САБАҚТАН ТЫС СПОРТ СЕКЦИЯЛАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢАРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ
Оразбаев Есенгелды Хамитұлы
Ұлытау облысы, Ұлытау ауданы, Алғабас ауылы, «№14 ЖББМ» КММ-нің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі
Жасөспірімдер үшін сабақтан тыс спорт секциялары - бұл денсаулықты нығайту үшін дене шынықтыру және спорттық шаралармен айналысудың жалпыға қол жетімді әрі демократиялық жүйесін құруға, бос уақытты белсенді және мазмұнды өткізуге, өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған арнайы әлеуметтік институт. Сабақтан тыс спорт секцияларын ұйымдастырудың әдістемелік іс-әрекеттерін мектеп оқушыларының дене тәрбиесінің құралы ретінде пайдалану оқушылардың физиологиялық дене дамуы мен дене даярлығын жетілдіруге және күнделікті белсенділіктерін арттыруға зор ықпалын тигізеді.
Мемлекеттің ең басты құндылығы адам ресурсы болса, адам денсаулығы-қоғамның өлшеусіз байлығы. Жасөспірімдер үшін сабақтан тыс спорт секциялары - бұл денсаулықты нығайту үшін дене шынықтыру және спорттық шаралармен айналысудың жалпыға қол жетімді әрі демократиялық жүйесін құруға, бос уақытты белсенді және мазмұнды өткізуге, өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған арнайы әлеуметтік институт.
Сабақтан тыс спорт секцияларын ұйымдастырудың әдістемелік іс-әрекеттерін мектеп оқушыларының дене тәрбиесінің құралы ретінде пайдалану оқушы жастардың физиологиялық дене дамуы мен дене даярлығын жетілдіруге және күнделікті белсенділіктерін арттыруға зор ықпалын тигізеді.
Білім беру ұйымдарында сабақтан тыс спорт секцияларын ұйымдастырудың негізгі тетіктері:
1. Ұйымдастыру іс-әрекетін ынтымақтастандыру;
2. Кәсіби мамандармен қамту
3. Ақпараттық және әдістемелік сүйемелдеу;
4. Материалды техникалық қамту;
5.Қаржылық-экономикалық қамту.
Бүгінгі таңда білім беру ұйымдарында сабақтан тыс спорт секцияларын ұйымдастырудың қазіргі жағдайы мен даму перспективалары өте өзекті мәселе. Әлем жаһандық сын-тегеуріндер кезеңінде өмір сүруде. Бұл жаңа технологиялық жетістіктер мен инновацияларды енгізу сатысында ғылыми ізденіс жұмыстары, IT-технологиялардың қарқынды дамуы және адам ресурстарының ұтқырлығы. Бұл мәселеде дене шынықтыру саласы өзгерістердің алдыңғы қатарында тұруы тиіс. Елімізде дене шынықтыру қозғалысының көпшілікке таралуын қамтамасыз ету үшін салауатты өмір салтын, дене шынықтыру және бұқаралық спортпен шұғылдануды дәріптеуге бағытталған ісшаралар ұйымдастырылуда.
Сыныптан тыс спорт секцияларын жүзеге асыруда барлық ұтымды факторлармен қатар оны жүзеге асыру механизмдеріне қатысты қиындықтар бар. Солардың бірі - сабақтан тыс спорт секциясын ұйымдастыруды іске асыруда бірлесіп жұмыс істеу үйлесімінің болмауы. Нәтижеге жету үшін сабақтан тыс спорт секциясын ұйымдастыруды дамытудың логикалық тізбегін қалыптастыру маңызды, сонда ғана ол оқушылардың басым бөлігін қамтиды және нәтиже береді, жүйенің бәсекеге қабілеттілігін арттырады, білім жүйесіндегі үздік тәжірибелердің перспективасымен аталған проблемаларды шешуге жол ашады.
