Сабақтың тақырыбы: М.Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасы
Мақсаты: Поэманың мазмұнын меңгере отырып, өзіндік тұжырым жасауға, жалпы болжам жасап, ой қорыта білуге үйрету.
Күтілетін нәтиже:
А – поэманы оқып, мазмұнын түсінеді;
В – кейіпкерлерімен танысып, құрылымдық талдау жасай алады;
С – жырды оқып, бағалап, Отан алдындағы борыштарын түсінеді.
Ұйымдастыру кезеңі – 5 минут
1. Психологиялық ахуал қалыптастыру
2. Сынып оқушыларын жемістер бойынша топқа бөлу. Топтар бірін-бірі «Екі жұлдыз, бір тілек», «Бас бармақ», «Бағдаршам» әдістері арқылы бағалайды.
Жаңа сабақ тақырыбын ашу (оқушыларға «синквейн» әдісі арқылы мұғалім өлең тақырыбы мен авторын таптырады).
-
Жастар
-
Айбатты, қайратты
-
Ұмтылады, бастайды, сенеді
-
Жаннан қымбат оларға ар
-
Болашақ
Жаңа сабақ.
Мұғалім. – Балалар, ендеше бүгінгі сабағымыздың тақырыбы – Алаш қозғалысының қайраткері, ақын, қазақ әдебиетінің жарқын жұлдызы М.Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасы. Ендеше М.Жұмабаев өмірі мен шығармашылығы туралы bilimland сайтынан бейнебаян көрейік.
http://bilimland.kz/kk/content/lesson/15540-mahzhan_zhumabaev_batyr_bayan_poehmasy
№648. Мағжан Жұмабаев. «Батыр Баян» поэмасы
«Батыр баян шоқтығы биік шығарма»
Мұғалім. – Балалар, сендер М.Жұмабаев өмірі, қызметі және шығармалары жайлы мағлұмат алдыңдар, сендер XX ғасырдың басындағы қазақ поэзиясының жарқын жұлдызы Мағжанды қай қырынан жақсы білдіңдер? Сол бойынша интербелсенді тақтадағы кестені толтырсақ.
|
Ақын |
Прозашы |
Ұстаз-ғалым |
Аудармашы |
Қоғам қайраткері |
|
|
Өлеңдері: “Өмір”, “Анама”, “Сырым”, “От”, “Пайғамбар”, “Күншығыс”, “Жаралы жан”, “Айға”, т.б. |
Поэмалары: “Батыр Баян”, “Оқжетпестің қиясында”, “Қойлыбайдың қобызы”, “Өтірік ертегі”, “Шын ертегі” , т.б. |
«Шолпанның күнәсі» |
“Бастауыш мектепте ана тiлi” (1925), “Сауатты бол” (1926), “Педагогика” (1922) еңбектері. Ақан сері, Базар жырау, Әбубәкір Диваев туралы зерттеу еңбектері |
Лермонтовтың «Тұтқын», «Сарғайып келген егін толқынданса», Кольцовтың «Шалдың үміті», Горькийдің «Күн шығады да батады», Мятловтың «Бұтақ», Дмитриевтің «Дәрігер», Гетенің «Орман патшасы», «Айрылдым сенен жан сәулем», Гейненің «Екі бетің сұлу қыз», «Күннің батуы», Абу Фирастың «Жау жеңді...» |
Ақпан революцясынан кейін Мағжан Жұмабаев Алаш партиясының облыстық комитетінің құрамына кірді. Оренбургтегі Екінші Бүкілқырғыздық құрылтайда Ахмет Байтұрсыновпен бірге оқушыларға арналған кітаптар шығару комиссисының мүшесі болып тағайындалды. |
Мұғалім. – Балалар, «Батыр Баян» поэмасын меңгеру үшін бірінші мына тапсырмаларды орындасаңдар (музыка қосу).
1-топ «Батыр» сөзін орыс, ағылшын тіліне аудару. Омоним, синоним, антонимдерін жазу (ғаламтормен, сөздікпен жұмыс).
2-топ Батыр баян туралы дерек жинау (ғаламтормен, энциклопедиямен жұмыс).
3-топ Қалмақ халқы туралы дерек жинау (ғаламтормен, энциклопедиямен жұмыс).
Мұғалім. – Балалар, М.Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасын bilimland сайтынан шығарманың аудионұсқасын тыңдайық.
http://bilimland.kz/kk/home#lesson=15540

Шығарманың аудионұсқасы
Мұғалім.
– Балалар, біз «Батыр Баян» поэмасымен танысып өттік. XVIII ғасыр – қазақ тарихындағы ел тағдыры сынға түскен түйінді кезең. Бұл атамекенді жат жерлік басқыншылардан азат ету жолындағы Отан соғысында Абылай хан, Қабанбай, Бөгенбай сынды қолбасшылардың бастауымен бір жұдырықтай түйілген батыр бабалармыздың жанқиярлық ерлік өнегесін тарих беттеріне өшпестей етіп қашаған кезең еді. Иә, тарих – шындық.
Поэма сюжеті XVIII ғ. қазақ-қалмақ арасындағы аласапыран, қиын-қыстау күрделі заманды бейнелеп, ұлт азаттығы, халық бостандығы жолында жан аямай күрескен, тарихта болған Баяндай батырдың басына құрылады. Сондықтан Мағжан қазақ азаматтарына әрі сын тағып, әрі ауыр міндет жүктеп, олардың алдына Абылай хан мен Батыр Баянды идеал етіп ұсынады. Олардың ерлік, даналық, адамдық істерін санада, жүректе жаңғыртады.
Сергіту сәті. Оқушылар топқа бөлінгенде таңдаған жемістері туралы өлең оқиды немесе ән айтады.
Жаңа сабақты бекіту.
Мұғалім. – Енді, балалар, «Батыр Баян» поэмасы бойынша талдау жұмыстарын жүргіземіз.
1-тапсырма. Поэмамен оқулықтан таныса отырып, шығарманың құрылымы бойынша постер қорғату арқылы поэма мазмұнын есте сақтату.
І топ – оқиғаның басталуы, дамуы.
ІІ топ – оқиғаның шиеленісуі, шарықтау шегі.
ІІІ топ – шешімі.
2-тапсырма. «Кейіпкерді таны»
Топ сызба дайындайды, сол сызба бойынша әр кейіпкерге мінездеме береді. Жауаптарын поэманың жолдарымен дәлелдеп отырады. Жырдың образдар жүйесіне талдау жасау.
1-топ «Батыр Баян»
2- топ «Қалмақ қыз»
3- топ «Ноян батыр»
3-тапсырма. Шығармашылық жұмыс: «Кейіпкерге хат»
Әр топ өз кейіпкерлеріне хат жазады, кейіпкерлерінің іс-әрекеттерін қолдап немесе даттап, ақыл-кеңес беріп, өз пікірлерін білдіреді.
Қорытынды.
1. Елжандылық сезім туысқаншылық сезімнен биік болу керек пе? Бүгінгі қоғамдағы адамдардың бойынан осы қасиеттер табыла ма?
2. Автордың орнында болсаңдар, дастанды қалай аяқтар едіңдер?
3. Поэманың бүгінгі таңда қандай маңызы бар? (Лаңкестер туралы мысалдар келтіру).
Бағалау.
Үйге тапсырма: шығармадан ақын монологін тауып жаттау, «Батыр Баян» көркем фильмін көру, поэмамен салыстыру.
Рефлексия
Арыстандай айбатты,
Жолбарыстай қайратты –
Қырандай күшті қанатты,
Мен жастарға сенемін.
Көздерінде от ойнар,
Сөздерінде жалын бар.
Жаннан қымбат оларға ар,
Мен жастарға сенемін.
Мен сенемін жастарға,
Алаш атын аспанға.
Шығарар олар бір таңда,
Мен жастарға сенемін!
Қайталанбас тұлға
Мағжан өлеңімен сабағымызды
аяқтаймыз.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз