Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сабақта қолданылатын тиімді әдіс-тәсілдер

Материал туралы қысқаша түсінік
ШҚО, Тарбағатай ауданы, Ақжар ауылы, М. Әуезов атындағы орта мектеп КММ, бастауыш сынып мұғалімі
Материалдың қысқаша нұсқасы








Баяндама

«Сабақта қолданылатын тиімді әдіс-тәсілдер»

(Әр түрлі сабақтар, бірақ шебердің қолы...)













Дайындаған:


2019-2020 оқу жылы


Аңдатпа

Берілген баяндамада оқушының өзіндік ойлау дамуындағы, жалпы оқу және пәндік ойлау дағдыларын дамыту мен қалыптастырудағы сұхбаттық оқытудың маңызы, ішкі әлеуеттің танылуы мен академиялық негіздеменің жоғарлауы сипатталады. Сонымен бірге оқушының жеке ұстанымын қалыптастыруға, жоғары деңгейдегі мотивациясын дамытуға бағытталған.





Аннотация

В данной докладе описана роль диалогового обучения в развитии самостоятельности мышления, формирования и развития общеучебных и предмето-мыслительных навыков, раскрытия внутренного потенциала и повышение академической мотиваций.

















Баяндама

«Сабақта қолданылатын тиімді әдіс-тәсілдер»

р түрлі сабақтар, бірақ шебердің қолы....)

1.Кіріспе

Тиімді педагогикалық тәжірибе мектеп жүйесін жетілдірудің басты элементі болып табылады деген пікір кеңінен тараған. Педагогтар мектеп нәтижесіне және оқушылардың білімді меңгеру деңгейіне тікелей болмаса да, қатты ықпал ететіні дәлелденген. Оқыту сапасы оқушылардың ынтасы мен үлгеріміне қатты әсер етеді десек те, әртүрлі сабақтар, бірақ шебердің қолы....мұғалімнің тынбай ізденуіне жетелейді.



2. Мұғалімнің өз тәжірибесін әріптестерімен бөлісуі.

Мұғалім шеберлігінің негізгі үш бағытын атап өтуге болады:

  1. Оқушыларға көшбасшылық ету: әдіскер ,тәлімгер, оқытудағы жаңа тәсілдерді әзірлеуші, зерттеу топтарының басшысы;

  2. Кезекті тапсырмаларды орындауды басқару: ұйымдастыру іс-шараларын өткізу және іс-әрекеттегі зерттеу сабағы арқылы алға қойылған мақсаттарға жету;

  3. Мектепті жетілдіру тобына мүшелік жасау және ата-аналармен бірге оқу үдерісінің сапасына ықпал жасау.



3.Шебер педагогтың сабақ , үдерісіндегі тиімді әдістерін саралауы.



4.Қорытынды.









«Сабақ беру жай ғана шеберлік емес,

ол-жаңадан жаңаны табатын өнер»



Құрметті әріптестер,қазіргі таңда тиімді педагогикалық тәжірибе мен табысты оқыту мектеп жүйесін жетілдірудің негізі болып табылады деген пікір кеңінен тараған. Шебер педагогтар мектеп нәтижесіне және оқушылардың білімді меңгеру деңгейіне тікелей болмаса да, қатты ықпал ететіні дәлелденген. Оқыту сапасы оқушылардың ынтасы мен үлгеріміне қатты әсер етеді десек те, әр түрлі сабақтар, бірақ шебердің қолы....мұғалімнің тынбай ізденуіне жетелейді«Білім алу – батылдық, оны толықтыру – даналық, шебер қолдана білу – жетістік» деп ұлылар айтқандай, ұстаз- оқушысын оқыта жүріп, өзі де өмір бойы оқып,ізденетін жан емес пе?XIXғ мұғалімі ізденісін тоқтатқан кезде оның мұғалімдік қызметі де тоқтайды деп ойлаймын, себебі ғылым мен техника сәт сайын қарыштап даму үстінде. Яғни, сонау көне ғасырларда айтылған латын халқының «Үйрете жүріп үйренемін» деген қағидасы осы мамандықтың тізгінін ұстаған әрбір тұлғаның ұранына айналуы тиіс. Елбасымыздың ұстаздар қауымына қарата айтқан «Қазақстанның болашағы- жастар. Сіздер оларға қалай білім берсеңіздер, Қазақстан сол деңгейде болады» деген пікіріне құлақ түрер болсақ, мойнымызға жүктелген жауапкершіліктің салмағы қаншалықты екенін сеземіз. Біздің алдымызда – ХХІ ғасыр ұрпағы. Ал сол ұрпаққа лайықты заманауи білім беру мұғалімнен жаңашылдықты, біліктілікті, жан-жақтылықты талап етеді.

