400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сағы сынбаған актер

Материал туралы қысқаша түсінік
Материалда церебриалды сал ауруымен ауыратын жігіттің актер болуға талпынысы мен сол саладағы жұмысы айтылған
Материалдың қысқаша нұсқасы




Сұхбат

Қонақ: Өтеген Арыстан Берикбайұлы

Өтеген Арыстан Шымкент қаласының Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің түлегі. Актер мамандығын 2024 жылы игерген. ЦСА әсерінен қос аяғы қоғзалыссыз қалған.


  1. Актерлік жолға қалай келдініз? Біреу кеңес берді ме әлде өз қалауыныз ба?

2020 жылы мен Мұхтар Әуезов атындағы университетке білімімді арттыру мақсатында түстім. Қазір Шымкент қалалық “ Әзіл-ысқақ” театрында көркемдік жетекшінің орынбасары қызметін және көркемдік қойылым ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарып жатырмын. Актер болуыма ешкім себепші болған жоқ. Актерлік өнерді өз болмысымды дамытудын бір жолы деп көрдім. Себебі сен актер болу арқылы сахнада өз эмоциянды көрсете аласын, өз жан дүниенді сахнада бейнелей аласын. Актер– ол суретші, әдемі әрі әсерлі сурет салатын. Актер – ол өнердің құлы. Өнер үшін қызмет ететін қалам.


  1. Сіздің ерекшелігініз актерлік білім алуға әсер етті ме?


Менің денсаулығымның ерекшелігі менің бойымдағы індетім. Мен туылғанда ЦСА (ДЦП) диагноз қойды. Екі аяғым толық функционалды қызметін атқара алмайды. Бұл ерекшелігім жұмысыма жиі кедергі жасайды. Бірақ бұл кедергіге қарамастан тырысып әрекет етемін. Өзімнің мүмкіндігімнің шегі жоқ екенің, мүмкіндігі шектеулі деген жәй ғана термин екенің дәлелдеу мақсатында жан болмысымды сахнада көрсеткім келеді. Өмірде көрсете алмайтын қайғы-мұнды, өмірде жылата алмайтын арыстанымды сахнада жылатып, зарымды шығару үшін актерлік мамандығын тандадым. Актерлік шеберлік болсын, музыкалық өнер болсын шоу бизнес индустриясын дүр сілкіндіру үшін осы бағытқа бұрылдым.


  1. Қазақстандық және әлемдік актерлердің қайсысы сізге шабыт сыйлайды? Қай актерлерді үздік көресіз?


- Маған нақты бір актер ұнайды деп айта алмаймын. Өйткені әрбір актер, әрбір әнші, әр суретшінің өзіндік орны, жеткен белестері бар. Мен барлық актерлерден байқайтын ерекшеліктерді білемін. Сол ерекшеліктерді өз бойыма дарытуға тырысамын.


  1. Болашақ актер боламын деген, актерлік мамандыққа түскісі келетін жас түлектерге кеңесініз қандай?


Күнделікті өмірде спортпен айналысып, керекті витаминдерді пайдаланып, таза ауада жиі серуендеп, бассейн мен спорт залдарды өзіне серік етуге кеңес беремін. Себебі денсаулық ең маңызды байлық. Мектеп кезінен бастап актерлік, вокал, ағылшын сабақтарына қатысуын бастай берініздер.


  1. Алға қойған мақсаттарыныз қандай? Қандай жетістіктерге жетуді армандайсыз?


Қазақ деген мемлекетті, қазақ деген арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты, қасқыр жүрек өр рухты халықты әлемге танытқым келеді. Әке шешемнің атын, әулетімнің есімін әлемге паш ету. Әлемнің өзі танданып, тамсанатын актер, әнші, театр санлағы болу менің арманым.



Біржан АМАНБЕК






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
6 желтоқсан
103
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі