Сабақтың тақырыбы: Дидактикалық ойын: «Тілші»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сабақтың тақырыбы: Дидактикалық ойын: «Тілші»

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты: Балабақшадағы сыйластық туралы түсініктерін кеңейту.Ұжымдық қарым-қатынас дағдыларын дамыту. Әдепті және сыпайы сөйлеу мәнерін қалыптастыру. Қажетті құрал – жабдықтар: қуыршақ, тақырыпты суреттер.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ересек тобының балаларына арналған үйірме жұмысының үлгі технологиялық карталары

Білім беру саласы: Қатынас.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: қазақ тілі сабағының үйірме жұмысы.

Апта тақырыбы: «Біз қалай сәлемдесеміз?».

Сабақтың тақырыбы: «Біз қалай сәлемдесеміз?».

Мақсаты: Балабақшадағы сыйластық туралы түсініктерін кеңейту.Ұжымдық қарым-қатынас дағдыларын дамыту. Әдепті және сыпайы сөйлеу мәнерін қалыптастыру.

Қажетті құрал – жабдықтар: қуыршақ, тақырыпты суреттер.

Сөздік жұмысы: Сәлеметсіз бе!-здравствуйте!, Сәлем! –привет!. Сауболыңыз, сау бол-досвидания!.

Оқу

іс-әр

Педогогтың іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Есеп

+

-

Мотивациялық- қозғаушылық

Балалар шеңбер жасап, амандасу рәсімін орындайды.

Кабинетке ұлттық киімдегі әдемі қуыршақ Айжан келеді.

-Сәлеметсіңдер ме,балалар!

Қуыршық Айжан сендермен қазақ тілінде амандасты. Балалар енді бәріміз Айжанмен амандасайық.

Қуыршақ Айжан суреттер ала келіпті.

Балдырған балалар.
досты көп табамыз
қашанда, қайда да,
достар бір-біріне,
сенмді боламыз!


Балалар амандасады.

____________________________________________________________________________________________________________

____________________________________________________________________________________________________________

Ұйымдастырушылық-ізденістік

1.Мұғалім балаларға екі бала амандасып тұрған суретті көрсете отырып, олар өзара: «Сәлем», - деп амандаса алатынын түсіндіреді де, бір баламен: «Сәлем», - деп өзі амандасып көрсетеді. Осыдан кейін балалардың назарын үлкен адаммен амандасу үлгісіне аударып, үлкен кісілермен «Сәлеметсіз бе!» - деп амандасатындарын үйрету. Осылай қоштасу үлгісі бойынша берілген суреттермен де жұмыс жасалады.

2. Балаларды шеңберге тұрғызып, амандастырып жаттықтыру.

Атын атай отырып амандасу, қоштасу – балалардың бір-бірінің атын есте сақтауына, өзара жылы қарым-қатынас орнатуына ықпал ету.


3.Сөздік жұмысы:


4.Осыдан кейін балаларды үлкен адаммен амандасуы мен қоштасуын жаттықтыруға көшу. Ол үшін қонаққа арнайы бір –екі үлкен адамды шақырады (педагог, тәрбиеші, күтушілер т.б. болуы мүмкін). Олардың қатысуымен амандасу, қоштасу үлгілерін жаттықтыру.

Балалардың назарлары суретке аударады.

Суретпен жұмыс.




-Асқар, сәлем!

-Сәлем, Қанат!








Балалар шеңберге тұрып амандасады.

- Сәлеметсіз бе!-здравствуйте!

-Сәлем! –привет!

Сау болыңыз-досвидания!



-Сәлеметсіз бе!

-Сәлемет пе!


________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Рефлексиялық-түзетушілік

Балалармен оқу іс-әрекеті барысынан алған әсерлері туралы еркін әңгіме жүргізу арқылы сабақты қорытындылау

Қойылған сұрақтарға жауап береді.

________________________

________________________

Күтілетін нәтиже:

Амандасу, қоштасу сөздерді біледі;

Қазақ тілінде сөйлеуде сөздерді орынды қолдануды игереді;

Әдепті және сыпайы сөйлеу мәнерін меңгереді .



Ересек тобының балаларына арналған үйірме жұмысының үлгі технологиялық карталары

Білім беру саласы: Қатынас.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: қазақ тілі сабағының үйірме жұмысы.

Апта тақырыбы: «Біз қалай сәлемдесеміз?».

Сабақтың тақырыбы: Дидактикалық ойын: «Тілші»

Мақсаты: Балабақшадағы сыйластық туралы түсініктерін кеңейту.Ұжымдық қарым-қатынас дағдыларын дамыту. Әдепті және сыпайы сөйлеу мәнерін қалыптастыру.

Қажетті құрал – жабдықтар: қуыршақ, тақырыпты суреттер.

Сөздік жұмысы: -Сенің атың кім? –как тебя зовут?, -менің атым..-меня зовут...

Оқу

іс-әр

Педогогтың іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Есеп

+

-

Мотивациялық- қозғаушылық

Мұғалім балалармен жылы қарым-қатынас орната отырып, олардың оқу іс-әрекетіне деген жақсы көңіл күйінің қалыптасуына баса көңіл аударады.

Сәлем күн!

Сәлем аспан!

Сәлем достар! (балалар бір-бірімен құшақтасады)

Қолдарын күнге одан аспанға қаратып, бір-бірімен құшақтасып амандасады.






________________________________________________________________________________________________

________________________________________________________________________________

Ұйымдастырушылық-ізденістік

1.Мұғалім балаларға сурет бойынша амандасу үлгілерін қайталатады. : «Сәлем», - үлкен кісілермен «Сәлеметсіз бе!» - деп амандасатындарын естеріне түсіру. Осылай қоштасу үлгісі бойынша берілген суреттермен де жұмыс жасалады.

2.Педагог балаларды жұмыс-дәптердегі «Сенің атын кім?» тақырыбына арналған оқу іс-әрекетінің үлгісімен таныстырады. Сурет бойынша танысу үлгісін қайталату. Аудиотаспадағы танысу үлгісінің тек алғашқы жартысын ғана қосып, топтағы балалардың өздеріне жауап бергізуге болады.Бұл сұрақты сөйлем түрінде толық қабылдауға жаттықтырады. Неғұрлым көбірек тыңдаған сайын, балалар соғұрлым жеңіл қабылдайды.

3.«Тілші» дидактикалық ойыны

Мақсаты: Қойылған сұраққа толық жауап қайтара білу.

4.Диалог


Балалар «Сәлем!», «Сәлеметсізбе!» деген амандасу үлгілерін хормен бір неше рет қайталайды.






«Сенің атын кім?» деген сұраққа балалар «Юра» деген сияқты қысқа жауап береді.






Ойынның шарты: Жүргізуші бала тақырып бойынша балаларға сұрақ қояды, жауаптарын алады.

Осыдан кейін балалар бір-біріне сұрақ қойып диалог жүргізеді.

-сенің атым кім?

-менің атым Дима

-сенде қандай ойыншық бар?

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ ____________________________________

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Рефлексиялық-түзетушілік

Балалармен оқу іс-әрекеті барысынан алған әсерлері туралы еркін әңгіме жүргізу арқылы сабақты қорытындылау

Қойылған сұрақтарға жауап береді.