Ал осы жолда мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға- мұғалімге артылар жүк те салмақты. «Педагогикалық қоғамдастықтағы мұғалім көшбасшысы» білім беру бағдарламасының сертификатын иелене отырып, өзге әріптестерім секілді менің де алдымда «Мұғалім оқушыларды ХХІ ғасырға қалай дайындайды?» деген маңызды мәселе тұрды.

Осы мәселені шешуде мен ПШО-дан білім алған әріптестеріммен отырып сол алған білімді өз әріптестеріммен бөліскенде педагогикалық идеяларым түрлене түсті десем де болады.Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі ретінде менің алдыма қойған ең басты мақсатым- алдымдағы оқушыларымның көркем әдебиеттің өзі өмір екенін және көркем туындыдағы әрбір кейіпкер күнделікті өмірде кездесетінін ұғындыру , құштарлығын оятып, пәнге деген қызығушылығын қайтсем дамытамын деп ойландым. Өткені қазіргі жастардың көзқарасы мен дүниетанымы мүлдем ерекше,заманына қарай адамы дегендей..Бұл сауалыма жауапты оқытудың жаңаша әдіс-тәсілдерінің ішінен таптым. Мерсер мен Литлтонның «негізі білім диалог арқылы беріледі, ол оқушылардың білім деңгейінің өсуіне әсер етеді» деп пайымдаған диалогтік оқыту амалдарын сабақтарымда орынды пайдалануоң нәтижесін берді. Өйткені сабақ үстінде сұрақты оқушылардың білім алу қажеттіліктеріне сәйкестендіріп, яғни, қарапайымнан күрделіге, түрткі болу, сынақтан өткізу, басқаға бағыттау арқылы шебер қиюластырып бере отырып, алдымдағы оқушыларды сын тұрғысынан ойлантуға түрткі болдым.

Сын тұрғысынан ойлануға мүмкіндік беретін проблемалық сұрақтар арқылы оқушыларды диалогке тарту- ең маңызды әдісіме айналды. Бұл әдісім үнемі қайталанған әрекетке айналғандықтан, оқушыларым да ашыла бастады. Бұл менің сұрақ қою дағдыларымның өзгеруі болды. Яғни, бұрынғы «бастама-жауап-кейінгі әрекет» түріндегі стильден арылдым.

Менің идеям бойынша «Ашық микрофон», «Кезбе тілші» әдісін сабақта қолдану тиімді деп санап,оқушылар ролге түсе отырып, ғалымдарды қонаққа шақыру арқылы диалогтік оқыту әдісін тиімді екенін түсіндім.Жаңа сабақты пысықтау кезінде «Графикалық әдіс»,«Перфокартамен жұмыс, яғни семантикалық карта»,«Сұрақты таңда» ,.«Stop-кадр», «Сый табақ»« әдісі, «Ой қозғау» ,«Жауапқа сұрақ», «Социограмма», «Баспалдақ» ,«Мен кіммін?», «Тұлғаны таны»әдістерін өз пәніме шебер қолдана отырып, оқушының өзін-өзі бағалауына тиімді таптырмас әдіс екен деп білдім.

Оқыту мен оқуға негізделген ең басты өзгерісім- сабақ жоспарларымның Блум таксономиясының ойлау деңгейлеріне сай құрылуы. Сабақтарымды 7 модульдің тиімді жақтарын ықпалдастыра отырып жоспарлаймын. Бұрын оқушыларымыз дайын білімді алушы болса, енді өзгеріс енгізілген сабақтарда өз бетінше білім алып, ізденіс жұмыстарын жүргізіп, сыни тұрғыдан ойланып, «өзіндік мені» қалыптаса бастады. Оқушыларым менің сабағымды көбірек ұнататындықтарын айтады. Бұған қарап өзімнің осы сабақта шығармашылық жұмыстарды түрлендіріп, сын тұрғысынан ойлаудың стратегияларын оқушылардың қажеттіліктерін өтеуде тиімді қолдануымның себебі де бар шығар деп зерделеймін.Қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында тақырыптың сан түрлі қырларын ашуда СТО стратегиялары өте тиімді. Тіпті оқушыларымның әрқайсысының жақсы көретін әдістері бар. «Апай, бүгінгі сабақтағы тұлғаның құпиясын мен ашайыншы!», «Ыстық орындыққа отырайықшы!», «Апай, бүгін серпілген сауалды ойнайықшы!», «Ғажайып алаң ойынын ойнайықшы!» т.б. деп, өз өтініш-тілектерін білдіріп жатады. Сабақтарымда осындай жаңаша әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы шәкірттерімнің жүрегіне жол тауып, мен енді бұрынғы «дайын білімді беруші» рөлінен «мұғалім-бағыттаушы», яғни, «оқу тәжірибесін жетілдіру жұмысының көшбасшысы» рөліне ауыстым.

«Жалғыз жүріп жол тапқанша, көппен бірге адас» деген атам қазақтың аталы сөзі бірлескен жұмыстың мәнін аша түспей ме? Сабақтарымда топтық жұмыстарды ұйымдастыру арқылы әр оқушыма өз  қабілеттері мен ерекшеліктерін ашуға жағдай жасадым. Оқушыларым топтық жұмыстарға әбден төселді десем де болады. Топ басшылары өз тобын басқалардан қалып қоймас үшін алға сүйреуі, орташа үлгерімді балаларға көмек қолын созуы, топ мүшелерінің  бір-бірімен жеке қарым-қатынас орнатуы- осының нәтижесі.

Мектепте әріптестеріме тренерлік курсты жүргізе отырып, үйрете жүріп үйрендім десем де болады.

«Бөлінген көшбасшылықтың мектептегі ролі»,«Сабақтарға SMART мақсат қою»,«Білім беру мазмұнын жаңарту аясында оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау», «Бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі», «Lesson Study зерттеу үдерісін ықшам сабақ арқылы меңгерту» тақырыптарында ықшам сабақтар мен коучинг сабақтар және өтіп, педагогикалық тәжірибеммен бөлістім. 9-сыныбында жүргізілген Lesson studyіс-әрекетті зерттеу сабағы Ж.және И. есімді оқушыларым Выготскийдің ЖАДА-сы арқылы әдебиетсабағынан төрттік бағаға көтерілді. Оқушыларымды топтық жұмысқа белсендіруді кеңес, ұсыныс, сұраныс арқылы жасайтын болдым. Мұндай бірлескен жұмыстар арқылы сенімсіздіктен арылып, бір-біріне деген құрметі, өзара еркіндік қалыптаса бастады. Шәкірттерімнің топтағы белсенділіктеріне, өзара пікір таластыруда, идеялар алмасудағы тамаша ойларын тыңдап, риза боламын. Менің тарапымнан жиі айтылатын алғыс, қолпаштау сөздер де оларды қанаттандырады. Өйткені мен шәкірттеріне  оқу еркіндігін беретін мұғалім-көшбасшымын.

Деңгейлік бағдарламамен байланысты көп тарай бастаған Lesson study тәсілінің де мектебім үшін берері мол болды. Осы зерттеу сабақтарында фокус топ мүшелерінің бірі бола жүріп түйгенім: біз бәріміз бірге сабақ жоспарлап, оны бақылап, ары қарай өз тәжірибемізді жақсарту мүддесін көздейтініміз. «Әрбір келесі сабақ алдыңғы сабақтан жақсы болуы керек» деген ұран ұстандым. Бұл орайда оқушылармен сұхбаттасып, пікірін ескеріп «Автобус билеттері» әдісімен оқушыларды бағалап отырдым.

Сабақ соңында «Оқушы үні» жобасын тыңдауды әдетке айналдырып отырдым, сол арқылы оқушының ойын, пікірін білу, менің келесі сабағымды жоспарлауыма мүмкіндік берді. Бұл тәсіл оқушы мен мұғалім арасындағы өзара сенімділік қатынастардың орнығуына септігін тигізері сөзсіз.

Әр сaбaқтa мұғaлім мен оқушы aрaсындa тоқтaмaйтын кері бaйлaныс болды. Осы бaйлaныстaр aрқaсындa мұғaлім-оқушыны, оқушы-мұғaлімнің қaндaй мәліметті aлғaнын, қaншaлықты түсінгенін біліп отырдым. Бaлaның білімге деген құштaрлығын ояту үшін қaзіргі зaмaндa мұғaлім көп іздену керек екенін түсіндім. Сaбaқ бaрысындa оқудың белсенді әрекет әдістерін қолдaнa отырып (пікір-талас, өзін-өзі бaқылaу, тест құру және бірін-бірі тексеру) білім сaпaсын aрттыруғa болaтынынa көз жеткіздім.

Мұғалім-көшбасшыға жеті өнер де аздық етеді, ол-жан-жақты. ХХІ ғасыр мұғалімі болудың да шарты осы шығар, сірә? Иә, мен де – осындай мұғалімдер қауымынанмын!Мен- ХХІ ғасырдың педагогімін!







































Түркістан облысы Мақтаарал ауданы

№ 5 «Мақтарал» мектеп-гимназиясы коммуналдық

мемлекеттік мекемесі







Педагогикалық идеялар атауы:

Сабақта қолданылатын тиімді әдіс-тәсілдер













Тарих пәні мұғалімі: Айдарова Гулназ Тангатовна


2019-2020 оқу жылы

Сабақта қолданылатын тиімді әдіс-тәсілдер



1.Кіріспе

Тиімді педагогикалық тәжірибе мектеп жүйесін жетілдірудің басты элементі болып табылады деген пікір кеңінен тараған. Педагогтар мектеп нәтижесіне және оқушылардың білімді меңгеру деңгейіне тікелей болмаса да, қатты ықпал ететіні дәлелденген. Оқыту сапасы оқушылардың ынтасы мен үлгеріміне қатты әсер етеді десек те, әртүрлі сабақтар, бірақ шебердің қолы....мұғалімнің тынбай ізденуіне жетелейді.



2. Мұғалімнің өз тәжірибесін әріптестерімен бөлісуі.

Мұғалім шеберлігінің негізгі үш бағытын атап өтуге болады:

  1. Оқушыларға немесе басқа мұғалімдерге көшбасшылық ету: әдіскер, , тәлімгер, оқытудағы жаңа тәсілдерді әзірлеуші, зерттеу топтарының басшысы;

  2. Кезекті тапсырмаларды орындауды басқару: ұйымдастыру іс-шараларын өткізу және іс-әрекеттегі зерттеу сабағы арқылы алға қойылған мақсаттарға жету;

  3. Мектепті жетілдіру тобына мүшелік жасау және ата-аналармен бірге оқу үдерісінің сапасына ықпал жасау.



3.Шебер педагогтың сабақ , үдерісіндегі тиімді әдістерін саралауы.



4.Қорытынды.









«Сабақ беру жай ғана шеберлік емес,

ол-жаңадан жаңаны табатын өнер»



Құрметті әріптестер,қазіргі таңда тиімді педагогикалық тәжірибе мен табысты оқыту мектеп жүйесін жетілдірудің негізі болып табылады деген пікір кеңінен тараған. Шебер педагогтар мектеп нәтижесіне және оқушылардың білімді меңгеру деңгейіне тікелей болмаса да, қатты ықпал ететіні дәлелденген. Оқыту сапасы оқушылардың ынтасы мен үлгеріміне қатты әсер етеді десек те, әр түрлі сабақтар, бірақ шебердің қолы....мұғалімнің тынбай ізденуіне жетелейді«Білім алу – батылдық, оны толықтыру – даналық, шебер қолдана білу – жетістік» деп ұлылар айтқандай, ұстаз- оқушысын оқыта жүріп, өзі де өмір бойы оқып,ізденетін жан емес пе? XIXғ мұғалімі ізденісін тоқтатқан кезде оның мұғалімдік қызметі де тоқтайды деп ойлаймын, себебі ғылым мен техника сәт сайын қарыштап даму үстінде. Яғни, сонау көне ғасырларда айтылған латын халқының «Үйрете жүріп үйренемін» деген қағидасы осы мамандықтың тізгінін ұстаған әрбір тұлғаның ұранына айналуы тиіс. Елбасымыздың ұстаздар қауымына қарата айтқан «Қазақстанның болашағы- жастар. Біздің алдымызда – ХХІ ғасыр ұрпағы. Ал сол ұрпаққа лайықты заманауи білім беру мұғалімнен жаңашылдықты, біліктілікті, жан-жақтылықты талап етеді.

Тарих пәні мұғалімі ретінде менің алдыма қойған ең басты мақсатым- алдымдағы оқушыларымның Еліміздің тарихын терең меңгерітіп , пәнге деген құштарлығын оятып, пәнге деген қызығушылығын қайтсем дамытамын деп ойлаймын. Өткені қазіргі жастардың көзқарасы мен дүниетанымы мүлдем ерекше,заманына қарай адамы дегендей..Бұл сауалыма жауапты оқытудың жаңаша әдіс-тәсілдерінің ішінен таптым. Мерсер мен Литлтонның «негізі білім диалог арқылы беріледі, ол оқушылардың білім деңгейінің өсуіне әсер етеді» деп пайымдаған диалогтік оқыту амалдарын сабақтарымда орынды пайдалану оң нәтижесін берді. Өйткені сабақ үстінде сұрақты оқушылардың білім алу қажеттіліктеріне сәйкестендіріп, яғни, қарапайымнан күрделіге, түрткі болу, сынақтан өткізу, басқаға бағыттау арқылы шебер қиюластырып бере отырып, алдымдағы оқушыларды сын тұрғысынан ойлантуға түрткі болдым.

Сын тұрғысынан ойлануға мүмкіндік беретін проблемалық сұрақтар арқылы оқушыларды диалогке тарту- ең маңызды әдісіме айналды. Бұл әдісім үнемі қайталанған әрекетке айналғандықтан, оқушыларым да ашыла бастады. Бұл менің сұрақ қою дағдыларымның өзгеруі болды. Яғни, бұрынғы «бастама-жауап-кейінгі әрекет» түріндегі стильден арылдым.

Сабаққа оқушылардың белсене қатысуына бірнеше дәлел келтіруге болады қолданылған әдіс-тәсілдерім «Ойлaн-жұптaс бөліc» әдіcі,

Мaқcаты: Идеялaр мен ойлaрды дaмытудың құрылымдaлған әдіcі, «Бiлiм қoржыны» Oқушылардың дeңгeйіне қaрaй түбiр сөздeр мeн тeрминология байланысты дeңгeйлік тaпсырмa,

Мaқсaты:­­ Cыныптaғы oқушылaрға жaңa сaбaқ тaпсырмaсынa қaтысты дeңгeйлі тaпсырмaлар ұcыну aрқылы, оқушылaрдың сaбaқта түгел бeлсeнді, түгeл қeтысуын қaмтaмасыз ету.

сaясaты қaндaй болғaндығын тaлқылaйды



«Кезбе тілші» әдісін сабақта қолдану тиімді деп санап,оқушылар ролге түсе отырып, ғалымдарды қонаққа шақыру арқылы диалогтік оқыту әдісін тиімді екенін түсіндім.Жаңа сабақты пысықтау кезінде «Графикалық әдіс»,«Перфокартамен жұмыс, яғни семантикалық карта»,«Сұрақты таңда» ,.«Stop-кадр», «Сый табақ»« әдісі, «Ой қозғау» ,«Жауапқа сұрақ», «Социограмма», «Баспалдақ» ,«Мен кіммін?», «Тұлғаны таны»әдістерін өз пәніме шебер қолдана отырып, оқушының өзін-өзі бағалауына тиімді таптырмас әдіс екен деп білдім. Оқушылар ойына келген жауаптар немесе идеяларды барынша көп жазады.

Одан кейін олар өз идеяларын бірлесе отырып, біріктіреді.

Соңында мұғалім бүкіл сыныптың идеяларын талқылауды бастайды. Оқушылардың есте сақтау қабілеті сақталады. Өз ойын ашық айта алады. Оқушылардың оқылым, айтылым тындалым, жазылым дағдылары қалыптасады. Сынып бойынша тапсырманы оқиды. Оқушылар үш жұптан бөлінеді бірінші оқушы оқиды, екінші оқушы тындайды, үшінші оқушы түртіп алады. Ерекше әдістердің бірі «Керуен көш» (экспедиция) деп аталады .Бұл әдіс арқылы бүкіл сынып бір мезетте берілген тапсырманы орындай алады,жекелей де, жұптасып топтасу арқылы ушеуі де қамтылады.

Оқыту мен оқуға негізделген ең басты өзгерісім- сабақ жоспарларымның ойлау деңгейлеріне сай құрылуы. Сабақтарымды 7 модульдің тиімді жақтарын ықпалдастыра отырып жоспарлаймын. Бұрын оқушыларымыз дайын білімді алушы болса, енді өзгеріс енгізілген сабақтарда өз бетінше білім алып, ізденіс жұмыстарын жүргізіп, сыни тұрғыдан ойланып, «өзіндік мені» қалыптаса бастады. Оқушыларым менің сабағымды көбірек ұнататындықтарын айтады. Бұған қарап өзімнің осы сабақта шығармашылық жұмыстарды түрлендіріп, сын тұрғысынан ойлаудың стратегияларын оқушылардың қажеттіліктерін өтеуде тиімді қолдануымның себебі де бар шығар деп зерделеймін. Тіпті оқушыларымның әрқайсысының жақсы көретін әдістері бар. «Апай, бүгінгі сабақтағы тұлғаның құпиясын мен ашайыншы!», «Ыстық орындыққа отырайықшы!», «Апай, бүгін серпілген сауалды ойнайықшы!», «Ғажайып алаң ойынын ойнайықшы!» т.б. деп, өз өтініш-тілектерін білдіріп жатады. Сабақтарымда осындай жаңаша әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы шәкірттерімнің жүрегіне жол тауып, мен енді бұрынғы «дайын білімді беруші» рөлінен «мұғалім-бағыттаушы», яғни, «оқу тәжірибесін жетілдіру жұмысының көшбасшысы» рөліне ауыстым.

«Жалғыз жүріп жол тапқанша, көппен бірге адас» деген атам қазақтың аталы сөзі бірлескен жұмыстың мәнін аша түспей ме? Сабақтарымда топтық жұмыстарды ұйымдастыру арқылы әр оқушыма өз  қабілеттері мен ерекшеліктерін ашуға жағдай жасадым. Оқушыларым топтық жұмыстарға әбден төселді десем де болады. Топ басшылары өз тобын басқалардан қалып қоймас үшін алға сүйреуі, орташа үлгерімді балаларға көмек қолын созуы, топ мүшелерінің  бір-бірімен жеке қарым-қатынас орнатуы- осының нәтижесі.

Оқушыларымды топтық жұмысқа белсендіруді кеңес, ұсыныс, сұраныс арқылы жасайтын болдым. Мұндай бірлескен жұмыстар арқылы сенімсіздіктен арылып, бір-біріне деген құрметі, өзара еркіндік қалыптаса бастады. Шәкірттерімнің топтағы белсенділіктеріне, өзара пікір таластыруда, идеялар алмасудағы тамаша ойларын тыңдап, риза боламын. Менің тарапымнан жиі айтылатын алғыс, қолпаштау сөздер де оларды қанаттандырады.

Сабақ соңында «Мұғалімге хат жазу»әдісі бойынша оқушылар өтілген тақырып бойынша сұрақ қояды немесе түсінбеген, түсініксіз сұрақтар бойынша ұсыныстарын жазады.

Бұл орайда оқушылармен сұхбаттасып, пікірін ескеріп «Автобус билеттері» әдісімен оқушыларды бағалап отырдым.

Сабақ соңында «Оқушы үні» жобасын тыңдауды әдетке айналдырып отырдым, сол арқылы оқушының ойын, пікірін білу, менің келесі сабағымды жоспарлауыма мүмкіндік берді. Бұл тәсіл оқушы мен мұғалім арасындағы өзара сенімділік қатынастардың орнығуына септігін тигізері сөзсіз.

Қорытынды:

Менің пікірімше, сабақтың тиімділігі: жаңа әдіс-тәсілдерді басшылыққа ала отыра көптеген жұмыс түрлерін ұйымдастырдым. Әр сaбaқтa мұғaлім мен оқушы aрaсындa тоқтaмaйтын кері бaйлaныс болды. Осы бaйлaныстaр aрқaсындa мұғaлім-оқушыны, оқушы-мұғaлімнің қaндaй мәліметті aлғaнын, қaншaлықты түсінгенін біліп отырады. Бaлaның білімге деген құштaрлығын ояту үшін қaзіргі зaмaндa мұғaлім көп іздену керек екенін түсіндім. Сaбaқ бaрысындa оқудың белсенді әрекет әдістерін қолдaнa отырып (пікір-талас, өзін-өзі бaқылaу, тест құру және бірін-бірі тексеру) білім сaпaсын aрттыруғa болaтынынa көз жеткіздім.

Мұғалім-көшбасшыға жеті өнер де аздық етеді, ол-жан-жақты. ХХІ ғасыр мұғалімі болудың да шарты осы шығар, сірә? Иә, мен де – осындай мұғалімдер қауымынанмын!Мен- ХХІ ғасырдың педагогімін!











































Автор: Айдарова Г.Т



Педагогикалық идеялар атауы: «Сабақта қолданылатын тиімді

әдіс-тәсілдер»



Бағыты: «Әр түрлі сабақтар,бірақ әрқайсысында шебердің қолы»



Қызметі: Тарих пәні мұғалімі



Білім беру ұйымының мекен жайы: Түркістан облысы.Мақтаарал ауданы.Атакент кенті. Абдукадырова көшесі № 5/2



Телефон:

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.10.2020
437
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12