"Шахмат-ақыл ой спорты" жоспары

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Шахмат-ақыл ой спорты" жоспары

Материал туралы қысқаша түсінік
Кластан тыс шара жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

«№18 орта мектебі» КММ







Кластан тыс шара

Шахмат – ақыл-ой спорты

атты мектепішілік турнир

      









Ұйымдастырған: Жұбаниязов А.Б.
















Ақтөбе қаласы, 2025 жыл


Мақсаты:

1.Оқушылардың шахмат ойынына деген қызығушылығын арттыру;

2. Логикалық ойлау қабілеттерін дамыту;

3.Ойнау логикасы зейінділікті дамытуға, әр алуан варианттарды жылдам әрі дәл есептей білуге, жеңіске жетуге деген ерік-жігерді қалыптастыруға және басқа да моральдық қасиеттерді тәрбиелеу.

Әдісі: Жарыс - сайыс, жұппен жұмыс.

Көрнекілігі: Шахмат тақтасы, тастары,

Сайыстың барысы:
І. Ұйымдастыру.
ІІ. Оқушыларды
жеребе арқылы топтастыру
ІІІ.
Төрешілермен таныстыру.

Қатысушылар: 4-11 класс оқушыларынан қызығушылықтары орай тағдалынады.    

Қатысушылардың шахмат ойыны туралы білімдерін пысықтап, ойынға дайындықтарын саралау мақсатында төмендегі сұрақтар қойылады.

1.Шахмат сөзі парсы тілінен аударғанда қандай мағына береді?("шах" патша, "мат" өлді дегенді)

2.Шахматты ең алғаш болып кашан және оны кім ойлап тапты?(біздің эрамызға дейін 1000 жыл бұрын Үндістандық математик )

3.Шахмат ойынының тұңғыш аты?( «чатуранга»)

4.Шахмат тақтасында неше тор көз бар? (64)

5.Тақтада фигуралар қандай жолдармен жүре алады? (вертикаль,горизонталь,диогональ жолдар)

6.Шахмат ойынында барлығы неше фигура бар?(32)

7.Корольдің оң қолы, ең күшті фигура қалай аталады? (уәзір)
8.Шахмат спортының отаны қай ел?(Үндістан)
9. Шахмат ойынында пат ұғымы нені білдіреді? (Тең түсу)

10. Шахмат ойынының үш бөлігін атаңыз? (Дебют, миттельшпиль, эндшпиль)
Шахмат ойынының ережесі

            Шахмат екі ойыншы арасында шахмат тақтасында ойналады. Ойын тақтасы 64 шаршыдан тұрады. Ойының басында әрбір ойыншының иелігінде ақ немесе қара түсті он алты тас (шахмат фигурасы) болады: бір патша, бір уәзір, екі піл, екі ат, екі тура және сегіз пешка. Ойынның мақсаты қарсыластың тастарын шабуылдай отырып, патшаға мат қою.

І ойыншы. «Шах» (Ақ түсті )

ІІ ойыншы. «Мат» (Қара түсті )

Шахмат турниріне төрешілік етудің қарапайым принціптері:

Бас төреші қатынасушылардың тәртібін бақылайды. Ойын қатаң түрде әрбір тур бойынша өткізіледі, мүмкіндігінше кезекті турдағы партиялар толық ойналады, қалып қоюға жол бермейді. Соңғы турдың алдында ойналмай қалған партиялар болса, түгел ойнап бітіру керек. Ойын кезінде ойнаушылар бірі мен бірі сөйлеспейді. Ойын кодексі қатаң сақталады. «Ұстадың – жүр» ережесі мүлдем бұзылмауы тиіс.

Ойын кезінде барлық партиялар жазылып, ойын біткеннен кейін бас төрешіге тапсырылады. Жарыстар сағатпен ойналады. жарыс біткеннен кейін бас төреші оның қорытындысын хабарлап жеңімпаздарды марапаттайды.


ІV. Шахмат жарысы. Жеребе арқылы белгіленген қарсыласпен ойын ойнау. Ойын барысында шахмат ойынының ережесін қатаң сақтау. Шахмат жарыстарын өткізудің бірнеше жүйесі бар: айналмалы жүйе, швейцариялық жүйе,  олимпиадалық жүйе және т.б. Солардың ішінде ең көп тарағаны айналма жүйесі. Бұл жүйе бойынша жарыска қатысушылар бір-бірімен жеке-жеке ойнап шығады. Еді осы жарысқа қатысушылардың қай турда қандай түсті фигуралармен ойнайтынын анықтау керек. Оны жарысқа қатысушылар арасында жеребе таратылғаннан кейін пайдалануға болады

Турнирді қорытындылау: Төрешілерге сөз беріледі. Шахмат жарысындағы сағат бойынша іріктелген жеңімпаздармен, ұпай бойынша жеңген қатысушы марапатталуға ұсынылады.






























Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
16.03.2025
277
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі