400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сабақты бекіту әдістері

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл мақалада жаңа тақырыпты бекіту әдістері туралы баяндалады. Мақаланы барлық оқытушылар, барлық сыныптар үшін қолдануға болады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Физика сабағында студенттердің білімін бекіту әдістері

Түсіндірілген материалды бекіту-бұл сұрақ қою немесе тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар оқылған материалды қайталайды.

Бекіту тек өткен материалды қайталау ғана емес, сонымен қатар оқушылардың өздері меңгерген білімін белсенді түрде жаңғыртуы болып табылады.

Білімді алғашқы бекіту, әдетте, аралас сабақтардың көпшілігінің міндетті бөлігі болып табылады. Материалды бекіту кезінде мұғалім оқушылардың жаңа материалды қаншалықты дұрыс түсінгенін анықтайды, тақырыпты түсінудегі қателіктерді анықтайды және сол қателіктерді түзету мақсатында жұмыстар жүргізеді.

Мұғалімнің жаңа тақырыпты бекітудің қандай да бір әдістерін таңдауы көптеген факторларға байланысты, атап айтқанда:

1) білім беру бағдарламасының мақсаттары;

2) Оқу материалы мазмұнының ерекшеліктері;

3) осы оқу материалын оқуға бөлінген уақыт;

4) оқушылардың дайындық деңгейі;

5) оқу процесінің материалдық жабдықталуы.

Материалды бекіту түрлері мен әдістері әртүрлі болуы мүмкін, бірақ қандай әдісті қолдансақ та оқушылардың ойлау қызметін ынталандыруы керек.

Сабақта түсіндірілген жаңа білімді бекіту келесі түрлерге бөлуге болады:

1.Сабақта оқушыларға сұрақ қою оқушының білімді меңгеруін бақылау мақсатында да, білімді бекіту мақсатында да қолданылады. Мысалы бір оқушы тақтаға жауап берген кезде қалғандары тыңдап отырады. Бұл жағдайда оқу материалының үлкен көлемін баяндауды талап ететін сұрақтар қойылады. Сұраудың келесі түрі-оқушылардан жазбаша сұрау. Мұндай жағдайда қысқаша жауапты талап ететін нақты сұрақтар қойылады. Мұғалім сұрағы әр түрлі және оқушыларды ойлауға, өз дәлелдерін іздеуге, олардың ойлауын дамытуға ынталандыруы қажет. Сұрақ жеке формада да, топтық формада да болуы мүмкін.

2.Жақа тақырыпты әңгімелесу түрінде бекітуге болады. Бұл әдісті мұғалім түсіндірген материал салыстырмалы түрде күрделі емес болғанда тақырыпты толық меңгерту үшін жиі қолданады. Мысалы мұғалім практикалық сипаттағы сұрақтар қоюға болады, жауап берушінің қатесін байқаса түзетуге тапсырма береді, немесе өз мысалын келтіріп жауапты жалғастыруға, жауап берушіге жауап беру үшін түсініктеме бере отырып сұрақ қояды т.с.с.

3.Сабақты бекітудің келесі түрі мұғалімнің басшылығымен оқушылардың өзіндік жұмыстарын орындау жатады. Оған есептерді шешу, кестелерді, диаграммаларды оқу, технологиялық карталарды құрастыру, карточкалық-тапсырмалармен жұмыс, анықтамалық және нормативтік әдебиеттермен жұмыс істеу, оқулықтарда және басқа оқу құралдарындағы иллюстрацияларды оқу және түсініктеме беру сияқты тапсырмалар жатады.


4. Оқулықпен (оқу құралдарымен) жұмыс. Кез келген пән бойынша оқушылар белгілі бір қиындық пен жылдамдықпен меңгеретін күрделі тақырыптар болады. Мұндай жағдайларда мұғалім жаңа материалды баяндағаннан кейін оны бекіту бойынша әңгіме жүргізген дұрыс емес. Алдымен оқушыларға өз бетімен оқулықпен жұмыс істеуге тапсырма беріп, содан кейін әңгіме жүргізуге болады.

Осы әдістің маңызды тәсілдері:

1) оқулықпен жұмыс істеу мақсатын нақты қою;

2) игерілуі тиіс мәселелерді көрсету;

3) өзіндік жұмыс тәртібін және өзін-өзі бақылау тәсілдерін анықтау;

4) өзіндік жұмыс барысын бақылау және жекелеген оқушыларға көмек көрсету;

5) жаңа материалды бекіту бойынша әңгімелесу.

5.Информациялық технология дамыған заманда жаңа тақырып бойынша оқушының алған білімін бекітудің ең кең қолданылатын әдісі диафильмдердің фрагменттерін , бейнероликтерді пайдалану.

6.Жаңа тақырыпты бекітудің келесі түрі үй тапсырмасын орындау. Үй тапсырмасын берудің мақсаты: оқушылардың білімін сабақтан тыс уақытта өз бетінше жұмыс жасау арқылы бекіту. Мұғалім оқушыларға үй тапсырмасын бергенде орындау тәсілдерін, ал оқулық немесе қосымша әдебиетпен жұмыс жасау қажет болса, оны да толық түсіндіріп бергені дұрыс.


7.Зертханалық жұмыстар білім мен біліктерді одан әрі бекіту бойынша кең таралған жұмыс түрлерінің бірі болып табылады. Оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, сондай-ақ сараланған тәсілді пайдалана отырып, практикалық тапсырмалардың әртүрлі түрлері түсіндіріледі.

Ол келесі әдістерді қамтиды:

- сабақ тақырыбын қою және зертханалық практикумның есептерін анықтау;

- жұмыс тәртібін немесе оның жекелеген кезеңдерін анықтау;

- тапсырманы орындау және мұғалім тарапынан бақылау;

- қорытындылау.


8.Практикалық сабақтар (практикумдар) өзінің сипаты мен құрылымы бойынша зертханалық жұмыстарға өте жақын. Оларға сол талаптар қойылады. Олардың ерекшелігі-олар, әдетте, қайталанатын немесе жалпылайтын сипатқа ие. Бұл әдіс негізінен қандай да бір үлкен тақырыптар мен бөлімдерден өткеннен кейін қолданылады. Ол әр түрлі техникалық құрылғылар әлемінде, компьютерлік техника әлемінде еңбек ететін оқушылардың техникалық мәдениет дағдыларын қалыптастыруда үлкен маңызға ие.


9. Білім, білік және дағдыларды бекіту сабақтарын өткізу.

Сабақтың бұл түрі ұйымдастыру бөлімін, сабақтың мақсатын анықтауды және түсіндіруді, оқушылардың алдағы жұмыстың мазмұнымен байланысты білімдерін жаңғыртуды; тапсырманың мазмұнын хабарлауды және оның орындалуы туралы нұсқауды; оқушының мұғалімнің басшылығымен тапсырма бойынша өзіндік жұмысын; орындалған жұмысты қорытындылау және бағалауды; үй тапсырмасын орындау бойынша нұсқауды қамтиды.

Мұндай сабақта оқытудың негізгі әдісі оқушылардың өзіндік жұмыс орындау болып табылады. Оқушылар тапсырмаларды шешеді, есептерді орындайды, кітаппен және басқа да материалдармен өз бетінше жұмыс істейді.

Білім,білік дағдыларын бекіту және дамыту сабағының құрылымы:

* оқушыларға алдағы жұмыстың мақсатын хабарлау;

* ұсынылған тапсырмаларды орындау үшін талап етілетін білім, білік дағдыларды оқушылардың орындауы;

* оқушылардың әр түрлі тапсырмаларды, жаттығуларды орындауы;

• жұмыстың орындалуын тексеру;

* жіберілген қателерді талдау және оларды түзету;

* Үйге тапсырма беру (қажет болса).

Әдетте, жаңа материалды бекіту сабақ соңында жүргізіледі, бірақ оны оқу материалының мазмұнына, күрделілігіне және маңыздылығына байланысты жаңа білімді жаңа тақырыптың әрбір бөлігінен түсіндіргеннен кейін жүргізіп отыруға да болады



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
18 ақпан
9014
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі