Материалдар / САБАҚТАҒЫ ЗЕРТТЕУ ІС-ӘРЕКЕТІ (LESSON STUDY) – БІЛІМ САПАСЫН АРТТЫРУДЫҢ БІР ТӘСІЛІ
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

САБАҚТАҒЫ ЗЕРТТЕУ ІС-ӘРЕКЕТІ (LESSON STUDY) – БІЛІМ САПАСЫН АРТТЫРУДЫҢ БІР ТӘСІЛІ

Материал туралы қысқаша түсінік
Білім сапасын арттырудың жолдарын қарастыруда әріптестерге өзара тәжірибе бөлісу
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
28 Сәуір 2021
436
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

САБАҚТАҒЫ ЗЕРТТЕУ ІС-ӘРЕКЕТІ

(LESSON STUDY) – БІЛІМ САПАСЫН АРТТЫРУДЫҢ БІР ТӘСІЛІ

Рашитова Дияна Елеуовна

Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы

«Шоғы Мұңалұлы атындағы

5 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Бүгінгі күндегі педагог қызметкерлердің алдында тұрған күрделі және маңызды нәрсе – жаңартылған білім мазмұнын жүйелі енгізу барысында мектептің ішкі мүмкіндіктерін пайдалану, білім сапасын арттыру тетіктері мен формаларын жетілдіру болмақ. Өзгеріс енгізу үдерісін басқару оңай емес әрине, өйткені оның барысында әр түрлі қиындықтар мен кедергілер туындап жатады. Осыған байланысты елімізде Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру мақсатында деңгейлік курстар ұйымдастырылғаны баршамызға мәлім. Біздің мектепте осы бағдарламаның сертификатын иеленген мұғалімдер саны – 26 және 2 тренер, олардың «Тәжірибедегі рефлексия» курсы бойынша оқытқан 80 мұғалім бар. Биылғы жылы мектебімізде осы бағдарламаның аясында «Фокус топ», «Шығармашылық топ», «Проблемалық топтар» өз жұмысын жалғастырып жатыр. Осы топ мүшелерінің ықпалымен мектеп тәжірибесіне біраз өзгерістер енгізе бастадық.

Бұл бағдарламаның бір ыңғайлы және тиімді жері жасалынған іс-әрекеттің қатып қалған қағидасы жоқ. Бағдарламаның негізгі идеясын түсініп, мектептің, оқушының және мұғалімнің мүмкіндіктерін ескере отырып, нәтижеге қол жеткізу үшін қолжетімді, тиімді қадамдар жасауға болатынына көз жеткіздік.

Теория бойынша зерттеу сабағы оқушының оқуына, мұғалімнің кәсіби тәжірибесінің артуына ықпал ететін педагогикалық тәсіл, яғни оқушылардың сабаққа қызығушылығын оятып, білім сапасын арттыруда тиімді тәсіл екенімен танысқаннан кейін бірнеше жылдан бері мектеп тәжірибесінде өз жалғасын тауып келеді.

О йлау оңай, әрекет қиын, ал ойды әркетке айналдырған қиынның қиыны. Келесі ісімізді ADKAR картасы бойынша іске асыруды жоспарладық. Қиындық туғызған проблеманы бірлесе, ақылдаса отырып шешуге тырыстық. Соның нәтижесінде зерттеу сабақтарымыз біршама нәтиже бергендей. Осы зерттеу сабақтарындағы тәжірибемізді бөлісуді, оның білім сапасына әсері туралы сөз болмақ.

Зерттеу сабағын жүргізу үшін зерттеу тобын құрдық. Зерттеу тобында осы бағдарламаны игерген мұғалімдермен қоса, сынып жетекші, психолог мамандар болды.

Зерттейтін сыныпты таңдауда пән мұғалімдерімен бірлесе отырып, зерттеуге 9 «Ғ» сыныбын алдық. Себебі, тоқсандық, жылдық білім сапасы 17% және пән сабақтарында өзін-өзі ұстауы, кедергілер келтіру, жасөспірім шақтағы қиындықтар себеп болды. Зерттелетін пәндерді мұғалімдердің ұсынысы бойынша қазақ әдебиеті, тарих, математика пәндері деп ұйғардық.

Келесі қадам проблеманы анықтау болды. Зерделеу барысында бірнеше проблемалар анықталды. Одан ортақ проблема шығарылды: «Мәтінмен жұмыс істеу арқылы оқушылардың оқылым дағдысын қалыптастыру». Зерттелетін пәндердің пән мұғалімдерімен, сынып жетекші және психолог мамандармен бірігіп, А, В, С деңгейлі оқушылар анықталды. Сынып жетекші мен психолог мамандардың көмегімен 9 «Ғ» сынып оқушыларының оқылым дағдыларының деңгейін анықтайтын сауалнама алынды. Демек, оқушылардың мәтінді оқу дағдысының қалыптасуына ықпал ету керек екенін түсіндік. Келесі қадам, ADKAR картасы бойынша жоспар құрылды.

Проблеманы шешу үшін «Оқушылардың оқылым дағдысын қалай қалыптастыруға болады? Ол үшін қалай жұмыс жасаймыз? Қандай әдіс-тәсіл қолданамыз?» сұрақтары айналасында талқылау жасалынды. Осы талқылаудағы ұсыныстарды және оқушы үнін ескере отырып, қазақ әдебиеті пәнінен №1 зерттеу сабағының жоспары жасалынды. Талқыланып, ұсыныстар ескеріліп, қайта жоспарланды. Біз мұнда оқылым дағдысын қалыптастыруды басты назарда ұстадық.

Сабақтың тақырыбы: І.Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясы болды. Оқушыларға сұрақ жауаптары таратылды, тапсырма: сәйкес ақпараттарды, «Домино» әдісі арқылы жалғастырады. Нәтижеде, А оқушысы – өз деңгейінде жылдам сұрақ жауаптарын тауып отырды, ал В оқушысы – шығарма мазмұнын білмегендіктен шатастырып отырды. С оқушысы – мүлдем қатыспай отырды. Сабақтан кейін, бақылаудағы оқушыларлардың «Ыстық орындық» әдісінде қобалжып, өз ойларын білдіре алмағанын байқадық, келесі сабақта оқушыларды орнында отырып жауап беретіндей әдіс таңдау қажеттігін білдік. Сөйтіп, «Интервью» әдісін қолдануды жоспарладық.

Зерттеу сабағының әсерін білу үшін бақылаудағы оқушылардан сұқбат алынды.

1 зерттеу сабағына талдау жүргізіліп, бақылаудағы оқушылардың іс-әрекеті талданып, сабақтың сәтті, сәтсіз тұстарын анықтатық та, сәтсіз тұстары бойынша қайта жоспарлап, №2 зерттеу сабағының жоспарын құрдық. Мұнда ескертуде айтылған «оқушы үнін» ескеріп отырдық.

О сы қадам бойынша №3 зерттеу сабағын да бірлесе жоспарлап, №2 зерттеу сабағының сәтсіз тұстары ескеріліп, жоспарланды, яғни әдіс-тәсілдерді өзгертіп отырдық. Оқушылар бақыланды. Жоспарлағанымыздай оқушылар орнында отырып жауап бергендіктен, қобалжу болмады. Мәтінмен жұмыс жасағанда «Интервью» әдісінің тиімділігін байқадық.

А оқушысы өзіндегі ақпаратпен бөлісуді үйренді. В оқушысында белсенділік пайда болып, ойын қысылмай еркін айтуды үйренді. Ал С оқушысының қызығушылығы оянды. Жалпы осы 3 сабақты қорытындыласақ, оқушыға жай мәтінді оқу тапсымасын беріп қана қоймай, оқылым дағдысын қалыптастыратын әдістерді таңдай білу қажеттілігін түсіндік. «Әр бала – жұлдыз» демекші, жеке бақылау нәтижесі оқушының білім сапасына әсер етпей қоймасы анық. Ол үшін бір циклмен шектелмей, келесі циклдарды ұйымдастыру қажеттігін түсіндік. Таңдап алынған әдіс-тәсілдердің де атқарар орны ерекше.

Сонымен, зерттеу сабағының тиімділігі:

  • Мұғалімдер арасында кәсіби диалогты қалыптастырып, дамытады.

  • Ұжымдық мәдениетті қалыптастырады.

  • Мұғалімдердің назарын оқушылардың білім қажеттіліктеріне аударады.

  • Бағдарламаны, ғылыми тұжырымдамаларды терең түсінуге көмектеседі.

  • Мұғалімдер кәсіби педагогикалық білімін дамытады.

  • Мұғалімдер сабақты бақылау және кері байланыс беру дағдыларын қалыптастырады.

«Сабақтағы іс-әрекетті зерттеу» мұғалімдердің кәсіби біліктілігін көтерудің, білімін жетілдірудің, тәжірибе алмасудың оңтайлы әдісі екеніне көз жеткіздік. Оқушы сабақты жақсы меңгеруі үшін бірнеше сабақ бойы түрлі әдістерді қолданып, бақылап, зерттеп, соңында тиімді әдісті анықтау арқылы жетістіккке жетуге болатынын түсіндік. Ол білім сапасына әсер етері анық.

«Сабақтағы іс-әрекетті зерттеу» оқушыға сапалы білім беруді көздеген, бір мақсатқа жұмылған ұстаздар шеберханасы деуге болады.


Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!