Сабақты зерттеу-тәжірибе алмасу алаңы
Ибраева Турсынхан Жанаткановна,
директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары,
«Мектепке дейінгі шағын орталығы бар
Сайын Мұратбеков атындағы №9 орта мектеп» КММ
Кәзіргі таңдағы мектеп талаптарына сәйкес - мектеп әкімшілігінің және педагогтардың ұдайы даму, іздену үстінде болатын ұжымынан құрылуда. Сондықтан батыл шешім қабылдағыш, педагогикалық мақсатқа сай өзгерістерге бейімделетін, білім беру инновациалық технологияларын, оқыту мен тәрбиелеудің тиімді әдістерін игеру, ұйымдастыру және психологиялық құрылымдарды өзгерту, ұйымдастыру - басты қағида.
2022-2023 оқу жылында «Мінсіз мектеп» бағдарламасы бойынша ғылыми-әдістемелік жұмыстың инновациялық қызметінің бағыты, құрылымы және жоспары құрылып, жүзеге асырылды. Инновациялық қызмет - жаңашылдықтар мен инновациялық үдерістерді игерудің мəнін ашуға, мұғалімдердің педагогикалық идеяларын іске асыруға, əзірлеуге жəне жүзеге асыру қабілетін қалыптастыруға ықпал етуде.
Мақсаты: Мектеп мәдениетін қалыптастыру, оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту.
Күтілетін нәтиже:
-
Мектеп ұжымында ынтымақтастық орта және жағымды психологиялық ахуал қалыптасады;
-
Мұғалімдердің кәсісби біліктілігі артады;
-
«Оқушы үні» арқылы оқушының қажеттілігі қанағаттандырылады;
-
Сабақ процесінде тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым дағдылары дамиды;
-
Серіктес мектептер арасында оқыту тәжірибесімен алмасудың тікелей тетігі қамтамасыз етіледі.
Соның ішінде Lesson Study – мұғалім тәжірибесі саласындағы білімді жетілдіруге бағытталған, сабақтағы іс-әрекеттегі зерттеудің ерекше үлгісі болып табылатын педагогикалық тәсіл.
Мектеп бойынша Сабақты зерттеу үрдісі бастауыш және орта және жоғары буында барлық пәндер аясында қолданылды. Мұғалімдер оқу сапасын арттыру үшін белгілі бір педагогикалық тәсілді\стратегияны, оқыту мен оқу әдіс-тәсілдерін қалай дамытуға болады деген мәселені шешу үшін оқушылардың білімді қалай игеретінін зерттеді.
Мектеп бойынша инновациялық қызметті ұйымдастыру барысында 09.11.2022 жылғы №384-ө бұйрықпен 17 Сабақты зерттеу топтары құрылды. Олардың қатарына әкімшілік мүшелері, мектеп тренерлері, деңгейлік курстан өткен ұстаздар, ӘБ жетекшілері,жас мамандар кірді. Сабақты зерттеу (LS) өзін - өзі басқару, реттеу мен дамытудың ұтымды құралы ретінде бірлесе жоспарлаудың, тәжірибеде туындаған мәселелерді бірлесе шешудің, сабақ жоспарларын жақсарту үшін сабақтарды бірлесе талдау мен талқылаудың үздіксіз даму мүмкіндігін беретіндігіне күн сайын көз жеткізудеміз. Lesson Study - оқушыға білім берудегі ұтымды тәсілдерді жетілдіруді көздеген, бір мақсатқа жұмылған ұстаздар шеберханасы.
Тақырыбы: Оқыту мен оқу үдерісіндегі іс-әрекетті зерттеу бойынша жүргізілген жұмыстарды зерделеу арқылы білім сапасын арттыру, мұғалімдердің іс-тәжірибесімен бөлісу, тарату.
Мақсаты: Мұғалімдердің оқу мен оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдердерінің тиімділігін анықтау және білімдерін тәжірибеде тиімді қолдана алуына ықпал ету.