____________________________________

______________________________


Күтілетін нәтиже:

Біледі: -сөздерді дұрыс айта алу, орынды қолдана біледі;

Игереді: -«Сенің атын кім?» деген сұрақты түсінеді, бұл сұраққа қысқа жауап бере алуды игереді;

Меңгереді:-балалар танысу үлгісін меңгереді;


Ересек тобының балаларына арналған үйірме жұмысының үлгі технологиялық карталары

Білім беру саласы: Қатынас.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: қазақ тілі сабағының үйірме жұмысы.

Апта тақырыбы: « Қуыршақ Айгүлдің көмекшілері»

Сабақтың тақырыбы: « Қуыршақ Айгүлдің көмекшілері»

Мақсаты: Қазақ тілі фонетикасына тән тіл дыбыстарын дұрыс айтуға үйрету. Мұғалімнің үлгісі бойынша балалардың ойыншықтарды сипаттай білу білігін жетілдіру. Ойыншықты суреттеу арқылы әңгіме құрау. Балаларды ертегі кейіпкерлерінің рөліне еніп, сахналауды үйрету.

Қажетті құрал – жабдықтар: екі қуыршақ.

Сөздік жұмысы: қуыршақ-кукла, дене мүшелері-части тела

Оқу

іс-әр

Педогогтың іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Есеп

+

-

Мотивациялық- қозғаушылық

Ғажайып сәт: қонаққа екі қуыршақтың келгенін хабарлау.

-Балалар, ең алдымен бізге қонақ келсе не дейміз?

-Балалар, амандасудың да көптеген түрлері бар?

-Ендеше, біз екі қонағымызды төрге шығарайық.

-Балалар, екі қыз апалы-сіңлі екен. Яғни екеуі де бір үйдің қызы екен.


Балалар қызыға қарайды.


-Амандасамыз.

-Сәлеметсіз бе? – Аман-есенсіз бе?


-Қош келдіңіздер!

_________________________________________________________________________________________________ ________

__________________________________________________________________________________________


Ұйымдастырушылық-ізденістік

Енді осы екі қызға қарап отырып, шағын әңгіме құрайық.Әңгіменің тақырыбы: «Айгөлек пен Айгүл»

-Иә, яғни Айгүл қазақтың ұлттық киімін киіп алыпты. Қарандаршы қандай әдемі

-Біздің ұлтымыз қалай аталушы еді?

-Иә, біздің Республикамыздың аты?

-Біздің жерімізде басқа ұлт өкілдері тұрады.олар қандай ұлт өкілдері?

-Дегенмен біз барлық ұлт өкілдерімен бірге тату-тәтті өмір сүріп жатырмыз.

-Ал енді, балалар, бізге келген екі қуыршақтың қызды әңгімелейік. Айгүлдің шашы қандай ?

Фонетикалық жаттығу: Әженің әлдиі. Әжеміз кішкентай бөбекті ұйқтатарда «Ә...ә...ә..әлди-әлди ақ бөпем..» деп әндетеді. Кәне, бізде әндетейік.

Д/ойын:«Қуыршақ Айгүлдің көмекшілері» Мақсаты: баланың тілін дамыту.Ойын барысы:- Бізге қонаққа Айгүл өзінің көмекшілерімен келді. Мен сендерге оларды көрсетемін, ал сендер оларды айтып берулерің керек.Қуыршақ үстел үстімен жүреді, тәрбиеші аяқтарына көрсетеді.

- Бұл не?

- Олар – Айгүлдің көмекшілері.

-Олар не істейді?

Басқа дене мүшелеріне тоқталады..

-Әрине ұнатамыз.




-Біздің ұлтымыз қазақ.

-Біздің Республикамыз Қазақстан деп аталады.

-Орыс, татар, кәріс, ұйғыр, өзбек, қырғыз т.б.

-Айгүлдің шашы қара, бұрым-ды, қолаң жіне ұзын болып өріліпті.Көздері дөңгеленген, қиғаш қасы, қыр мұрынды, әдемі ауызы бар. Ол үнемі өзінің қасынан сіңлісін тастамайтын қыз екен. Оның сіңлісінің аты- Айгөлек.


Фонетикалық жаттығуды орындайды.


- аяқтар
-жүреді, жүгіреді, билейді.
Қолдар – алады, сурет салады, жұмыс жасайды,…
Тістер – тістейді, тамақ жейді, … .Көздер – көреді, жылайды,…

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Рефлексиялық

Балалармен оқу іс-әрекеті барысынан алған әсерлері туралы еркін әңгіме жүргізу арқылы сабақты қорытындылау

Қойылған сұрақтарға жауап береді.

________________________

____________________

Күтілетін нәтиже:

Біледі: екі ойыншыққа сипаттама бере білу;

Игереді: әңгімелуді игереді;

Меңгереді: қазақ тілі фонетикасына тән тіл дыбыстарын дұрыс айтуды.

Ересек тобының балаларына арналған үйірме жұмысының үлгі технологиялық карталары

Білім беру саласы: Қатынас.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: қазақ тілі сабағының үйірме жұмысы.

Апта тақырыбы:: « Қуыршақ Айгүлдің көмекшілері»

Сабақтың тақырыбы: Қуыршақ театры.

Мақсаты: Қазақ тілі фонетикасына тән тіл дыбыстарын дұрыс айтуға үйрету. Мұғалімнің үлгісі бойынша балалардың ойыншықтарды сипаттай білу білігін жетілдіру. Ойыншықты суреттеу арқылы әңгіме құрау. Балаларды ертегі кейіпкерлерінің рөліне еніп, сахналауды үйрету.

Қажетті құрал – жабдықтар: екі қуыршақ.

Сөздік жұмысы: қуыршақ-кукла

Оқу

іс-әр

Педогогтың іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Есеп

+

-

Мотивациялық- қозғаушылық

Жұмбақ:

Аяғы бар, жүрмейді,

Аузы бар, күлмейді.

Айнымайды бөпемнен,

Тек сөйлеуді білмейді.


Жұмбақтың шешуін табады.

Қуыршақ

________________________________________________

________________________________________

Ұйымдастырушылық-ізденістік

«Мен бастаймын, сен қоста» сөздік ойыны.

Қуыршақ театры арқылы ертегіні сахналау. Ширма қойылады, ертегіге сәйкес музыка қосылады. Балалар Ертегінің оқиға желісін бұзбай, эмоциялық сезіммен, қимыл-қозғалыс, дауыс ырғағын келтіріп ертегіні сахналауға үйренеді.

Қуыршақ театрын көрсету «Мақта қыз бен мысық» ертегісі

Тәрбиеші сандықты ортаға қояды да, оның ішіндегі заттарды алып, әр қайсысын атап беруді сұрайды.Балалар ертегіні атайды,ол «Мақтақыз бен мысық»екенін танып айтады.Әр бала кейіпкерлерді алып, жеке,жеке рольдерге бөліп айтады. Оны сахналап, ойнайды,Әр кейіпкерлерді музыка әуенімен билеп, шығады.Ертегідегі кейіпкерлердің дауыс ырғағын келтіріп, ойнауды талап етеді.Балалар ертегіні мазмұнына қарай ойнайды.Ертегі осылайша жалғастырылады.


Сөздік ойынын ойнайды.


Ертегіні тыңдайды, сахналауға үйренеді.







Әр бала кейіпкерлерді алып, жеке,жеке рольдерге бөліп айтады. Оны сахналап, ойнайды,


__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________


__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Рефлексиялық

Балалармен оқу іс-әрекеті барысынан алған әсерлері туралы еркін әңгіме жүргізу арқылы сабақты қорытындылау

Қойылған сұрақтарға жауап береді.

____________________

____________________

Күтілетін нәтиже:

Біледі: ойыншықтарға сипаттама бере білу;

Игереді: әңгімелуді игереді;

Меңгереді: қазақ тілі фонетикасына тән тіл дыбыстарын дұрыс айтуды.




Ересек тобының балаларына арналған үйірме жұмысының үлгі технологиялық карталары

Білім беру саласы: Қатынас.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: қазақ тілі сабағының үйірме жұмысы.

Апта тақырыбы: «Не қайда өседі?»

Сабақтың тақырыбы: «Не қайда өседі?»

Мақсаты: Ойын арқылы білімдерін жетілдіру,ойлау қабілеттерін дамыту.Жемістер мен көкөністерді ажырата алуға үйрету. Қазақ тілі фонетикасына тән тіл дыбыстарын дұрыс айтуға үйрету.

Қажетті құрал – жабдықтар: жемістер мен көкөністер муляждары

Сөздік жұмысы: бау-бақша, бақ.көкөністер-овощи,жемістер-фрукты.

Оқу

іс-әр

Педогогтың іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Есеп

+

-

Мотивациялық- қозғаушылық

Сәлемдесу.


«Сыйқырлы қапшық » ойыны. Мақсаты: затты атап, сипаттап үйрету.

Балалар сәлемдеседі.

Ойын барысы: Бала сиқырлы қапшықтан жемістер мен көкөністерді кезекпен шығарады да айтады. оның атауын айтып, түсін, пішінін айтып, әңгімелеу. Мысалы, мынау алма, оның түсі кып-кызыл, пішіні дөп-дөңгелек, дәмі тәп-тәтті т.б.

__________________________________________________________________________________________________________________________________

_________________________________________________________________________________________


Ұйымдастырушылық-ізденістік

Фонетикалық жаттығу:Кім қалай дыбыстайды?

(баламен жеке жұмыс - түрліше тембрлік құбылыста айту)


Дидактикалық ойын: «Не қайда өседі?».

Максаты: балаларға жемістер мен көкөністерді кайда өсетінін, оларды ажырата білуге баулу. Саусак моторикасын дамыту.

- Жемістер кайда өседі?

- Ал көкөністер ше? (егер білмесе қайталату).

Жұмбақ:

Аспай піскен, кайнамай түскен.(Жеміс)

(Түсіндіру жұмысы жүргізіледі:

-Неге ол аспай, қайнамай піседі? Оларға күннің көзі, яғни күн пісуіне көмектеседі).

-Жемістерді жемес бұрын не істеу керек?

- Жемістердің, көкөністердің мол болуы, үлкен-үлкен болып өсуі неге байланысты?

«Жемістерді себетке жина» ойыны


- А, аа, аа, а, а, аааааа ..... (қуанышты дауыспен).

- Ааа, аа, а, а, ааа .... (ренішті дауыспен).

- А, аа, аааа, а, ааа ........(таң қалған дауыспен).

- Жемістер бақтағы ағаштарда өседі. Көкөністер бақшада, жерде

өседі.

Қимылын келтіріп

жаттығуды орындайды.

Алманы ағаштан үзіп аламыз. «Үз-үз-үз» деп

қайталап, ағаштан

жеміс жинағандай қимыл жасайды. Көкөністер мен

жемістерді күз мезгілінде жинаймыз. Күз-күз-күз

Балалардың жауаптары.

.Балалар жемістер мен көкөністерді себетке жинайды

___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

_________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Рефлексиялық

Балалармен оқу іс-әрекеті барысынан алған әсерлері туралы еркін әңгіме жүргізу арқылы сабақты қорытындылау

Қойылған сұрақтарға жауап береді.

________________________

__________________

Күтілетін нәтиже:

Біледі: жемістер мен көкөністерді және олардың пішіндерін ажыратуды;

Игереді: сөйлемде, сөз тіркестерді қолдануды игереді ;

Меңгереді: жемістердің бақта, көкөністердің бақшада өсетінін біледі.

Ересек тобының балаларына арналған үйірме жұмысының үлгі технологиялық карталары

Білім беру саласы: Қатынас.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: қазақ тілі сабағының үйірме жұмысы.

Апта тақырыбы: «Не қайда өседі?»

Сабақтың тақырыбы: «Дәміне қарай ажырат»

Мақсаты: Ойын арқылы білімдерін жетілдіру,ойлау қабілеттерін дамыту.Жемістер мен көкөністерді ажырата алуға үйрету. Қазақ тілі фонетикасына тән тіл дыбыстарын дұрыс айтуға үйрету

Қажетті құрал – жабдықтар: жемістер мен көкөністер муляждары

Сөздік жұмысы: сәбіз-морковь, қияр-огурец, алма-яблоко, алмұрт-груша, жүзім (дәмді-вкусный, тәтті-сладкий)

Оқу

іс-әр

Педогогтың іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Есеп

+

-

Мотивациялық- қозғаушылық

Сәлемдесу.

Қуаныш шеңбері:

Мен, сен, біз

Қол ұстасып бәріміз.

Бақшаға біз барамыз.

«Сөзді толықтыр» ойыны.

Мақсаты: Өткен сөздерді естеріне түсіру.

Балалар сәлемдеседі.

Шеңберге тұрып, өлең жолдарына сәйкес қимыл-қозғалыстар жасайды.

Өткен сөздерді естеріне түсіреді, көп ұпай жинауға тырысады.

________________________________________________________________________

____________________________________________________________

Ұйымдастырушылық-ізденістік

Фонетикалық жаттығулар:

Із-із-із- вот морковка сәбіз,

Яз-яз-яз-лук это пияз,

Нақ-нақ-нақ-қызыл қызанақ,

Ша-ша-ша-қызыл қызылша,

Рыш-рыш-рыш-қызыл, жасыл бұрыш.

Ма-ма-ма - өте дәмді алма.

Ұрт-ұрт-ұрт– тәтті алмұрт.


«Жалғастыр» дидактикалық ойыны. Бұл ойын сөздерді қайталап, бекітуге арналған.

Қи..., қына..., сә..., кө...



Күз туралы тақпақ жаттау.

Күзім-ау, күзім-ау,

Мінезің бұзық-ау.

Жаңбырың сіркіреп,

Тұрғаның қызық-ау!


Дидактикалық ойын: «Дәміне қарай ажырат»

Із-із-із- вот морковка сәбіз,

Яз-яз-яз-лук это пияз,

Нақ-нақ-нақ-қызыл қызанақ,

Ша-ша-ша-қызыл қызылша,

Рыш-рыш-рыш-қызыл, жасыл бұрыш.

Ма-ма-ма - өте дәмді алма.

Ұрт-ұрт-ұрт– тәтті алмұрт.


Қияр, қызанақ, сәбіз, көкөніс сөздерін айтады, сонан соң осы сөздердің тақтадан суретін көрсетеді


Күзім-ау, күзім-ау,

Мінезің бұзық-ау.

Жаңбырың сіркіреп,

Тұрғаның қызық-ау!


Балалар жемістер мен көкөністерді алып түсін,пішінін,дәмін айтады.

__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Рефлексиялық

Балалармен оқу іс-әрекеті барысынан алған әсерлері туралы еркін әңгіме жүргізу арқылы сабақты қорытындылау

Қойылған сұрақтарға жауап береді.

____________________

__________________

Күтілетін нәтиже:

Біледі: жемістер мен көкөністерді және олардың пішіндерін ажыратуды;

Игереді: сөйлемде, сөз тіркестерді қолдануды игереді ;

Меңгереді: күзгі табиғат құбылыстарын меңгереді;



Ересек тобының балаларына арналған үйірме жұмысының үлгі технологиялық карталары

Білім беру саласы: Қатынас.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: қазақ тілі сабағының үйірме жұмысы.

Апта тақырыбы: «Қуырмаш»

Сабақтың тақырыбы: Қуырмаш саусақ ойыны.

Мақсаты: Саусақ қимылдарын жасай білуге деген қызығушылықтарын туғызу.

Ертегі кейіпкелерін баланың саусағына кигізіп кейіпкердің даусын ырғағын салғызу.

Қажетті құрал – жабдықтар: Кішкентай саусаққа киетін қуыршақтар, суреттер.

Оқу

іс-әр

Педогогтың іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Есеп

+

-

Мотивациялық- қозғаушылық

Шаттық шеңбер құру.

Саусақ ойындарын ойнату үшін алдымен балаларға қарапайым саусақ жаттығуларын жасату.

Ойын ойнау: «Бес саусақ»

Бас бармақ – ата,

Балан үйрек – әже,

Ортан терек – әке Шүлдір шүмек – ана. Кішкентай бөбек – мен болам.

Балалар шеңберге тұрып, жылы сөздер айтады


Балалар суретке назар аударады.

Балалар тәрбиешінің айтқан сөздерін тыңдайды.



Балалар ойын ойнайды.

________________________________________________________________________________________________________________________

____________________________________________________________________________________________________________

Ұйымдастырушылық-ізденістік

Дыбыстың артикуляциясы. - тіл өз үйшігінде турыпты. Ол ұшақтың әнін үйренгісі келді. Ол күлімсіреп барлық тістерін көрсетті де, үйін кең ашты, дауысын қосты, құйыршығын тез жоғарғы есікке лақтырды суық желді жіберді. Тілі «р-р-р-р» деп ән айтты, құйыршықтың дірілдегенің сезді. Ұшақтың әнін бірге айтайық “ р-р-р”!

«Қуырмашты» айта отырып, қой, түйе, қасқыр, жылқы, ешкі, түлкі сөздерін сөздік қорларына енгізу.
Қуыр, қуыр, қуырмаш Қуыр-қуыр, қуырмаш,
Балапанға бидай шаша,
Тауықтарға тары шаш,
Әжең келсе есік аш,
Қасқыр келсе мықтап бас.
Мына жерде қой бар,
Мына жерде ешкі бар,
Мына жерде сиыр бар,
Мына жерде жылқы бар,
Мына жерде түлкі бар,
Мына жерде күлкі бар
Қытық-қытық , - Әр жануарды атағанда суретін немесе ойыншығын көрсету керек.

Балалар қайталайды.










Саусақ ойындарын тәрбишімен бірге жасайды.

__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

_________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________


Рефлексиялық

Балалармен оқу іс-әрекеті барысынан алған әсерлері туралы еркін әңгіме жүргізу арқылы сабақты қорытындылау

Қойылған сұрақтарға жауап береді.

____________________

__________________

Күтілетін нәтиже:

Біледі: жақсы сөздерді айту;

Игереді: саусақ аттарын айта білуі;

Меңгереді: жаттаған сөздерді, ойын ретінде пайдалана меңгеру;

Ересек тобының балаларына арналған үйірме жұмысының үлгі технологиялық карталары

Білім беру саласы: Қатынас.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: қазақ тілі сабағының үйірме жұмысы.

Апта тақырыбы: «Қуырмаш»

Сабақтың тақырыбы: «Он саусақ» өлеңін оқу.

Мақсаты: Саусақ қимылдарын жасай білуге деген қызығушылықтарын туғызу.

Ертегі кейіпкелерін баланың саусағына кигізіп кейіпкердің даусын ырғағын салғызу.

Қажетті құрал – жабдықтар: суреттер, қуыршақ және үш өрімді белбеу

Оқу

іс-әр

Педогогтың іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Есеп

+

-

Мотивациялық- қозғаушылық

Педагог топтағы балаларды сандармен (бір, екі, үш, төрт, бес, алты, жеті, сегіз, тоғыз, он) таныстыру үшін слайдтағы сандарды көрсетіп, олардың қазақша аталуымен таныстырады, ретімен, содан кейін араластыра отырып қайталатады

Балалар « бір, екі, үш, төрт, бес, алты, жеті, сегіз, тоғыз, он» деп айтады

________________________________________________

________________________________________


Ұйымдастырушылық-ізденістік

Педагог балаларды жұмыс-дәптердегі «Он саусақ» тақырыбына арналған оқу іс-әрекенің үлгісімен таныстырыды. 1-тапсырмадағы суреттен не көріп тұрғандарын сұрайды. Ең алдымен беске дейінгі сандар қайталанады. Содан кейін сурет бойынша «саусақ» деген сөзбен таныстырады. Бір қолындағы саусақ санын, екінші қолындағы санын және екі қолындағы саусақ санын айта алуға үйренеді.


Оң қолымда бес саусақ,

Сол қолымда бес саусақ

Бәрін қоссаң- он саусақ.

Сандарды бірнеше рет қайталатады.

Он саусақ

Жалғыз саусақ тіпті де,

Ұстай алма жіпті де.

Екі саусақ бірікті

Ине қолға ілікті.

Үш саусағым орамды

Жүгіртеді қаламды ...

Өнерлі екен он саусақ!

Қала салсақ, жол салсақ....

М.Әлімбаев

Қуыршақтың белбеуін байла. Балаға қуыршақ және үш өрімді белбеу беріліп, «қуыршақтың белбеуін байла» деп тапсырма беріледі. Алғашында қиынсынса көмектесу керек. Біртіндеп жаттығу күрделенеді. Әрі қарай баланың өзі де қуыршақтың, кейін өзінің белбеуін, аяқ киімінің бауын еркін байлайтын болады.

« бір, екі, үш, төрт, бес» сөздерін айтады.




Балалар саусақ сөзін қайталайды.

«Бес саусақ», «Он саусақ».



Оң қолымда бес саусақ,

Сол қолымда бес саусақ

Бәрін қоссаң- он саусақ

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Рефлексиялық

Педагог балалардан бүгінгі оқу іс-әрекет барысынан алған әсерлерін, көңіл-күйлерін, немен айналысқандарын, не үйренгендерін сұрайды. Жаңа материалды еске түсіріп, хормен қайталатады.

Оқушылар белсенді сөздік қорды хормен қайталайды.

________________________

____________________

Күтілетін нәтиже:

біледі: саусақ деген сөзді және сандарды атай білу.

игереді: саусақ сөзін және онға дейін санауды үйренеді.

меңгереді: балалар саусақ сөзін және онға дейін санауды меңгереді;

Ересек тобының балаларына арналған үйірме жұмысының үлгі технологиялық карталары

Білім беру саласы: Қатынас.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: қазақ тілі сабағының үйірме жұмысы.

Апта тақырыбы: «Айырмашылығын тап»

Сабақтың тақырыбы: Дидактикалық ойын: «Айырмашылығын тап»

Мақсаты: Лексикалық тақырып бойынша үй жануарлары және жабайы жануарлар туралы білімдерін бекіту. Көпше, жекеше айтуға жаттықтыру. Қазақ тілі фонетикасына тән –і, -қ, дыбыстарын анық айтуға жаттықтыру.

Қажетті құрал – жабдықтар: аңдардың суреттері

Сөздік жұмысы: піл-слон,аю-медведь,қоян-заяц

Оқу

іс-әр

Педогогтың іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Есеп

+

-

Мотивациялық- қозғаушылық

Шаттық шеңберін ұйымдастыру.

Біздің топта балалар,

Тату-тәтті ойнайды.

Дос көңілі әрқашан,

Тек жақсылық ойлайды.


«Мен бастаймын, сен қоста» сөздік ойыны.

Сәлемдеседі.

Сөздік ойынын ойнайды.

Өткен тақырыпты еске түсіріп,тақтадағы суреттерді көрсетіп, суретте қандай үй жануары бейнеленгенін атайды.

______________________________________________________________________

______________________________________________________


Ұйымдастырушылық-ізденістік

Фонетикалық жаттығу:

-іл-іл-іл

-үлкен піл

-ян-ян –қоян


Дидактикалық ойын: «Айырмашылығын тап» Мақсаты: әр жануардың өз төлін немесе балаларын дұрыс табуға, тани білуге үйрету.





Қоян саусақ ойын. Айнаға қоян қарады,

Құлақтарын санады.

Ешкі.

Мүйізді ешкі қарады.

Қаш, қаш сүзіп алады.

Балаларға жануарларды қолмен, саусақпен қалай бейнелегендерін еске түсіру ұсынылады. Содан кейін кейіпкердің басты іс-әрекетіне көңіл бөлінеді. Балалар қимылды орындау барысында саусақтарын қажетті қалыпта сақтай білуі тиіс.


Балалар үй жануарлары мен жабайы жануарларды сұлбасы бойынша табады.

Фонетикалық жаттығуды қайталайды:

-іл-іл-іл

-үлкен піл

-ян-ян -қоян

Ойын шарты: үлестірмелі материалда берілген суреттен аңдарды оларды балаларымен сәйкестендіреді.

Пілдің суретін қарап, оны сипаттайды: үлкен,кірпі-кішкентай.Аюдың,түлкінің қоянның суреттеріне қарап:

- Аю- үлкен жануар. Түлкі аюдан кіші. Қоян – кішкентай аң.

Саусақтармен ойын ойнайды

Балаларға жануарларды қолмен, саусақпен бейнелейді.










Балалар үлестірмелі материалдағы тапсырманы орындайды

__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Рефлексиялық

Балалармен оқу іс-әрекеті барысынан алған әсерлері туралы еркін әңгіме жүргізу арқылы сабақты қорытындылау

Қойылған сұрақтарға жауап береді.

________________________

____________________

Күтілетін нәтиже:

біледі: үй жануарларын қазақша атау;

игереді: сұрақты түсініп, толық жауап беру дағдысын;

меңгереді: қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуды;

Ересек тобының балаларына арналған үйірме жұмысының үлгі технологиялық карталары

Білім беру саласы: Қатынас.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: қазақ тілі сабағының үйірме жұмысы.

Апта тақырыбы: «Айырмашылығын тап»

Сабақтың тақырыбы: Хайуанаттар бағына орналастыр»

Мақсаты: Лексикалық тақырып бойынша үй жануарлары және жабайы жануарлар туралы білімдерін бекіту. Көпше, жекеше айтуға жаттықтыру. Қазақ тілі фонетикасына тән –і, -қ, дыбыстарын анық айтуға жаттықтыру.

Қажетті құрал – жабдықтар: аңдардың суреттері

Сөздік жұмысы: Аңдар, түлкі, қоян, қасқыр, арыстан, кірпі.Орманда тұрады.

Оқу

іс-әр

Педогогтың іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Есеп

+

-

Мотивациялық- қозғаушылық

«Кім тапқыр?» сөздік ойыны:


-Орманшы аға бізге жұмбақтар алып келіпті. Жұмбақтардың жауабын шешейік.

Педагог жұмбақ жасырады. Балалар жауабын тапқаннан кейін жұмбақтардың шешулері болған аңдардың суреттерін тақтаға іледі.

Қалқиып ұзын құлағы,

Елеңдеп қоқып тұрады. (Қоян)

Өзі қу, қызғылт сары түсті,

Құйрығы үлпілдек жүнді. (Түлкі)

Орманнан, жалпақ даладан

Бал іздеп бір аң жортады.

Кіп-кішкене арадан

Үп-үлкен боп қорқады. (Аю)

Сөздік ойынын ойнайды. Өткен тақырыпты еске түсіріп,тақтадағы суреттерді көрсетіп, суретте қандай үй жануары бейнеленген атайды.



Жұмбақтардың шешуін табады.



____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

__________________________________________________________________________________________________________________________________


Ұйымдастырушылық-ізденістік

-Бұлар – жабайы жануарлар, олар орманда, далада, тауда тіршілік етеді және өз қорегін өзі тауып жейді.

-Аюды сипаттайық, ол қандай? Осылайша қасқыр мен түлкіні, қоянды сипаттайды.

-Осы аңдардың ішінде қай жануар үлкен? Ал ең кішкентай қайсысы?


«Жабайы жануарлар» психологиялық жаттығу.

- Қорбаңдап жүретін маймақ аюды бейнелейік.

- Түлкінің жүрісін салайық.

- Қорқақ қоянды бейнелейік.

Д/ойын «Хайуанаттар бағына орналастыр» ойыныны.

Мақсаты: Балаларға антоним сөздер туралы түсінік қалыптастыру. Заттың көлеміне қарап, салыстырып талдап жасауға үйрету. Жабайы аңдардың дене бітіміне қарап, зообаққа орналдастыру. Оларға қамқоршы болуға тәрбиелеу.

Қоян, аю, түлкінің суреттеріне қарайды.

Аюдың суретін қарап, оны сипаттайды: үлкен, қалың жүнді, құлақтары кішкентай ғана, түсі қоңыр

- Аю-ең үлкен жануар. Түлкі аюдан кіші. Қоян – кішкентай аң.Түлкіні сипаттайды.

Қоянды сипаттайды.

Аюдың жүрісін салады.Түлкінің жүрісін салады.Қорқақ қоянды бейнелейді.Қоянды бейнелеп, қоянша секіреді.

Ойынның шарты: Зообаққа әкелінген аңдарды торларға орналастыру қажет.Балалар пілді үлкен торға, бала неліктен олай орналастыр-ғанын яғни піл үлкен, қоян кіші, сондықтан үлкен торға пілді, қоянды кіші торға орналастырғанын айтады.

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Рефлексиялық

Балалармен оқу іс-әрекеті барысынан алған әсерлері туралы еркін әңгіме жүргізу арқылы сабақты қорытындылау


Қойылған сұрақтарға жауап береді.

________________________

____________________

Күтілетін нәтиже:

Біледі: -аңдарды ажырата білу;

Игереді: -қазақ тілінде дұрыс анық айту, қимылдарын көрсетуді игеру; Меңгереді: -сөздерді дұрыс қолдана меңгеру керек.

Ересек тобының балаларына арналған үйірме жұмысының үлгі технологиялық карталары

Білім беру саласы: Қатынас.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: қазақ тілі сабағының үйірме жұмысы.

Апта тақырыбы: «Жайлауда»

Сабақтың тақырыбы: Ауыл туралы әңгіме.

Мақсаты: Үй жануарлары мен үй құстары (әңгіме құрастыру)Әңгімені балаларға түсіндіру барысында сөздік қорларын толықтыру, сөйлеу мәденитіне тәрбиелеу, ойлау қабілетін дамыту. Ауыл туралы түсінік беру. Үй жануарлары (төлдері) мен үй құстары (балапандарына) қамқорлық жасауға тәрбиелеу.

Қажетті құрал – жабдықтар: үй жануарлары мен үй құстарының суреттері

Сөздік жұмысы: сиыр, жылқы, қой, ешкі, түйе,тауық, әтеш, үйрек, қаз,

Оқу

іс-әр

Педогогтың іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Есеп

+

-

Мотивациялық- қозғаушылық

Шаттық шеңберін ұйымдастыру.

Біздің топта балалар,

Тату-тәтті ойнайды.

Дос көңілі әрқашан,

Тек жақсылық ойлайды.

«Мен бастаймын,сен қоста» сөздік ойыны.

Сәлемдеседі.

Сөздік ойынын ойнайды.

Өткен тақырыпты еске түсіріп,тақтадағы суреттерді көрсетіп, суретте қандай құс бейнеленген атайды.

________________________________________________

________________________________________


Ұйымдастырушылық-ізденістік

Артикуляциялық аппарат мүшелерін дамыту:«Ненің дыбыстайтынын тап»,

-Балалар, бізге біреу қонаққа келген сияқты, дұрыстап тыңдайықшы (жануарлардың дауыстары: түйе, ат, сиыр, қой,ешкі. Дауысын дұрыс тапқан жануарлар кезекпен шығып отырады)


Фонетикалық жаттығулар:

-ү-ү-ү- түйе

-ұ-ұ-ұ-бұзау

-құ-құ-құ-құлын

-қо-қо-қо-қозы

-кі-кі-кі-ешкі



Сөздік жұмыс:

Балалардың тілдік шығармашылыққа тұрақты қызығушылығын қалыптастыру мақсатында сөздік жұмыс:

Жылқы

Жылқы сүті қымызды

Ішсең ем, тіл үйірер.

Жылқылардың тобырын

Ата-бабам үйір дер.

Ауыл туралы әңгімені оқып беру.


Тірек сызба бойынша жұмыс:


Балалар жануарлардың дауысын мұқият тыңдап, қай жануар екенін айтады.






Фонетикалық жаттығуды қайталайды:

-ү-ү-ү- түйе

-ұ-ұ-ұ-бұзау

-құ-құ-құ-құлын

-қо-қо-қо-қозы

-кі-кі-кі-ешкі


Сөздік жұмысын қайталайды


Жылқы сүті қымызды

Ішсең ем, тіл үйірер.

Жылқылардың тобырын

Ата-бабам үйір дер.


Балалар әңгімені мұқият тыңдайды.

Балалар үлестірмелі материалдағы тапсырманы орындайды.

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Рефлексиялық

Балалармен оқу іс-әрекеті барысынан алған әсерлері туралы еркін әңгіме жүргізу арқылы сабақты қорытындылау

Қойылған сұрақтарға жауап береді.

____________________

____________________

Күтілетін нәтиже:

Біледі: үй жануарлары мен үй құстарын біледі;

Игереді: шағын әңгіме құрастыруды игереді; Меңгереді:үй жануарлары мен үй құстарын қорғауға, қамқорлық көрсете білуді меңгереді.

Ересек тобының балаларына арналған үйірме жұмысының үлгі технологиялық карталары

Білім беру саласы: Қатынас.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: қазақ тілі сабағының үйірме жұмысы.

Апта тақырыбы: «Жайлауда»

Сабақтың тақырыбы: Үстел үсті театрын көрсету «Мақта қыз бен мысық» ертегісі.

Мақсаты: Үй жануарлары мен үй құстары (әңгіме құрастыру)Әңгімені балаларға түсіндіру барысында сөздік қорларын толықтыру, сөйлеу мәденитіне тәрбиелеу, ойлау қабілетін дамыту. Ауыл туралы түсінік беру. Үй жануарлары (төлдері) мен үй құстары (балапандарына) қамқорлық жасауға тәрбиелеу.

Қажетті құрал – жабдықтар: үстел үсті қуыршақ театры

Сөздік жұмысы: Мақта қыз, қатық, мысық, сиыр,ағаш, қыздар, дүкенші, тышқан, тауық.

Оқу

іс-әр

Педогогтың іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Есеп

+

-

Мотивациялық- қозғаушылық

Шаттық шеңберін ұйымдастыру.

Біздің топта балалар,

Тату-тәтті ойнайды.

Дос көңілі әрқашан,

Тек жақсылық ойлайды

Сәлемдеседі.


____________________________________________________________

_____________________________________________


Ұйымдастырушылық-ізденістік

«Жайлауда»

Мақсаты: Жаңа сөздерді сөйлем ішінде дұрыс қолдана білу.







Үстел үсті театрын көрсету «Мақта қыз бен мысық» ертегісі

Тәрбиеші сандықты ортаға қояды да, оның ішіндегі заттарды алып, әр қайсысын атап беруді сұрайды.Балалар ертегіні атайды,ол «Мақтақыз бен мысық»екенін танып айтады.Әр бала кейіпкерлерді алып, жеке,жеке рольдерге бөліп айтады. Оны сахналап, ойнайды,Әр кейіпкерлерді музыка әуенімен билеп, шығады.Ертегідегі кейіпкерлердің дауыс ырғағын келтіріп, ойнауды талап етеді.Балалар ертегіні мазмұнына қарай ойнайды.Ертегі осылайша жалғастырылады.


Тірек сызбамен жұмыс: Мынау не?.

Мынау кім? Мысық қатық іздегенде қайсысына қашан барғанын, қайсысынан не алғанын ретімен тірек сызба арқылы айқызу.

Ойынның шарты: Балалар бір-бірден үй жануарларын бейнеленген карточкаларды алып сөйлем құрып айтады.

-Мынау сиыр. Сиыр үй жануары. Сиыр үлкен. Сиыр сүт береді.

-Мынау үй жануары ешкі. Ешкі шөп жейді. Ешкінің төлі лақ.




Әр бала кейіпкерлерді алып, жеке,жеке рольдерге бөліп айтады. Оны сахналап, ойнайды,






сиыр тары
тауық су
ағаш сағыз
дүкенші жапырақ
қыздар қатық
тышқан жұмыртқа

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Рефлексиялық

Балалармен оқу іс-әрекеті барысынан алған әсерлері туралы еркін әңгіме жүргізу арқылы сабақты қорытындылау


Қойылған сұрақтарға жауап береді.

________________________

____________________

Күтілетін нәтиже:

біледі: кейіпкерлердің аттарын айта білу.

игереді: кейіпкер сөзін мәнерлеп айту дағдысын.

меңгереді: мейірімділік, адамгершілік сезімдерін сезініп



Ересек тобының балаларына арналған үйірме жұмысының үлгі технологиялық карталары

Білім беру саласы: Қатынас.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: қазақ тілі сабағының үйірме жұмысы.

Апта тақырыбы: «Менің Отаным Қазақстан»

Сабақтың тақырыбы: «Біз қай елде тұрамыз?» әңгімелеу.

Мақсаты: Қазақстан Республикасының Рәміздерін білу.Балалардың Отанына,туған жеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру.Зейіндерін шоғырландыру, тіл байлықтарын дамыту.

Қажетті құрал – жабдықтар: суретті сөйлейтін кітап, қуыршақ, үлестірмелі суреттер.

Сөздік жұмысы: Мен Қазақстанда тұрамын- Я живу в Казахстане, үлкен-большой.

Оқу

іс-әр

Педогогтың іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Есеп

+

-

Мотивациялық- қозғаушылық

Шаттық шеңберін ұйымдастыру.

Отан туралы тақпақтарды еске түсіру.

-Балалар бүгін біз туған еліміз, отанымыз Қазақстан республикасы туралы қазақша үйренеміз. Қазақстаның рәміздері-негізгі белгісі –мына елтаңба. -Тағы қандай рәмізі бар?

-Көк туы (жалау) бар. Тудың ортасында ненің суреті?

-Елтаңба, үшінші белгісі –әнұраны. Әнұранды үнтаспадан тыңдату.

Шаттық шеңберін орындайды.

Балалар Отан туралы тақпақтарды естеріне түсіріп білетіндерін қайталайды.


Қойылған сұрақтарға жауап береді.


_________________________________________________________________________________________________ ________

__________________________________________________________________________________________


Ұйымдастырушылық-ізденістік

Сөздік жұмыс:

Рәміздер- символы

ту- флаг

елтаңба- герб

әнұран - гимн

-Мен Қазақстан Республикасында тұрамын.

-Елбасы кім?

-Ту қандай?

Елтаңба қандай?

-Ел Орда-Астана.

Дыбыстық жаттығулар:

О-о-Отан.

Ту-ту.

Ел-таң-ба.

Әнұран жаттау.

«Мен Қазақстанда тұрамын. Қазақстан үлкен, әдемі» деген сөйлемдерді айта алуға үйретеді. Сөйлемдерді балаларға бірнеше рет қайталатады.


Балалар сөздерді қайталайды.

-Мен Қазақстан Республикасында тұрамын.

-Менің Отаным – Қазақстан. (бір неше рет қайталау).



Қойылған сұрақтарға жауап береді.





Жаттығуларды орындайды.

Әнұран жаттау.

«Мен Қазақстанда тұрамын. Қазақстан үлкен, әдемі»


________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________


Рефлексиялық

Балалармен оқу іс-әрекеті барысынан алған әсерлері туралы еркін әңгіме жүргізу арқылы сабақты қорытындылау

Қойылған сұрақтарға жауап береді.



____________________

__________________

Күтілетін нәтиже:

біледі: - «Мен Қазақстанда тұрамын. Қазақстан үлкен, әдемі» сөйлемдерін біледі.

игереді: балалар «Мен Қазақстанда тұрамын. Қазақстан үлкен, әдемі»сөйлемдерін игереді ;

меңгереді: - сөйлем құрастырып, дыбыстарды дұрыс айтуды меңгереді.

Ересек тобының балаларына арналған үйірме жұмысының үлгі технологиялық карталары

Білім беру саласы: Қатынас.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: қазақ тілі сабағының үйірме жұмысы.

Апта тақырыбы: «Менің Отаным Қазақстан»

Сабақтың тақырыбы: . «Отан » туралы тақпақ жаттау

Мақсаты: Қазақстан Республикасының Рәміздерін білу.Балалардың Отанына,туған жеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру.Зейіндерін шоғырландыру, тіл байлықтарын дамыту.

Қажетті құрал – жабдықтар: суретті сөйлейтін кітап, қуыршақ, үлестірмелі суреттер

Сөздік жұмысы: Отан-Родина, Казақстан-Казахстан

Оқу

іс-әр

Педогогтың іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Есеп

+

-

Мотивациялық- қозғаушылық

Шаттық шеңберін ұйымдастыру.

Мүғалім балаларға сандық көрсетеді. Сандықтың ішінде 7 асық болады. Әр асықтың тапсырмасы бар, балалар осы тапсырмаларды орындау керек. Тапсырманың барлығы орындалса асықтар балаларды ойынға шақырады. Ойынның аты 7 тас.

Шаттық шеңберін орындайды.

Балалар сандыққа қуанады. Берілген тапсырмаларды орындауға тырысады.

____________________________________________________________________________________

______________________________________________________________________

Ұйымдастырушылық-ізденістік

1.Асық түсі «ақ» Тапсырмасы: 
Мемлекеттік Гимн айту

2Асық «көк» Тапсырмасы:сұрақ-жауап 
-Отанымыз қалай аталады? 
-Мемлекеттік рәміздерді атаңдар? 
- Елордамыз қай қала? 
3.Асық түсі«қоңыр» Тапсырмасы: сөздік ойын «Мен бастаймын сен қошта» 
-Мен.......

-Менің Отаным......... 
Біздің Отан-Қазақстан.

Қазақстан...

Астана...

4.Асық «жасыл» Тапсырмасы: Сергіту сәті 
Дөңгелене тұрамыз, 
Керегені құрамыз. 
Уықтар болып иіліп, 
Шаңыраққа киіліп.

Қазақ үйді құрамыз. 
5.Асық «сары» Тапсырмасы: Отан туралы мақал-мәтелдер: 
Отан-оттан да ыстық. 
Отансыз адам, ормансыз бұлбұл. 
6.Асық «ақшыл» Тапсырмасы: Отан туралы өлең-тақпақтар: 
7.Асық «қызыл» Тапсырмасы:«Қай қала екенін тап?» Ойынның шарты: ойын үшін Қазақстан картасын пайдаланамыз. Балаларға Қазақстандағы бірнеше қалалардың аты беріледі.

Балалар мемлекеттік Гимнді оң қолдарын жүректеріне қойып орындайды.



Балалардың жауаптары.



Балалар сөйлемдерді жалғастырады.


-Мен Қазақстан Республикасында тұрамын.

-Менің Отаным – Қазақстан. (бір неше рет қайталау).

Балалар шеңберге тұрып, сергіту сәтін қимыл-қозғалыс жасап орындайды.

Балалар Отан туралы мақал-мәтелдер айтады. Орысша-қазақша.

Отан туралы өлең-тақпақтарайтады
Ойын арқылы тапсырманы орындайды.


____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Рефлексиялық

Балалармен оқу іс-әрекеті барысынан алған әсерлері туралы еркін әңгіме жүргізу арқылы сабақты қорытындылау

Қойылған сұрақтарға жауап береді.

________________________

__________________

Күтілетін нәтиже:

біледі: -Отан, қала, Астана, үй, әсем сөздерін біледі.

игереді: өз отанын, қаласын, астананы дұрыс айтуды игереді ;

меңгереді:өз Отанын сыйлау, сүю крек екенін меңгереді;

Ересек тобының балаларына арналған үйірме жұмысының үлгі технологиялық карталары

Білім беру саласы: Қатынас.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: қазақ тілі сабағының үйірме жұмысы.

Апта тақырыбы: Кел Жаңа жыл!

Сабақтың тақырыбы: Жаңа жыл мерекесіне арналған тақпақтар,өлең жаттау.

Мақсаты: : Ертеңгілікке өлең,тақпақтар жаттау. Ата-аналарды балабақшаның өміріне белсенді қатысуына баулу.

Қажетті құрал – жабдықтар: үлестірмелі материал

Сөздік жұмысы: жаңа жыл, шырша

Оқу

іс-әр

Педогогтың іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Есеп

+

-

Мотивациялық- қозғаушылық

Шеңбер құрып тұру.

Кел балалар тұрайық,

Шеңберімізді құрайық.

Күлкі көңіл ашады,

Күліп өмір сүрейік.

(Ө. Тұрманжанов)

Балалар шеңбер құрып, бір-біріне ізгі тілектерін айтады.

________________________________________________________________________

____________________________________________________________


Ұйымдастырушылық-ізденістік

Жаңылтпаштар:

Қыста боран болар, қар болар, қыздар шәлі, орамал оранар. Қара ала лақ, қара ала лақ. Қара ала лағым қорада бірақ.

Мәтендерді тыңдап отырып керекті дыбысты естігенде қолдарын көтереді.

Әңгімелесу:

-Балалар жаңа жыл қай мезгілде болады?

-Жаңа жылда бізге кім келеді?

-Ал Аязата қасында кім болады?

-Біз шырша тойын тойлаймыз ба?

-Шыршаны ойыншықтармен безендірген ұнай ма?

-Аяз ата несімен сендерге ұнайды?

-Кім қандай тақпақтар біледі?

Дидактикалық ойын: «Шыршаны безендірейік?»

Мақсаты: шыршаны әдемі етіп безендіру.

Шарты: үлестірмелі материалдармен «Шыршаны безендірейік» тапсырмасын орындату.

«Аязата» әнін орындату.

Өлеңін жазған Ж Әбдірашев Музыкасын жазған Б. Дәлденбай

-Жаңа жылда барлық үйге, Аязата келеді.

-Жаңа жылда сәбилерге, сыйлық әкеп береді.



Жаңылтпаштар жаттайды







-Жаңа жыл мерекесі қыста болады.

-Бізге Аязата келеді. Аязатаның қасында Ақшақар болады.


Еркін өз ойларын білдіреді.


Шарты: үлестірмелі материалдармен «Шыршаны безендірейік» тапсырмасын орындайды.




Балалар өз білген өлеңдерін әндетіп айтады.



________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________


Рефлексиялық

Бір-бірін жаңа жылмен құттықтап, тілек айту. Ол тілектердің міндетті түрде орындалатын айта отырып, оқу іс-әрекетті қорытындылау.

Балалар бір-біріне тілектер айтады.

________________________

____________________

Күтілетін нәтиже:

Біледі: дыбысты дұрыс айта білу;

Игереді: әдемі безендіруді;

Меңгереді: толық сөйдемдер құруды біледі.




Ересек тобының балаларына арналған үйірме жұмысының үлгі технологиялық карталары

Білім беру саласы: Қатынас.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: қазақ тілі сабағының үйірме жұмысы.

Апта тақырыбы: Кел Жаңа жыл!

Сабақтың тақырыбы: «Жыл он екі ай» ертегісі.

Мақсаты: Ертеңгілікке өлең,тақпақтар жаттау. Ата-аналарды балабақшаның өміріне белсенді қатысуына баулу. Сюжетті ертегіні суреттей білуге үйрету,тілдерін, сөздік қорларын дамыту.

Қажетті құрал – жабдықтар: суреттер, кішкентай шырша

Сөздік жұмысы: Жаңа жыл-новый, аяз ата –дед мороз, ақшақар –снегурочка, шырша-елка.

Оқу

іс-әр

Педогогтың іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Есеп

+

-

Мотивациялық- қозғаушылық

Жылулық шеңбері.

Аяз ата келіп тұр,

Бізге сәлем беріп тұр.

Тақпақ айтқан балаға,

Сыйлығын беріп тұр.

Балалар амандасып, қимылдар жасайды.

Тыңдайды.

Қайталайды.

Жаттайды.

____________________________________________________

____________________________________________________

Ұйымдастырушылық-ізденістік

Жұмбақ шешу.

Қыста ғана болады,

Ұстасаң қолың тоңады.

-Қазір қай мезгіл?

-Қыстың күзден айырмашылығы неде?

-Қыста адамдар қалай киінеді?

-Қыс мезгілінде қандай мереке болады?

-Жаңа жылда бізге кімдер келеді?

-Мынау не?

-Шырша қандай?

Аяз атаға дайындаған қандай өнерлерің бар?

-Жарайсыңдар, балалар. Енді тыныс алу жаттығуларын жасаймыз.

Балалар қар ұшқындарын ұшырамыз.

Демімізді ішке тартып үф – үф – үф дейміз.

Сергіту сәті:

Шынығамыз бәріміз,
Иіліп, бүгіліп, денеміз.
Хоккейді де ойнаймыз,
Шаңғыны да тебеміз.
Әрлі - берлі жол салып,
Қар лақтырып, ойнаймыз.


«Жыл он екі ай» ертегісін оқу


-(қар)



Балалардың жауабы.


Жаңа жыл мерекесі.

Аяз ата мен ақшақар.

-мынау шырша.

-шырша әдемі,биік

Балалар тақпақ,білетін өлеңдерін айтып береді.



Дыбыстарды қайталайды.

үф – үф – үф


Сергіту сәті:

Шынығамыз бәріміз,
Иіліп, бүгіліп, денеміз.
Хоккейді де ойнаймыз,
Шаңғыны да тебеміз.
Әрлі - берлі жол салып,
Қар лақтырып, ойнаймыз.

Өлең жолдарына сәйкес қимыл-қозғалыстарды жасайды.

Мұқият тыңдап алыңдар.Сосын

кейіпкерлерді атап шығады.


___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Рефлексиялық

Балалармен оқу іс-әрекеті барысынан алған әсерлері туралы еркін әңгіме жүргізу арқылы сабақты қорытындылау

Қойылған сұрақтарға жауап береді.

________________________

____________________

Күтілетін нәтиже:

Біледі: - Жаңа жыл мерекесіне арналған тақпақтарды біледі;

Игереді: - дыбыстарды анық айтуды игереді ;

Меңгереді: - жаңа сөздерді қолданып, сөйлем құрастыруды меңгереді.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.12.2017
1428
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі