Материалдар / Сәйлеу тілі бұзылған балалармен жүргізілетін түзету жұмыстары
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сәйлеу тілі бұзылған балалармен жүргізілетін түзету жұмыстары

Материал туралы қысқаша түсінік
Тіл адам өмірінде әр алуан қызмет атқарады, қарым-қатынас, адамзат тәжірибесінде жинақталған істерін жалғастырады, тәртібін, қызметін қалыптастырады. Барлық тіл қызметі өзара тығыз байланысты, бір-бірімен өзара жасалады. Себебі бұл қызмет өз уақытында толыққанды дамуы, шарттарға сәйкес болуы қажет. Сәби жаңа сөйлей бастағанда, қарым-қатынаста, сөздерді айтуда қиындыққа тап болады. Қазіргі ұрпақ өкілдеріне тілді көрнекіліксіз меңгерту мүмкін емес. Баланың қимылы сияқты тіл де осы кезде қызметін азайтады. Өзінің қызметін атқару барысында тіл үлкен, қиын даму жолында баланың ойлауымен, сезімімен, қабылдауымен, ізденім қабілетімен байланысады. Тіл мүкістігі бар баланың психикалық дамуына жеке жетілуіне, тәртібіне әсер ететіні белгілі.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Наурыз 2023
401
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



«Сөйлеу тілі бұзылған балалармен жүргізілетін жұмыстар»


«Қалалық психологиялық-медициналық

педагогикалық консультация» КММ



Логопед: М.Джумабаева

Адам арасында тіл табысу, сөйлеу өте маңызды. Қазіргі кездегі сөйлеу тілін дамыту әдістемесі әлеуметтік – саяси жағдайларға, білім жүйесіндегі ғылыми техникалық прогресстің жетістіктеріне байланысты жетілдіріледі. Бала қоршаған ортаны танып білу, еңбекке қатынасы, өз ойын толық жеткізе білуі сөйлеу тілімен байланысты. «Айтылмай қалған – сөз жетім» демекші қазіргі кезде логопед маманы тек қана арнаулы мекемелерде ғана емес жалпы білім беретін мектептердің бастауыш сыныптарына көмегі тиері сөзсіз және бала-бақшаларға да септігін тигізеді. Соңғы кездегі әр түрлі баланың сөйлеу тіліне кесірін тигізетін экологиялық ауруларды логопедиялық түзету жұмысы арқылы түзеуге ықпал етеді. Тіл мүкістігі көбісіне мектеп жасына дейінгі балаларда кездеседі.

Тіл адам өмірінде әр алуан қызмет атқарады, қарым-қатынас, адамзат тәжірибесінде жинақталған істерін жалғастырады, тәртібін, қызметін қалыптастырады. Барлық тіл қызметі өзара тығыз байланысты, бір-бірімен өзара жасалады. Себебі бұл қызмет өз уақытында толыққанды дамуы, шарттарға сәйкес болуы қажет. Сәби жаңа сөйлей бастағанда, қарым-қатынаста, сөздерді айтуда қиындыққа тап болады. Қазіргі ұрпақ өкілдеріне тілді көрнекіліксіз меңгерту мүмкін емес. Баланың қимылы сияқты тіл де осы кезде қызметін азайтады.

Өзінің қызметін атқару барысында тіл үлкен, қиын даму жолында баланың ойлауымен, сезімімен, қабылдауымен, ізденім қабілетімен байланысады.

Тіл мүкістігі бар баланың психикалық дамуына жеке жетілуіне, тәртібіне әсер ететіні белгілі.

Логопедияның негізгі мақсаты – сөйлеу тілі бұзылған баланы оқыту, тәрбиелеуді және қайта тәрбиелеуді, сонымен қатар сөйлеу кемістіктерінен алдын-ала сақтандыру жолдарын ғылыми негізде жеке зерттеу болып табылады.

Ең алдымен түзету сабақта қоятын негізі логопедиялық мақсаттары:

  1. Дұрыс дыбыстауды қалыптастыру, дыбыстардың артикуляциясын анықтау.

  2. Сөйлеу мүшелерінің қозғалысын дұрыс қалыптастыру.

  3. Ұсақ моторикасын қалыптастыру;

  4. Дұрыс тыныстауды қалыптастыру;

  5. Дыбыстарды қою, машақтандыру және ажырату;

  6. Буындық құрамын қалыптастыру;

  7. Ауызекі сөйлеуін дамыту;

  8. Сөйлеу тілінің грамматикалық құрылымын қалыптастыру;

1.Сөз қорын молайту:

- заттарды атау, олардың негізі қасиеттерін және бөлшектерін атау;

- жалпылама, бір сөзбен айту, салыстыру;

2. Байланыстырып сөйлеу.

3. Сауат ашуға дайындау.

Дыбыстарды дұрыс айтуға үйрету үшін, жазу дағдыларын қалыптастыру үшін міндетті түрде фонематикалық есту қабілеті, дыбыстық талдау, жинақтау қабілеті белгілі бір мөлшерде дамуы қажет. Ал арнайы топта балалары ол дағдылары арнайы үйрету барысында ғана дамиды, ол өз бетімен дұрыс қалыптаспайды. Сондықтан бұл бағыттағы жұмыстарды ойын түрінде, арнайы әдіс тәсілдерді пайдалана отырып ұйымдастырамыз.

Мазмұны бойынша білім алатын сөйлеу тілі бұзылған балаларға логопедиялық көмек көрсетудің тиімді жолдарын ұйымдастыру болып отыр.

Дыбысты қою жұмыстары:

  • Дайындық кезені: баланы түзету жұмысына ынталандыру, артикуляция аппаратарын – сөйлеу мүшілерін жетілдіру, дұрыс тыныс алуға үйрету, ұсақ моторикасын және жалпы моторикасын қалыптастыру, жалпы дамыту жұмыстарын жүргізу.

  • Сөйлеу мүшелерінің қимыл-қозғалысын дамыту.

  • Сөйлеу тынысы мен дауысын дамыту .

  • Фонематикалық қабілеттерің қалыптастыру.

  • Дыбысты жеке айтқызу

  • Буында

  • Сөзде

  • Тақпақта

  • Жаңылтпашта

  • Әңгімеде

  • Байланыстарып сөйлеуге үйрету.

  • Сөз қорын молайту.

  • Сөздін буындық құрамын қалыптастыру.

Міндеттері:

  • әртүрлі тіл кемістіктеріндегі сөйлеу тілі қызметінің дамуын зерттеу.

  • Сөйлеу тілі бұзылуының таралуын оның симтоматикалық белгілерін анықтау.

  • Сөйлеу тілі бұзылған баланың сөйлеу қабілетінің өздігінен белгілі бір бағытпен дамуын, сөйлеу кемістіктерінің адамның жеке басының қалыптасуына, психикасының дамуына тигізетін ықпалын анықтау.

  • Әртүрлі ақаулары бар балалардың сөйлеу тілінің қалыптасу ерекшеліктері мен кездесетін тіл кемістіктерін зерттеу.

Логопедиялық жұмыс жасауда баланың тілін дамытуда әр түрлі тәсілдер қолданылады. Мысалы:

Су-Джок терапиясы – Шығыс медицинасының соңғы жетістіктері. Су-білезік, Джок-табан. Қазіргі уақытта Су-Джок терапия-өзіне өзі көмектесу әдістерінің ең тиімдісі. Сақиналар көмегімен саусақтарды уқалау өте ыңғайлы. Бұл бүкіл ағзаға қолайлы әсер етеді. Су-Джок терапиясы арқылы нүктелерге әсер етіп, балаларға көмек көрсетуге болады. Білектің бойымен, алақан бетімен кішкене тікенекті допты домалата отырып, «Доп-доп домалақ, қайда кеттің домалап?» немесе «Кірпі кетті домалап...» және тағы басқа қызықты өлеңдерді логопед айта отырып жүргізуіне болады. Бұл бір жағынан балаға ем жүргізу және сөйлеуге баланы ынталандырады. Баланың көңіл-күйі көтеріліп, қызығушылығы артады. Сақинаны баланың әр саусағына кигізіп уқалауда, «Қуырмаш», «Менің отбасым» сияқты және тағы басқа элементтерін қолданып, эмоциялық көңіл-күймен айта отырып жүргізсе, баланың сөйлеу тілін ынталандырып, сөздік қорын молайтады. Су-Джок терапиясы бұлшық еттерді ширатады. Ұсақ моторикаға жасалған массаж адамның денесіндегі барлық жүйесімен байланысты. Мысалы: бас бармақ – бас; ми жүйесінің қызметтерін дұрыс атқаруға, ал «сұқ саусақ»- қарын, «ортанғы саусақ» - ішек жүйесінің жұмысын, «аты жоқ саусақ» - бауыр және өкпе, «шынашақ» - жүрек жүйесінің қызметтерін дұрыс атқаруға көмектеседі.

Литотерапия – арқылы ұсақ моториканы дамыту. Ұсақ моториканы дамытудың маңыздылығы, адамның бас миында саусақ қимылына және сөйлеуге жауап беретін орталықтар өте жақын орналасқан. Ұсақ моторикаға әсер ете және оны белсендіре отырып, көрші ораласқан сөйлеуге жауап беретін орталықты да дамыта аламыз. Ұсақ моториканың қимылдары мен қолдың икемдігі бас миының құрылымының даму деңгейін көрсетеді. Қолдың ұсақ бұлшық еттерін дамыту жұмыстары ерте жастан бастау керек. Қолдың әртүрлі әрекеті, саусақ ойындары баланың ақыл – ой және сөйлеу процесін қозғалысқа түсіреді, яғни қолдың дамуы баланың ойлауы және сөйлеу тілінің дамуымен тығыз байланысты. Қолдың ұсақ моторикасы: зейін, ойлау, көру – кеңістігінің қабылдауы, байқампаздық, сөйлеуге әсер етеді. Қолдың саусақтарына арналған ойын жаттығу: Жиек бойымен жүргізіп шық. Бұл ойынға қағазда көбелек, қонжық, машина, үй сияқты суретті карточкалар пайдаланылады. Осы сурет бойымен бұршақтарды, түрлі – түсті тастарды жүргізіп шық деген тапсырма беріледі.

Тыныс алу жаттығулары – дем алу мускулатураларын қатайтып, кеуде клеткаларының қозғалысын дамытып, тыныс алудың тұрақты ритімін және өкпенің дұрыс жетілуін тыныс алу жаттығулары арқылы дамытып отыру қажет. Дем алғанда демді азырақ ұстап, біртіндеп шығару керек. «Гүлден көбелек ұшыру», «Шәй суытамыз», «Шар үрлеу» және Срельниковтың әдістері бойынша әр түрлі тыныс алу жаттығуларын жасау. Мысалы:

«Қайықтар»

Легенге су құйып, балаға легенді жеңіл заттарға, мысалы, қағаз қайыққа үрлеуді ұсынады. «Кімнің қайығы алысқа жүзеді» деген жарыс ұйымдастыруға да болады.

«Сиқырлы көпіршіктер»

Балаға сабын көпіршіктерімен ойнауды ұсыныңыз. Оның өзі де сабын көпіршіктерін үрлей алады, ал егер олай болмаса, онда балаға қарай бағыттай отырып, өзіңіз үрлеңіз. Бұндай жағдайда көпіршіктер өзіне түспеуі үшін баланың үрлеуіне тура келеді.

Музыкатерапия – бұл еститін дәрі-дәрмек. Музыка адамның жан дүиесін және физикалық жағдайын өзгертеді. Мысалы су толқынының нәзік шылпылы, психикалық қозуды басып, жайландырады. Арнайы жинақталған әуен ашу-ызаны, қаһарды басып, көңіл-күйді жақсартады. Қоздыратын музыка, керісінше қарсы әсер береді. Тым қатты музыка есту қабілетіне ғана емес, сонымен бірге нерв жүйесіне қауіпты. Дәрігерлердің анықтауы бойынша, музыкамен берілген жағымды эмоциялар, ми қыртысының тонусын күшейтіп, қан айналымын, тыныс алуды ынталандырады.

Музыкатерапияны қолданудағы мақсаты: қимыл-қозғалыс функцияларын ынталандыру, сенсорлық процестерді және сенсорлық қабілеттерді дамыту және түзету, сөйлеу тіл функцияларын ояту.

Түзету жұмысында ең бастысы-уақытты өткізіп алмау! Өз жұмысымыздың жақсы нәтижесін көргенде, бізден бақытты жан жоқ.





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!