Шыққан нәтиже:
1.Мұғалімдерде кәсіби білімдерін үнемі көтеріп отыру қалыптасты;
2.Педагог мамандардың шығармашылық көшбасшылық қабілеттері жоғарлады;
3.Білім берудің жоғары нәтижесіне (пәндік олимпиадалар, ғылыми зерттеу жобалар, пәндік сайыстар т.б) қол жеткізді;
4.Сабақты зерттеу, іс-әрекетті зерттеу жұмыстары жүйелі түрде жүргізілді;
5.Мұғалімдер мектепішілік, қалалық, облыстық, республикалық, халықаралық деңгейлерде іс-тәжірибесін таратты.
Зерттеу жұмысына кәсіби оқыту әдісін енгізуге бейіні бар мұғалімдер (сауалнама, социограмма) іріктелініп алынды. Топ құрамына модератор болып тәжірибелі мұғалімдер іріктелді. Әр топтың зерттеу сұрақтары, қолданылатын стратегиялары, күтілетін нәтижелерін анықтап, топ мүшелерімен отырыс өткізіді. Неге оқытудың әдістерін зерттеу керек? Қалай жүзеге асырамыз? Ол үшін не істеуіміз керек? Осы срақтарға жауап бере отырып, жүйелі зерттеу, іздену жұмыстары ұйымдастырылды. Жинақталған деректерді сараптап, «Сүзгіден өткізу» әдісі арқылы зерттеу сұрақтары анықталды. Олар негізінен топтастырып, түрлерге жинақталды.
Зерттеу сұрағының түрлері топтастырылды:
-сипаттамалық (мысалы, Оқушылар мұғалімнен қаншалықты жиі көмек сұрайды?);
-өзара байланыстырушы (Оқушылардың эмоциялық интеллект деңгейі мен өзін басқара білу қабілеті арасындағы байланыс қандай?);
-салыстырмалы (Адал немесе авторитарлы көшбасшы кезінде команда жұмысының айырмашылығы қандай?);
-себеп-салдарлы (Белсенді стратегияларды қолдану оқушының қызығушылығын арттыруға қалай әсер етеді?).
Бекітілген жоспарға сәйкес жыл бойы «Сабақты зерттеу» топтарының біріккен сабақтары арқылы оқыту мен оқу үдерісіндегі мұғалімдерге кәсіби қолдау көрсету арқылы оқушылардың білім сапасын арттыру, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын қалыптастыру мақсатында зерттеу сабақтары жүргізілді.
Мектеп бойынша құрылған сабақты зерттеу топтары келесі бағытта жұмысты атқарды:
- Lesson Study-ді қандай сыныпта өткізетіндіктерін анықтап алды;
- Әртүрлі білім алушы топтың шынайы өкілі болып табылатын үш оқушы анықталды;
- Жалпы дағдылар немесе жекелеген пәндер үшін қажетті дағдылар бойынша сыныпта оқитын оқушылардың ішінен жоғары, орта, төмен көрсеткіштері бар топтар таңдалды;
- Lesson Study-дің аяғында әр оқушыдан қандай нәтиже күтетінімізді нақтыладық;
-Оқыту әдісінің қолданылу ретіне назар аудара отырып, сабақтың әр кезеңі жоспарланды;
- Бақылаудағы әрбір оқушыдан қандай реакция күтетініміз болжанып бақылау парағына жазылды. Бақылаушылар арасында кім қай бақылаудағы оқушыны (оқушыларды) қадағалайтынын келісілді;
- Сабақ барысында қолданылатын ресурстар қалай қолданылатындығы дәл анықталды;
- Lesson Study топтары зерттеу жұмысын аяқтаған соң оқушылардың пікірін, не пайдалы болғанын, олардың нені білгенін және олардың көзқарасы бойынша, оны одан да пайдалырақ ету үшін, сабақты тағы бір рет өткізсе нені өзгертуге болатыны туралы пікірін білу үшін бақылаудағы оқушылардан сұхбат алынды;
- Зерттеу сабақтан кейін бірден жиналып, топ мүшелері Lesson Study-ден кейінгі жетістікті, жіберілген кемшілікті, оны жою жолдары қарастырылып талқыланды.
Жұмыс барысында туындаған қиындықтарды, шешу жолдарын қарастырып топ мүшелері осы оқу жылында жұмысты жалғастырды.
Мектеп тренері әр топ модераторлары мен топ мүшелерімен кездесулер ұйымдастырып, кәсіби қолдау жұмысы ұйымдастырылды. Жаңадан топқа қосылған ұстаздар үшін сұрақтар қоя отырып, сабақты зерттеудің қадамдары/алгоритмі берілді.
-
Зерттеу сұрағы қалай жасалады?
-
Зерттеу тақырыбын таңдаңыз;
-
Таңдаған тақырыбыңыз бойынша алдын ала зерттеу жүргізіңіз;
-
Таңдаған тақырыбыңыз бойынша “қалай” және “неге” деген ашық сұрақтар қойыңыз;
-
Әртүрлі типтегі сұрақтарды ойластырыңыз;
-
Өз аудиторияңызды зерделеңіз;
-
Ең жақсы сұрақты таңдаңыз т.б.
Жоспар негізінен оқыту әдісін:
- оқыту үшін, оқу үшін бағалау әдістерін дамыту;
- А,В,С деңгейдегі таңдап алған оқушыларды және сыныпты бақылау арқылы өзгерісті анықтау;
- оқушылардың пікірін түсіну;
- түйінді идеялар негізіндегі оқытуды жақсарту нәтижелілігін зерделеу;
- қайта жоспарлау негізінде оқытуды жақсарту бойынша топ мүшелерінің ұсыныстарын ескеру;
- оқушылардың пікірін, қажеттіліктерін түсіну (кері байланыс);

- зерделенген сабақ пен жаңа ұсыныс негізіндегі сабақтың тиімділігін арттыру;
- ерделенген сабақ пен жаңа ұсыныс негізіндегі сабақтың тиімділігін арттыру;
- мұғалімдермен коучинг-семинар өткізу.
Кездескен қиындықтарды шешу жолдары қарастырылып, оқыту коучингтары ұйымдастырылды.
Мектепте Сабақты зерттеу тиімділігі
|
Мұғалімдер үшін |
Оқушылар үшін |
|
Бірлесіп жұмыс жасау арқылы, өзара ынтымақтастық орнады; Сабақты зерттеу үрдісіне қатысып, оқыту дағдыларын дамытты; Кіріктірілген сабақтар тиімділігі анықталды; Кәсіби даму мүмкіндігіартты; СТО жоғарылады; Жинақталған ақпараттарымен бөлісу шеберханасы пайда болды. |
Оқушылардың сапалы білім алуына мүмкіндік туды; «Оқушы үні» арқылы өз ойларын нақты жеткізу,ұсыныстар айту; Бір-бірін бақылайды, салыстырады, қорытындылайды; Сыни ойлау дәрежесіне жетту; Кері байланыс арқылы өзіндік пікірі қалыптасты. |
Бірлескен жұмысты құжаттау.
Бірлескен жұмыс нәтижелерін құжаттау үшін жұмыстың бағыттары, атқаратын міндеттері және бөлінген рольдерімен танысып, атқарылған жұмыс нәтижесін SWOT талдау арқылы, атқарған жұмыстың күшті тұстары мен мүмкіндектеріне талдау жүргізілді.
Бірлескен жұмыстың тиімділігін анықтау барысында жасаған негізгі іс-әрекеттердің қысқаша сипаттамасына тоқталу, не/қандай жұмыс сәтті болды? Атап көрсетсе:
Туындаған қиындықтар және іске асырылған шешімдерді қабылдау;
Жоспар мен нақты іске асқан жұмыстың түсіндірмелермен айырмашылықтарын анықтау.
Бірлескен жұмыс нәтижесін шығаруда:
-
Сауалнама арқылы оқушыларда, мұғалімдерде, ата-аналар арасында өзара әрекеттесу мен қарым-қатынаста біз қандай өзгерістерді көрдік?
-
Мектептің білім беру процесінде қандай өзгерістерді көрдік? Талдау жасаймыз.
Қорытындысын шығару кезеңінде:
- Жоспарланған жұмыс бойынша қорытынды шығару;
Жіберілген кемшіліктер бойынша алдағы атқаратын жұмыстын алгоритімін жасалды.
Сабақты зерттеу жұмысын құжаттандыру: жоспар, хаттама, цикл сабақтарының ҚМЖ-сы мен бақылау парақтары, сұхбат, талдау, кері байланыстан кейінгі талдау. Атқарылған жұмыстардың нәтижесін шығаратын қадамдарын ұсына отырып, әдістемелік материалдар жиынтығын құру әдістемелік нұсқаулықтар, оқу-әдістемелік бюллетеньдер, ұсынымдар т.б түрі арқылы құжатталды.
Жетекші мектеп пен серіктес мектеп имиджін жарнамалау, жеткен нәтижелерді жариялау арқылы қалыптастырылып отыр.
Бірлескен коучинг пен тәлімгерлік (белгілі уақыт көлеміндегі жарияланым): кәсіби сұхбат,мониторинг жүргізу арқылы;
Жедел жарияланым (орындалған жұмыс нәтижесін қолма - қол жариялау).
Белгілі уақыт көлемінде орындалатын жарияланым (бір ай көлемінде).
Атқарылған жұмыстардың нәтижесін диаграмма, гистограмма, сауалнама, социограмма талдауларын салыстырмалы түрде нақты дәлелдерді қолдана отырып аналитикалық есеп түрінде ресми түрде жарияланды.
Жарияланымдарды сондай-ақ ішкі және сыртқы деп топтастырамыз.
Ішкі жарияланымға: бірлескен жұмыстың нәтижесін таныстырылым, талдау арқылы әдістемелік және педагогикалық кеңестерде қарап, жариялаймыз.
Сыртқы жариялымға: серіктес мектептермен бірлесіп, біліктілікті арттыру және кәсіби даму мақсатында бірлескен іс-шаралар өткізіп: семинарлар, коучингтер, вебинарлар, шеберлік сабақтары, ашық есік күндері және т.б. түрін қолдана отырып, жұмыс нәтижесін қала, облыс, республикалық кезеңдерде жарияланды.
Бірлескен жұмыс нәтижелері тәжірибе алмасу үшін БАҚ -да да жариялап отырамыз. Атап айтса 2020 жылдан бері: «Диалог, Тағылым, Үздік ұстаз және т.б көптеген басылымдардарда жарияланды.Сонымен қатар ортақ проблемалық сұрақты шешудегі бірлескен жұмыс нәтижесін әлеуметтік желіде, яғни сайт, блогтар, ресурстық порталдар арқылы ақпараттық-әдістемелік іс-тәжірибе алмасу мақсатында жарнамалаймыз, жариялаймыз. Мысалы: Facebook\Instagram\Youtube парақшаларында.
LS сабақтарды талқылау кезінде оқушылардың мысал мен дәлел келтіруді ажырата алмауы, қорытынды жасауға, тұжырымдап сөйлеуге әлі де болса оқушыларды төселдіру керек екендігіне көзіміз жетті. Жоспарлау кезінде жиналған деректерді үнемі жаңғыртып, өзгерістер енгізіп отыру үнемі назарда. Ол үшін іс-шаралардың орындалуы тексеріліп, бағамдау жүргізілді. Жоспарға түзету енгізу белгіленген іс- шаралардың тиімділігін арттыруға мүмкіндік туғызды. Мектеп қызметкерлерін, ата-аналарды, оқушыларды жетістіктермен, қажет болса, кездесетін кедергілермен үнемі хабардар етіп отырдық. Ол үшін мектептегі веб-сайттарды, мектеп бюллетенін, ашық есік күндерін, баспасөз парақтарын, БАҚ құралдарын пайдаландық.
1-сурет. Сабақты зерттеу топтарының құжаттары

Сабақты зерттеу нәтижесінде:
-
Оқушылардың айтылым және тыңдалым белсенділігі артты;
-
Мәселені шығармашылықпен, ізденушілікпен шеше алуға тырысады;
-
Өз тұжырымын ұсынады және дәлелдей алады;
-
Іс-әрекетіне жауап беру жауапкершілігі артты;
-
Оқудағы әрекеттестікті жоспарлай алады;
-
Ойын нақты әрі дәл жеткізе алады.
2022-2023 оқу жылында НЗМ ПШО, облыстық, республикалық,халықаралық режимінде өткізілетін сабақтар мен семинарларға пән мұғалімдерінің қатысуы ұйымдастырылды.
Сабақты зерттеу (LS) өзін - өзі басқару, реттеу мен дамытудың ұтымды құралы ретінде бірлесе жоспарлаудың, тәжірибеде туындаған мәселелерді бірлесе шешудің, сабақ жоспарларын жақсарту үшін сабақтарды бірлесе талдау мен талқылаудың үздіксіз даму мүмкіндігін беретіндігіне күн сайын көз жеткізудеміз. Lesson Study - оқушыға білім берудегі ұтымды тәсілдерді жетілдіруді көздеген, бір мақсатқа жұмылған ұстаздар шеберханасы. Атап айтса:
- 2022 жылдың қараша айының 28 күні «Lesson Study сабақты зерттеу, іс-әрекеттегі зерттеу» жобасы-тәжірибедегі өзгерістер негізі» облыстық семинарына директордың оқу-тәрбие ісі (ғылыми-әдістемелік) жөніндегі орынбасары, мектеп тренері Т.Ж.Ибраева, бастауыш сынып мұғалімі, мектеп тренері Г.С.Кудагельдинова, бастауыш сынып мұғалімі А.Н.Шыңғысова «Тиімді сабақ, стратегияны таңдау және өзіндік талдау» тақырыбымен облыстық семинарда шебер сынып көрсетті. Шебер сыныптың мақсаты: Тиімді сабақ құруда, стратегияны таңдауда және өзіндік талдау жүргізуде, мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін дамыту үшін жағдай жасау. Шебер сынып барысында аймақтан келген ұстаздарға зерттеу сабақтарында стратегияны таңдау кезінде мұғалімдердің өзін-өзі әдістемелік тұрғыда анықтауы үшін жағдай жасауды, берілген тақырыптағы проблема бойынша әдістемелік ұсынымдар мен сабақты жоспарлаудың алгоритмдерімен таныстырды. Білім беру және педагогикалық қызметтегі тәжірибелік тапсырмаларды шешуде кәсіби құзыреттілік пен ынтымақтастықты, өз қызметі мен әріптестерінің қызметін талдау кезінде мұғалімдердің кері байланыс беру дағдыларын дамыту жолдарын меңгеруге ықпал етті. Сонымен бірге осы мектеп ұстаздары облыстық семинарда зертеу сабақтарын жоғары деңгейде өткізіп, әріптестерінен кері байланыс алып, тәжірибелерімен бөлісті. Атап айтса, «Расчет плотности» тақырыбында физика пәнінің мұғалімі, модератор С.А.Курмангалиева топ мүшелерімен (Б.Н.Солтанханова,тарих пәні, А.С.Серикова, математика пәні, А.К.Добаева, ағылшын тілі пәні), жаратылыстану пәні бойынша «Дыбысты бәсеңдетуге бола ма?» тақырыбында бастауыш сынып мұғалімі, қосымша тартылған НЗМ ПШО тренері А.Б.Сауранбаева тобымен (бастауыш сынып мұғалімдері: Ж.М. Омарова, А. Асылбаева, Қ.Төлеген).
2-сурет. Облыстық семинарда шебер сынып

- 2022 жылдың желтоқсан айының 15 күні облыстық НЗМ педагогикалық шеберлік орталығы ұйымдастырған облыстық форумда директордың оқу-тәрбие ісі (ғылыми-әдістемелік) жөніндегі орынбасары, мектеп тренері Т.Ж.Ибраева жетекші мектептер арасында үйлестіруші ретінде «Сабақты зерттеуде бірлескен жұмыс нәтижелерін құжаттау және оларды жариялауға қалай қол жеткізуге болады?» тақырыбында тәжірибе бөлісті. Жетекші мектептердің негізгі де басымдық беретін қызметі – серіктес мектептерге қолдау көрсету. Жетекші мектептердің басты ұстанатын қағидаттары білім саласындағы қандай болмасын жаңалықтар мен өзгерістерге ашық болу, сол бағытта белсенді шараларды жоспарлау, үнемі кәсіби даму.
Бірлескен жұмыс нәтижелерін құжаттау үшін жұмыстың бағыттары, атқаратын міндеттері және бөлінген рольдерімен таныстырып, атқарылған жұмыс нәтижесін SWOT талдау арқылы, атқарған жұмыстың күшті тұстары мен мүмкіндектеріне талдау жасады. Құжаттау кезінде бірлескен жұмыстың тиімділігін анықтау барысында жасаған негізгі іс-әрекеттердің қысқаша сипаттамасына тоқтала отырып, не/қандай жұмыс сәтті болды? сұрақтарына жауап берді.Туындаған қиындықтар және іске асырылған шешімдер қабылдау кезінде жоспар мен нақты іске асқан жұмыстың түсіндірмелермен айырмашылықтарын айтып берді.
Бірлескен жұмыс нәтижесін шығаруда сауалнама арқылы оқушыларда, мұғалімдерде, ата-аналар арасында өзара әрекеттесу мен қарым-қатынаста біз қандай өзгерістерді көрдік?
Мектептің білім беру процесінде қандай өзгерістерді көрдік? Мектептің зерттеу жұмысына талдау жасау түрлерін көрсетті.
Қорытындысын шығару кезеңінде жіберілген кемшіліктер бойынша алдағы атқаратын жұмыстын алгоритімін атап өтті.
3-сурет. Облыстық НЗМ ПШО ұйымдастырған облыстық форумда

-
- сурет. Республикалық кезеңде тәжірибе тарату

-
2022 жылдың 25-30 қараша күндері Түркия елінің астанасы Стамбул қаласында «Іс-әрекетті зерттеу - мектепте» тақырыбында халықаралық семинар-курсқа мектеп директоры, ағылшын тілі пәні мұғалімі Л.А.Сембаева, химия пәні мұғалімі, қосымша тартылған НЗМ ПШО тренері М.М.Тленчиева қатысып, кәсіби біліктіліктерін көтеріп, тәжірибе алмасып келді.
- 2022 жылдың желтоқсан айының 19-22 күндері аралығында БАӘ, Дубай қаласына халықаралық ғылыми-тәжірибелік педагогикалық «12 Global teaching Dubai» семинарына мектептің тәжірибелі ұстаздары: бастауыш сынып мұғалімі, қосымша тартылған НЗМ ПШО тренері А.Б.Сауранбаева белсенді қатысып, жоғары нәтиже көрсеткені үшін және «Инклюзивті білім беру – бәріне бірдей мүмкіндік» тақырыбында шебер сынып көрсетіп, тәжірибе алмасқаны үшін ІІ дәрежелі дипломмен, арнайы төс белгімен марапатталды; Ибраева Турсынхан Жанаткановна, директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары «Сабақты зерттеу-кәсіби дамудың құралы» тақырыбындағы шебер сабағы І дәрежелі дипломмен, «Үздік ұстаз» төсбелгісімен марапатталды.
Республикалық, облыстық іс – шараларға қатысушы ұстаздардың кәсіби көзқарасында түбегейлі өзгерістер байқалды. Республикалық, облыстық конференцияларға қатысу деңгейі артты.
5- сурет. Халықаралық деңгейде тәжірибе алмасу
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Сабақты зерттеу - тәжірибе алмасу алаңы

шағым қалдыра аласыз