Материалдар / Сабақтың тақырыбы: Тіл білгірі. Сайыс сабақ.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сабақтың тақырыбы: Тіл білгірі. Сайыс сабақ.

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақтың тақырыбы: Тіл білгірі. Сайыс сабақ. Мақсаты: тыңдаушылардың тілге деген қызығушылығын,ойлау қабілеттерін дамыту; тіл мәдениетіне, достық қарым-қатынасқа, ой ұшқырлығы мен тапқырлыққа, өз ұлтын, тілін сүюге, қазақ халқының салт-дәстүрін, тілін, мәдениетін құрметтеуге дағдыландыру;
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Қазан 2021
461
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақтың тақырыбы: Тіл білгірі. Сайыс сабақ.

Мақсаты: тыңдаушылардың тілге деген қызығушылығын,ойлау қабілеттерін дамыту;
тіл мәдениетіне, достық қарым-қатынасқа, ой ұшқырлығы мен тапқырлыққа, өз ұлтын, тілін сүюге, қазақ халқының салт-дәстүрін, тілін, мәдениетін құрметтеуге дағдыландыру;
Әдісі: сұрақ-жауап,ойын, талдау т.б.
Түрі: Интелектуалды сайыс сабағы
Көрнекілігі: интерактивтік тақта, мақал-мәтелдер, таратпа материалдар т.б.
Барысы:
І.Мұғалімнің кіріспе сөзі.
              

—   Ана тілі  қазағымның қаймағы,
                     Тілің сенің өміріңнің айғағы.
                     Бүгін міне, тіл туралы сайысқа,
Тыңдаушылар арасынан тіл білгірлері шығады –дей отыра. «Тіл білгірі» сайысына хош келдіңіздер!


Сайысымызға техникалық қолледжінің базалық деңгейінде оқитын тыңдаушылыры қатысып отыр. Сайыс алты кезеңнен тұрады. Кезеңдерімен таныстырайын.

1-кезең: «Сұрақ-жауап»

2-кезең: «Ойлан тап»

3-кезең: «Жеті жұрттың тілін біл»

4-кезең: «Суретті сөйлет»

5-кезең: «Аудармашы»

6-кезең: «Сөздік қожын»

-Міне құрметті тіл үйренушілер сайысымыздың кезеңдерімен таныстық. Сайысымызға төрешілік ететін Мемлекеттік тілді оқыту орталығының ұжымы. Тілдерді оқыту орталығының директоры: Махметова Ж.Қ.,Тілдерді оқыту орталығының әдіскері: Мадиева А.К. және Тілдерді оқыту орталығының оқытушысы: Махметова А.С.

І-кезеңді бастаймыз: — Тақтада «АНА ТІЛІ» деген жазу бар. Әр тыңдаушы кезектесіп, бір – бірден  әріп таңдайды. Әр әріптің  ар жағында сұрақтар белгіленген. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі. Жауап нақты, толық болуы керек.

А – 1.Аптада неше күн бар?
2.Бүгін аптаның қай күні?
3.Күз айларын атаңыз.


Н - 1. Бір айда неше күн бар?
2.Сіздің туған күніңіз қай айда?
3.Сіз қай күндері сабаққа келесіз?

А – 1.Сіздің аты-жөніңіз қалай?
2.Сіз неше жастасыз?
3.Сіздің ұлтыңыз кім?


Т – 1.Сіздің мекен-жайыңыз қандай?

2.Сіз қайда жұмыс істейсіз?

3.Сіз кім болып жұмыс істейсіз?


І - 1.Сіздің отбасыңыз бар ма?
2.Отбасыңызда неше адам бар?
3.Отбасы мүшелерін атаңыз.


Л – 1.Жұмыс орны қай көшеде орналасқан?
2.Аптасына неше күн жұмыс істейсіз?
3.Демалыс күндерін атаңыз.


І – 1.Қазір қандай ай?

2.Қыркүйекте қандай мереке бар?

3.«Казахстан – многонациональное
государство» сөйлемді аударыңыз.


2-кезең: «Ойлан тап» Сөздерді ретімен орналастырып сөйлем құраңыз.


  1. өз, мен, сүйемін, отанымды.

  2. сұлу, Қазақстанның, өте, табиғаты.

  3. тұрады, Қазақстанда, ұлт, өкілдері, көп.

  4. сөйлеймін, мемлекеттік, мен, тілде, жақсы.

  5. орналасқан, Еуразияның, ел, бұл, орталығында.

  6. жақсы, орта, үшін, қазақ, сөйлеу, тілдік, керек, тілінде.

  7. рәміздерді, сыйлау, мемлекеттік, әрбір, міндеті, азаматтың.

  «Ақыл-ой,алғыр сөз адамның ең жоғарғы қасиеті»деген екен Ғ.Мүсірепов.Тіл-ұлттың жаны,халықтың үні. Қазіргі заман талабына сай бірнеше тілді білу қажет. Ғалым,тарихшы,әдебиетші,саяхатшы Ш.Уәлиханов 8 тілде еркін сөйлеген.Ендеше бізде тырысып көрейік.

3-кезең: «Жеті жұрттың тілін біл»

Шарты:Мақал-мәтелдердің бір сөзі түсіп қалған сол сөзді тауып,орыс тіліне,ағылшын тіліне аударасыздар.Шарты түсінікті болса сайысымызды бастаймыз. 

  1. Білім кілті - ... (тіл)

  2. Айтылған сөз - ... (атылған оқ)

  3. Тілден артық ... (қазына жоқ)

  4. Ең ашы да тіл, ең ... (тіл)

  5. Піл көтермегенді ... (тіл көтереді)

  6. Тілге құрмет ... (елге құрмет)

  7. Өнер алды ... (қызыл тіл)

  8. Жақсы сөз - ... (жарым ырыс)

  9. Тіл қылыштан ... (өткір)

  10. Басқа пәле ... (тілден)

  11. Бас кеспек болса да, ... (тіл кеспек жоқ)

  12. Тауды, тасты жел бұзар, адамзатты ... (сөз бұзар)

Тиісті сөздер:(тіл көтереді, атылған оқ, қазына жоқ, тіл, елге құрмет, қызыл тіл, сөз бұзар,өткір, жарым ырыс, тілден, тіл кеспек, тіл)

СЕРГІТУ СӘТІ 

  

Келесі 4-кезең: «Суретті сөйлет»

Шарты: Берілген суреттерден Жамбыл Жабаевты анықтау, оның туған жылдарын және кім болғанын, қандай шығармалары бар туралы мәлімет алу.

5-кезең: «Аудармашы»

Бұл кезеңде мәтін беріледі. Сіздер кезектесіп сөйлемдерді оқып аударасыздар, кім тез және дұрыс аударады сол тыңдаушыға ұпай беріледі.


Ұлы жыршы.

1846 жылы 28 –ақпанда Жамбыл Жабаев дүниеге келді. 1870-1861 жылдары Жамбыл алғашқы өлеңдерін шығарып, атақты Сүйінбай ақыннан бата алған. 1870-1912 жылдары Жамбыл айтыста да, жыраулық өнерде де биік дәрежеге көтерілді. Ақынның оннан астам айтыстары сақталған. Әсіресе оның Құлманбетпен, Досмағанбетпен, Шашубаймен айтысқаны. 1941 жылы «Ленинградтық өренім» өлеңінің жазады. 1943 жылы Жамбыл Жабаев атындағы Халық ақындарының Республикалық айтысы өтіп, оны Жамбыл Жабаев ашады. Байқау жеңімпаздарына Жамбыл атындағы халықаралық диплом мен медаль сыйлыққа беріледі. Бұл байқаудың жеңімпазы болған Дина Нүрпейісова.1945 жылы 22 маусымда дүниеден өтеді. Жамбыл мұражайы - Алматы облысыЖамбыл ауданыЖамбыл ауылында орналасқан, тарихи және мәдени мекеме.


Тапсырма: Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру.

1. Сөйлемді толықтырыңыз. Дополните предложение.

Ж.Жабаев атындағы .... ...............

А) сыйақысы беріледі

В) диплом мен алғыс хат беріледі

С) диплом мен медаль сыйлыққа беріледі

D) кәдесый беріледі

2. Мәтінге сәйкес келмейтін ақпаратты таңдаңыз. Выберите информацию, несоответствующую тексту.

А) Бұл байқаудың жеңімпазы болған Дина Нүрпейісова.

В) Жамбыл алғашқы өлеңдерін шығарып, атақты Сүйінбай ақыннан бата алған.

С) 1941 жылы «Ленинградтық өренім» өлеңінің жазады.

D) Ақынның мыңнан астам айтыстары сақталған.

3. Мәтінде жауабы бар сұрақты таңдаңыз. Выберите вопрос, ответ на который присутствует в тексте.

А) 1870-1912 жылдары Жамбыл Жабаев қандай дәрежеге көтерілді?

В) 1877-1913 жылдары Жамбыл Жабаев қандай дәрежеге көтерілді?

С) 1870-1912 жылдары Жамбыл Жабаевтың қандай өлеңдері бар?

D) 1870-1912 жылдары Жамбыл Жабаев қандай кітап жазды?

Келесі 6-кезең: «Сөздік қоржын»

Шарты: Әріптер беріледі сол әріптерден неғұрлым көп сөз тауып жазу керек.


ЖАУАП – ЖАУ, ЖАП, АУ, ЖУА

ҚАЗЫҚ – ҚАЗ, ҚАЗЫ, АЗЫҚ, ҚЫЗ

БАРЫС – БАС, АРЫС, ЫС, РАС

БАЛЫҚ – БАЛ, АЛ, АЛЫБ, ЛЫҚ

АЛАСА – АЛ, САЛ, АЛА, САЛА, ЛАС

БЕРІК – БЕР, ЕРІК, ЕР, КЕБІР, КІР

ҚАСЫҚ – ҚАС, АСЫҚ, АС, ҚЫС, ҚАҚ


Мұғалім: Міне, барлық кезеңдерден өттік, «Тіл білгірін» анықтайтын уақытта келіп жетті. Сөз кезегі төрешілерге берейік.

Ата- бабамыз ежелден үш нәрсені бойтұмардай қасиет тұтып, қадірлеп өткен. Ол – ел, жер, және тіл.Ана тілі – әр халықтың төл белгісі.Адам білімді тәлім-тәрбиені тіл арқылы алады, мәдениетті, өнерді,салт-дәстүрді тіл арқылы үйренеді.

Ана тілі деп атаудың себебі,

анасындай қастерлесін дегені

Өз анасын сыйлайтұғын әр адам

Өз тілін де құрмет тұтып келеді

VІІІ. Сабақты қорыту.

Құрметті тындаушылар,ұстаздар! Әр адам өз елінің, жерінің, халқының мәртебесін биіктету үшін алдымен ана сүтімен бойға сіңген қасиетті байлығы – ана тілін жетік білу қажет екен. Тілімізге кір келтірмеу- қасиетті парызымыз. Тіл тағдыры өз қолымызда. Сіздер де бүгінгі сабағымызда өз білімдеріңізді көрсетіп, тілге деген сүйіспеншіліктеріңізді дәлелдедіңіздер,ендеше қашанда тіліміздің мәртебесін көтеріп, қадір-қасиетін қастерлей білейік!


















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!