вагонның артындағы тапсырманы орындаған оқушы вагонды ретімен тақтаға келіп іледі. Қай топтың вагондары алдымен құралса, сол топ жеңіске жетеді.
Сұрақтар қобдишасы
Ортаға сұрақтар жазылған қобдиша қойылады. Оқушылар кезектесіп бір сұрақты алады да жауап береді. Кей жағдайда оқушылар сұрақтар құрастырып қобдишаға салып, сосын оған жауап бергізуге де болады.
Т аза тақта.
Оқушылар өткен тақырып бойынша тақтаға сұрақтар немесе ережелер жазып тақтаны толтырады, содан кейін әр сұраққа жауап беріп, өшіріп отырады. Соңында барлық сұрақтарға жауап бергенде тақта таза болып шығады.
Құндылықтар спектрі
Өтілген материалдар бойынша сөздер, түсініктер, суреттер және т.б. Оқушыларға беріп оны құндылығы жағынан орналастыруды сұраңыз. Оқушы түсінігін тыңдаңыз.
Әңгімелесетін әріптестер
(жұппен жұмыс)
Өткен сабаққа сілтеме жасауды көздейтін бастапқы немесе бүкіл сыныпқа арналған тапсырма ретінде оқушылар әріптестерімен:
жаңа оқылған 3 факті туралы;
оларға жеңіл болып көрінгендер туралы
оларға қиын болып көрінгендер туралы
алдағы уақытта оқығысы келген нәрселер туралы ақпарат алмасады.
Б ір сөйлеммен түйіндеу
Оқушылар тақырып бойынша білімдерін түйіндейтін бір сөйлем жазады.
Сөйлемдер кім, не, қашан, неліктен, қалай, қай жерде және т.б. сөздерден тұруы мүмкін.
Содан кейін сөйлемдерді сыныптастар бағалай алады, немесе көшіріп жазады, т.б.
Тұжырымдамалық карта
Бүгінгі өтіліп жатқан тақырып бойынша тұжырымдамалық карта жасау (постер) тапсырылады. Карта тақырыпты ашатындай болуы керек. Картаға сурет, кесте, ойдың түйінді идеясы, график т.б. салуға не дайын материалды жапсыруға болады. Тұжырымдамалық карта бергенде оқушыға оның қалай бағаланатыны жайлы критерийлер беріледі не айтылады. Соңында әр топтың жұмысы сол критерий бойынша бағаланады.
555
Мұнда оқушылар топ ішінде өткен тақырып бойынша түйінді идеяларды жазады. Мұндағы бірінші 5-топ саны, екіншісі 5- идеялар саны, үшіншісі 5 уақыт. Сондықтан топ санына байланысты 434 деп (т.б.) өзгертуге болады, яғни 4 топ 4 минут ішінде 3 тақырыптың түйінін жазу керек деген сияқты.
Топтар тапсырмаларды орындап болғаннан кейін топтың бір адамы «елші» болып сайланады да, зерделенген материалды түсіндіру және жинақтау, бұл туралы жаңа топтың ойын, бір шешімге келгенін немесе жетістікке жеткенін білу үшін басқа топқа барады. Бұдан кейін елші өз тобына қайтып оралып, білгендерін айтып береді. Бұл – шаршататын және бір сарынды «баяндама жасалатын», мезі қылатын сабақтардан құтылуға мүмкіндік беретін тамаша әдіс. Сондай-ақ бұл әдіс елшінің тілді қолдану шеберлігін көрсетеді, әрі белсенді тыңдаушылар тобын қалыптастырады.
Тікелей радиоэфир (РАФТ)
Радио жүргізушісі талқыланатын тақырыпты таңдайды. Студия қонақтарына (төрт оқушыға) рөлдік карточка беріліп, олар сол карточкадағы рөлдерін ойнайды. Тыңдаушылар аудиториясы (сыныптағы оқушылар) баға береді, сұрақ қою үшін «қоңырау шалады», ескертпелер жасайды және т.б.
Стикердегі диалог
Бұл әдісті қолданудың әртүрлі жолдары бар. Айталық: қабырғаға немесе тақтаға пікірлер немесе сұрақтар жазылған бірнеше түрлі-түсті қағаз ілінеді, болмаса оларды үстелдің үстіне қоюға болады. Оқушылар оларды оқып, стикерлерге өз ойларын жазып қалдырады. Екінші жолы: 3/4/5 адамнан тұратын топтар стикердегі сұрақтарға жауап береді немесе ол жөніндегі өз ойларымен бөлісіп, талқылап, стикерге өз ойларын жазады, кейін пікірлерін қорғайды. Оқушылар стикерлерде өз пікірлерін /эмоцияларын білдіре алады.
А қылдың алты қалпағы
Алты қалпақтың әрқайсысы ойлаудың түрлі элементтерін, аспектілерін білдіреді. Оқушыларға қалпақ беріледі (рас қалпақ немесе ойдан шығарылған) де, олардан мәселені талқылау барысында барлық ой операцияларын (ойлану, талдау т.б.) осы қалпақтың түсіне сәйкес келетін шекте жүргізу сұралады. Бұл әдістің көздегені: осылайша мәселенің немесе ойдың барлық аспектілерін қамтитын карта жасау. Сынып топтарға бөлініп, бір топқа бір түсті қалпақ беріледі. Мұғалім әңгімені жүргізеді.
Сурет бойынша әңгіме
Топтарға тақырыпқа сай суреттер беріледі. Сол суреттерге қарап оқушылар әңгіме құрастыру керек. Онда сурет қай уақытта түсірілген, нені бейнелейді, қай жерде, осы суретке қарап сол уақыт туралы не айтуға болады? Деген сияқты сұрақтар төңірегінде әңгімелеуге болады және оны өтіп жатқан тақырыппен байланысты өрбітуге де болады.
Бастағы қалпақ
Оқушылар дөңгелене тұрады. Музыка қосылады, сол уақытта оқушы басындағы қалпағын келесі оқушының басына кигізеді, ол келесі оқушының басына кигізеді т.с.с. Музыка тоқтағанда қалпақ кімнің басында сол сабақ туралы өз ойын ортаға салады.