Сондықтан да сабақтан тыс іс-шараларды жүзеге асыру тетігін дамыту мұғалімдер алдында тұрған көптеген мәселелерді шешуді талап етеді. Білікті жаттықтырушы мұғалімнің тапшылығы оқушылардың қажеттілігін өтеуге, әсіресе балалар мен жасөспірімдердің сабақтан тыс спорт секцияларға қатысу мұқтаждығын қанағаттандыруға мүмкіндік бермейді. Аталған проблемалардың өзектілігі еліміздегі трендтерді ескере отырып, дене шынықтыру саласындағы педагогтер үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етуде үдемелі іс-қимылдың болуы. Дәл осы тұста педагогтердің зияткерлік дамуының, әлеуметтік және коммуникативтік дағдыларды меңгеруінің негізі қаланады.
Сабақтан тыс іс-әрекетте мұғалімдерді ынталандырудың басты шарттары өз бетімен білім
алу , озат тәжірибе жинақтау, жетістіктердің жеке портфолиосын жинақтау сияқты іс-әрекеттер болу тиіс. Елімізде соңғы бес жыл ішінде дене шынықтыру пәнін оқытудың дамуы білім беру жүйесін жаңғыртудың басым бағыттарының біріне айналды. Білім беру ұйымдарындағы сабақтан тыс спорттық секцияларды ұйымдастыру бойынша әдістемелік
ұсыным жалпы ережелерімен жарық көрді. Қазіргі заманғы тәжірибе көрсеткендей, сабақтан тыс спорт екциясы жасөспірімдердің көпшілігі үшін олардың жеке құндылықтарына айналмай, отбасында өмір сүру салтына айнала алмайды. Салауатты өмір салты құрамына әлеуметтік, еңбек және физикалық белсенділікпен қатар жеке психологиялық жайлылық отбасындағы жағымды ахуалды жатқызуға болады.
Сондықтан отбасы мүшелері бірге айналысатын спорт жүйесін қалыптастыруда шетелдік ең озық тәжірибеге арналған зерттеулер жүргізіп, сараптап аталған жүйенің ұлттық жобасын дайындау қажеттілігі туындайды. Әдістемелік сүйемелдеудің жеткіліксіздігі, тиімді әдіс-тәсілдердің аздығы жылдар бойы аталған салада инновациялық өзгерістердің болмауына алып келді. Бүгінгі күннің талабына сай келетін сабақтан тыс жұмыстарды жоспарлау мәселелерінде жүйеленген зерттеу жұмыстарының жоқтығы белгілі бір деңгейдегі нәтижелерге қол жеткізуге бағытталған бағдарламалар, сабақтан тыс жұмыстарды жүзеге асыру, жұмыс жоспарын жасауда кедергілер кездеседі. Білім беру ұйымдарында сабақтан тыс спорт секцияларын ұйымдастыруды зерттеу және шығармашылық құзыреттілікті дамыту көптеген мүмкіндіктерді көздейді. Сол арқылы жаңа білім беру стратегиялары мен ғылыми жетістіктерді іске асыруға негіз жасалғандықтан білім беру ұйымдарында сабақтан тыс спорт секцияларын ұйымдастырудың озық тәжірибелеріне, ғылымизерттеу жетістігіне мониторинг жүргізу қажет деп ойлаймын.
Спорт индустриясы - бұл әлеуметтік сала ғана емес, сонымен қатар спорттық тауарлар мен қызметтердің өндірісі, дамуы. Спорттық іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізу ұлттық экономиканың бір бөлігі. Осындай шаралардың мемлекет деңгейінде қарастырылмауы сапалы жұмысқа кедергі келтіріп отыр. Бұл халықтың физикалық денсаулық деңгейінің төмендеуінен, демографиялық және медициналық көрсеткіштерінен көрінеді. Қазіргі уақыт талабына сәйкес спорттық индустрияның дамуына бағытталған қаржылық реформалар әзірлену қажет.
Сабақтан тыс спорт сецияларын ұйымдастыруда нәтижеге жету ҰСЫНЫМДАРЫ:
1.Сабақтан тыс спорт секцияларын ұйымдастырудың басымдықтары мен нақты тетіктерін әзірлей отырып, спорт пен дене шынықтыруды дамытудың мемлекеттік, өз кезегінде мектеп саясатын әзірлеу;
2. Мамандарды ынталандыру факторлары дене тәрбиесінің мазмұны, оны жүзеге асыру тәсілі мен ұсынылатын талаптар жүйесін құру;
3. Сабақтан тыс спорт секциясын ұйымдастыру түсінігі мен мәнін ашу, өзекті мәселелерін айқындау, дамытудың заманауи механизмін жетілдіру, жаңа әдіс-тәсілдер жүйесін дайындау;
4. Спорт алаңдарының, шағын спорт кешендерінің құрылысын Қазақстан республикасының құрылыс нормалары мен ережелеріне (ҚНжЕ) енгізу;
5. Отбасымен бірге айналысатын спорт жүйесін қалыптастыруда шетелдік үздік тәжірибеге сүйене отырып, аталған жүйенің ұлттық жобасын дайындау;
6. Дене шынықтыру педагогінің ғылыми зерттеу жұмыстарын дамытуда білім беру, денсаулықты қорғау,әлеуметтік қорғау салаларымен үйлестірілген ғылыми лабораториясын құру;
7. Спорттық индустрияны дамытудың тетіктерінің бірі қаржыдандыруға реформа жүргізу;
8. Бұқаралық спортты дамытатын ұйымдар мен бұқаралық ақпарат, әлеуметтік желілер арасындағы коммуникацияларды кәсібилендіре отырып, спортты насихаттауды күшейту.
Білім алушылар арасында дене шынықтыру және спортпен шұғылданушылардың санын арттыру, адам өмірінің құндылықтарға-бағытталған дәлелді-ынталандырушы факторларының дұрыс ықпалы мен спортпен шұғылдануда материалдытехникалық негіздердің қалыптасуы арқылы жүзеге асуынан тұрады. Материалды-техникалық негіздер ең алдымен басқару органдарының менеджментімен және жеткілікті қаржыландырумен байланысты. Егер де бұқаралық спорт индустриясын басқару мен қаржыландыру тәсілдеріне өзгеріс енгізілсе, жасөспірімдер санының спортпен шұғылдануға деген қызығушылығы мен оның дамуы қарқынды болары анық. Жүйелі жұмыс,кезеңмен біртіндеп даму қашанда пайдалы болмақ.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Алабин В.Г. Комплексный контроль в спорте // Теория и практика физической культуры. – 1995, № 3. – с. 43 – 46.
2. Ашмарин Б.А. Теория и методика педагогических исследований в физическом воспитании. – М., 1978. – 228 с.
3. Бабасян М.А. Исследование методики скоростно-силовой подготовки на этапе предварительной спортивной тренировки // Теория и практика физической культуры. – 1970, № 6. – с. 8 – 14.
4. Благуш Г. К теории тестирования двигательных способностей: Пер. с чешского. – М.: Физкультура и спорт, 1982. – 165 с.
5. Бойко В.В. Целенаправленное развитие двигательных способностей человека. – М.: Физкультура и спорт, 1987. – с. 144.
6. Бутенко Б.И. О путях развития быстроты // Теория и практика физической культуры. – 1968, № 4. – с. 12 – 15.
7. Быстров В.М., Филин В.П. Сравнительный анализ уровня развития у спортсменов разного возраста и различных специализаций // Теория и практика физической культуры. – 1971, № 2. – с. 41 – 45.
8. Жалпы мектептерге арналған дене тәрбиесінің бағдарламасы. 2023 жыл
9. Қазақстан Республикасында дене шынықтыру мен спортты дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз