жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Шағын жинақталған бастауыш мектеп оқушыларының танымдық белсенділіктері мен шығармашылық қабілеттерін арттыру
Төлеген Өмірбек Шаймұратұлы (жетекші)
Толегенова Айғаным
Ж.Мусин атындағы Кокшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі.
Көкшетау,Қазақстан
Шағын жинақталған бастауыш мектеп оұушыларының танымдық белсенділіктері мен шығармашылық қабілеттерін арттыру
Жастарға жалпы орта білім беруді жүзеге асыруда негізгі және орта мектептермен қатар, бастауыш мектептердің, оның ішінде шағын комплектілі мектептердің атқаратын ролі орасан зор.
Жалпы шағын жинақты бастауыш мектеп жаңадан пайда болған құбылыс емес. Оның негізі бастауыш білім беру жөнінде белгілі педагогтар К.Д.Ушинский, Л.Н.Толстой жасаған оқыту методикасында жатыр. Қазақстан топырағына бұл құбылыстың келуі қазақтың тұңғыш педагогі Ы.Алтынсариннің есімімен байланысты. Содан бері қанша уақыт өтсе де шағын жинақты мектептер қызметі әлі де жалғасуда.
Шағын жинақты мектептер – қазақтың шағын ауылының іргесі, ұйытқысы, оның әлеуметтік экономикалық дамуының өзегі.
Республикамыздың экономикалық және географиялық ерекшеліктеріне байланысты орталықтан шалғай, алыс жерлерде орналасқан қазірдің өзінде Қазақстанда 85-90% шағын жинақталған мектептер бар. Мұндай мектептер негізінен ауылдық жерлерде орналасатыны белгілі. биылғы оқу жылының басындағы есеп бойынша еліміздегі 7 мыңнан аса жалпы орта білім беретін мектептердің 53,7 пайызы, ал ауыл мектептерінің 90 пайызға жуығы ШЖМ. Мұндай мектептердегі оқушылар саны 423,6 мың, оның ішінде бастауыш сыныптарда 12,3 мың, 46,8 мың – негізгі және 364,4 мың оқушы орта мектептерде оқиды. ШЖМ жүйесінің өзгеру динамикасы шағын жинақты бастауыш және негізгі мектептердің қысқарып, орта мектептердің көбейіп келе жатқанын байқатады.
Ы.Алтынсариннің басшылығымен ұлттық мектептердің қазақстандық үлгі жүйесі пайда болды. Ол басшыларға жазған баяндама хаттарында «қазақтардың тұрмыс-тіршілігіне ыңғайлы, мектептің көшпелі болуы қажет, жазда ауылдармен бірге жайлауда, ал қыста қыстауда болғаны жөн» − деп, дәлелдеген. Ол 1986 жылы 5 болыстық мектеп ашты: Торғайда (Қараторғай мектебі), Николаевскіде (Убалан мектебі) және жетіқара мектебі, Илецкіде (Буртин мектебі). Ал ХХ ғасырдың басында ауылдық жерлерде білім алудың жинақталған мектептер жүйесінің негізі қаланды. Сол кезде ауылдағы алғашқы қазақ мектептерінің көбі шағын жинақты бастауыш мектептер болғаны байқалады. 1916 жылы олардың саны – 727, ондағы оқушы саны –22414 болды. 1920-1921 жылдары шағын жинақты мектептердің саны екі есе өсті.
ХІХ ғ. ІІ-жартысында Қазақстанда әр түрлі типтегі орыс-қазақ мектептері көптеп ашыла бастады (басым көпшілігі - шағын комплектілі мектептер). Ақмола мен Семей облыстарында - мектеп-интернаттар мен ауыл шаруашылық бастауыш училищелері, Торғай мен Оралда – ауылдық, облыстық (1-кластық, 2-кластық – оқу мерзімі – 6 жылдық) орыс-қазақ училищелері, Жетісу мен Сырдарияда - орыс-түземдік училищелер, Ішкі Ордада – старшындық және бөлімшелік училищелер ашылды.
Жалпы, осы уақытқа дейін шағын жинақты мектептерде оқу-тәрбие жұмысының мазмұнын жақсарту, оқушылардың білім деңгейін мемлекеттік стандарт дәрежесіне көтеру сияқты мәселелері бірқатар ғалымдарымыз бен әдіскерлеріміздің назарын аударған. Олардың еңбектерінде бірнеше сыныпты бір мезгілде қатар оқытудың тиімді жолдарын іздестіру (Ж.Аймауытов, Ғ.Бегалиев, Ж.Қаржасбаев, М.Бүрлібаев, Ғ.Сүлейменов, А.Асқарбаева), сабақты ұйымдастырудың өзіндік ерекшеліктері мен әдіс-тәсілдерін анықтау (Б.Құлмағамбетова, А.Асқарбаева, Г.М.Храпченков, Қ.Аймағамбетова); «Қазақ тілі», «Ана тілі», «Математика», «Айналамен таныстыру» пәндерін оқытудың мазмұны мен практикалық бағытын белгілеу (Ш.Әуелбаев, А.Асқарбаева, Б.Құлмағамбетова); бір пәндік, бір тақырыптық сабақтардың тиімділігін дәлелдеу (М.Сайпин, З.Бейсенбаева, Е.Шапаева, О.Сатқанов, Б.Катембаева);. осы үлгідегі мектептер үшін болашақ мұғалімдерді дайындау мәселелері (З.Әділғазинов) қарастырылады.
Шағын жинақты бастауыш мектеп мәселесін зерттеуге белсене араласқандардың бірі – Ғ.Сүлейменов. Оның 1963 жылы «Қазақстан мектебі журналында «Аз комплектілі бастауыш кластарда сабақ кестесін қалай жасау керек ?», 1965 жылы «Екі комплектілі мектепте оқу процесіне басшылық ету туралы», 1968 жылы Р.Мұраталиевпен бірлесе отырып жазған «Аз комплектілі мектептерде оқу процесін ұйымдастыру туралы» мақалалары басылды. Ғалым алғашқы мақаласында аталған мектептер үшін сабақ кестесін құрудың бірнеше нұсқасын ұсынды. Ал келесі мақаласы 1 және 2, 2 және 4-сыныптарды қатар оқытудың әдістері мен тәсілдерін көрсетуге арналды. Мұнда автор алдымен шағын жинақталған мектептерде жұпталған сабақтардың, негізінен, 3 түрі болатындығын айтады: 1) екі сыныпта да жаңа материал өтілетін сабақ; 2) бір сыныпта жаңа материал, ал екіншісінде пысықтау не қайталау (немесе оқушылардың білімін тексеру) жұмысы жүргізілетін сабақ; 3) екі сыныпта да бұрынғы өтілген материал пысықталатын не қайталанатын (немесе бір сыныпта бақылау жұмысы алынатын) сабақ. Одан әрі қарай әрбір түрге байланысты сабақты жоспарлаудың және өткізудің үлгісін мысалдармен түсіндіреді. Р.Мұраталиевпен бірлесіп жазған мақаласында көрнекі құралдар, әсіресе, шағын жинақты мектептер үшін өте қажет деп есептеп, оларды қолдану жолдары туралы пайдалы ұсыныстар білдіреді.
Қазақ ССР Оқу министрлігінің 1987 жылы 10 маусымда «Республикадағы шағын комплектілі мектептердің қазіргі жайы және олардың жұмысын жақсарту шаралары жайында» заң қабылданды. Ал 1975 жылғы 9 желтоқсанда Қазақ ССР Оқу министрлігі Коллегиясының шешімі бойынша ШЖМ үшін орыс, ана тілі, табиғаттану мен математикадан әдістемелік құралдар дайындау Ы.Алтынсарин атындағы Педагогика ғылымдары ғылыми-зерттеу институтына тапсырылды. Осы тапсырманы орындау үшін Бастауыш білім беру әдістемесі 1974-78 жж. «ШКМ-тегі оқыту мазмұны мен әдістемесін жетілдіру» атты зерттеу жұмыстарын жүргізді.
Шағын жинақты бастауыш мектепте математиканы оқыту әдістемесі де кез-келген ғылым саласы сияқты екі жағдайда дамиды. Оның біріншсі - әдіскер, психолог, педагог сияқты ғалымдардың зерттеу жұмыстарының нәтижесінде жүзеге асса, екіншісі – кейбір мұғалімдердің шығармашылық тәжірибелерін оқып үйренудің, оларды ғылыми түрде негіздеу, жалпылау арқылы жүзеге асады.
Шағын жинақты бастауыш мектептерде де математика пәні қалыпты мектептерге арналған оқулықтар мен оқу құралдарының көмегімен оқытылады. Қазақстанда қазақ бастауыш мектептері төл оқулықтармен қамтамасыз ету мәселесі әріден келе жатқан, нақтырақ айтсақ, бастауыш қазақ халқының ұлы ағартушысы Ы.Алтынсариннің өзінен алатыны, бір жарым ғасырға жуық уақыт бойы күн тәртібінен түспеген мәселелердің бірі.
«Ы.Алтынсарин орыс - қазақ мектептері үшін математика оқулықтарын таңдап алуға зор маңыз беріп, сол кездегі орыс бастауыш мектебінде қолданылып жүрген оқу-құралдардың ең жақсыларын енгізуге тырысты»-дейді Б.М.Қосанов. ХХ-ғасырдың басында М.Әуезов, А.Байтұрсынұлы бастаған қазақ оқымыстылары бұл істі жаңа сатыға көтереді. Басқа салалардың мамандары бола тұра, олар мектепті оқу құралдарымен қамтамасыз етудің зор маңызын түсініп, осы іске бел шеше кірісті. Соның нәтижесінде Қазан төңкерісіне дейін-ақ математика пәндерінен төл оқулықтар қазақ балаларының қолына түсе бастады. 1920-1930 жылдары математика пәнінен оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдар дайындауға М.Дулатұлы, С.Қожанұлы, К.Жәленұлы, Қ.Сәтбаев т.б атсалысты. Сөйтіп, сол заман тұрғысынан қарағанда, қандай да деңгейде болмасын білім дәрежесі көтеріліп, жүйеленіп бір ізге түсе бастады.
1930 жылы жеткіншек ұрпақтың санасын өз қажетінше қалыптастыруға бағытталған Мәскеу шенеуніктерінің қаулылары Қазақстандағы қауырт дамып келе жатқан бұл істі пышақ кескендей тыйды. Яғни, математика құралдары тек қана орталыққа дайындалып, жергілікті жерлерде олардың аудармаларын ғана пайдалануды міндеттеді. Мұндай әрекетке ғалым-педагогтар тарапынан қарсылық болды. 1970-1980 жылдары шағын жинақты бастауыш сыныптағы оқыту әдістемесін зерттеуге белсене кіріскен ғалымдарымыздың бірі – Б.Құлмағанбетова. Ол мақалаларында мұғалімге көмек ретінде әдістемелік нұсқаулар беруді мақсат ете отырып, қазақ тілі сабақтарында өздігінен орындалатын жұмыстардың түрлері мен оны ұйымдастыру жолдарын көрсетуге баса мән береді. 1974 жылы Б.Құлмағанбетованың «Аз комплектілі мектепте сабақты ұйымдастыру» деген еңбегі жарық көрді. Бұл еңбекте мынандай мәселелер қарастырылды: 1) аз комплектілі мектептердің қазіргі жайы; 2) аз комплектілі мектептерде жұмыс түрлерін ұйымдастыру; 3) аз комплектілі мектептерде сабақты ұйымдастырудың әдіс-тәсілдері; 4) аз комплектілі мектептерде тіл дамыту жұмыстарын ұйымдастыру. Автор алдымен шағын жинақты бастауыш сыныпта сабақ беретін мұғалімдердің іс-тәжірибелеріне шолу жасай келіп, әрбір сыныпта оқылатын тақырыптарды, оларға қатысты материалдарды, көрнекі құралдар мен әдістемелік жаттығуларды орынды пайдаланып, жұптасқан сабақтардың құрылысын, өздік жұмыстардың түрлерін, көлемін, оған кететін уақытты т.с.с дұрыс белгілеп алса, мұндай мектептердегі оқу-тәрбие жұмысы нәтижелі болады деген қорытынды жасайды.
