Шәкәрім Құдайбердіұлының өмір жолы

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Шәкәрім Құдайбердіұлының өмір жолы

Материал туралы қысқаша түсінік
Ыбырай Алтынсарин — нағыз халықшыл жазушы, өмір шындығын озық идея тұрғысынан таныта білген кемеңгер суреткер, аса қажырлы қоғам қайраткері, заманының ең маңызды мәселесін көтеріп, жыр төккен азамат ақын, жаңашыл жазушы, сол жаңаның тынымсыз жаршысы. Ыбырай Алтынсарин қазақтың ағартушылық тарихында және ұлттық мектебінің қалыптасуында терең із қалдырды. Өз бойындағы қуатын халық мақсаты үшін аямай жұмсаған адал жанды азамат.
Материалдың қысқаша нұсқасы

1.1 Шәкәрім Құдайбердіұлының өмір жолы

Ыбырай Алтынсарин — нағыз халықшыл жазушы, өмір шындығын озық идея тұрғысынан таныта білген кемеңгер суреткер, аса қажырлы қоғам қайраткері, заманының ең маңызды мәселесін көтеріп, жыр төккен азамат ақын, жаңашыл жазушы, сол жаңаның тынымсыз жаршысы. Ыбырай Алтынсарин қазақтың ағартушылық тарихында және ұлттық мектебінің қалыптасуында терең із қалдырды. Өз бойындағы қуатын халық мақсаты үшін аямай жұмсаған адал жанды азамат.

Ыбырай Алтынсарин – бар саналы ғұмырын туған халқын өнер-білімді, жаңа заманның өркениетті, мәдениетті елдерінің қатарына қосу жолына арнаған көрнекті тұлға. Ол өзінің ағартушылық, педагогтік, ақын-жазушылық тарихи қызметі мен зор талантын, жан-жақты терең білімі мен қайрат-жігерін елдің "желкілдеп өскен көк шөптей" жас ұрпағын оқытып, тәрбиелеуге, қазақ жерінде жаңа үлгідегі мектептер ашып, оқушыларды өз кезінің озық ғылымымен қаруландыруға, кәсіп түрлеріне үйретуге арнаған. Ыбырай бұл жолда сан алуан кедергілер мен қиындықтарды жеңе отырып, үлкен жетістіктерге қол жеткізді, сөйтіп, туған халқының мақтан тұтатын ардақтысына айналды.
Ыбырай 1841 жылы қазан айының 20-сында қазіргі Қостанай облысы, Қостанай ауданында дүниеге келеді. Үш-төрт жасында әкесі Алтынсары қайтыс болып, атасы Балғожаның қолында өсіп, тәрбиеленеді. Ыбырай мектепте сабақты ынта қойып оқиды, 1857 жылы оқуын "өте жақсы" деген бағамен бітіріп шығып, 1859 жылдың тамызына дейін өзінің туған елінде тілмаштық қызмет атқарады. Қалада оқып, қазақ
даласына беймәлім жаңалықтардан хабардар болып, ой-өрісі кеңейген зерделі бозбаланың екі жылдай елде болуы — қазақ қоғамының жағдайын тереңірек түсініп, жаңаша сезінуіне, өзіндік ойға келуіне мүмкіндік береді.Өз бетімен көп ізденіп, білім қорын молайта келе, Ыбырай өзінің алдына тілмаш болуды емес, туған халқына пайдалырақ басқа бір қызмет істеуді мақсат етіп қояды. Оның ынтасы ағартушылыққа ауады. 1860 жылы Жайықтың шығысындағы қазақтар үшін төрт бастауыш мектеп ашылған кезде, Ыбырай өзі сұранып, Торғай мектебіне мұғалім болуға рұқсат алып, сонда келеді. Бірақ мектеп бірден ашыла қоймайды. Бұл аралықта, Ыбырай ел ішінде мектептің пайдасын түсіндіріп, біраз баланы өз үйінде оқытады.Торғай мектебі 1864 жылы ғана ашылады. "Осы жылы қаңтардың 8-і күні көптен күткен ісім орнына келіп, мектеп ашылды. Оған 14 қазақ баласы кірді. Ыбырай мектептегі сабақ пен тәрбие жұмысын сол кездегі орыс мектептері үлгісінде құрады. Сабақты қазақ тілінде жүргізе отырып, ол балаларға орыс тілін үйретуге, пән негіздерінен білім беруге тырысады. Тәрбие жұмысын адамгершілігі мол, жаңа ұрпақ тәрбиелеп шығаруға бейімдейді.
Ыбырай мәдениет пен білім жолына халқының өте ынталы екенін жақсы ұғады. Бұл оны жігерлендіре түседі. Ыбырай ел ішіндегі әлеуметтік теңсіздік, әділетсіздікті де көре білді. Әкімдердің зорлықшыл сорақы қылықтарын сынға алды. Олардан қарапайым халықты корғады.Ыбырайдың ағартушылық, демократтық көзқарастары осылайша қалыптасып, дамыды. Қоғамдық әділетсіздік пен адам бойындағы ұнамсыз мінездерге қарсы күресу үшін, ол ел ішінде білім, өнер тарату ісін кеңейте беру керек деп ұғады. Сол ниетпен бар күш-жігерін мектеп ісіне, бала оқыту жүйесін жақсартуға жұмсайды.
1876 жылы Ыбырай Петербург, Қазан қалаларына барады. Орыстың ағартушылық жүйесін, орыс ағартушыларының еңбектерін зерттейді. Қазақ тілінде оқу құралдарын жасауды ойлайды.
Ыбырай қазақ қыздарын оқыту ісіне ерекше көңіл бөледі. Бұған ескішіл әдет-салттарға қарсы күрестің бір жолы есебінде қарайды. 1887 жылы Ырғызда қыздар мектебін ұйымдастыруы – оның ағартушылық аса зор еңбегі.
Қазақ даласында мектептер санының артуына байланысты Ыбырай мұғалімдер даярлайтын мектеп ашуды қолға алды. 1881 жылы Омбы қаласында тұңғыш мұғалімдер мектебі ашылды.Ыбырай мектептер ашу ісімен ғана шектеліп қалмады. Ол сол
мектептердегі тәлім-тәрбие, оқу жұмысына айрықша мән берді. Мәдениетті де талантты педагог-жазушы әрі мінезге бай, адамгершілік, жолдастық қасиеті мол Ыбырай орыс зиялыларының арасында мейлінше беделді, сыйлы болған.
Оқулық жасау жолында оқулыққа Ыбырай мектепте қазақ балаларына білім мен тәрбие берудің басты құралы деп қарайды. Ол балаларға ана тілін таза және ұқыптылықпен үйретеді, шағын көркем шығармалар арқылы оларды жақсы мінез-құлыққа баулуды көздеді. Ыбырай балаларды мазмұны олардың білімін көтеретін, тақырыбы оларды қызықтыратын кітаптарды... қазақтың өз тілінде... басып шығару керек деп білді. Өзі 1876 жылдан бастап "Қазақ хрестоматиясын" жазуға кірісіп, оны 1879 жылы Орынборда бастырып шығарды."Қазақ хрестоматиясы" балаларға арналған өлеңдер мен шағын әңгіме-новеллалардан құрастырылды. Олардың бірқатарын өзі жазды, біразын сол кездегі орыс оқулықтарынан еркін аударып алды. Хрестоматияға қазақтың халық әдебиетінің үлгілерін де іріктеп кіргізді."Қазақ хрестоматиясы" арқылы жеткен Ыбырайдың бүкіл әдеби мұрасы оның көркем шығарма жазуды ағартушылық идеясына бағындырғанын айқын көрсетеді. Ол әдебиетті бала санасына әсер ететін, оны жақсы, үлгілі істерге үйрететін күшті құрал деп ұқты.



Шәкәрім Құдайбердіұлының еңбектері

Еңбекті сүю және қадірлеу – Ыбырай әңгімелерінің негізгі тақырыбы. Оны жазушы шағын әңгімелерде үгіт, өсиет түрінде берсе, кей шығармаларында халықтың қоғамдық санасын тәрбиелейтін реалистік суреттер арқылы бейнелейді."Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш" әңгімесінде Ыбырай ең кішкентай жәндіктердің өзі де тіршілік үшін тыным таппай еңбек етіп жүргендігін көрсете келіп, оларды балаларға үлгі етеді. "Қарлығаш, өрмекші ғұрлы жоқпысың, сен де еңбек ет, босқа жатпа", – дейді.
"Атымтай жомарт" әңгімесінде жазушы халық арасындағы Атымтай жомарт туралы аңыздарға жаңаша мазмұн беріп, өзінше қорытады. Атымтайды ол еңбек адамының үлгісі етіп көрсетеді. Еш нәрсеге мұқтаждығы жоқ болса да, Атымтай ылғи жұмыс істейді. "Күн сайын өз бейнетіммен, тапқан пұлға нан сатып алып жесем, бойыма сол нәр болып тарайды. Еңбекпен табылған дәмнің тәттілігі өзгеше болады", – дейді ол.
"Әке мен бала" әңгімесінде мынадай бір жай сөз болады.
"Бір адам он жасар баласын ертіп, егістен жаяу келе жатса, жолда қалған бір ескі тағаны көріп, баласына айтты: "Анау тағаны, балам, ала жүр", – деп. Бала әкесіне: "Сынып қалған ескі тағаны не қылайын", – деді. Әкесі үндемеді. Тағаны өзі алды да, жүре берді. Қаланың шетінде темірші ұсталар бар екен, соған жеткен соң әкесі кайырылып, тағаны соларға үш тиынға сатты. Одан біраз өткен соң, шие сатып отырғандардан 3 тиынға бірталай шие сатып алды. Сонымен, шиені орамалына түйіп, шетінен өзі бір-бірлеп алып жеп, баласына қарамай аяңдап жүре берді. Біраз жер өткен соң, әкесінің қолынан бір шие жерге түседі. 
Артынан келе жатқан бала да тым-ақ қызығып келеді екен. Жерге түскен шиені жалма-жан жерден алып, аузына салды. Біраздан соң және бір шие, одан біраз өткен соң және бір шие, сонымен, бала әрбір шие тастаған жерге бір еңкейіп, шие теріп жеді. Ең соңында әкесі тоқтап, баласына шиені орамалымен беріп тұрып: "Көрдің бе, бағана тағаны жамансынып, жерден бір иіліп көтеріп алуға еріндің. Енді сол тағаға алған шиенің жерге түскенін аламын деп, бір еңкеюдің орнына он еңкейдің. Бұдан былай есіңде болсын: аз жұмысты қиынсынсаң, көп жұмысқа тап боларсың; азға қанағат етпесең, көптен құр қаларсың", деді.Кейде сәл нәрсені қомсынып, оған көңіл бөлмеушілік, аз жұмысты қиынсынып, бойкүйездікке салынушылық өмірде аз кездеспейді. Бұл – жақсы әдет емес. Сондықтан балалардың бойкүйез, жалқау болмауына, еңбекқор болуына Ыбырай ерекше мән берген.
"
Бай баласы мен жарлы баласы" атты әңгімесінде Ыбырай еңбекке деген коғамдық, таптық көзкарасты бейнелейді. Көшкен елдің жұртында қалған екі баланың бір тәулік ішінде басынан кешкендерін суреттеу аркылы сол балалардың өмір тануы, тіршілікке икемділігі жайлы мәселеге әлеуметтік мән береді.Жазушының шығармаға жасы құрбы екі баланы алып, оларды бай мен кедейдің өкілі етіп суреттеуінің сыры да оның идеясынан айқын көрінеді. Жарлы баласы Үсен – тұрмыстың ауыртпалығын көре жүріп, ысылған еңбек адамы. Ауылдары көшіп кетіп, жұртта қалған екі баланың далада тамақ тауып жеуіне, ауылдың калай қарай көшкенін аңғаруына, түнде далада түнегенде ит-құстан сақтануына Үсеннің тапқырлығы мен еңбекқұмарлығы себеп болады. Ал бай баласы Асан – өмір үшін күресудің жолын білмейтін, шыдамсыз, еңбекке икемі жоқ жан. Кісі еңбегімен күн көріп, бейқам болып өскен бай баласының басына күн туғандағы дәрменсіздігін суреттеу арқылы жазушы келешек Үсендер жағында екенін аңғартады. Сөйтіп, жастарға өмірден еш нәрсе үйренбей, жалқау болып өскен бай баласындай болмай, қиыншылыққа төзімді, өнерге бейім, еңбек сүйгіш жарлы баласы Үсендей болып өсуді уағыздады.
"Бағу-қағуда көп мағына бар"
"Жаздың бір әдемі күнінде бір кісі өзінің баласымен бақшаға барып, екеуі де егілген ағашты көріп жүрді. "Мына ағаш неліктен тіп-тік, ана біреуі неліктен кисық біткен"? – деп сұрады баласы. "Ата-анаңның тілін алсаң, ана ағаштай сен түзу кісі болып өсерсің. Бағусыз кетсең, сен де мына қисық ағаштай болып, бағусыз өсерсің. Мынау ағаш – бағусыз өз қалпымен ескен", – деді атасы. "Олай болса, бағу-қағуда көп мағына бар екен ғой", – деді баласы. "Бағу-қағуда көп мағына барында шек жоқ, шырағым, бұдан сен өзің де ғибрат алсаң болады, сен жас ағашсың, саған да күтім керек. Мен сенің қате жеріңді түзеп, пайдалы іске үйретсем, менің айтқанымды ұғып, орнына келтірсең, жақсы, түзу кісі болып өсерсің", – деді.Ыбырай
"Бақша ағаштары" атты әңгімесінде осылай деп жазды. Яғни тәрбиенің үлкен рөл атқаратынын көрсеткен.
Соның бірі – талап. Талап етіп талпынбаса, адам баласы алға баспаған болар еді. "Талапты ерге нұр жауар" деген халық мақалы да өмір тәжірибесінен туған. Жастық шақ – жігер-қайраттың мол кезі, бойдағы жақсы қасиеттерді жарыққа шығарып қалатын кез, ол үшін талап керек. Талаптан да, өмірден керегіңді ал.
"Талаптың пайдасы" деген әңгімесінде Ыбырай сол идеяны көтереді.
I Петр патша шіркеуге барып ғибадат етіп тұрғанда, арт жақта бір баланың сурет салып тұрғанын көріп, қасына келіп, не салып жатқанын сұрағанда бала: "Сіздің суретіңізді салып жатырмын!" – дейді. Петр суретті көрсе, мәз еш нәрсесі жоқ екен. Бірақ ақылды Петр патша ол баланың суретке талабы бар екенің аңғарып, сурет салатын оқуға бергізеді. Кейін сол бала үлкен суретші болады.Жазушының бұл арадағы көздегені - жас баланың талабын, сол талаптың арқасында неге қолы жеткенін көрсету, кім талап етсе, сол мақсатына жететіндігін дәлелдеу.
Мейірімділік баланың отбасына деген махаббатынан басталады. Әркім алдымен өз ата-анасын, туғандарын жақсы көреді, сыйлайды. Ыбырай ата-ана мен бала арасындағы осындай жылы қарым-қатынасқа ерекше мән береді. "Мейірімді бала" әңгімесінде 13 жасар қыздың әкесінің орнына, өз қолын кесуді сұрағанын жазады. Қыз: "Тақсыр, жұмыс істеп, бала-шағаларын асырайтын атамның қолын қалдырып, мына менің қолымды кесіңіз", – дейді.
Жазушы "Аурудан аяған күштірек” деген әңгімесінде аяғы сынған Сейіт деген бала, ауруы қанша батса да, анасын қиналтпау үшін қабақ шытпағандығы айтылады. "Ауырмақ түгіл, жаным көзіме көрініп тұр, бірақ менің жанымның қиналғанын көріп, әжем де қиналып, жыламасын деп жатырмын", – дейді ол.
Алғашқы әңгімедегі қыз да, соңғы әңгімедегі Сейіт те шын мәніндегі мейірімді қылықтарымен ерекшеленеді, мұның негізінде жалпы адамды сүйетін жақсы сезімдер жатыр. Олар біртіндеп жетіліп, Отан сүю, ел сүю сезімдеріне ұласатыны даусыз. Ыбырайдың мейірімді балалары нағыз отаншыл азаматтар болатынына сенесің.

  Әр заман, тарихи әр кезең әлеуметтік құбылыстар өзінің дарынды өкілдерін жарыққа шығарып отыратыны мәлім.Олар елдің мұң – мұқтажын көре біліп, халқының сол мұқтажына перзеттік махаббаттын арнаған, туған халқының игілігі үшін бар күш жігерін жұмсаған ардақты азамат ретінде халық тарихынан орын алып отырған. Мұндай азаматтардың игілікті дәстүрлері ұрпақтан- ұрпаққа жалғасып, елдің тарихи, мәдени өміріне елеулі ықпал етіп келген.

Ыбырайдың әдеби еңбектерінің жинағы «Қазақ хрестоматиясы» (1879) ағартушылық мақсатта жазған әйгілі екі өлеңмен ашылды. Ақын бұл өлеңдерді өз кезінде «Сөз басы» деген атпен алған. Қазір бұл өлеңдер «Кел, балалар,оқылық», «Өнер-білім бар жұртта» деген атаулармен мәлім. Ол халық ағарту ісіне арнаған әдеби туындыларын да оқу- білімді насихаттаудың ұтымды әдісінің қажеттігін көрсетті.Оқу білімнен кенже тұрған халық үшін ғылым мен техниканың жетістіктерін насихаттай алатын қысқа көлемдегі поэтикалық шығармалардың айрықша ұтымды екенін,әсерін терең сезінді, сенді. Қазақ жастарын білім алуға, мәдениеттің жаңа дәстүрлерін игеруге, бойға сіңіруге шақырды.
«Кел, балалар,оқылық»өлеңінде ақын қазақ ауыз әдебиетінің дәстүрлерін шебер пайдаланып,білім мен надандықты, жақсылық пен жамандықты қатар алып, салыстырып отырды.
Ал «өнер- білім бар жұрттар» өлеңінде сол тұстағы ғылым мен техниканың ең басты жаңалықтары толық қамтылып, өнер мен білімге қолы жеткен халықтың экономикалық жағынан озықтығын әр салада көрсетеді.Ыбырай Алтынсариннің бір алуан өлеңдері әлеуметтік мәселелерге арналған. Бұған
«Өсиет өлеңдер», «Әй жігіттер» тәрізді т.б. өлеңдерін атауға болады.Мұндай өлеңдері биік адамгершілік тұрғысынан ұрлық- қарлықты, әділетсіздікті сынап, еңбексіздікті зияндығын көрсетіп, адал- еңбектің адамгершілік мінез- құлығын бейнелейді. Ыбырай "Қазақ хрестоматиясына" кірген өлеңдерінде де халық ағарту идеясын көтерді. Оның "Кел, балалар, оқылық!", "Өнер-білім бар жұрттар" өлеңдері осындай мақсатта туған.
"Кел, балалар, оқылық!" өлеңі жастарды оқуға, білім алуға шақырады:
Сөйтіп, ақын, бір жағынан, жастарды оқуға, білім алуға үндесе, екінші жағынан, оқу, өнер, ғылым-білімге, оның жалпы халық үшін керектігіне еш мән бермейтін ескі көзқарасқа соққы береді. Өмірдегі сарқылмайтын мол байлық – білім екендігін айта келіп, білімге адамның қолы жету үшін, ерінбей оқу, қажымай еңбек ету керектігін түсіндіреді.
Ыбырай "Өнер-білім бар жұрттар" атты өлеңінде оқу, білім алудың мақсатын кеңінен сөз етеді. Өлеңнің негізгі идеясы – қазақ қауымына озық мәдениетті елдерді үлгі етіп көрсету.
Ыбырай жастардың оқыған адам болғандағы мақсаты өз халқының бір керегіне жарау, оны "тастан сарай салдырып, айшылық алыс жерлерден көзіңді ашып-жұмғанша, жылдам хабар алғызатын" елдердің қатарына жеткізу деп білді. Келешекке сенімі мол Ыбырай өмір көркі, болашақтың иесі – жастар деп ұқты.
Сіздерге бердім батамды! – деп, жеткіншек ұрпаққа сенім артады.
Бұл өлеңдердегі: жақсы мен жаманды, білімділік пен надандықты салыстыра суреттеу әдісі де жас балаларға оларды айқынырақ таныту мақсатын көздейді. Сондықтан Ыбырай өз дәуірі оқырмандарының ұғымына жеңіл етіп, салыстырулар жасайды. Бұл өлеңдердің көп тіркестері бүгінде мақал-мәтелге айналып кетті.
Табиғат суреті
Ыбырайдың "Өзен", "Жаз" деген өлеңдері табиғат көріністерін суреттеуге арналған. Мұндай тұтас лирикалық, пейзаждық өлеңдер Ыбырайға дейінгі қазақ поэзиясында кездеспейді. Оқырмандардың көңілін табиғаттың сұлу көріністеріне аудару арқылы ел сүю, жер сүю, Отан сүюге тәрбиелейтін патриоттық өлеңдер орыстың демократтық, гуманистік әдебиетінің үлгісі болатын. Ыбырай өлеңдері – туған ел табиғатын жырлап, сол арқылы өзінің жас шәкірттерінің бойында табиғатты, Отанды сүю сезімдерін тәрбиелеуге жасаған елеулі қадамы. Екі өлеңінде де Ыбырай табиғат көрінісін жалаң алмай, адамдардың тіршілігімен байланыстыра көрсетеді. Сол арқылы табиғат пен адамның байланысын, табиғаттың адам ісіне, еңбекке, ой-сезіміне тигізер жанды әсерін бейнелейді.
Өзеннен рақат тауып, басылады.
Ақын тау өзенін нақты әрі әсерлі суреттеген. Бүкіл тіршіліктің "өзеннен рақат тауып" жатқанын нақты сипаттау оқырман көңіліне жағымды сезім ұялатады.
"Жаз" өлеңінде көктемгі табиғаттың келісті суреттері бар. "Ұшпақтың күн сәулесі жерге түсіп", "Аспаннан рақымменен күн төнгенде", "Ұйқыдан көзін ашқан жас балаша, жайқалып шыға келер жердің гүлі", "Кеш болса, күн қонады таудан асып, шапаққа қызыл алтын нұрын шашып", т.б. суреттер мен бейнелі сөздер Ыбырайдың табиғат көріністерін сезінуінің тереңдігін, суреткерлігін көрсетеді. Ақын бар тіршілікті көктем күнінің мейірімді шағымен байланыста бейнелейді. Қырдағы жаз көріністеріне сүйсіну, мал бакқан елдің қыстан қысылып шығып, жазда тынысының кеңуі, қуаныш-шаттығы көңілді әсерге бөлейді.
Бір малы шаруаның екеу болып,
Қыстаудан ауыл көшер алуан-алуан.
Күлісіп, құшақтасар, әзіл етер,
Әйелдер көш жөнелтіп кейін қалған.
Жүгіріп киік, құлан тау мен қырда,
Қуанып ықыласпен келген жылға...
Алыстан мұнарланған сағымдары
Шақырып, тұрар күліп: "Кел, – деп, – мұнда..." Бұл өлеңдер арқылы Ыбырай қазақтың жазба әдебиетінде табиғат лирикасын бастады. Оны кейін Абай әлемдік поэзияның биік деңгейіне жеткізді:

Шәкәрім Құдайбердіұлының тәрбие жайлы ойлары

2.1 Шәкәрім және Абай

Қазақ әдебиетіндегі ұлы дәстүр – Абай дәстүрі.Абай дәстүрі деген ұғымның сан салалы, күрделі екендігі баршаға мәлім. Абай мұрасы тақырып-мазмұн жағынан алғанда да, ақындық өнер, шеберлік тұрғысынан келгенде де ұлан – ғайыр. Қазақ әдебиеті тарихында Абай дәстүрі деген ұғымның қалыптасып, кең қанат жайғаны бүгінгі әдеби үрдістің даму барысында зор маңызын көрсетіп отыр. Себебі Абай дәстүрі деген деген тақырып өте кең ауқымды әрі өзекті, ғылыми айналымға түскен сала. Абай дәстүрінің Шәкәрім шығармашылығындағы жалғастығын зерттеген ғалым Б.Әбдіғазиевтің пікірін негізге алсақ: «Абай дәстүрі – қазақ әдебиетінің даму тарихында заңды жалғасын тауып, жан-жақты байып келе жатқан асыл арна», - дейді. Қазақ әдебиеті тарихында Абайдың әдеби мұрасын жоғары бағалап, алғаш пікір білдірген қалам қайраткерлері – Алаштың ардақты азаматтары. ХХ ғасырдың басында-ақ Алаш арыстарының бірі Ахмет Байтұрсынов Абайға «қазақтың бас ақыны» деп, ал Мағжан Жұмабаев «хакім ақын» деп, Сұлтанмахмұт Торайғыров «ақындар пайғамбары» деп лайықты бағаларын берген.  

Қазақ халқының ой алыптары Абай және Шәкәрім тағдыры мен шығармашылығында ұқсастықтыр мен айырмашылықтар бар. Олардың есімдері ылғи бірге аталады: аға және іні, рухани туысқандар, ұстаз және шәкірт, қоғамдық жұмыстарға да белсене араласқан.

Екі ой алыбы өз туындыларында қазақтың қоғамдық ой санасындағы шешуші әрі күрделі философиялық тақырыпты көтеріп, оның өзегіне айналған жантану ілімін танып білу жолында толассыз ізденіске түскен.

Қазақ фольклоры, шығыс классикасы, батыс мәдениеті екеуіне ортақ дүниетанымның қайнар бұлағы болса, осы дүниетанымды игеруге көмектескен өз тәлімгерлері болған. Ағартушылық жолына, ғылым жолына мені  әкелгендер деп Абай ағасы Халиолланы, әжесі Зерені, орыс достарын атап кеткен. Ал, Шәкәрім шәкірттік ризашылығын атасы Құнанбайға, ағасы Абайға білдірген.

Шәкәрім Құдайбердіұлы 16-17 жасынан бастап Абайдың ықпалымен өлең жаза бастайды.

«Мынау Абай бір ғалым жол шығарлық

...Кісі емес, ескерусіз бос қаларлық»,- деп жазады ол алғашқы өлеңдерінің бірінде. Бірақ жасында шығармалық еңбек жазумен онша әуестенбей, Шәкәрім ел ішінің жұмыстарына көбірек айналысады, оқиды, ел аралайды, жылқы бағады, аңшылықпен айналысады, ауыз әдебиетінің байлығынан үйренеді, тарихи деректер жинап, кейін шежіре жазады. Оның жазушылыққа біржола ден қойып кірісуі қырық жасынан, яғни 1898 жылдардан басталады.

Шәкәрім Батыс пен Шығыс елдерінің әдебиетіне көз жіберді. Пушкин мен Толстойды, бертінде Некрасовты ұстаз тұтты. Ол Шығыс әдебиетінен Қожа Хафиз, Науаи, Физулиді жоғары бағалады. Ол «Дубровский» аудармасының алғы сөзінде былай деп жазған:

Айтқан сөзі ауруға ем, жанға құмар,

Тауып айтқыш тәтті тіл, сайраушылар.

Байрон, Пушкин, Лермонтов, Некрасов,

Қожа Хафиз, Науаи Физули бар. – деп Пушкин мен Толстойды Абай қандай сүйсе, Шәкәрім де сондай сүйеді.

Абай өзінің мұрасымен классик ретінде танылып қана қоймай, өзіне тән дәстүрі бар ақындық, адамгершілік, ағартушылық мектебін ашқан, өз маңайындағы шәкірттері қанаттанып ұшуына үлкен ықпал жасаған ұстаз ретінде танылады. Белгілі абайтанушы М. Әуезов көрсеткендей, қазақ еліндегі басқа ақындармен салыстырғанда Абайдың үлгісін алған шәкірттері болуы – тарихи жаңалық.

Ақылбай, Әріп, Уәйіс, Әубәкір, Бейсембай, Кәкітай, Көкбай, Шәкәрім – Абай мектебінің мақтанашы, жаңашыл, ойшыл, ағартушы, тәлімгер болған тұлғалар. Қанымен, жасымен, рухымен ұстазына ең жақын болған – Шәкәрім.

Шығармалық өнерінде Шәкәрім Абай қандай бағыт ұстанса, сондай бағыт ұстанған. Барлық шығармаларының идеясы қазақ қоғамын еңбекке, мәдениетке, адамгершілікке, әділдікке шақыру болады, адал махаббатты жырлайды, әлеуметтік теңсіздікті сынайды, соның ішінде әсіресе әйел теңдігінің жыршысы болады, әйелдерді кем санап, тағылық, деспоттық жасаушыларға қарсы шығады.

Тақырып, мазмұн жақтарынан ұстаз бен шәкірттің өлеңдері, карасөздері ұштасып жатады. Абайдың тәлімдік, тәлімгерлік таланты Шәкәрімнің сегіз қырлылығында өз көрінісін табады. Ұстазында кездесетін, өзіне дейін қазақ мәдениетінде ұшыраспайтын құбылыстарды дамытқан. Қазақ халқының этногенезі туралы Абай екі ауыз сөз қалдырып, сол сөзінде этногенезді зерттеу бағдарын анықтаған. Абайдың тапсырмасымен 19 жасынан мәліметтерді жинаған Шәкәрім мазмұн және форма жағынан ерекше «Түрік, қырғыз-қазақ һәм хандар шежіресін» құрастырған. Өзге дәстүрлі шежірелерден айырмашылығы – тек қана жүздер мен рулардың пайда болуы туралы аңыздардың жазба түрдегі жинағы емес, бұл автордың қазақ елінің тарихи санасын, ұлттық сезімін жоғары көтеретін тәлімдік ойлар қорытындысы еді.

Ұстазы Абай сияқты Шәкәрім де алдымен реалист ақын. Жоғарыда айттық, ол да шығармаларында өмір шындығын, әлеуметтік қайшылықтарды, өткендегі үстем таптың зорлық-зомбылығын, бұқара халықтың ауыр күйін жырлайды. Дәулетті таптың өкілдерін ақын мынадай сөздермен шенейді:

«Мақсаты жаман жанды өзі білмек,

Ол қашан өзгелерді көзіне ілмек.

Сатса мейлі, қонаққа сойса мейлі,

Халықты қой есепті айдап жүрмек».

Ол ағасы Абай сияқты, өлеңді өнер деп білген, оған мол талантын, еңбекқұмар жігерін барынша жұмсап, қасиет тұта кіріскен. Оның әрбір өлеңі ұйқасқа қысылмайды, сөздері сара-сара, мағыналы да терең мазмұнды да, бейнелі де кестелі.

«Ән - өлшеуіш, өлең – күміс,

Қоспаңыз мыс аралас.

Артық алу, не кем салу

Қапы қалу жарамас...»,- дегенді өзі ұстанып, өлеңнің буынына, әрпіне, ауаздылығына, әсерлілігіне қатты көңіл бөледі.

 Сондай-ақ Абайдың «Қарасөздері» - қазақ философиясының негізгі ой түрткісі болса, Шәкәрімнің «Үш анығы» - қазақ философиясының шыңы. Форма жағынан Абай туындысы әдеби эссе болса, «Үш анық» - трактат.

Оқырмандар жақсы түсініп, берік меңгеріп, есте сақтауына ыңғайлы болуы үшін трактат стилі қолайлы, өз ойларын автор бірнеше рет қайталап жазады, негізгі дәлелдерін келтіреді, қорытындысын анықтайды. Араб, орыс терминдерін міндетті түрде қазақ тіліне аударады, дербес терминдер ұсынып, қазақ тіліндегі философиялық категориялар, атаулар негізін қалайды.

Екі ойшылды қызықтырған жан мәселесі. Табиғат өлсе де жан өлмес деген Абайдың  пікірін Шәкәрім түрлендіреді. Оның пайымдауынша, дүниедегі барша нәрсенің жаны бар, жан өлмейді, өзгереді, өзгерген сайын өседі, жоғарылайды: сезімді жан (инстинкт), аңғарлық жан (сознание), ойлайтын жан (мысль), ақылды жан (ум).

Жан мәселесін зерттегенде Шәкәрімнің буддизм қағидаларымен таныс болғаны шығармаларынан белгілі. Кәктайдың айтуынша, Абай буддизм негіздерін зетрреп үлгермедім деп өкінген екен. Абай мен Шәкәрім екеуіне ортақ ой – діндердің бәрі шатақ, екеуі де соқыр дінге, жұртты жеген молдаларға қарсы шыққан. Бірақ екеуі де негізгі діни қағидаларды жоғары рухани-құлықтық (моральдық) қағидалар деп түсіндірген.

    Қазақ поэзиясының асқар шыңы Абай қалдырған шығармашылық дәстүрді жалғастыра отырып, өз жаңалықтарымен байыта өрнектеген Шәкәрім Құдайбердіұлының көркем мұрасы төл әдебиетіміздің асыл қазынасы іспетті.

Ақын қазынасы көптеген өлеңдер мен  поэмалардан, мысалдар мен нақылсөздерден, әңгімелер мен философиялық толғаулардың негізінде құралғанын білеміз. Оның қай туындысын алып қарасақ та жаңа лебімен, сазды үнімен, ойлылығымен, сұлулығымен ерекшеленіп, оқырманды баурай түсетіні анық. Шәкәрімнің танымдық әлеміне Абай мұрасы арқылы кіру – ұтымды боларына айрықша ден қою керек, өйткені бұл жол жантану ілімін танып білуде адастырмас темірқазығымыз.

Екі ой алыбы өз туындыларында қазақтың қоғамдық ой санасындағы шешуші әрі күрделі философиялық тақырыпты көтеріп, оның өзегіне айналған жантану ілімін танып білу жолында толассыз ізденіске түскен.

Алдымен, Абай өз поэзиясында 1889 жылдан өмірінің соңына дейін түп иені танып білу жолында жүрек культін көтере жырлау арқылы толық адам ілімінің негізін салуға батыл қадам жасауға ұмтылды. Бұл ұмтылысты Шәкәрім дәстүрді жалғастыра дамыту арқылы XІX ғасыр аяғы мен XX ғасыр басындағы әдебиетте философиялық лириканы классикалық биік деңгейге көтере білді. Әсіресе, бұл өте күрделі, шешуі қиын мәселені Шәкәрім XX ғасырдың басындағы қазақ әдебиетінің ояну дәуірінде мүлде тереңдей зерттеп, соны танып, тың ойлар желісін тартты. Әрі оны философиялық лирика табиғатына сай молынан қамтып, зерттеп терең мән бере қарады. Анығына келсек, Абай мен Шәкәрімдегі философиялық лириканың өзекті тақырыбына айналып отырған аса күрделі де ұғынуы қиын ғарыштық танымдағы жантану ілімі туралы мәселе таза ақыл қуатымен танып жырланған өзіндік қайталанбас терең сыры бар тылсым құбылысқа айналды.

Қазақ поэзиясының биік белеске көтерілуіне, әдеби тілдің ауқымының кеңеюіне Абай шығармашылығығының үлкен үлес қосқаны анық. Шәкәрім де Абайдан соңғы қазақтың ең көрнекті тұлғаларының бірі. Абай мен Шәкәрімнің мол әдеби мұрасынан өзгеше мәдениет, кең өріс, бедерлі өрнек танимыз. Қос ақынның өлеңдерінде, поэмаларында, философиялық ой-толғауларында бір пендеге ғана емес, бүкіл адамзатқа тән сырлы мұң жатыр. Бұл өлең өрісін, өнер көкжиегін айқындайтын биік меже. Біздің туған тілімізде, ұлттық әдебиетімізде Абайдан соң ғана мүмкін болған биік жетістік. Шәкәрім Абайдан соңғы ең танымал есім, ең көрнекті тұлға. Сондықтан да қос алыптың шалқар дүниетанымы, нұрлы жаны, талантты тебіренісі, өзгеше бітімі, биік мақсұты, ақыл-ой тереңдігі қазақ халқының арымайтын рухани биігі болып қала бермек.

2.2 Шəкəрім Құдайбердіұлының дін жайындағы ой-толғамдары



«Діннің тазасын діннен ізде, ақылды қаттырақ айда» дегенде тағы да таза ақылға мойынұсын деп отыр. Сонымен, Шəкəрім сынға алған діншілерге жетпей жататыны да ноқтасыз сау ақыл, таза ақыл екен. Үш діңгек, Шəкəрім айтып өткендей, құдай — бар, ұждан — дұрыс, қиямет — шын деуде. Осы құдай бар деп оған мойынұсынуды Алла тағалаға иман келтіру дейді. Енді осы иман турасындағы  Шəкəрімнің  ой-толғамдарына  назар  аударсақ,  иманның  мағынасы  туралы  ол  өзінің «Мұсылмандық шарты» деп аталатын еңбегінде: «Иман деген Алла тағаланың барлығына, бірлігіне, басқа Алла жоқтығына, Құран сөзінің бəрі шындығына анық ақылмен нанбақ», — дейді. Иман турасында Шəкəрім өте көп ой-толғамдар қалдырған. Иманның адамдағы шынайы көрінісін Шəкəрім қиянатсыздық арқылы өлшейді. Оның ойынша, қиянатты болу имансыздықты білдіреді. «Қиянатың бар болса, иманың жоқ. Маған десе, мың жылдай қыл ғибадат», — дейді. Немесе тағы бір өлеңінде:

«Тəңір жолы — ақ жүрек, Сайтан деген — қиянат», — деп қиянат жасауды сайтанмен теңейді. Шəкəрім осы «қиянат» ұғымы арқылы сайтанды ұғындырып отыр. Сайтанды бір көріністерден іздемей-ақ осы қиянатшыл адамдардан-ақ көруге болады. «Ешкімге зиян тигізбей, сайтанға беттен сүйгізбей, ғаріптің көңілін күйгізбей, жүрегіңді нұрмен жу», — дегенде де ойшыл адамға зиян келтіруді сайтанға беттен сүйгізумен теңеп отыр емес пе. Сондықтан Шəкəрім осы сайтанға айналмау үшін адамға қиянатсыздық — иман керек деп отыр. Имансыз адам — қиянатшыл сайтан. Діннің де негізгі мақсаты — осы қиянатсыз болуға шақыру. Бұл қандай дін болмасын негізгі шарт болып саналмақ.

... Мейлі, кімге шоқынсын,

Шын іздесе тəңірісін.

Қиянатты жау деп білсін,

Онан тиып нəпсісін», —

дейді дін туралы өлеңінде.

Сонымен, қиянатты жау деп білу шынайы имандылықтың белгісі болып саналмақ. Қиянатсыздық Шəкəрім үшін - адамшылықты құрайтын адамның ең басты қасиеті.Қиянатсыздық -адамшылық өлшемі. Адамға білімнен де қажет нəрсе -осы қиянатсыздық.

Адамның ең асылы —

Қиянатсыз ақ бейіл.

Ең зиянкес жасығы —

Тайғақ мінез екі тіл.

Сөз, мінезі құбылса,

Ар, иманы жоқ деп біл.

Аулақта жемтік сыпырса,

Оны ойыңмен айуан қыл.

Екі жүзді болу, екі түрлі сөйлеу, пара алу — бұның барлығы имансыздықтың кесірі, қиянатты болудың көрінісі деп отыр. Ең асыл адам қиянатсыз деп Шəкəрім тағы да ой түйіп өтеді. Осыдан келіп Шəкəрімнің діні тілдегі дін емес, таза харекеттегі дін екенін аңғарамыз. Имандылыққа тек тілмен ғана жету емес, дұрыс амалмен, харекетпен жету. Қиянатқа бастаған діншілдерді Шəкəрім зұлымдықтың бастаушысы деп таныған.Шəкəрімнің дүниетанымындағы иман турасындағы ой-толғамдарды зерделей отырып, біз оның иманға байланысты «шатақ иман» жəне «шын иман» ұғымдарын қолданғанын аңғардық. Жоғарыда иман дегеннің мағынасы жаратушының бар екеніне, бір екеніне мойынұсынуда екенін айтып өттік. Ендеше, сол иман қалай шатақ жəне шын деп бөлінеді? Бұл жерде Шəкəрім аталмыш ұғымдарды шартты түрде қолданғанын түсіну қажет. Олай болмаса иман ол əрқашанда мағынасы біреу-ақ. Шəкəрім осы Аллаға иман келтіргендердің оны түсінуіне қарай иманды «шатақ иман»,»шын иман» деп шартты түрде қараған. Шын иман дегеннің не екеніне келсек, Шəкəрім шын иманға  Алла тағалаға таза жүрекпен иман келтіруді айтқан. Бұнда сөзден гөрі, ішкі жан дүниеңмен сезіну басым. Сырт тазалығынан гөрі, іш тазалығына аса зейін қою. «Құран ұстап тұзақ құрма, Інжіл ұстап қақпан қылма, адам аулама», — дейді. Кез келген діншіл қиянатты болса, «жүрегі болса тайғақ саз, сопысы- нып қылма наз», — деп алдымен жүрек тазалығын қылу керек дейді Шəкəрім. Ішкі тазалық, жан дүниеңмен сезіну, шынайы қиянатсыз болу бұл шын иманға тəн. Ал шатақ иман ол сыртқы шарттар- ды орындап, оның ішке енбей қалуы. Бір қағидаға қатып қалу, ауызбен мұсылман болу, сыртын түзеп аласұру. Мұсылмандық жолдағы көптеген молдаларды сынға алғанда олардың иманын шатақ иман деп, Шəкəрім осы тұрғыдан сынға алған.

Жүрегі қатып мұз болған,

Майда тілі біз болған.

Қызтеке еді қыз болған

Бейне алдамшы сопылар.

Бар ма маған бір сын деп,

Ұстағаным не дін деп,

Ойламайды кіммін деп,

Жүрегінде тоты бар.

Қанша жарық нұр құйсам,

Хақиқаттан сыр құйсам,

Нəпсі деген оты бар.

Шатақ имандылар туралы Шəкəрімнің ойы осындай. Иманның шын мəнін түсінбей, құр иман келтірдік деп сыртқы шарттарды орындап, бірақ ішкі тазалыққа жете алмаған, жүрек тотынан тазара алмаған, жүрегін дерттен сауықтыра алмаған діншілдердікі, Шəкəрімнің ойынша, шатақ иман болып саналады. Оның «молдеке» деп кекесін танытып үнемі айтып отыратын молдекесі, Шəкəрімнің пайымдауынша, осы шатақ иманның иесі. Шын иманның мəнісі жүректі дерттен емдеу, дінді мақтан үшін немесе жақсы көріну үшін емес, адамшылық үшін тұтқан адамдардікі шын иман болып санала- ды. Осы екі ұғымды айра білген адам Шəкəрімнің дін жəне діншілдер турасындағы көзқарастарына жан-жақты, терең көз жеткізе алады. Мұны білген дұрыс.

Тəңірін іздеп бір мұңғыл

Тас суретке шоқынса,

Өлсе де, болып соған құл,

Иманын бұзбай отырса.

Атақ, пайда іздемей,

Ойында мақтан жоқ бол

са, Қиянатты көздемей,

Қанағатқа тоқ болса.

Молдеке, оған таңданба,

Сол кіреді бейіске,

Екі жүзді сандалма

Сен қаласың кейісте, 

дейді Шəкəрім .

Оның ойынша, əлгі мұңғылдікі шын иман. Мəселе оның қайда шоқынғанында емес, яғни сыртқы əрекетінде емес, ішкі жан дүниесіндегі тазалықта деп отыр. Бейіске сол кіредінің мəні осында жатса керек. «Өлеңді жерде өгіз семіреді, өлімді жерде молда семіреді», — деген халықтық түсінікті еске түсірсек, молдалардың дін жамылып пайда тауып жүргендігі өмір шындығынан алынған ақиқаттың бір көрінісі емес пе. Дін жамылған зəлімдер деп Шəкəрім осы шатақ иманды тұтып, дінді пайдалану- шыларды атаса керек. Оларды ойшыл зəлімдер деп атаған.

Құдайың мен дүниеге

Кезекпе-кезек шоқынсаң,

Инедей пайда ти ме

Мешітте мың жыл отырсаң?

Кімде болса шын мінез,

Болмас онда екі сөз,

Өлтірсе де көзбе-көз,

Иманын сатып, алмас бөз.

Иман да сол, дін де сол —

Адаспайтын айқын жол,

Күнде, мейлің ыза бол,

Бейіске анық кіреді ол.

Мысал емес ындыным,

Əлгі мұңғыл  — əулие,

Иманын сатқан жындының Іздегені – дүние.

Адам неге иманын тез дүниеге айырбастай салады? Себебі иман оның ішіне енбеген, сыртында жүрген, ауызында ғана жүрген. Ал иман ішіне енсе, адам ол иманын өлтірсе де сатпайды. Өйткені ол сол ішкі жан дүниесіндегі байлығын, қасиетін бəрінен де жоғары санап, оны арзан іс-əрекеттерге оңай айырбастай салмаса керек. Шəкəрімнің түсінігі осындай.

Иман ең алдымен адамды қиянатсыздыққа əкеледі. Имансыз берілген білімнің өзі адамға жау болып шығуы мүмкін. Абай атамыздың балаға алдымен мұсылманша хат танырлықтай ғана білім бе- ру керек дегенінің астарында баланы алдымен мұсылман қыл, содан кейін білім үйрет деген ой жатса керек. Əл-Фарабидей ғұламаның философияны үйренбестен бұрын имандылыққа, адамшылыққа үйрену керек деген қағидасының да астарында осыған үндес ой жатқан жоқ емес пе. Тəрбиесіз берілген білім адамға жау дегенде əл-Фараби бабамыз адамшылық ғылымы туралы айтып отыр емес пе. Имансыз адам қиянатшыл, оны Шəкəрім зəлім деп атаған дедік. Шəкəрім имансыз берілген білімнің қауіпті екенін де айтып өтеді.

Шын залымға берме ғылым,

Ол алар да оқ қылар.

Қаруым дер, кісі атып жер,

Ол ғылымды айла етер.

Қарғысына сен қаларсың,

Елді алдап ол алар.

Ақылы жоқ, малы көптің

Бірталайын еңіретер, 

деген Шəкəрім бабамыз қоғамдағы білімді залымдардың қайдан шығатынын осылай мегзейді. Біліммен ғана адам тазара алмайтынын осылай ұқтырады. Шын иманның адамға не үшін керектігінің астарында ол Алла тағала үшін емес, ең алдымен адам үшін қажет екендігі жатса керек.   Шəкəрімнің «адам өзін таныса құдайын танымақ» дегенінің мəні осында болса керек.

Шəкəрімнің иманға байланысты ой-толғамдарын оқи отырып, онда «жаңа иман», «ескі иман» деген ұғымдардың да кездесетіндігін айта кету керек. Шəкəрім: «Ескі иманымды отқа өртедім», — дейді.

Сопыларға біздің Жар бір қараса,

Жарық нұрмен жүрегін араласа,

Жанын жан, ескі иманын иман демей,

Байқұстар қалар еді-ау таң-тамаша.

Осындағы ескі иманын иман демей дегенді қалай түсінеміз? Оның себебі адам баласы жаратушыны бір күнде тани алмайды, ол сол жолда ғұмыр бойы болып, көріп-білгендігін, тазаруына байланысты оның жаратушының құдіретін аңғару деңгейі өзгере түспек. Сол кезде адам бұрынғы деңгейінде қалып қоймай, ол тереңдей түседі. Оның енді бұрынғы иманынан өзгерек, басқаша сезіну деңгейіндегі иманы қалыптасады. Алдыңғы сол адам тастап отырған деңгейін Шəкəрім ескі иман деп отыр. Ал жаңару, жаңаша байыптай түскенін жаңа деп отыр. Бұл адам кемелдігінің өзгеру сатысын аңғартса керек. Əлгі ескі иман арттағылар үшін жаңа иман болып қала беруі əбден мүмкін ғой. Алдыңғы адам тазару мен кемелдікте алға жылжып иманын толықтырса керек. Шəкəрімнің бұны ескі жəне жаңа деп бөліп қарауының мəні осында болса керек.

Дін жайында жазғанда Шəкəрімнің «Пайғамбар Мұса жолықса...» деп басталатын өлеңіне назар аудармай кету мүмкін емес. Шəкəрім əлемдегі діндерден өте сауатты болған. Ол осы өлеңінде əлемдегі діндер турасындағы өз ойларын білдірген.

Пайғамбар Мұса жолықса, Сөйлесіп көңілім орнықса:

«Адасты Жебірей, — дер едім,

Тауратты қайта толықта!»

Дəуітті көрсем, əн салып,

Қуанар едім қарсы алып:

«Ақында қалды иманың,

Тағы үйрет, — дер ем, — бір барып» .

Шəкəрімнің дін жайында өз пікірі бар. Ол іште жүрген пікірін сол діндердің көсемдеріне жайып салғысы келеді. «Сөйлесіп көңілім орнықса», — деп ойшыл иудаизм дінінің тозығы жете бастағанын, ал Дəуіт пайғамбар өсиеті ұмытыла бастағандығын айтып өтеді.

Зардуштке айтсам кезі кеп:

«Үйреттің ақыл нұр ғой деп.

Ұға алмай отқа шоқынып,

Бұзылды елің боғын жеп», 

деп зороастризм дінін ұстанушылардың да түп негізінен адаса бастағандығын Шəкəрім жақсы түсінген. Ал буддизм діні туралы оның пікірі төмендегідей:

Будданың ұстап білегін,

Айырылмай бірге жүремін:

«Жəдігой, бақсы, ламаға,

Шоқынды елің, білемін».

Шəкəрім «айырылмай бірге жүремін» деп Буддаға іш тартады. Оның себебі жанның ажалсыздығы туралы мəселені зерттегенде брахманизмнен бастап буддизмге дейінгі үнді діндеріндегі жанның өмірден соңғы өмірі туралы пікірлерімен жақсы таныс болғандығында жатса керек. Бұл турасында   ойшыл   «Үш   анық»   шығармасында   да   айтып   өтетіні   есімізде.   Ол   осы    жанның ажалсыздығы туралы мəселеде үндідегі рухани ілімдерден дəйек тапса керек. Бұдан Шəкəрім буддист болған деген пікір тумауы қажет. Оның тек буддизмнің қағидаларына оң көзімен қарап отырғаны аңғарылады.

Айсаны көрсем егер мен:

«Ен, — дер едім, — қайта сен.

Сені құдай деді де,

Айрылды халқың дінінен».

Христиандардың бар болғаны жартылай адам, жартылай құдай деп танитын пайғамбары Исаны, жаратушының сүйген құлы, жаратылған пендесі ғана саналатын пайғамбарларын құдай деп тануын, Шəкəрім оң көріп отырған жоқ. Олар діннен айырылды деп отыр. Себебі діннің өзі барлық адамзат баласының, он сегіз мың ғаламды жаратушы иеге деген құлшылық қылуы болып табылса, христиандардың бар болғаны адамға сиынуы діннен айырылу емей немене. Шəкəрім ислам жайына келгенде,

Мұхамметті көре алсам,

Сөз айтып, жауап бере алсам:

«Адасты молда, — дер едім, —

Құранды үйрет келе алсаң», 

деп, құрандағы ақиқатты дұрыс таныта алмай жүргенімізді айтып, тағы да шатақ имандағы молдалар жайын сөз қылады. Шəкəрім Мұхамметке ерекше құрметпен қарап, оны өте жоғары дəрежеде бағалаған. «Сөз айтып, жауап бере алсам» дегенде ойшыл Мұхамметке ерекше құрмет танытатынын аңғартады. Бұл оның исламға деген көзқарасын аңғартса керек.

Шəкəрім жоғарыдағы діндердің қазіргі замандағы жеткен жағдайын көрсету арқылы «Бұл күнде дұрыс иман жоқ» деген қорытындыға келеді. Оның бар себебі денеге жанды жеңгізіп иесін таба аламағандықтан дейді. Затшылдық көзін байлайды, жан билемей, тəн билеудің арқасында адамдар адасып, дін бұзылады дейді.

Шəкəрім діндегі ең негізгі тіректің бірі — ұждан дұрыс деп айту дедік. Ол таза болуды, арлы болуды үнемі еске салып, бұны діннің негізі деп санаған.

Қояр ем мылжыңдамай сөзімді ұқса,

Қайтемін оны ұға алмай діннен шықса.

Азды ұқсаң, бұл сөзімді анықтап ұқ,

Иеңдей болам деме, Иеңе ұқса.

Тəңірің — таза, болып бақ сен де кірсіз,

Əлің келсе, менен қаш, Иең — мінсіз.

Бұл Құдайдай боламын деген емес,

Сөзімнің түбін ұқпай деме дінсіз, —

деген ойшыл, дінсіз емеспін, сөзімнің түбін ұқ деп отыр. Ең алдымен таза бол, қиянатсыз бол дейді. Оның бұл пікірлері пайғамбарымыздың «Адам баласына тілімен, не болмаса іс–əрекетімен зəредей зиянын тигізбеген адам, нағыз мұсылман деп айтуға лайық» деген хадисін еске түсіреді. Шəкəрімнің де айтар ойы осы нағыз мұсылмандықтың мəйегі деп айтар едік. Ол «Үш анықта» «адам атаулыны бір бауырдай қылып, екі өмірді де жақсылықпен өмір сүргізетін жалғыз жол осы мұсылмандық жолы сияқты», — деп ойын қорытындылағанын ұмытпасақ керек.

Шəкəрімнің имандылық турасындағы ой-толғамдары осындай. Қазір біз өмір сүріп отырған қоғамда дін мəселесіне байланысты көптеген ушығып тұрған жағдайлар бар. Дін таратушылар жік- жікке бөлініп, дін жарыстырып, дау сабасып, іштей күрес жүргізуде. Солардың ең қауіптісі уаххабизм болып тұр. Бұл Абдулуаххаб деген адамның атымен пайда болған ислам əлеміндегі ең ықпалды көзқарас ұстанушылардың жолы. Абдулуаххаб ислам əлемінде «жаңалыққа қарысы» деген атауға ие болған. Яғни бұның мағынасы пайғамбар заманында бар нəрселерді, дəстүрлерді дұрыс деп санап, оны қай заманда да сол күйінде ұстану болып саналады. Уаххабистер — жаңалыққа қарсы жол ұстанушылар. Қазіргі қазақтың дəстүрлі мəдениетінің тамырына балта шауып, өлі риза болмай, тірі байымас деген ұлттық түсінігімізге кереғар, əруақтарды теріске шығару, қазақ қоғамындағы осы уаххабистердің негізгі миссияларының бірі болып саналады. Сөйтіп, ұлттық мəдениетті терістеп, арабтандыруды іске асыру. Шəкəрімнің «Қазақтың шыққан түбі батыр түрік, арабсың» деген сөздің түбі — шірік. Бəленше сахабаның үмбетті деп, ел бұзып жүр осында өңкей жүлік», —деп өз заманындағы уахаббистерге қаратып айтқан жүлік деген сөзі бар.

Пайғамбарымыз ешқашан өлілерді құрметтемеңдер демеген. Ол бір хадисінде: «Табыт көрсеңдер,  орындарыңнан  тұрыңдар,  бұл  сендердің  болашақтарың  туралы  ескертеді»,  —    дейді.

Əруақтарды еске алудың ешқандай дінге зияны жоқ, керісінше, адамдардың өлім туралы ойланып, тəубесіне келуіне жол ашпайды ма. Уаххабистердің пікірінше, адамдар пайғамбар заманындағы өмір салтын жоймау керек. Киім киісі, тұтынуы барлығы да сол заманға сай болуы керек.

Қазір ғылым мен техниканың дамыған заманы. Адам баласы Алла тағала берген қабілеттерінің арқасында көптеген мүмкіндіктерге қол жеткізді. Соның бірі — медицина. Уахаббистерге салсақ, басың ауырса, дəрі ішудің өзі Аллаға күмəн келтіргенмен бірдей. Олар үшін жай ғана дəрі ішудің өзі теріс. Ал дəл осы жағдай турасында Шəкəрім өзінің «Мұсылмандық шарты» атты еңбегінде төмендегідей ой айтады. «Не болса Алланың пəрменімен болады... Бірақ оқып-білген дəрігерлерге емдетпек сауап, обал емес. Пайғамбарымыздың хадисі: «Ей, Алланың құлдары, ауруларыңызды емдетіңіз, Алла тағала дауасыз ешбір науқас жаратқан жоқ. Жалғыз кəрілік, ажалдан басқа», — деген. Бірақ дəрігер де анық жазады демейсің. Алла тағаладан шипасын кез қылар ма екен деп  үміт қыласың. Пайғамбарымыз көзіне сүрме жағушы еді, көзім тозбасын деп. Аңда–саңда дəрі ішіп жүруші еді. Аңда–саңда қарттықпенен қан алдырушы еді. Ішім тоқталды деген кісіге бал ішіп, ішіңді өткіз деуші еді. Оқыған дəрігерлік жаман емес екенін осыдан біл, бірақ бұл айтқанымыз біздің бақсы құшынаш емес, сонан жақсы ұғыңыз», — дейді Шəкəрім.

Міне, осылайша жаңалықты пайдалау керектігін Шəкəрім теріске шығармаған. Ал əруақтарды терістеуге келсек, пайғамбар заманында адамдардың қабіріне аса назар аударылмағаны ол заман онсызда пұтқа табынушы мысыр перғауындарының қысымынан қуғын көріп, жалғыз Аллаға ғана құлшылық етуді жаппай қолға алған кез екенін ұмытпауымыз керек. Сондықтан уақытша қабірге зиярат етуге тыйым салынса керек. Өйткені санадағы пұтқа табынушылықты толық шығарып тастауға бұл қажет еді. Кейін пайғамбар əркімнің ата-бабаларының басына тəуіп етіп, белгі қоюға тыйым салмағандығы туралы деректер де жеткілікті.

Сонымен дін мəселесін бірезулікке салынбай, оны дұрыс түсіну — ең басты сау ақылдың міндеті. Ең негізгісі — адамның жүрегін тазарту, жүректі дерттен емдеу, қиянатсыз  болу керектігінде. Əйтпесе Шəкəрім айтқан «шатақ иманға» түсіп кету қауіпті. Шəкəрімнің дін турасындағы ой-толғамдары бізге бұл мəселені тереңірек түсінуге көмектесіп, шынайы имандылыққа жол ашады. Оның бар құндылығы да осында.

Шәкәрімнің философиялық көзқарасы мен нақыл сөздері



Қазақ халқының философиялық – қоғамдық ой пікірлерін зерттеу ХХ ғасырдың басынан қолға алынды. Бірақ бұл зерттеулерде сыңаржақ көзқарас басым. Ол кезде қоғамдық ойдың қалыптасуын таптық тұрғыдан қарастырды. Бұл бағыт, әрине, ғылымның объективті дамуына кері әсерін тигізді. Барлық даналықты батыс ойшылдарынан, басқадан іздеген кезде ұлттық философиялық ой - пікірлердің тарихына көз жіберуге үстемдік еткен тоталитарлық жүйе мүмкіндік бермеді.
Ежелгі заманнан өмір сүріп келе жатқан түркі тайпалары негізінде қалыптасқан іргелі халықтардың бірі қазақ халқында өзіне лайықты бай рухани мұрасы бар. Соның негізін философиялық ой тұжырымдар құрады.
Дүниеге шынайы көзқарас, дінді тану және басқа да еркін ойлау процестерін, моральдық мәселелер мен адам туралы ілімдерді өздері өмір сүрген қоғамдық ортаға лайықты қалыптастырды.Ақындар мен жыраулар, саясаткерлер мен батырлар, хандар мен қолбасшылар, билер мен серілер өздері өмір сүрген заманның объективті құбылыстарын әр түрлі деңгейде тұжырымдап көрсете білді. Осының барлығы қазақ халқының философиялық ойлау жүйесінің негізін қалайды.Қазақтың рухани мәдениеті мен зор үлес қосқан ойшылдардың бірі - Шәкәрім Құдайбердіұлы. Шәкәрімнің философиялық көзқарасы - ұлттық философияның қалыптасуына зор ықпалын тигізген құбылыс. «Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі», «Мұсылмандық шарты», «Үш анық» аталатын еңбектерін, поэзиясын гуманистік және адамгершілік мұраттарды, демократиялық ағартушылық идеяларды уағыздаған мұра деп бағалау керек. Шәкәрімнің философиялық ойларында өзі өмір сүрген дәуірдің қоғамдық көріністері, ақыл – ой ізденістері, талғамды тұжырымдары із қалдырды. Ол қазақ қоғамының рухани өсуіне көмектесуді, жастарды ғылым – білім, өнерге баулуды мұрат тұтты.
Ұлы ойшыл, гуманистік қайшылыққа толы қоғамда өмір сүрді. Шәкәрімнің дүниеге, өмірге, табиғатқа, сан – сала құбылыс көріністерге, дінге көзқарастарында кейбір қайшылықтар кездескенімен, ол ешқашан дінге берілген фанатик, барлығын жоққа шығартып пессимист болған емес. Шәкәрім көбінесе рационализмге, деизмге бейім болды. Бұл философиялық бағыт бойынша дүниені жаратушы бір күш бар дегенді мойындау, оның дәлелі табиғаттың жарасымдылығы, қозғалысы, өмірде ақиқат, шындық, білім – ғылым, ақыл мен сезім дамуы арқылы іске асатынын, адамның болмысты танып білуі адам өзін - өзі жетілдіру арқылы жүзеге асатынын түсінуге болды.
Шәкәрімнің лирикалық шығармаларының басты бір ерекшелігі ойшыл, философ болуына байланысты. Оның лирикасында көңіл күйі, ішкі сезім әсерлері, махаббат тақырыбы да елеулі орын алған. Алайда, Шәкәрім лирикасында сыршылдықтан ойшылдық басым, философиялық сарын күшті. Шәкәрімнің ойшылдығының, ақындығына тән фәлсафашылдығының сыры не десек, бұл алдымен, әрине оның ойының керемет логикалық қуаттылығынан туған. Сонымен қатар ол көп ізденіп, өте көп оқыған. Қазақтың белгілі ақын, жыршы – жырауларымен қатар арғы – бергі түрік ақындарының, шайырларының, араб, парсы, орыс және Батыс ақындарының шығармаларын өте жақсы білген. Тарих, философия, дінтану, психология, шығыстану, түріктану, салаларындағы түрік тіліндегі, орыс тіліндегі, араб тіліндегі ғылыми еңбектерді ұзақ жылдар жалықпай оқып, қыруар мағлұмат жиған, жан – жақты энциклопедиялық білімі бар ғұлама оқымысты, дана адам болған.
Шәкәрім қазақ поэзиясында философиялық лириканың бұрын өріс алмаған жаңа түрлерін қалыптастырып, бұл салада үлкен жаңалық тапты. Ойшыл ақын адамның ақыл парасатына айрықша зор мән береді. Ол адамның сезу, сезіну, дүние болмысты, өмір құбылыстарын сезім арқылы қабылдау, әсерленгіштік қабілет пен не нәрсенің болсын ішкі сырын көзге көрінбейтін, қолмен ұстауға келмейтін нәрселердің қасиет – сипаттарын, оймен, ақылмен, логиканың күшімен танып – білу қабілетінің арасын ажыратып, болмыстың, дүниетану мен моральдың негізгі ақылы деп санайды. Ақыл, парасатты ақыл қандай да нәрсені, құбылысты дұрыс түсініп бағалауға, ақ–қараны айыра білуге мүмкіндік береді. Сондықтан, «ақылмен сыналмаған іс болдырмау» деп түйіндейді.
Дүниетанымның, ғылымның да негізгі тірегі - ақыл–ой, ойлау қабілеттілігінің қуаттылығы, ой – тұжырымдарының логикалық қисындылығы деп санайды. Бар ғылымның түп атасы – таза ақыл мен ойлану.
Шәкәрім ойлау, ойлану деген ұғымға үлкен мән береді, оны өмір – болмыстың, дүниенің ғажап сырларына терең бойлау, не нәрсені болсын ақылмен сынап, ұғып – түсіну мағынасында алып қарайды.
Шәкәрімнің дүниенің, жаратылыстың қозғаушы күші, адам өмірінің, тіршіліктің мәні мен сыры, жан мен тән секілді мәселелерді ғылыми ұғым түсініктермен ұштастыра толғайтын философиялық өлеңдері өз алдына бір тақырыптық арна болып қалыптасты.Ақынның діншілдігі, жаратушы Аллаға сенімі, оның ойшылдығымен жалғасып, дүниеге көзқарасындағы бірлік – біртұтастықты танытады. Шәкәрім дүниедегі «сансыз кереметті кім жаратса – тәуірі сол» дейді. Тәңіріні іздеу, жаратқан Аллаға сену – ақиқатты іздеу, сол арқылы «ең түпкі жаратушы – мінсіз ие» деп түйіндеуінен айқын аңғара аламыз.«Тау бойындағы ой» деген өлеңінде дөңгеленген жердің күнді айналып жүретінін көзбен көру арқылы емес, ойлау, топшылау арқылы анықталған дегенді айтады.
«Ей, жастар, қалай десек, бұл дүние» деген және басқа да өлеңінде Шәкәрім дүниеде таңқаларлық және өте көп, алайда бәрінде де заңдылық, қисын бар деген пікір айта келіп, «себебі тойымдының ісі толық» дейді. Яғни, бұдан дүниенің кереметтігі шексіз болса, жаратушының құдіреті те шексіз деген мағына туады. Шәкәрімнің философиялық өлеңдері ой тереңдігі, пікір сынылығымен, танымдық және моральдық адамгершілік мәселелерін ұштастыра, білуімен оқымысты ақынның өнерпаздық тұлғасына сай интелектуалдық сипат алған.
Шәкәрім философиясының негізгі өзегі - адам. «Адамның мәні – оның дүниені танып білуінде, ол тек адамға ғана тән нәрсе», - дейді.
Шәкәрімнің философиялық ой сараптауын «Үш анық» трактатынан көруге болады, ол зерттеушінің 28 жылдық еңбегінің қорытындысы. «Үш анық» қазақ халқының тарихи тағдырына үлкен өзгеріс әкелген жылдары жазылған. Бірінші орыс революциясы, бірінші дүниежүзілік соғыс, ақпан, қазан революциялары және тағы да басқа оқиғалар қазақ жеріне көп әсерін тигізді. Осы жағдайлар Шәкәрімді немқұрайлы тыныштыққа қалдыра алмайды. Халқы туралы толғаным болашағы ойшылды қиналдырып, осы тоқыраудан шығу жолына итермеледі.
Өмірдің мәні не? – деген сұрақпен ол көне ойшылдарға сонымен қоса жаңа дәуірдің діни және философиялық әдебиеттерінен ізденіп, өзінің философиялық ойының тереңдігін көрсетеді.
Шәкәрім «Үш анықта» Ақиқат деген не? деген сұрақ қояды. Оған өзі «адам ақиқатты ақыл – ес көзімен көріп, қабылдауы керек. Ақиқат - әрбір адамның жанында болады не ол өзіндік өмір сүреді» - деп қорытынды жасайды. Жанның ең негізгі қажет ететіні – ұждан. «Адамның нысап, әділет, мейірім – үшеуін қосып, мұсылманша айтқанда, ұждан, совесть орысша айтқанда совесть бар» дейді.
Шәкәрім ар – ұждағы адамгершілік этикалық жағынан ғана емес, оны философиялық категория, әлем құрылымының негізгі болатын субстанция ретінде жоғары қарастырған.Ол адамның рухани өсуіне мықты тірек болатын үш анықты атайды: Бірінші – мәңгі өзгерістегі Универсумда барлығына себепші жаратушы ие. Екіншісі – бұл жаратушы барлық тірі мен тірі емеске жан береді, адам өлген соң, одан әрі тазарып, жоғарылайды, өздігінен өмір сүреді.Үшіншісі – жанның жоғарылап, тазаруы үшін адам ұжданға сай арлы өмір сүруі керек. Шәкәрім адамдарды осыған шақырады.
Шәкәрімнің дүниетанымдық ой жүйесінде философиялық терең бағыт – бағдар байқалады. Оған «Тіршілік, жан туралы» деген философиялық өнеріндегі жаратылыс тарихи тіршіліктің шығуы өз түсінігін баяндайтын Яғни, Шәкәрім органикалық тіршіліктің біртіндеп себеп – салдар принципі бойынша дамитындығын, жәндіктін өсімдіктің, адамның жәндіктен таралу идеясын құптап отыр.
Жоғарыда айқанымыздай қозғалыс – материяның өмір сүру тәсілі. Алайда Шәкәрім бұндай жақсылыққа ғылыми жолмен емес, стихиялы түрде келеді. Құран сөзі бойынша, әлемнің пайда болуы – құдайдың ықылас, еркіне байланысты кенеттен жасалына салған, сондықтан кез келген уақытта өзгеруі немесе жойылуы мүмкін.
Оларды танып білетін бір – ақ нәрсе таза ақыл. Таза ақылдың арқасында адам абстрактіні меңгерді, жақсыны жаманнан, сұлулықты ұқыпсыздықтан, пайдаланып зияннан ажыратады. Өйткені Шәкәрімнің түсінігіне адамның дануардан айырмашылығы таза ақылы мен жанында. Адамның жаны ол туылғанда егілген дән жүрегінде болады да қолайлы жағдай жасалғанда ғана шайқалып өсіп, көркейе түседі.







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
19.03.2025
168
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі