Материалдар / Сабақты ұйымдастырудағы тиімді платформалар
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сабақты ұйымдастырудағы тиімді платформалар

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепішілік мұғалімдер арасындағы ғылыми-тәжірибелік конференция
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Қараша 2024
97
0 рет жүктелген
1300 ₸
Бүгін алсаңыз
+65 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +65 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

_____________________ жалпы орта білім беретін мектеп КММ




Мектепішілік мұғалімдер арасындағы ғылыми-тәжірибелік конференция



Тақырыбы: ____________________________________






__________ пәні мұғалімі:

_______________











Шымкент 2023ж




Мазмұны

  1. Кіріспе ...................................................................................................3

  2. Негізгі бөлім .........................................................................................4

    1. Сабақ барысында пайдалануға тиімді платформалар..................5

    2. Топқа бөлу интернет платформалар .............................................7

    3. Викторина/тест жасауға арналған платформалар .......................10

    4. Интерактивті тапсырмалар жасауға аранлған платформалар ....17

    5. Кері байланыс интернет ресурстары .............................................21

ІІІ. Қорытынды ................................................................................................23

Пайдаланылған ресурстар ..............................................................................24
























І. Кіріспе


Өркенитетті дамыған елдердің қатарына ену үшін, заман талабына сай білім қажет. Қазақстан дамыған 30 елдің қатарына жеткізетін – білім. Ғылым мен техниканың күн санап өсуіне байланысты педагогика ғылымының теориясы мен оқыту үрдісі де түбегейлі өзгерістерге ұшырауды. Соған орай оқытудың парадигмасы өзгерді. Білім берудің мазмұны жаңарып, жаңаша көзқарас пайда болды. Орта білім беру мазмұнын жаңарту бүгінгі күннің талабы болғандықтан, осы талап деңгейінде жұмыс атқару әр ұстазға жүктелер міндет, үлкен сын.

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың үздіксіз дамуы, жаңа электрондық білім беру ресурстары мен платформаларын әзірлеу мұғалімнің алдында оқыту процесін ұйымдастыру бөлігінде жаңа мүмкіндіктер ашады. Білім алушы мен компьютер арасындағы оқытуды интерактивті деп атайды. Интерактивті оқытудың басты мақсаты- білім алушыларды өз бетінше тапсырманың жауабын табуға үйретеді. Интерактивті жаттығулар жасауға арналған көптеген онлайн ресурстар бар. Олар өздерінің функционалдығы бойынша ұқсас болуы мүмкін немес функционалдылығы мен интерфейсі бойынша ерекшеленуі мүмкін.

Цифрлық технологияларды қолдану оқушыларға қолайлы оқу қарқынын, материалды ұсынудың ыңғайлы принципін, сабақтың ұзақтығын, қосымша ақпаратты таңдауға мүмкіндік береді. Әрбір оқушы қысқа уақыт аралығында ақпаратты іздеуге, табуға, қабылдауға, меңгеруге, алынған ақпаратты өңдеуге және қажеттілігіне пайдалана алуға үйрету қажет. Ол үшін оқытудың дәстүрлі әдістерімен бірге қазіргі ақпараттық-қатынастық технологияны бірге қолдана алу керек болады.


Зерттеу жұмысымның мақсаты: Ғылыми зерттеу жұмысы барысында оқушыларды ізденіске, еңбек сүйгіштікке, шығармашылыққа, шапшаңдыққа үйрету. Сонымен қатар, неше түрлі қызықты деректерді білуіне септігін тигізу. Және де қазіргі заманда жастардың көбісі әр түрлі әлеуметтік сайттарға кіруге әуес. Сол сайттарды тиімді пайдалануға, түзу жолға салуға үйрету.


Мақсатым: информатиканы үйренуге оқушыларды баулу, сабақтарда жаңа технологиялардың тиімді қолданылуын көрсету, ойларын жинақтап, толық жауап беру. «Сабақты ұйымдастырудағы тиімді платформалар» тақырыбын алған себебім, оқушыларға қызықты және қол жетімді, ыңғайлы режимінде жұмыс істейтін платформаларды таныстыру, үйрету болып табылады. Осы платформалар арқылы берілген тестке, кері байланыстарға, интерактивті тапсырмаларға тез, әрі нақты, топтық немесе жеке жауап беруге мүмкіндік бар.


Зерттеу жұмысымның міндеті: Ғылыми зерттеу жұмысымның алдыма қойған мақсатыма сәйкес келесі міндеттер айқындалды. Сабақты ұйымдастырудағы тиімді платформаларды қолдану барысында оны қалай құруға, қалай пайдалануға болатындығын зерттеу.


Зерттеу жұмысымның жаңашылдығы: Сабақты ұйымдастыруда тиімді платформаларды қолдану арқылы топқа бөлуге, заманға сай тест құрауға, ойын және сайыс түрінде сергіту сәтін өткізуге, кері байланыс жасауға болады.








II. Негізгі бөлім


2.1. Сабақ барысында пайдалануға тиімді платформалар


Kahoot! - мектептерде және басқа оқу орындарында оқыту технологиясы ретінде қолданылатын ойын оқыту платформасы. Kahoots білім беру ойындары - бұл қолданушылаға тиімді және веб-шолғыш арқылы қол жетімді көп нұсқалы викторина.

Quizizz- сыныптарда, топтық жұмыстарда, алдын-ала тестілерде, емтихандарда, біріккен және дайын емес тесттерде қолданылатын бағдарламалық жасақтаманы дамытатын шығармашылық компания. Бұл студенттер мен оқытушылардың бір уақытта желіде болуына мүмкіндік береді.

Google forms – бұл Google ұсынған ақысыз бағдарламалық жасақтама. Сауалнама, кері байланыс және тест форматында қолдануға болады.

Online Test pad – бұл әртүрлі тесттер, тапсырмалар, сөзжұмбақтар, сканвордтар, сауалнамалар жасауға болатын ақысыз әмбебап және қарапайым конструктор.

Narakeet.com - мәтіндерді дыбыстауға арналған онлайн сервис. Мәтінді аудиоға айналдыру.

Flippity.net платформасы - интерактивті тапсырма құру сервисі, сабақты қызықты өткізуге арналған әдіс-тәсілдер. Топқа бөлу платформасы

Wordwall-интерактивті және баспа материалдарын жасауға арналған көп функциялы құрал. Ресурс мұғалімдерге әртүрлі пәндер бойынша дайындық үшін көптеген интерактивті жаттығулар мен тренажерлерді пайдалануға мүмкіндік береді.

LearningApps - бұл әр түрлі пәндер бойынша интерактивті оқу-әдістемелік қосымшалар жасауға мүмкіндік беретін білім беру мекемелеріндегі білім беру процесін қолдау үшін арналған сервисі.

QR код арқылы сабақты қызықты өткізі. QR код жасаудың түрлері. Ең ұзын URL адресті қысқарту. QR код арқылы тапсырмалар құрастыру.

Padlet виртуалды тақтасы арқылы кері байланыс жасау. Онлайн тақтаның көмегімен кері байланыс түрін орнату.

Жоғарыда сіздерге сабақты ұйымдастырудағы тиімді платформалар тізімі ұсынылды. Мұғалімдер сабақ барысында бұл платформаларды қолдану арқылы топқа бөлуге, заманға сай тест құрауға, ойын және сайыс түрінде тапсырмалар беруге, кері байланыс жасауға болады.

















    1. Топқа бөлу интернет платформалар


Flippity.net платформасы - сабақты қызықты өткізуге арналған әдіс-тәсілдер. Flippity интерфейсі ағылшын тілінде, бірақ интуитивті интерфейсі бар. Сондай-ақ, сервиспен жұмыс істеу кезінде браузерге салынған Автоматты аудармашыны пайдалануға болады, мысалы, мұндай мүмкіндік барлық интернет браузерлерінде бар. Қызметке тіркелу қажет емес, бірақ онымен жұмыс істеу кезінде сізге Google есептік жазбасы қажет болады, сондықтан оны алдын-ала жасау керек, өйткені интерактивті тапсырмалар Google кестелеріндегі мәліметтер негізінде жасалады. Қызмет толығымен тегін

Flippity платформасынан керекті шаблонды таңдап аламыз.

Таңдап алған шаблонымызға қажет мәліметтерді жазып, сақтаймыз. Мысалы: Flippity Random Name Picker әдісін қолданайық. Бұл әдіспен жеке бір оқушыны таңдап алуға болады.

Flippity Random Name Picker әдісімен оқушыларды жұпқа бөлуге немесе топтарға бөлуге болады.

Flippity Random Name Picker әдісімен оқушыларды екі топқа бөлу

Flippity Random Name Picker әдісімен оқушыларды үш топқа бөлу

Flippity Random Name Picker әдісімен оқушыларды төрт топқа бөлу

Flippity Random Name Picker әдісімен оқушыларды бес топқа бөлу



Wheeldecide.com платформасы. Бұл спинерге оқушы аттарын немесе тапсырманы жазып қоюға болады. Оқушыны кездейсоқ таңдауға, жеңімпазды анықтауға және топқа болуге де болады.







2.3. Викторина/тест жасауға арналған платформалар


Google forms – бұл Google ұсынған ақысыз бағдарламалық жасақтама. Сауалнама, кері байланыс және тест форматында қолдануға болады. Google формаларының параметрлері оқушыға тестке жауап бергеннен кейін қай сұрақтарға дұрыс жауап бергенін және қай жерде қателіктер жібергенін бірден көруге мүмкіндік береді. Педагогтің қолында толық талдау болады: оқушыда қандай тапсырмалар қиындық тудырғанын, қандай қате жауаптар жиі таңдалғанын, білім алушылардың әрқайсысы қалай жұмыстанғаның көреді. Автотексеру форматында сіз бір немесе бірнеше таңдау және қысқа жауаппен сұрақтар жасай аласыз (жауап бір мәнді болуы керек, опцияларға жол берілмейді). Сіз егжей-тегжейлі жауабы бар тапсырмаларды қоса аласыз, жауаптар педагогке де бірден түседі, бірақ оқушы педагог тексергеннен кейін ғана дұрыс жасағанына жауап ала алады.


Енді осы Google формамен практикалық жағынан танысайық.

Өзіміздің gmail.com поштамызға кіреміз. Таңдау торларын басамыз сол кезде бізге Гуглдың негізгі сервистері тізімі ашылады.


Диск сервисін таңдаймыз, егер сіз бұрын қолданбаған болсаңыз, орнатуға рұқсат сұрайды. Ол сіздің құжаттарды өзіңіздің құрылғыда да және бұлттық кеңістікте сақтау үшін қажет. Дискіге кіргеннен кейін сол жақ жоғары бұрыштан «создать» батырмасын басамыз. Шыққан контекстік мәзірден «форма» сервисін таңдаймыз және форманы әсерлеп баптауға көшеміз.



Біріншіден формамызға ат береміз. Өзі бастапқыда «Новая форма» деп ашылады. Форманың атын кейінде өзгертуге болады.




Сұрақтарды толтыру формасы ашылады. Сұрағымызды жазғаннан кейін, оған қандай формада жауап алғымыз келсе сол форманы таңдаймыз

Жоғарыда көріп отырғаныңыздай бірнеше түрде жауап қабылдауға болады. Негізгілері мыналар: мәтін, азат жол, тізімнен таңдау, тізімнен бірнеше жауап таңдау, ашылмалы тізім, мөлшерлеу;

Сонымен қатар сурет, бейнематериал және басқада түрлерін қолдануға болады. Егерде біздің сұрағымыз немесе сауалымыз міндетті түрде жауабы керек болса «обязательный вопрос» чек-боксын түртіп батырманы айқындаймыз.

Енді келесі сұрақты толтыру үшін + батырмасын шертеміз. Егерде сұрақтардың форматы бірдей болса көшірмесін жасап сол көшірмеге өзгерістер енгіземіз. Сұрақтарымызды толтырып болғаннан кейін нәтижені қарап алуға болады. Форманы өзіміз қарап өткеннен кейін енді ол сауалнаманы орындаушыға жібереміз «отправить» батырмасын басу арқылы. Электрондық поштаға жіберуге болады, егер жеке адамның сауалнамсы керек болса. Сілтеме арқылы жіберуге болады топтық жұмыстану үшін. Короткий URL хабарламасының тұсына белгі қоямыз. Сонымен қатар әлеуметтік желілер арқылы хабарлама жасап бөлісуге болады.



Оқушылардың орындаған тест нәтижесі, муғалімнің Google формы аккаунтына автоматты түрде түсіп отырады. Оқытудың бұл платформасында жұмыс жасау өте тиімді болып табылды.

Quizizz.com – Математикалық формулаларды енгізуді, суреттер мен аудиофайлдарды біріктіруді, пайдаланушылар жасаған кітапхананы пайдалануды қолдайтын тест құрастырушысы. Компьютерде орнатылған бұл бағдарлама көмегімен тесттер мен викториналарды құру оңай және жылдам болып табылады және оны кез келген Windows плотформасында ашуға мүмкіндік береді.