1980 жылы Ш.Әуелбаевтың «Қазақ тілі сабақтарының мазмұны мен жоспарлау үлгілері» атты еңбегі жарыққа шықты. Автордың бұл еңбегі шағын жинақты бастауыш сынып мұғалімдері үшін қиындық келтіріп отырған қазақ тілі сабақтарының мазмұнын анықтау мәселесін шешуге байланысты жасалған алғашқы әрекет болып есептеледі. Өйткені бағдарламада үлкен тақырыптарға арналған сағат сандары ғана көрсетіледі де, әрбір жеке сабақтың мазмұнын белгілеу үлкен қиындық туғызады. Сондықтан бұл құралда қазақ тілі сабағының мазмұны мен көлемі анықталып, оның толық жоспарлау үлгілері берілген. 1981 жылы басылып шыққан А.Асқарбаева мен Г.М.Храпченковтың «Шағын комплектілі мектептегі оқытудың мазмұны мен әдістері» деп аталатын еңбегінің маңызы аса зор болды. Бұл құралдағы көңіл аударарлық мәселе – шағын жинақты бастауыш сыныптарда ана тілі сабақтарын бір пәндік жүйемен жоспарлағанда қатар сыныптарда тақырыбы мен мазмұны жағынан жақын, бір-біріне ұқсас материалдарды іріктеп алып, жұптастырып, бір мезгілде өткізудің тиімді болатындығы. Осы тұста шағын жинақты мектептегі оқыту мәселесіне қатысты әдістемелік нұсқаулар да пайда бола бастады. Атап айтқанда: Қ.Аймағамбетованың «Аз комплектілі бастауыш мектептерде табиғаттануды оқыту», М.Сайпиннің «Шағын комплектілі мектептерде математиканы оқыту» (1984), О.Сатқановтың «Еңбекке үйрету методикасының кейбір ерекшеліктері» (1990) атты еңбектері. Аталған еңбектерде шағын жинақты мектептердің өзіндік ерекшеліктері, жеке пәнді оқыту әдіс-тәсілдері, ұтымды жұмыс түрлері, сабақ жоспарлары тәрізді негізгі мәселелер қамтылған. Олар, негізінен, бір пәннің бір мезгілде өткізілуін қолдап, соған сай бір тақырыптық сабақтарды жоспарлау үлгісін көрсеткен. Бұл еңбектерден шағын жинақты мектептегі оқу-тәрбие ісі жалпылама сөз болмай, негізгі жұмыс түрлері көбірек қамтылып, нақты нұсқаулар беріле бастағанын байқаймыз.
Бірақ, тек қана 1980 жылдары Самарқан Егізбаев, Төлеген Оспановтардың батыл қадамдарының арқасында бастауыш мектепте математикадан республика ерекшеліктеріне лайықталған оқулық пен әдістемелік құрал мәселесі Мәскеу ғалым-педагогтармен келісілді. Соның нәтижесінде 1986 жылы қазақ баласының табиғатына жақындау математика пәнінен оқулықтар шыға бастады. Бірақ бұл мәселе шешімін Мәскеу ғалымдарының кереғарлығына байланысты аяғына дейін жеткізуге мүмкіндік болмады. Дегенмен, жарты қадам болса да бұл мәселе алға жылжыды.
Білім және ғылым министрлігінің статистикалық есебі бойынша ШЖМ-де 379319 оқушы дәріс алады, 51796 мұғалім қызмет атқарады. Министрліктің 1997 жылғы «ҚР ШЖМ-гі жұмыстарды ұйымдастыру жөнінде» әдістемелік нұсқау хатында ШЖМ-нің негізгі қызметі көрсетілген. Ол: бастауыш сыныптарда оқушы саны − 40-тан, негізгі мектепте 100-ден, ал орта мектепте 280-нен аспаса, шағын жинақталған мектеп болып есептеледі. Ал, ҚР Үкіметінің № 300. 25.02.2000ж қаулысына сәйкес ауылдық жерлердегі сыныптарда кемінде 5 бала оқыса, бастауыш немесе негізгі ШЖМ, ал кемінде 81 бала оқыса, орта ШЖМ деп аталады.
Тәуелсіздік жылдарында толық орта мектептер саны мен шағын жинақталған мектептер саны өзгерді. 1997-2001 жылдары аралығында ШЖМ 3621-4229-ға жетті, оның 2156-сы (50,9 %) қазақ тіліндегі мектептер.
Шағын жинақты мектептерде оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастырудың қандай ерекшеліктері бар?Шағын жинақты мектептер қызметін ұйымдастырудың өзіндік ерекшеліктері жетерлік және олар оқу үдерісі барысында ескеруді қажет етеді. Бұл мектептердегі оқыту үдерісі білім мазмұнының сабақтастығы мен үйлесімділігін қамтамасыз етуді, оқыту барысында бір пәнділік және бір тақырыптылық ұстанымдарын қолдануды талап етеді. Сыныптардың толымсыздығы салдарынан көбіне әртүрлі жастағы екі-үш сынып оқушыларын бір сыныпта біріктіріп оқытуға тура келеді. Ал әр сыныптың оқушылары өздерінің жас ерекшеліктеріне лайықталып жасалған оқу бағдарламасы бойынша белгілі бір білім көлемін меңгеруі тиіс. Сондықтан екі немесе үш-төрт сыныптың біріктіріліп оқытылуы оқушыларға да, мұғалімге де психологиялық жағынан да, оқыту әдістемесі тұрғысынан да үлкен қолайсыздықтар туындатады. Сыныптағы оқушы санының аздығы, бір жағынан, оларды даралап оқыту мүмкіндігін ұлғайтса, екінші жағынан, психологиялық тұрғыда ұжымдық іс-әрекет жасау, оқушының коммуникативтік қабілеттерін дамыту мүмкіндіктерін шектейді, шамадан тыс бақылауды күшейтеді, осының барлығы оқушының психологиялық ахуалына, білім сапасына әсер етеді.
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында академияға жүктелген міндеттер – 2016 жылдан бастап жаңаша білім беруге көшудi ғылыми-әдістемелік тұрғыда қамтамасыз ету және шағын жинақты мектептердегі білім сапасын көтеру.Аталған мемлекеттік бағдарлама іс-шараларына сәйкес, академия базасында шағын жинақты мектепті дамыту орталығы құрылды. Орталықтың негізгі қызметі осы мектептерді ғылыми, оқу-әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз ету және аймақтық орталықтардың қызметін үйлестіріп, жетекшілік жасау болып табылады. Академия еліміздегі шағын жинақты мектептердің қазіргі жай-күйін анықтап, олардың қызметін ұйымдастыру жөніндегі өңірлерде жинақталған тәжірибелерге жан-жақты талдау жасады. Мақсат – құнды тәжірибелерді жарыққа шығарып, олармен шағын жинақты мектептерді қамтамасыз ету. Талдау әр өңірде педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау институттарының жетекшілігімен жинақталған оңды тәжірибелер бар екенін көрсетті. Мысалы, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында ресурстық орталық-тірек мектебі қызметін ұйымдастыру, оқу-
тәрбие үдерісінде тиімді әдіс-тәсілдерді қолдану, технологиялық карталар арқылы өзіндік оқыту жұмысын ұйымдастыру жолға қойылған. Ақтөбе облысында негізгі пәндер бойынша біріктірілген сыныптарға арналған оқу-әдістемелік құралдарының жобасы дайындалған. Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарында оқытудың ақпараттық технологияларын қолдану бойынша нақты тәжірибе жинақталған.
Ы.Алтынсарин атындағы білім Академиясында шағын жинақты мектептің және тірек мектебі-ресурстық орталықтар қызметін ұйымдастырудың типтік ережелері дайындалды. Сонымен қатар, Ақтөбе облыстық кадрлар біліктілігін арттыру және қайта даярлау институтымен бірлесе отырып, біріктірілген сыныптарға арнап мазмұны ұқсас тақырыптарды кіріктіре оқытудың оқу-әдістемелік кешені, тағы да басқа оқу-әдістемелік құралдар әзірленуде.Академия алдағы уақытта шағын жинақты мектепті дамыту орталығы мен аймақтық орталықтардың қызметінің үйлесімділігін арттыра отырып, нормативтік-құқықтық, оқу-әдістемелік құралдарды, оның ішінде, кіріктірілген оқу бағдарламаларын, оқушының өзіндік оқу-құралдарын әзірлеп, олармен мектептерді қамтамасыз ету, өңірлерде жинақталған құнды тәжірибелерді сараптап, жүйелеп, оларды республика білім ұйымдарының практикасына ендіру жұмыстарын жүргізетін болады. Сонымен қатар, қолданбалы ғылыми жобалар негізінде білім мазмұнын, оқу-тәрбие үдерісін жетілдіру, инновациялық технологиялар мен әдіс-тәсілдерді ендіру жұмыстары жүйелі түрде жүргізілетін болады.
Республика мектептерінің жартысынан астамын құрап отырған шағын мектептердің ауқымды проблемаларын шешу үшін республикалық және жергілікті жерлерде кешенді іс-шаралар жүзеге асырылуы тиіс. Республикалық және облыстық институттар мұғалімдерінің біліктілігін арттыру курстарының сапасын жетілдіру, педагогикалық институттар педагогикалық білім мазмұны мен құрылымына тиісті толықтырулар енгізуі тиіс болса, жергілікті басқару органдары бұл мектептердің материалдық-оқыту базасын жақсарту, кадрлармен қамтамасыз ету бағытында арнайы кешенді бағдарламалар қабылдап, жүзеге асуыруы қажет болып отыр. Қолымызда шағын жинақты мектептердің проблемаларын шешуге қатысты зерттелген шетелдік тәжірибелер бар ма? Болса, біз оларға сүйене аламыз ба? деген сұрақтар туындайды. Көптеген елдерде шағын жинақты мектептердің болуын әлемдік білім беру кеңістігіндегі феномен ретінде сипаттауға болады. Ұқсас проблемалар, оларды дамыту мен шешу жолдары бірдей болса да, әр елде шағын жинақты мектептердің өзіндік бағыты бар, өзіндік білім беру тәжірибесі мен саясатын жүзеге асыратын жолы бар. Мысалға алатын болсақ, АҚШ-та әрбір, тіпті ең кішкене ауыл мектебін сақтап қалуға тырысады, ол үшін мұғалімдерге материалдық тұрғыдан қолдау көрсетіледі, әлеуметтік көтермелеулер жасалады. Мұнда ауылдағы «шағын жинақты» мектеп педагогтерінің жалақысы қаладағы әріптесіне қарағанда екі есе көп.
2009 жылғы мәліметтер бойынша Ресейдегі жалпы білім беру ұйымдарының 70%-ын шағын жинақты мектептер құрайды, яғни, әр төртінші бала шағын жинақты мектепте оқиды. Ресейдің білім беру тәжірибесінде шағын жинақты мектептерді әлеуметтік ортамен біріктірудің түрлі формасы бар. Онда мектеп, балабақша және мәдениет үйі, сынып-сабақтық емес типтегі мектептер, базалық мектептер енетін ауылдың мәдени өмірін біріктіретін орталық құрылған.
Міне, шағын жинақты мектептер Қазақстандық білім жүйесіне ғана тән емес. Ол басқа елдерде де кездеседі. Әрқайсысының өз ереешеліктері және қиындығы бар. Біз кез келген шетелдік тәжірибеге сүйену үшін бір нәрсені анықтап алуымыз керек: яғни ұлттық болмысымызға кері әсері жоқ па немесе оның түбі неге алып келеді. Ал ой елегінен өткізілген, өзімізге қарай оңтайланған тиімді тәжірибелерді неге енгізбеске?!
Ы.Алтынсариннің басшылығымен ұлттық мектептердің қазақстандық үлгі жүйесі пайда болды. Ол басшыларға жазған баяндама хаттарында «қазақтардың тұрмыс-тіршілігіне ыңғайлы, мектептің көшпелі болуы қажет, жазда ауылдармен бірге жайлауда, ал қыста қыстауда болғаны жөн» − деп, дәлелдеген. Ол 1986 жылы 5 болыстық мектеп ашты: Торғайда (Қараторғай мектебі), Николаевскіде (Убалан мектебі) және жетіқара мектебі, Илецкіде (Буртин мектебі). Ал ХХ ғасырдың басында ауылдық жерлерде білім алудың жинақталған мектептер жүйесінің негізі қаланды. Сол кезде ауылдағы алғашқы қазақ мектептерінің көбі шағын жинақты бастауыш мектептер болғаны байқалады. 1916 жылы олардың саны – 727, ондағы оқушы саны –22414 болды. 1920-1921 жылдары шағын жинақты мектептердің саны екі есе өсті.
ХІХ ғ. ІІ-жартысында Қазақстанда әр түрлі типтегі орыс-қазақ мектептері көптеп ашыла бастады (басым көпшілігі - шағын комплектілі мектептер). Ақмола мен Семей облыстарында - мектеп-интернаттар мен ауыл шаруашылық бастауыш училищелері, Торғай мен Оралда – ауылдық, облыстық (1-кластық, 2-кластық – оқу мерзімі – 6 жылдық) орыс-қазақ училищелері, Жетісу мен Сырдарияда - орыс-түземдік училищелер, Ішкі Ордада – старшындық және бөлімшелік училищелер ашылды.
Жалпы осы уақытқа дейін шағын жинақты мектептерде оқу-тәрбие жұмысының мамзмұнын жақсарту, оқушылардың білім деңгейін мемлекеттік стандарт дәрежесіне көтеру сияқты мәселелері бірқатар ғалымдарымыз бен әдіскерлеріміздің назарын аударған. Олардың еңбектерінде бірнеше сыныпты бір мезгілде қатар оқытудың тиімді жолдарын іздестіру (Ж.Аймауытов, Ғ.Бегалиев, Ж.Қаржасбаев, М.Бүрлібаев, Ғ.Сүлейменов, А.Асқарбаева), сабақты ұйымдастырудың өзіндік ерекшеліктері мен әдіс-тәсілдерін анықтау (Б.Құлмағамбетова, А.Асқарбаева, Г.М.Храпченков, Қ.Аймағамбетова); «Қазақ тілі», «Ана тілі», «Математика», «Айналамен таныстыру» пәндерін оқытудың мазмұны мен практикалық бағытын белгілеу (Ш.Әуелбаев, А.Асқарбаева, Б.Құлмағамбетова); бір пәндік, бір тақырыптық сабақтардың тиімділігін дәлелдеу (М.Сайпин, З.Бейсенбаева, Е.Шапаева, О.Сатқанов, Б.Катембаева);. осы үлгідегі мектептер үшін болашақ мұғалімдерді дайындау мәселелері (З.Әділғазинов) қарастырылады.
Шағын жинақты бастауыш мектептерде де математика пәні қалыпты мектептерге арналған оқулықтар мен оқу құралдарының көмегімен оқытылады.
Қазақстанда қазақ бастауыш мектептері төл оқулықтармен қамтамасыз ету мәселесі әріден келе жатқан, нақтырақ айтсақ, бастауыш қазақ халқының ұлы ағартушысы Ы.Алтынсариннің өзінен алатыны, бір жарым ғасырға жуық уақыт бойы күн тәртібінен түспеген мәселелердің бірі.
«Ы.Алтынсарин орыс - қазақ мектептері үшін математика оқулықтарын таңдап алуға зор маңыз беріп, сол кездегі орыс бастауыш мектебінде қолданылып жүрген оқу-құралдардың ең жақсыларын енгізуге тырысты»-дейді Б.М.Қосанов.
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген