Материалдар / "Сағи өлеңдеріндегі фигура және олардың түрлері"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Сағи өлеңдеріндегі фигура және олардың түрлері"

Материал туралы қысқаша түсінік
Сағи Жиенбаев өлеңдеріндегі көркемдеуіш құралдар талданған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
28 Қараша 2023
273
0 рет жүктелген
700 ₸
Бүгін алсаңыз
+35 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +35 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Ақтөбе облысы

Алға ауданы

Қарақұдық орта мектебі







Тонтова Гульмира Мухитовна

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі





Жоба тақырыбы:


«Сағи өлеңдеріндегі фигура және олардың түрлері»











Ақтөбе-2023

Аннотация

Бұл зерттеу жұмысында Сағи Жиенбаев өлеңдеріндегі көркемдегіш құралдар және олардың түрлері туралы сөз етіледі. Ақын туындыларындағы қайталаулар және олардың түрлері, арнаулар мен олардың түрлеріне нақты жыр жолдары бойынша мысалдар келтірілген. Сонымен бірге зерттеуші мектеп қабырғасында оқушылармен жүргізген жұмыстарын да негізге алған.


Аннотация

В данной исследовательской работе речь идет о художественных средствах и их видах в стихах Саги Жиенбаева. Приведены повторы в произведениях поэта и примеры их видов, оды и их виды по конкретным строкам. В исследовательской работе приняли участие учащиеся школы. Работа проводилась в стенах школы.


















Жоспар

Кіріспе.......................................................................................................................4

Негізгі бөлім

Сағиға тән кейбір ерекшеліктер.............................................................................5

2.1 Сағи өлеңдеріндегі фигура және олардың түрлері.........................................5

2.2 Сағи шығармашылығы тәжірибеде................................................................12

Қорытынды.............................................................................................................14

Пайдаланған әдебиеттер.......................................................................................15























Кіріспе

Зерттеу жұмысының мақсаты: ақын өлеңдерінің көркемдегіш құралдарына анализ жасау, синтездеу.

Зерттеу жұмысының міндеттері: ақын өлеңдерін шолу жасау, әдебиет теориясын қамту, мектеп қабырғасында жүргізілген практикалық жұмыстарды жинақтау.

Нәзік жырмен оқырманын елең еткізіп, қазақ әдебиеті әлеміне 60 жылдары Сағи Жиенбаев келді. Сағи Жиенбаев әдебиеттің түрлі тақырыбында жыр жырлаған көрнекті ақын. Оның поэзиясында табиғаттың әсем сұлулығы, әсерлі махаббат, жан сұлулығы, тап-таза сезімдер өрнектеліп суреттелген.

Ақын  қазақ  поэзиясының  екінші  тынысы ашылған 60-жылдары жыр додасының дулы ортасында болды. Ойып тұрып өз орнын белгіледі. Сезімтал лириканың сирек  құбылыстарының біріне  айналды. Қазақ  поэзиясын Сағи лирикасынсыз  елестету   мүмкін  болмай  қалды.

Оның поэзисы өзінше өзгеше болды. Қазақтың ұлы жазушысы Мұхтар Әуезовтың өзі ақынға ризашылықпен жоғары баға берген. Ол: «Сағи Жиенбаевтың бірқатар өлеңдерін оқыдым. Оларда толып жатқан образ, көп шындық, көпшілікке ортақ шындық бар. Бір түрлі еліктіретін, сүйсіндіретін, оқушыға бас игізетін соншалық шындық пен бетке ыстық демі сезіліп кеткендей көрінетін шыншылдық бар. Поэзия керек – осы шыншылдық», деп Сағи ақынның поэзиясына өз бағасын берді.

Тарлан  лирик Қ.Шаңғытбаев тап  басып  танығандай  «Сағи лирикасының  ұтымдылығы,ондағы шеберлік  пен шындықтың  шынайы  ұштасуында,  үн мен ұғымның сұлу үйлесімінде»,- десе, ақын Мұқағали Мақатаев «Сағидың поэзиясы – мен үшін сол жез қоңырау. Бірте-бір артық сөзі жоқ, бірде- бір тәртіпсіз буыны жоқ, артық өлшем, жетпей жығылу дегендерді іздесе таптырмайтын Сағи  поэзиясы  сол  жез  қоңырауды елестетеді. Сағи оған сағилық әр, өң, сағилық мінез бермей қолынан шығармайды»-деп бағалайды.

Негізгі бөлім

Сағиға тән кейбір ерекшеліктер

2.1 Сағи өлеңдеріндегі фигура және олардың түрлері

Сағидың образ жасауда, адамның ой-сезіміне әсер етуде, сөйлемдегі сөз байланыстарының мәні қандай, соған тоқталамыз. Ақындар қандай өмір құбылыстарын суреттесе де, ең алдымен сезім дүниесіне әсер ету тілегін алға қояды. Өмірді оқушыларына білдіру ғана емес, сездіру, сезім дүниесі арқылы өмірді тану - ақындардың алдында тұратын ең бірінші міндет. Ол үшін ақын тек жеке сөздерді ғана талғап алмайды, олардың сөйлемде алатын орнын да талғайды. Бұл негізінде ақынның сезім толқынына байланысты.

Кейде дағдыдағы қолданылатын сөздердің орнын ауыстырады. Кейде айтылуға тиісті ойдың ұшығын көрсетеді де, соны дәл беретін сөзді әдейі тастап кетеді. Кейде бір сөзді әдейі бірнеше рет қайталайды. Кейде дауыс толқынын өзгертіп, сонымен байланысты, тыныс белгілеріне де өзгеріс туғызады, міне, осылардың бәрін бір сөзбен атағанда фигура дейді.

Қазақ әдебиетіндегі фигуралардың негізгі түрі: арнау, қайталау, шендестіру, дамыту, инверсия, эллипсис.

Арнау не біреуге, не көпшілікке, не табиғаттың бір құбылысына қайрыла сөйлеу. Кейде лепті сөйлем, кейде сұраулы сөйлем, кейде риторикалық сұраулар арқылы құрылады. Сөйлем құрылысы, ішкі мазмұнына қарай арнау өзара үшке бөлінеді: жарлай арнау, зарлай арнау, сұрай арнау, риторикалық сұрақ.

Ырзамын, қыздар, сендерге!

Мен үшін сендер пірсіңдер.

Жазым боп кетер жерлерде

Өздерің сақтап жүрсіңдер! (18-бет)

Жүрер ең шарлап дүниені

Асау бір желдей ат мінсең,

Онсыз да құйттай жүрегім,

Не көрмей келе жатсың сен.(19-бет)

Кей күні көңілім жабығып,

Басса бір тұман еңсені,

Тордағы құстай сабылып,

Іздеймін, анам, мен сені.(26-бет)

Қызық па солдат тірлігі,

Жауынгер жолдас, хал қалай?

Босаңдау едің, ширығып,

Болдың ба жігіт балғадай? (31-бет)

Тимеші, көкем, балапаныма тимеші,

Қамығып қалар, қабағыңды да түймеші

Қақпашы қолын, не аламын десе, ал деші,

Тартпашы қолы, не кием десе, ки деші.(42-бет)

Нені аңсадың, неге мұнша елтідің?

Бүгін тағы бермеді ме жел тыным.

Түні бойы туладың ғой, толқыным,

Түні бойы жырладың ғой, толқыным (56-бет)

Ақеділім,

жан Еділім,

армысың,

Арумысың ақ періште,

әнбісің?

Сар даланы сазды әуенге бөлеген

Салауаттың сандуғашы бармысың?! (97-бет)

Сен жайлы талай естідім

Аңыз көп, аға, сен жайлы

Жиналып қарттар кешқұрым

Сен жайлы бір жыр толғайды. (108-бет)

Риторикалық сұраудың ерекшелігі жауапты керек етпейді. Риторикалық сұрақтардың жауабы өзінің ішінде. Оқушылар сөйлемдегі ой толқынына қарап, жауабын өздері бере алады. Сөйлем әдейі солай құрылады.

Қызық па солдат тірлігі,

Жауынгер жолдас, хал қалай?

Босаңдау едің ширығып,

Болдың ба жігіт балғадай?

Тиді ме билік қолыңа,

Тізімде ғана тұрмысың.

Борщқа сықап тойып ап,

Борышыңды өтеп жүрмісің?

Осы екі шумақтың соңғы тармақтарындағы риторикалық сұрауға оқырман еріксіз түрде іштей «иә» деген жауапты береді.

Арнаулардың бұл түрлері Сағидың алдындағы не өз кезіндегі тарихи әдебиеттерден де, Сағидың өз өлеңдерінен де түгел табылады. Сондықтан олардың әрқайсысынан мысалдар келтіріп, қайталап жатудың қажеті аз. Сондықтан арнауды осынымен қысқартып, Сағи өлеңдеріндегі фигураның екінші түрі - қайталауға тоқталық. Қазақтың өлеңдерінде болсын, көркем қарасөздерінде болсын үлкен орын алатын фигураның күрделі бір түрі - қайталау.

Белгілі бір өмір құбылысына, не бір нәрсеге оқырман назарын аудару үшін ақын -жазушылар бір сөзді, не сөйлемді әдейі қайталап сөзге, не сөйлемге ерекше түс береді.

б) Қайталаулар

1. жай қайталаулар 2. еспе 3. синтаксистік параллелизм 4. анафора 5. эпифора

1

Тастасаң мейлің, таулардан,

Тұншықтыр, мейлің, теңізге,

Аяулым болған жандарға

Керексіз енді дегізбе.



2

Бір әнге салып, үздігіп,

Отырады ылғи ымыртта

Ұмытсаң, ұмыт біздерді

Со қызды бірақ ұмытпа.

3

Қай жерге анаң бармады

Қай жерді анаң кезбеді.

Өмір бізді алдады,

Біз де алдадық өзгені

4

Аш белді шандып шарт уып,

Айсыз бір тұнық түндерде,

Найзаны көкке лақтырып,

Найзамен шаншып жүргенде


Сағынам дала желін де,

Сағынам жасыл қыратты

Туған жер маған көрінбей,

Бірге еріп жүрген сияқты.

5

Келеді таңым!

Кәдімгі нәзік ақ таңым!

Осылай әр күн

Қарсы алам таңның

Атқанын


Жаңа жыл бүгін!

Бәрі де бүгін жап-жаңа

Аспан да жаңа!

Жап-жаңа қазір бар дала.

Қайталаулардың Сағи өлеңдерінде кездесуін қарастыра келіп, қайталаудың барлық түрі өлеңдерінде кездесетіндігін анықтадық.

Сағидың өлеңдерінде көп қайталанатын кей сөздеріне картотека жасадық. Ондағы мақсат - бұрынға қайталаулардан айырмасын ашу. Сағидың өзіне тән ерекшелігін айқындау.

Біз Сағидың өлеңдерінде көп қайталанатын сөздеріне айрықша картотека жасадық. Ондағы мақсат - бұрынғы қайталаулардан айырмасын ашу. Сағидың өзіне тән ерекшелігін айқындау. Біздің алғанымыз - «жел» сөзі. Сағидың барлық өлеңдерінде «жел» сөзі 75 рет қайталанады екен.

Бір сөзді қайталап айту ауыз әдебиетінде де, тарихи әдебиеттет де поэтик тілдің жалпы заңы бойынша жиі кездеседі және ол орынды да деп білеміз. Бірақ, ауыз әдебиетінде ерекше тән және бір нәрсе сөйлемдегі айтылмақ ойға байланысты жоқ сөздердің көп қайталануы болатын.

Сарманымды ендеше сарманымды

Сасық көлге қамаймын бар малымды.

Тесіп алып ендеше тесіп алып,

Жыңғылдан жылқы айдаймын кесіп алып.

тағы да басқа осылар сияқты.

Мұндағы «Сарманымды», «тесіп алып» деген сөздер бір нәрсеге көңіл аудару үшін, не сөз, сөйлемдердің әсерін күшейту үшін қолданылып отырған жоқ. Жолдың санын толтыру үшін, кейінгі жолдарға ұйқас ізделу үшін қолданылып тұр.

Сағи өлеңдеріндегі қайталанған сөздер бұлар сықылды қайталанбайды. Әрбір қайталанған сөзге, сөйлем құрылысында, басқа сөздермен байланысқанда жаңаша мән, жаңаша мағына беріледі.

Сағидың өлеңдерінде көп қайталанатын сөздің жалпы санын айттық. Көзге көрсетіп, көңілге қондырарлық дәлелі болмаса, жалаң санның әрине, құны аз. Сондықтан, сол көп қайталанатын сөздерден бірнеше мысал келтірейік.

Жел:

Қанаты желге дірілдеп,

Аққулар айтты өз жырын.

(Сағи Жиенбаев, «Алтын қалам», 15-бет)

Ұшпадым желдей есіліп,

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!