«Сөз
мергені»
сөз сайысының
бағдарламасы.
Мақсаты: оқушылардың ана –тіліне деген
сүйіспеншілігн арттыру. Ана тілінің қадір –қасиетін біліп,
көркемдігін сезініп, сөз құдіретін түсінуге баулу. Ойлау қабілетін,
тіл байлығын дамыту. Мемлекттік тіл мәртебесін көтеруге ат салысуға
шақыру.
Жүргізуші:
Сүйемін туған тілді, ана
тілді,
Бесікте жатқанда – ақ
берген білім.
Шыр етіп жерге түскен
минутымнан
Құлағыма сіңірген таныс
үнін – демекші, тіл - әр халықтың ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе
жатқанқасиетті құралы. Оны әр уақытта аялап, шұбарламай кейінгіге
жеткізу біздің борышымыз.
Қайырлы күн, бүгінгі
«Сөз мергені» сөз сайысына қатысушылар және жанкүйерлер! Бүгінгі
сайысымызға қош келдіңіздер!
Туған тілде сыры терең
жаным бар,
Туған тілде әнім менен
сәнім бар.
Туған тілім тіл болудан
қалса егер,
Жүрегімді суырып –ақ
алыңдар, - дей келеөзінің туған тілін жан –тәнімен жақсы көретін,
баба рухынан, тілінен нәр алып, сусындап жүрген, жалынды
қатысушыларымызбен таныс болыңыздар:
/Қатысушыларымзға
қошемет көрсетіп отырайық. /
«Сөз мергені» сөз
сайысымыз 3 белестен тұрады.
1 белес. «Мықты
болсаң тауып көр» деп аталады. Қазақ тіліндегі
тұрақты тіркестердің мағынасын ашып айту.
2 белес. «Жүйрік
болсаң, озып көр» деп аталады. Берілген сөз
тіркестерін пайдалана отырып мақал – мәтел
құрастыру.
3 белес. «Ойлы
болсаң, озып көр». Бұл белесте сайыскерлер
берілген сөздердің мағынасын ашып айтып береді.
Құрметті сайыскерлер,
тіл – халықтың тарихы, тіл – ұлттың қазынасы, тіл біздің намысымыз,
арымыз, байлығымыз. Енді сіздерді сайыскерлеріміздің білімін
сарапқа салатын сарапшылармен таныстырып өтейін:
Ойынымыздың бірінші
белесі «Мықты болсаң, тауып
көр» деп аталады. Бұл белестің
шарты бойынша ойыншылар берілген сөздерден тұрақты сөз тіркестерін
құрастырып мағынасын ашып айтып беру керек. Ендеше іске сәт деп
бірінші белесімізді бастаймыз.
1
тапсырма
Қ
ой
Лақ шөп (қой аузынан шөп
алмас жуас, момын)
Сиыр
Түйе
2
тапсырма
Ж
іп
Құрық Ұзын (құрығы ұзын
– билігі күшті)
Бау
Жол
3
тапсырма
Б
ас
Көз кір (тырнақ астынан
кір іздеу – бәле іздеу, кінә іздеу)
Тырнақ
Аяқ
4
тапсырма
Ш
апан
Бөрік ату (бөркін
аспанға ату – қуану, шаттану, дағдысы)
Малақай
Етік
5
тапсырма
А
т
Сиыр кесу (ат құйрығын
кесісу – араздасу, бір – бірін
Қоян көрмейтіндей болып
ренжісу).
Түйе
6
тапсырма
К
өз
Ай оқ (сөзі мірдің
оғындай – сөзі өткір, тілі тастай)
Сөз
Тас
7
тапсырма
А
яқ
Ауыз өлшеу (аузына шөп
өлшеп алу – біреудің мінезін,
Құлақ ыңғайын бағдарлап
алып соған қарай іс -әрекет жасау)
Табан
8
тапсырма
Б
иік
Ұзын күрмеу (қысқа жіп
күрмеуге келмейді – кедейлікті білдіреді)
Қысқа
Аласа
9
тапсырма
Қ
айшы
Бәкі жүзі (ұстараның
жүзінде отырғандай – бір нәрсені
Ұстара уайымдау, қиын
жағдайда отыру)
Пышақ
10
тапсырма
Ө
кпе
Реніш қазан (өкпесі қара
қазандай – біреуге ренжу)
Қуаныш
Шаттық
11
тапсырма
А
қылдасу
Келісу тон (келісіп
пішкен тон келте болмас – адамдармен Сөйлесу ақылдасу, кеңес
сұрау)
Сыйласу
12
тапсырма
Ж
еті
Алты қайнау (үш қайнаса
сорпасы қосылмайды – бір – біріне
Үш қатысы жоқ, қарама –
қайшы жағдайларды айтады. )
Екі
13
тапсырма
Ж
еті
Алты
ОТ (екі оттың ортасында қалу –
араздасып калған жақын
Үш адамдарның арасында
қалу)
Екі
14
тапсырма
К
ем
Мол той (көппен көрген
ұлы той - көппен бірге болу)
Көп
Артық
Ойынымыздың екінші
белесі «Жүйрік болсаң озып көр» деп аталады. Бұл белесте сөздің
көркі – мақал демекші берліген сөздерден мақал - мәтел
құрастырасыздар.
Мақал – мәтелдерді сүйіп
оқып, көңілдеріңізге тоқып жүрсеңіздер сөздік қорларыңыз байып,
сөйлеген сөздеріңіз сұлу, әсерлі шығады. Олай болса кезекті екінші
«Жүйрік болсаң, озып көр» белесіне береміз.
1
тапсырма
А
уыз
Көз қол (көз қорқақ, қол
батыр)
Құлақ
Мұрын
2
тапсырма
А
дам
Тағам жеті (жеті жұрттың
тілін біл, жеті түрлі білім біл)
Жұрт
Өнер
3
тапсырма
Қ
ас
Дос дау (досы көпті жау
алмайды, ақылы көпті дау алмайды)
Аға
Іні
4
тапсырма
А
қылдылық
Татулық бақыт (татулық –
табылмас бақыт)
Тапқырлық
Өжеттілік
5
тапсырма
Ж
ігіт
Батыр ыстық (Отан
оттанда ыстық)
Отан
Киім
6
тапсырма
Ү
й
Мектеп теңіз (мектеп –
кеме, білім - теңіз)
Дала
Қора
7
тапсырма
Д
әптер
Кітап бұлақ (кітап –
білім бұлағы)
Бала
Әке
8
тапсырма
Т
амақ
Шаруа тәтті (еңбектің
наны тәтті)
Еңбек
Бала
9
тапсырма
Ж
аз
Қыс ойла (қыстың қамын
жаз ойла)
Көктем
Күз
10
тапсырма
Б
ілім
Ақыл тас (ақыл – жастан,
асыл – тастан)
Талап
Жігер
11
тапсырма
Е
рлік
Батырлық жүрек (ерлік
білекте емес, жүректе)
Қайсарлық
Өжеттік
12
тапсырма
М
ылтық
Күйме қоян (асықпаған
арбамен қоян алады)
Арба
Дорба
13
тапсырма
Т
өмен
Биік дорба (алыстан
арбалағанша, жақыннан дорбала)
Алыс
Жақын
14
тапсырма
Қ
арсақ
Тазы сары май (иттің
ішіне сары май жақпайды)
Бөрі
Ит
Жүргізуші: Ойынымыздың үшінші белесі
«Ойлы болсаң, озып көр» деп аталады. Бұл белестің шарты бойынша
сіздерге сөз беріледі. Сол сөздің мағынасын түсіндіріп берулерің
керек.
1. Тоғын
–
Киіз үйге байланысты
атау.
Қолөнер бұйымдарыны
байланысты атау.
Өсімдік
атауы.
Ыдыс
атауы.
(шаңырақтың дөңгелек
шеңбері)
2. Талдырма
–
Үй бұйымына
байланысты атау.
Қолөнерге байланысты
атау.
Тағамға байланысты
атау.
Киімге байланысты
атау.
(Талдырма – жұмсақ
төсеніш киіз)
3. Талқы
–
Ыдыс
атауы.
Қару жараққа байланысты
атау.
Бұйымдар дайындауға
арналған құрал.
Салт – дәстүрге
байланысты атау.
(кепкен теріні, көнді,
сіріні, ұйысқан жүнді жұмсартатын ағаштан жасалған
құрал)
4. Маңдайша
–
Ыдыс
атауы.
Киіз үй
жабдығы.
Малға байланысты
атау.
Киім – кешекке
байланысты атау.
(сәукеле және т.б бас
киімдердің маңдайына тағатын, көз орнатылған күміс
бұйым)
5. Бүрме
-
Мал шарушылығына
байланысты атау.
Тағамға байланысты
атау
Үй – жайға байланысты
атау.
Киімге байланысты
атау.
(бүрме – сүрленбес үшін
мал терісіне орап сақталатын ет)
6. Көгілдір
–
Мал шаруашылығына
байланысты атау.
Жануарларға
байланысты атау.
Тағамға байланысты
атау.
Қару – жараққа
байланысты атау.
(аққудың
балапаны)
7. Қапсырма
–
Үй
жиһазы
Киіз үй
жабдығы
Қолөнер
бұйымы
Киім – кешекке
байланысты атау
(әйел қамзолына
тағылатын, түйме қызметін атқаратын жалпақ күміс
бұйым)
8. Әбдіре
-
Ыдыс
атауы
Үй
жиһазы
Қару –
жарақ
Қолөнерге байланысты
атау
(зат, киім, бұйым салып
қоятын үлкен сандықтың қарапайым түрі)
Жүргізуші: Міне бүгінгі ойынымызда өз
мәресіне келіп жетті. Ойында өздерінің білімділігін, тапқырлығын,
шешендігін сынға салып, өз өнерін танытқан ойыншыларға үлкен алғыс
айта отырып, жеңімпаздарды марапаттау үшін және «Сөз мергені» деген
атақты беру үшін сарапшыларымызға сөз береміз.
Қымбастты оқушылар!
Өзінің байлығы, сұлулығы және икемділігі жағынан дүние жүзіндегі
озық тілдермен теңесе алатын ана тіліміз бар екенін ұмытпаңыздар.
Ана тілінің көсегесін көертіп, мәртебесін өсіру өзімізге
байланысты. Оқу – білім, еңбек жолында ана тілінің қамқоры бола
біліңіздер. Тіл болашағы мына сіздердің қолдарыңызда деп бүгінгі
сайысымызды аяқтаймыз.