Материалдар / Сабақтан тыс сабақ. " Әдебиет әлемінде..." 7 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сабақтан тыс сабақ. " Әдебиет әлемінде..." 7 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Әдебиет сабағына қатысты қосымша сабақтан тыс өткізілетін байқау сабағы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
29 Қаңтар 2021
1008
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады















Полиглот cайысы :





«Әдебиет әлемінде...»



























«Әдебиет әлемінде... » атты сайыс





Сайыс кезеңдері:

І-кезең: Білімді мыңды жығады. (сұрақ-жауап);

ІІ-кезең: Ойлан табыңыз. (өлең шумақтарын табу );

ІІІ-кезең: Жұмбақты шешіңіз.

ІV-кезең: Сөзжұмбақты шешіңіз.

V-кезең:Мақалдарды жалғастырыңыз.

VI-кезең: Терминдер әлемінде.

I-кезең: Білімді мыңды жығады. (сұрақ-жауап);

1 топ 10 сұрақтан койылады.( 1 балдық есеппен)

1топқа койылатын сұрақтар: «Болашақ» тобы

  1. С. Сейфуллиннің дүниеге келген жылы? (1894жылы)

  2. Қазақ КСР-ның Халық Комиссарлар Кеңесінің алғашқы төреғасы? (С.Сейфуллин)

  3. «Қазақ тілі» өлеңінің авторы? (М. Жұмабаев)

  4. «Қазақ хрестоматиясын» жазған кім? (Ы.Алтынсарин)

  5. ХІХ ғасыр орыс жағрапиялық қоғамының толық мүшесі болған қазақ? (Ш.Уалиханов)

  6. М.Өтемісұлының дүниеге келген жері?(Бекетай құмы)

  7. Ш.Құдайбердіұлының туған жылы?(1858 жыл)

  8. М.Өтемісұлының досы?(Исатай)

  9. Қостанай обл., Торғай атырабында дүниеге келген ақын? (А.Байтұрсынов)

  10. Жаяу Мұсаның өмір сүрген жылдары? (1838- 1929 жж)

2 топқа қойылатын сұрақтар: «Қырандар» тобы

  1. І. Жансүгіровтың жазған поэмасы? (құлагер)

  2. С.Аронұлының дүниеге келген жылы? (1815жылы)

  3. «Ау,Қызғыш құс,Қызғыш құс» өлеңінің авторы? (М.Өтемісұлы)

  4. «Әдебие»т сөзі қай тілден енген? (араб)

  5. Ш.Уалихановтың шын есімі? (Мұхамедқанафия)

  6. Біржан салдың шыққан тегі? (орта жүз)

  7. Спандияр Ыбырайдың мектебіне қай жылы орналасады? (1887жыл)

  8. М.Жұмабаевтың анасының есімі? (Гулсім)

  9. М.Жұмабаев қай халықтың тприхын зерттеген? (түркі)

  10. «Табиғаттың өз тілі бар» деген кімнің пікірі? (М.Жұмабаев)

3 топқа қойылатын сұрақтар: «Егемен» тобы

  1. Ит жүгіртіп, құс асыраған ақын? (Ақан сері)

  2. Әсет Найманұлы қанша жасынан бастап қиссаларды жатқа айтқан? (13-14 жасынды)

  3. Жамбылдың ұстазы? (С.Аронұлы)

  4. Ш. Уалихановтың балалық шағы қай жерде өтті? (Сырымбет)

  5. Ш.Қанайұлы қай рудан тараған? (Арғын)

  6. Ш.Құдайбердіұлының өмір сүрген жылдары? (1858-1931 жж)

  7. «Зар заман» кімнің өлеңі? (С.Аронұлы(

  8. А.Құнанбаевтың шын есімі кандай? (Ибрагим)

  9. Ең алғаш мектеп ашқан кім? (Ы.Алтынсарин)

  10. А.Құнанбаевтың неше қара сөзі бар? (45 )

II- кезең. Ойлан табыңыз (өлең шумақтарының авторы мен аты)

1-топ: «Болашақ» тобы

  1. «Алыстан сермеп,

Журектен тербеп,

Шымырлап бойға жайылған

Қиуадан шауып,

Қисынын тауып.

Тағыны жетіп қайырған,

Толғауы тоқсан қызыл тіл,

Сөйлеймін десең өзің біл.» («Сегіз аяқ» Абай)



  1. «Мына заман қай заман?

Азулыға бар заман,

Азусызға тар заман,

Тарлығының белгісі

Жақсы-жаннан түңілген,

Жаман-малға жүгінген,

Мұның өзі зар заман»... («Зар заман» Ш.Қанайұлы)



2-топ: «Қырандар» тобы



  1. «Жау басынар халықты

Басқарушы оңбаса.

Малша айдап адамды,

Орынсыз күштеп зорласа,

Ауға тускен балықтай,

Шыға алмайсың бұлқынып,

Әділетшің болмаса.» («Әділеттік орнаса»)



  1. «Арқаның кербез сұлу Кокшетауы,

Дамылсыз сұлу бетін жауған жауын,

Жан-жақтан ертелі- кеш бұлттар келіп,

Журеді біліп- кетіп есен-сауын.» («Кокшетау» С.Сейфулин)



3-топ: «Егемен» тобы



  1. «Елестеттім коктемді гул ашқан,

Көздеріңе ғашыкпын нұр шашқан,

Алыстарға жетелеп, еремін

Сені ғана бақыт деп сенемін» («Шақырады көктем» Т.Молдағалиев)



  1. «Абақтыда айдан, күннен жаңылдым,

Сарғайдым ғой, сар даламды сағындым,

Қарашығым, құлыным дер зарлаған,

Алыстағы сорлы анамды сағындым» («Сағындым» М.Жұмабаев)



ІІІ-кезең. Жұмбақты шешіңіз.

Әр топқа 5 жұмбақтан беріледі. Жауабын 3 тілде айту.



1-топқа: «Болашақ» тобы



1)Қалың киім ұнатады, шешіңдірсең жылытады. (пияз-лук-onions)

2) Жасыл ала дөңгелек, бақшада жатыр дөңгелек. (қарбыз-арбуз-watermelon)

3) Ақ құман жүр жүзіп, су бетін сүзіп. (аққу-лебедь-swan)

4) Шәкіртке жанашыр, мейірбан кім, жаны асыл. (ұстаз-учитель-teacher)

5) Жіп-жәңәшке денесі, ортасында шегесі. (қарындаш-карындаш-pencil)



2-топқа: «Қырандар» тобы



  1. Білімнен мол сый-асы, балдырғандар ұясы. (мектеп-школа-school)

  2. Қолы бар, саусағы жоқ, мойны бар, басы жоқ. (көйлек-платье-dress)

  3. Таңмен көзін ашады, әлемге нұрын шашады. (күн-солнце-sun)

  4. Тырс-тырс тамады, сайға қарай ағады. (жаңбыр-дождь-rain)

  5. Дәмін татсаң –тәтті-ақ, түсін көрсең аппақ. (қант-сахар-suggar)



3-топқа: «Егемен» тобы

  1. Сумен кірді ашады, өзі судан қашады. (сабын-мыло-soap)

  2. Мұрты бар, сақалы жоқ, тоны бар, шапаны жоқ. ( мысық-кот-cat)

  3. Далада жүр шапқылап, керемет бір саққұлақ. (қоян-заяц-rabbit)

  4. Басында мүйізі бар, үстінде киізі бар. (сиыр-корова-cow)

  5. Ақ отаудың есігі де, тесігі де жоқ. (жұмыртқа-яйцо-egg)



ІV кезең.Сөзжұмбақты шеш.

Әр топқа 1 сөзжұмбақтан беріледі.



1 топқа: «Болашақ» тобы





1) А.Байтурсынов дүниеге келген ауылы? (Сарытүбек)

2) 1929 жылы Ахметті қайда жер аударды? (Архангельск)

3)Қайтыс болған жері? (алматы)

4)Ахметті алғаш орыс-қазақ мектебіне берген ағасы кім? (Ерғазы)

5) 1925-1929 жж. Жұмыс жасаған жері? (Ташкент)



2- топқа: «Қырандар» тобы

  1. Шоқан Уалихановтың әкесінің есімі? (Шыңғыс)

  2. Шоқан 1853 жылы кадет корпусын бітіріп, қайда әскери қызметте қалады? (Омбы)

  3. Шоқанның туған жері? (Құсмұрын)

  4. Ш.Уалихановтың әжесінің есімі? (Айғаным)

  5. 1956 жылы Шоқан кіммен әскери ғылыми экспедицияға қатысты? (Хаментовский)

3-топқа: «Егемен» тобы

  1. Абайдың анасының есімі? (Ұлжан)

  2. Абайдың алғаш сауатын ашқан молда? (Ғабитхан)

  3. Абайдың 1882жылы жазған өлеңі? (Қансонарда)

  4. Лермонтавтан аударған өлеңі? (Шайтан)



V кезең. Мақалдарды жалғастырыңыз.

Әр топқа 5 мақалдан беріледі.

1-топ: «Болашақ» тобы

  1. Оқу инемен құдық қазғандай.

  2. Ормансыз бұлбұл,

Отансыз адам.

  1. Жеті рет өлшеп, бір рет кес.

  2. Жігітті намыс,

Қоянды қамыс өлтіреді.

  1. Алтын көрсе, періште жолдан таяды.



2-топ: «Қырандар» тобы



  1. Бір құмалақ, бір қарын майды шірітеді.

  2. Ананың сүті- бал,

Баланың тілі- бал.

  1. Жетімге жеті бидай да тамақ.

  2. Бала бауыр, дос –тамыр.

  3. Ағаш көркі- жапырақ,

Адам көркі- шүберек.



3-топ: «Егемен» тобы

  1. Өнер алды- қызыл тіл.

  2. Береке көзі- бірлікте.

  3. Еңбектің наны,

Жалқаудың жаны тәтті.

  1. Отан- отбасынан басталады.

  2. Көп түкірсең- көл болады.





VI-кезең. Терминдер әлемінде.

Әр топқа 2 термин сөздер беріледі.

1-топ: «Болашақ» тобы

1) Метафора?

2) Эпитет дегеніміз?

2-топ: «Қырандар» тобы

  1. Кейіптеу дегеніміз?

  2. Эпифора дегеніміз?



3-топ: «Егемен» тобы

  1. Теңеу дегеніміз?

  2. Мақал дегеніміз?



Жауаптары:

  1. Метафора- троптың біртүрі. Метафораны сөз өнері, эстетика, логика, философия, тіл ғылымдары зерттейді.

  2. Эпитет- заттың немесе құбылыстың ерекшелігін, сыр- сипатын бейнелі түрде танытатын поэтикалық және стилистикалық ұғым, экспресивті айқындауыш сөз.

  3. Кейіптеу- әр түрлі жануарларды, табиғат құбылыстарын немесе жансыз нәрселерді адам кейпіне келтіріп суреттейтін көркемдік тәсіл.

  4. Эпифора- өлең тармақтарының соңында бір сөздің тіркесінің бірнеше қайталанып келуі.

  5. Теңеу- затты,нәрсені, құбылысты немесе солардың белгісін, қасиетін, сапасын көрсететін көркемдік ұғым.

  6. Мақал- толық аяқталған ой бөлігі, онда тәжірбиежүзінде дәлелденген белгілі бір тақырыптағы тәлім-тәрбиелік ой, қоғамда көрініс табады


Қорытынды: Сайыс барысында 1-орынға «Қыран» тобы, 2-орынға «Болашақ» тобы, 3-орынға «Егемен» тобы ие болды.




Сайыстан фото-отчет







Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!