Мұнда сұрақтардың көлеміне ешқандай шектеулер жоқ және әрбір сұрақта бірнеше жауап болуына мүмкіндік береді. Quizizz бағдарламасында құрылған тесттердің ашылуы үшін басқа бір қосымша программаларды орнатуды қажет етпейді.



Quizizz - экспресс-сауалнамалар, тесттер, викториналар өткізуге арналған веб-құрал. https://quizizz.com/admin Quizizz бағдарламасын сыныпта да, үйде де пайдалануға болады.

Бұл сервисті асинхроннды және синхроннды формада қолдануға болады. Синхроннды(онлайн) түрде қолдану үшін,сайтқа кіріп, «начать вживую» батырмасын басу керек (немесе оқушылар сайтка кіріп,ойын кодын жазу керек. Ал үй жұмысы ретінде викторина немесе тестті бергісі келсе , «назначить домашнее задание» батырмасын басу керек.



Quizizz сервисінің қандай артықшылықтары бар?

  • Жағымды көрініс

  • Оқушыларға тіркелудің қажеті жоқ

  • Дайын тесттер кітапханасының бай болуы

  • Үй жұмысын беруге болады

  • Мұғалім тест немесе викторинаны өзі жасай алады. Және де тесттерде әртүрлі типтегі көп сұрақтар қосса болады.

  • Оқушылар сұрақтарға өзінің мобильді құрылғысын немесе компьютерін қолдана отырып,жауап береді.

  • Мұғалім бақылауда сынып жұмысының толық көрінісін алады және де мұғалім әр оқушы туралы толықтай есеп ала алады. Сондай-ақ сынып оқушыларының алынған деректерді Excel кестесіне экспорттауға мүмкіндік беріледі.

  • Фишкалар,бонустар және мемдер

  • Оқушылар тестттермен индивидуалды қарқында жұмыс істегендіктен, көшіріп алу оларға қиындау болады.




Online Test pad – бұл әртүрлі тесттер, тапсырмалар, сөзжұмбақтар, сканвордтар, сауалнамалар жасауға болатын ақысыз әмбебап және қарапайым конструктор.



Online test Pad платформасында сабақты ұйымдастырудың бірнеше қадамы қарастырылады: – бұл жерде қолданушы тіркеледі, яғни электронды поштасына жаңа аккаунт жіберілді, қолданушы сол сілтемені басу арқылы активтендіреді.



Пароль және логинмен тест онлайн платформасына енуге мүмкіндік алады; оnline test Pad платформасындағы мүмкіндіктерді тегін қолдану: профиль. сауалнама, тесттер, сөзжұмбақтар, диалогтар, комплексті тапсырмалар; оnline test Pad платформасында менің профилім туралы мәлімет толтыру. Бұл жерде қолданушының аты-жөні және қосымша мәліметтерді толтырады. Себебі бұл сіз нақты түрде мұғалім екеніңізді растайсыз және осы жерде барлық жұмыстардың авторы болуға негіз болатын лицензиялық құжатыңызды әзірлейсіз.



Тест конструкторы – мұнда мұғалім оқушылармен кері байланыс жасау үшін тест тапсырмаларын жасауға және БЖБ, ТЖБ тапсырмаларын ұйымдастыруға мүмкіндік алады.

  • Сауалнама конструкторы – мұнда мұғалім оқушылардан сауалнама түрінде тапсырмаларын ұйымдастыруға мүмкіндік алады.

  • Сөзжұмбақ конструкторы –мұнда мұғалім қайталау сабақтарын немесе ашық сабақтарды қызықты түрде өткізу үшін сөзжұмбақ құрастыруға және оны ұйымдастыруға мүмкіндік алады.

  • Комплексті тапсырмалар – мұнда мұғалім өз сабақтарына қажетті оқу-дидактикалық материалдарды жинақтап, арасында оқушылармен көмекші құрал ретінде қолдануға мүмкіндік алады.



Kahoot - интерактивті тапсырмаларды жасау үшін жарқын, қарапайым, тегін қызмет түрі. Бұл сервисті сыныпта әртүрлі викториналарды, пікірталастарды, тестілер мен сауалнамаларды өткізу үшін және білім алушыларды жылдам тексеру мақсатында қашықтықтан оқыту кезінде қолдануға болады[3].



Kahoot-білім беру жобаларына арналған қосымша. Оның көмегімен тест, сұрау, оқу ойынын немесе білім марафонын жасауға болады. Қолданба үстел нұсқасында да, смартфондарда да жұмыс істейді. Оқушылармен тығыз қарым - қатынас орнатуға, сонымен жаңа матералды тереңдете түсу үшін Kahoot қосымшасын кең көлемде қолдануға болады.



Kahoot-те жасалған тапсырмалар ұсынылған жауаптардың ішінен дұрыс жауапты таңдауды көздейді. Тапсырмаларға фотографиялар мен тіпті бейнефрагменттер қосуға болады.Мұнда сұрақтар саны шектелмейді. Соңында тестіңізді сақтаңыз және оны қайта іске қосуға болады. Тестті екі студенттер арасында да сайыс ретінде өтуге болады. Ол жылдамдыққа есептелген, кім тез жауап берсе сол жеңімпаз болады. Оқытушы өз қалауымен қойылған сұрақтар үшін балл енгізе алады: дұрыс жауап бергендерге және жылдамдығы үшін. Табло оқытушы компьютерінің мониторында көрсетіледі.Тестілердің басқа түрлері қатысушылардың кез келген санын қосуға мүмкіндік береді.Тестті тікелей мобильді қосымша немесе сервис сайтында өтуге болады. Сіз сайтта немесе әлеуметтік желілерде тест сілтемесін бөлісуге болады.



Kahoot қосымшасының ерекшеліктерінің бірі- тесттерді қайталау және өңдеу мүмкіндігі бар, бұл оқытушыға көп уақыт үнемдеуге мүмкіндік береді.

Kahoot-те жасалған тапсырмаларды оқушылар Интернетке қол жеткізе алатын кез келген құрылғыдан орындай алады: ноутбук, планшет, смартфон және т. б.




Артықшылықтары:

  • Түсінікті интерфейс.

  • Әртүрлі тест түрлерін жасау мүмкіндігі.

  • Ойын механигі форматында тесттер жасау мүмкіндігі.

  • Тест немесе викторинаның әр нұсқасында күрделі ойын механиктері.

  • Тесттердің әртүрлілігі.

  • Интерактивті режим, нақты уақыт режимінде оқушылар ойын қалай өтіп жатқанын және кім жеңетінін көреді.

  • Тестілерді, сауалнамаларды, пікірталастарды жылдам құру мүмкіндіктері.

  • Сервистің тегін нұсқасында жақсы мүмкіндіктер бар.

Қорыта келгенде kahoot сайты өте ыңғайлы, пайдалы, оқушылардың қызығушылығы мен есте сақтау қабілетін арттырады, жауаптарын бірден пайыз арқылы білуге болады.

    1. Интерактивті тапсырмалар жасауға аранлған платформалар

Wordwall - білім беру процесінің басты міндеттерінің бірі-оқушылардың ынтасын арттыруға көмектесетін әмбебап оқу ресурсы!



Wordwall-интерактивті және баспа материалдарын жасауға арналған көп функциялы құрал. Көптеген шаблондар интерактивті және баспа түрінде қол жетімді. Көптеген мұғалімдер сервистің қазақша кәріптерді қабылдайтын нұсқасы бар екендігіне риза болады.


Ресурс мұғалімдерге әртүрлі пәндер бойынша дайындық үшін көптеген интерактивті жаттығулар мен тренажерлерді пайдалануға мүмкіндік береді!

Интернеттегі жаттығулар қарапайым, бірақ толық компьютерлік ойындар деп санауға болады, себебі мұғалім нақты сабақтың талаптарына сүйене отырып, қойған өту шарты, проблемаларды шешу жолдары болады. Әр ойынның шарты мен мазмұнын өзгертуге, толықтыруға болады. Сонымен қатар, бүкіл жер шары бойынша әріптестерідің дайын әзірлемелерді пайдалану мүмкіндігі бар.


Wordwall веб-сайтында ұсынылған 18 шаблон өте сапалы құрылымға ие және мұғалімге ойынның бұрыннан бар нұсқаларын қолдануға және нөлден бастап өз нұсқаларын жасауға мүмкіндік береді

1. Виторина

2. Сәйкестендіру

3. Кездейсоқ доңғалақ

4. Өрісті ашыңыз

5. Топтық сәйкестендіру

6. Жұбын тап

7. Кездейсоқ қарттар

8. Сәйкес келетін карталар

9. Бос орынды толтыр

10. Тәртіпке келтіру

11. «Ойын шоуы» викторинасы

12. Анаграмма

13. Белгі қойылған диаграммалар

14. Сөздерді іздеу

15. Лабиринттегі ойын

16. Шыңдық не жалған

17. Суреттер викторинасы

18. Тақталарды аударыңыз

Егер ақылы нұсқасын алатын болсақ онда 18 дайын шаблонға тағы 25 түрлі шаблон қосылады. Әрине әр педагог өзіңе ыңғайлы нұсқасын таңдап, жұмыс жасайды.

Сабақты жасағаннан кейін оны бір рет басу арқылы басқа шаблонға ауыстыруға болады. Бұл бізге уақытты үнемдеу үшін, әрі әр пәннің ерекшелігін ескере отырып, тапсырма түрлерін ауыстыру үшін керемет мүмкіндік береді. Мысалы, егер біз фигуралардың атауларына негізделген Сәйкестік туралы оқу тапсырмасын жасасақ, оны дәл сол фигуралардың атауларымен кроссвордқа айналдыра аламыз

Біз жасаған кез-келген әрекетті жалпыға қол жетімді етуге болады. Бұл бізге сабақ парағына сілтемені электрондық пошта, әлеуметтік медиа немесе басқа құралдар арқылы бөлісуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, бұл басқа мұғалімдерге іздеу нәтижелерінде қауымдастықтан сабақ табуға, оны ойнауға және дамытуға мүмкіндік береді.

Жалпы, ұсынылған Wordwall шаблондарының әр түрлі құралдары пән мұғалімдеріне педагогикалық шығармашылық үшін, әсіресе ақпараттық және сонымен қатар қашықтықтан сабақтарды көңілді ұйымдастыру және өткізу үшін таусылмайтын қызықты ресурс екенін атап өткім келеді.


LearningApps.org интерактивті тапсырмалар құрастырушысы интерактивті модульдер (жаттығулар) арқылы оқыту процесін қолдауға арналған. Сонымен бірге оқытушы да, оқушы да дайын шаблондарды пайдаланып, интерактивті модульдер жасай алады. Осы қызметтің арқасында жасалатын интерактивті тапсырмалардың негізгі идеясы – оқушылар белгілі бір оқу пәніне деген танымдық қызығушылығын қалыптастыруға ықпал ететін білімдерін ойын түрінде тексеріп, бекіте алады.

Қызмет көрсету мекен-жайы - http://learningapps.org/

Қызметтің тұжырымдамалық интерфейсі бар, тіркеуді ұсынады («Кіру»-батырмалары - «Жаңа аккаунт құру») және әлемнің 20 тілінде ұсынылған. Қажетті тілді таңдау үшін сайт парағының жоғарғы оң жақ бұрышында тиісті жалаушасы бар белгішені таңдау керек. Сайтта ресурстарды пайдаланушылар жасаған жалпыға ортақ интерактивті тапсырмалар галереясы бар. Қызметте ұсынылған барлық жаттығулар академиялық пәндер бойынша бөлінеді, бұл қажетті тапсырманы табуды едәуір жеңілдетеді.

LearningApps.org сервисінде өзіңіздің тапсырмаларыңызды құру және сақтау үшін тіркелуіңіз керек. Оқытушы жеке пайдаланушы ретінде тіркеліп, аккаунт құрады.  Өз оқу модульдерін жасап, сақтайды, сонымен қатар басқарады



Жаңа жаттығуды құру батырмасын басу арқылы жаттығу атын кестеге жазамыз. Мысалы Информатика - Робототехника. Тапсырма типін орнатыңыз(Установите тип задания) батырмасын басып, жазыңызды(впишите) таңдаймыз.


Аяқтау және алдын ала қарауда көрсету (Завершить и показать в предварительном просмотре) батырмасын басамыз. Ашылған терезеден жаттығуды сақтау батырмасын басамыз.

Сіз өзіңіздің жасаған жаттығуларыңызды оқушыларға әлеуметтік желілерде(whatsapp) веб-сілтеме түрінде жібере аласыз немесе оны веб-сайтқа енгізе аласыз.

Материалды меңгерту мақсатында оқушыларға тапсырманы сабақты бекіту кезеңінде, үй тапсырмасын осы модульдер арқылы берген жөн.

LearningApps.org. сервисі оқу үдерісіне келесі мүмкіндіктерді береді:

- оқу материалын деңгей, уақыт, көлеміне қарамастан меңгереді;

- білімалушы алған білімін жүйелейді;

- шешімді тез қабылдауына мүмкіндік алады;

- тапсырманы бірнеше рет орындау арқылы жақсы нәтижеге жетеді;

- жалпы оқуға деген мотивация пайда болады;

- кері байланыс алады, өзін-өзі бағалайды;

білімалушы өзіндік жұмысты дербес компьютердің, ноутбуктың, ұялы телефонның көмегімен ұйымдастыра алады.

Оқытудың әдіс-тәсілдерін тиімді таңдап алу оқытуда табысқа жетуге негіз болады әрі сабақтың тиімділігі мен сапасын барынша арттыруға мүмкіндік береді. Сабақта интерактивті технологияларды тиімді пайдалану жауапкершілік пен шығармашылық тұлға қалыптастыруға алып келеді.

    1. Кері байланыс интернет ресурстары

Padlet виртуалды тақтасы арқылы кері байланыс жасау.

Виртуалды тақта (онлайн тақта) – бұл әр оқушыға өз жұмысын тақтаға шығаруға, ал мұғалімнің әрқайсысына түсініктеме беріп, бағалауға мүмкіндік беретін қызмет. Сондай-ақ мұғалім тақтаны оқушылардан кері байланыс алу үшін пайдалана алады. Дайын тақтаның сілтемесін оқшылардың чаттарына жібереміз. Оқушылар өз ұялы телефондары арқылы сілтемемен онлайн тақтамызға кіріп, сабақты қаншалық түсінгенін не түсінбегенін немесе қандай әсер алғанын, сабақ туралы ойларын жазып жібереді.

Осылайша оқушылар берілген тақырып немесе бөлім бойынша тапсырмаларды меңгерудегі өз жетістіктері туралы кері байланыс алады және қаншалықты жақсы түсінгендігін біледі.

Padlet виртуалды тақтасы - құжаттарды жасауға және пішімдеуге, сондай-ақ басқа пайдаланушылармен бірлесіп жұмыс істеуге мүмкіндік беретін мәтіндік редактор. Дәл сол тақта, тек желіде бар. Оған жазбалар, суреттер, фотосуреттер қоса аласыз .


Padlet – виртуалды тақтасын қолдану мүмкіндігі көп. Қолдану мүмкіндіктерінің кейбіріне тоқталып өтетін болсам:

  • Бастауыш сыныптарда  портфолио ретінде пайдаланыңыз және оны ата-аналарыңызбен бөлісіңіз. Сіз оқушыларыңыздың жұмысын суретке түсіріп, оны қабырғаға жариялауға болады;

  • Тақырыпты зерттегеннен кейін сауалнама жүргізу. Мысалы, оқушылардан  «Сіз не үйрендіңіз?», «Не түсініксіз?», «Сіз не сұрағыңыз келеді?» деген сұрақтарға жауап беруін сұраңыз. Оқушыларға тек сөз түріндегі  жауаптарды ғана көріп қана қоймай, мәтінді, сілтемені немесе мультимедиялық файлды қосып, оларға түсініктеме бере аласыз. Мұндай виртуалды тақтада материалды қайталау үшін кейінірек пайдалануға ыңғайлы;

  • Белгілі бір тақырып бойынша материалдарды бірлесіп жинау үшін виртуалды тақтаны пайдалануға болады. Оқушылар  бір уақытта барлық сыныптарда және топтарда жұмыс жасай алады. Барлық ресурстар бір жерде жиналады және ешқашан жоғалмайды;

  • Тақырып бойынша қосымша материалдарды қалай жазуға болады? Мақалаларға, суреттерге және нұсқаулық бейнелерге сілтеме жасайтын виртуалды тақтаны  жасаңыз және сілтемені бөлісіңіз. Мұндай басқарма тақырыпты тереңірек зерттеуді қалайтындарға және сабақты өткізіп жібергендерге қызықты болады;

  • Қазіргі уақытта оқушылардан  кері байланыс алуға, олар өздерінің әсерлері мен идеяларын ортақ пайдалану үшін виртуалды тақтаны  пайдалануды сұраңыз;

Қазіргі уақытта «Padlet»  виртуалды тақтасымен тереңінен танысып, осы баяндамада тоқталып өткен мүмкіндіктерінің зор екендігіне көзім жеткен болатын. Сонымен қатар Padlet – виртуалды тақтасын Padlet.com сайты арқылы өзіңіз тіркеліп тегін қолдануға болады.

Google Jambord - Брейнстормды, кездесулерді немесе конференцияларды өткізуге арналған көпфункционалды интерактивті тақта. Jamboard идеяларды, жазбалар мен шешімдерді жедел тіркеуге мүмкіндік береді. Jamboard — дағы жұмыс беті-бұл өлшемін өзгертуге болмайтын жеке слайд.

Егер сізде онлайн-тақталарды пайдалану тәжірибесі болмаса, онда қарапайым тақталардан бастауды ұсынамыз: «Кенеп» немесе «Jamboard».

Білім беру процесінде Jamboard онлайн-тақтасын қолдануды қарастыруды ұсынамын. Google аккаунтінде тіркелу арқылы немесе осы сервиске кіріп, ресурстар арасынан Jamboard-ты таңдайсыз. Бұл онлайн-тақта қарапайым және түсінікті интерфейске ие, және ол жоғарғы, бүйірлік құралдар панелінен тұрады, ал ортасында қажетті нысандарды орналастыратын жұмыс аймағы орналасқан. Jamboard -тағы жұмыс беті - ол өлшемін өзгертуге болмайтын жеке слайд. Бір құжатта 20 слайдқа дейін жасауға болады. 


ІІІ. Қорытынды


Оқушыларды қызықтыра тәрбиелеп басқару білім алушының білімге, ғылымға деген құлшынысын күшейтеді, өркендеуіне өте қажет шығармашылық қасиеттерін ашады. Білімнің сапалы болуы тікелей оқытушыға, оның білім дәрежесі мен іздену шеберлігіне байланысты.

Интерактивті тапсырмаларды орындаған кезде оқушылардың ақпаратты қабылдау мен есте сақтау дағдысының артуы, зейіні мен эмоционалдық қасиеттері қарқынды дамитындығы, назарының тұрақталатындығы, қорыта білуі, жіктеу қабілеттері артады деп есептеймін.


Сабақты ұйымдастыруда тиімді платформаларды қолданған кезде:

  • Оқушылардың информатикаға деген қызығушылығы артты;

  • Электрондық құрылғыларды, сервистерді қолдану дағдыларын дамыта алды;

  • Жарыс форматы есебінен оқыту нәтижесі артты;

  • Командада жұмыс істеу және шешім қабылдау дағдыларын дамыды;


Олардың эмоцияларын, үлгерім нәтижелерін сараптай отырып және жүргізілген сауалнамаға сүйене отырып, біз бұл платформалар түрін информатиканы үйренуде өте пайдалы және оқушылардың ынтасын арттырады деп нақты айта аламыз.

Әрбір мұғалім өз жұмыс тәсілдері мен формасын, өз педагогикалық технологиясын таңдай отырып, балалардың білімін жетілдіру бағытында еңбек етуі керек. Информатика пәнін оқытуда жаңа ақпараттық технологияларды қолданудың маңызы өте зор. Сондықтан, ізденген ұстаздан ғана шығармашыл, дарынды шәкірттің шығары анық.

Бұл ғылыми жобаның басты мақсаты- қазіргі заман талабына сай ұстаз болудың бір сатысын қалау. Жаңа заман IT технологияларды сәтті және ұтымды пайдалануды талап етеді. Әр жаңашыл мұғалім біз ұсынған платформалар жиынтығын өз кәсібінде пайдалана білсе, онда ол мұғалімнің білімділігін көрсетер еді.





























Пайдаланылған әдебиеттер:


1. Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасы.

2. Қазақстан мектебі. №6, 2006 жыл.

3. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы

4. "Информатика негіздері" ғылыми-әдістемелік журнал

5. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы

6. “Болашақтың іргесін бірге қалаймыз” Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы, 2011 жыл

7. Қазақстан Республикасы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы.

8. “Информатика негіздері” журналы №1, 2010 жыл


Пайдалынылғын интернет-ресурс тізімі:


  1. https://wordwall.net/ru

  2. https://ru.padlet.com/

  3. https://jamboard.google.com/.

  4. https://quizizz.com/

  5. https://www.flippity.net/

  6. https://learningapps.org/

  7. https://onlinetestpad.com/

  8. https://kahoot.com/

  9. https://docs.google.com/forms/

























Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!