Сабақты тиімді жоспарлау

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сабақты тиімді жоспарлау

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақалада жаңартылған білім беру мазмұны аясында сабақты жоспарлаудың тиімді жолдары қарастырылады. Сонымен қатар сабақты жоспарлауға қойылатын талаптар ұсынылады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

АБДИЛЬДИНА РАДАНА МИРГАЗИЕВНА

САБАҚТЫ ЖОСПАРЛАУ КЕЗЕҢДЕРІ


Аннотация. Мақалада жаңартылған білім беру мазмұны аясында сабақты жоспарлаудың

тиімді жолдары қарастырылады. Сонымен қатар сабақты жоспарлауға қойылатын талаптар

ұсынылады.


Түйінді сөздер: сабақ жоспары, тиімді оқыту, сабақ талаптары, оқыту әдістемесі, оқу

мақсаттары.


Жаңартылған білім берудің мазмұнын игеру, оны тәжірибе жүзінде

қолданып, іске асыру жүйелері қазіргі білім берудегі үдерістерін жаңартудың

үнемі жұмыс жүргізіліп, жаңалықтар іздестіріп, сол арқылы қандай да бір

нәтижеге қол жеткізуге бағытталған. Бұл – бүгінгі күннің сауатты ұрпақ

тәрбиелеудегі алдыға қойған мақсаттарды жүзеге асыруда әрбір ұстаз сабақтың

сапасын көтеру, тиімді тәсілдерді дұрыс пайдалану арқылы сабаққа оқушының

қызығушылығын арттыра білу керек. Қазіргі таңда жаңа технологиялар мен

оқытудағы жаңа әдіс- тәсілдер біздің қоғамымызға жаңа өзгерістер алып келді.

Осы күнге дейін оқытып келген дәстүрлі білім беру жүйесі сол кезде жеткілікті

білім болса, қазіргі уақытта оқушының дағдыларын дамытып, табысты болу

үшін жеткіліксіз болып қалды. Сыни ойлауды, басқа адамдармен қарым -

қатынас жасауда, әртүрлі мәселелерді шешуде оқушы бойындағы оқу

дағдыларын дамытуда күнделікті сабаққа қалай жоспар құрамыз? Қандай

тиімді әдіс- тәсілдерді қолдансақ жүйелі сапалы сабақ болады деген сұрақ әр

пән мұғалімінің сабаққа дайындалар алдында көкейінде тұратын мәселенің ең

бастысы. Әр сабаққа дайынджалатын сабақ жоспарымыздың құрылымы сапалы

білім алуда тиімді оқуға бағытталған жоспар болып құрылу керек. Бұл жердегі

тиімді оқу дегеніміз не?

Тиімді оқу дегеніміз – нәтижеге қол жеткізу, әр тапсырманың жүйелі

құрылып, мақсатқа орай тапсырмалар орындату, дұрыс құрылған

дискрипторлар мен тұжырымды, ұтымды жоспар. Нәтижеге қол жеткізу үшін

сабақ басында таңдалатын мақсат оқу бағдарламасына сай, еш өзгертілмеген

смарт мақсат болуы қажет. Смарт мақсат дегеніміз – нақтыланған, қандай да бір

өлшемге салынған, қолжетімді, белгілі бір уақыт аралығында шектеу қойып

орындалатын жұмыстарды жүзеге асыруда қойылатын талап. Осы жерде Чех

елінің белгілі ойшылы, педагог Ян Амос Коменскийдің «білім шынайы, толық,

анық, мықты болуы керек», – деген сөзі осыған дәлел. Оқу мақсаты

құрылғаннан кейін, сабақ мақсатын шығарып аламыз. Сабақ мақсатын

төмендегі қағиданы ұстанып құрастырсақ:

Блум таксономиясына құрылған. Оқу материалдарын есте сақтап,

қайталауға бағытталған білу деңгейі. Содан барып келесі әрекетке бару оқу

материалын өз сөзімен түсіну, қысқаша баяндап, әңгіменің әрі қарай не туралы

болатынын, жалпы нәтижені болжай келе, ережелер мен теорияны практикада

қолданып оқу нәтижесін тереңірек игеру. Қолданудан барып, талдау, жинақтау

деңгейлерін қамту, бұл жерде оқу материалын анық көру, жаңашыл сипаттар

мен нәтижені құрастыру. Осы жүйені сақтай келе оқу маериалының

маңыздылығын анықтап, пікір келтіру, ойын білдіріп оқу нәтижелілігне қол

жеткізу. Оқу мақсатында сандық сипаттаманы пайдалану. Мысалы: мәтін бойынша

тапсырмада негізгі ақпараттар мен тірек сөздерді табу керек болса, мәтіннен 4

немесе 5 негізгі ақпаратты тауып, 6 тірек сөз жазыңыз.

Өзара әрекеттесуді сабақ мақсатында көрсету тиімді болады. Осыдан

келіп, бүгінгі сабақта оқушылардың не үйренетіндігін болжау – сабақ мақсаты

деп аталады деген түйін шығарамыз.

Келесі кезеңде тапсырмалар әзірлеуге көшеміз. Алдымен қандай тапсырма

беретінімізді анықтап аламыз. Тапсырма әзірлеуді мынадай кезеңдерге бөліп

қарастырамыз:

Оқу мақсатына талдау жасау;

Оқу бағдарламаларына сәйкес оқу мақсаттарының негізінде бағалау

критерийлерін құрастыру;

Тапсырмалардағы саралауды қамтамасыз ету үшін бағалау

критерийлерін ойлау дағдыларының дейгейіне жеткізу;

Бағалау критерийі мен ойлау дағдылары деңгейлеріне сәйкес

тапсырмалар әзірлеу;

Әр тапсырмаға дискриптор құрастыру.

Осы қағидаларды ескере отырып, тапсырма әзірлеуде мыналар жүзеге

асады:

талдау кезеңіне тапсырмаларды қолдану, нәтижесін талдау, өзгертулер

енгіземіз;

қолдану кезеңінде белгіленген уақыт пен жағдайға сәйкес тапсырмалар

қолдануға енеді;

сараптама жасау кезеңінде, тапсырманың сапасын талдап, материал

қайта қаралады, қажет болған жағдайда тиісті өзгерістер енгізіледі;

құрастыру кезеңінде оқу бағдарламасы мен спецефикациясына

қараймыз;

жоспарлау кезеңінде бағалауға арналған тапсырмалар әзірлеудің

мақсаты мен міндеттерін дұрыс қою.

Жүйелі құрылған тапсырма мазмұны оқушылардың тыңдалым мен

айтылым, оқылым мен жазылым дағдыларын арттырып, сапа жақсаруына әсер

етеді, осыдан барып тілдесім жақсы жүзеге асады.

Жаңартылған білім беруде әр тапсырмаға қалыптастырушы бағалау мен

дискрипторлары дұрыс қойылуы керек. Яғни, қалыптастырушы бағалауды

сабақ үстінде қалай жүзеге асырамыз деген мәселе туындайды. Бұл жерде

оқушының жасына көңіл бөле отырып, ішкі уәжін арттырып, мұғалімнің

қолдауы ретінде, тапсырманы орындауда құрылған дескрипторларға кері

байланыс бере отырып жүзеге асырамыз. Бұл жердегі дискрипторымыз бірнеше

қадамнан тұрып, ауқымды, мазмұнында іс- әрекетті жүзеге асыратындай негізгі

ақпараттар болуы керек. Әр тапсырмадан соң бағалау критерийлерін қойып,

6 тапсырмаларға талап қоямыз, яғни тапсырманы орындаудағы критерийлерін

айтып өтеміз, тапсырманы орындап критерий қоюда жас ерекшеліктерін

ескереміз. Әр сабақтың соңында нәтижеге қол жеткізгенімізді анықтауда

мұғалімнің оқушыларға, оқушының мұғалімге, мұғалімнің өз- өзіне деген кері

байланыс жұмыстарын жүргізуде маңызды рөль атқарады.

Қорытындылай келе, күнделікті сабақты жоспарлауда:

сабақ мақсатын нақты аламыз;

сабақтың кезеңдерін өзара байланыстырып, бірізділікті сақтаймыз;

тапсырмаларды жүйелі құрап, дискрипторларды нақты, дәл құраймыз;

саралау жұмыстарын ұйымдастырамыз;

бағалауды жүзеге асырамыз.

Дұрыс жүйемен құрылған сапалы, нәтижеге қол жеткізетін сабақ жоспары

оқушы білімінің де сапалы болуын қамтамасыз етіп, бәсекеге қабілетті,

шығармашылығы мол, өз ойын еркін жеткізе алатын жеке тұлға болып

қалыптасуының кепілдігі.


Әдебиеттер тізімі

1. Мукушева М. А. Сабақта жоспарлау тәжірибесін дамытуда кең ауқымды

дағдылардың негіздерін бағамдау: оқу үдерістерінде белсенді оқу тәсілдерін

қолдану [Электронды ресурс]. Қолжетімді режим:

https://www.zharar.com/index.php?do=shorttexts&action=item&id=16820

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
31.05.2024
177
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі