Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі мен шығармашылығы «Қалқаман- Мамыр» поэмасы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі мен шығармашылығы «Қалқаман- Мамыр» поэмасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Шәкәрім Құдайбердіұлының «Қалқаман - Мамыр»поэмасын мазмұнын, тақырыбын, идеясын ашып меңгерту. Жас ұрпақты ақын шығармаларындағы адамгершілік, өрлік, адалдық, патриоттық, әділеттілік, сияқты адамзат бойында болуы тиіс асыл қасиеттерді қалыптастыру; Шәкірт санасында өзіндік көзқарас, пікір қалыптастыру, оқушыларды ізденуге дағдыландыру;
Материалдың қысқаша нұсқасы



Ашық тәрбие сағаты: Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі мен шығармашылығы «Қалқаман- Мамыр» поэмасы.

Сабақтың мақсаты:

Шәкәрім Құдайбердіұлының «Қалқаман - Мамыр»поэмасын мазмұнын, тақырыбын,

идеясын ашып меңгерту.

Жас ұрпақты ақын шығармаларындағы адамгершілік, өрлік, адалдық, патриоттық, әділеттілік, сияқты адамзат бойында болуы тиіс асыл қасиеттерді қалыптастыру;

Шәкірт санасында өзіндік көзқарас, пікір қалыптастыру, оқушыларды ізденуге дағдыландыру;



Шәкәрім Құдайбердіұлы

(1857-1931)жж

Шәкәрім Құдайбердіұлы- үлкен ақын,жазушы, аудармашы,тарихшы, ойшыл.Ол- Абайдың Құдайберді деген ағасының баласы, жастайынан Абай тәрбиесінде болып, терең тағылым алған. Абайдың ақыл-кеңесімен алғашқы өлеңдерін шығарған.Жан-жақты сауатты болып өсуіне ұлы ақын ағасының, ықпалы мол болды.Шәкәрім жеті жасында хат танып, әрі қарай өз бетімен ізденіп оқыған.Ол араб,парсы, түрік, тілдерін жетік білгендіктен,Фирдоуси,Низами,Сағди,Физули, Науаи сияқты шығыс классиктерінің шығармаларын талдап оқыған.Солардың әсерімен «Ләйлі- Мәжнүн» атты ғашықтық дастанын жазған.Ол Абайдың тапсырмасымен «Еңлік - Кебекті» де сәтті жазып шықты.Ол 1905-1906 жылдары қажылық сапармен Меккеге барған уақытында Стамбұл кітапханаларының бай мұраларымен танысады.Ақынның «Қалқаман- Мамыр» атты көлемді поэмасы бар.



«Қалқаман-Мамыр»

Өткен іс ойға күңгірт, көзге танық,

Көрмесе де, білгенге бәрі қанық.

Мың жеті жүз жиырма екінші жыл,

Қазақтың Сыр бойында жүргені анық.

Әнет бабаң- арғынның ел ағасы,

Әрі би, әрі молла, ғұламасы,

Орта жүзге үлгі айтқан әділ екен,

Сол кезде тоқсан беске келген жасы.

Кішік деген- бабаңның өз атасы,

Мәмбетей – ол Кішіктің бір ағасы.

Мәмбет сопы, Кішіктің шешесі бір,

Қатаған Тұрсын ханның хашасы.

Біздің жетінші атамыз Әйтеке деген-

Бабаңның бір туысқан інісі екен.

Әйтектің бәйбішеден жалғызы- Олжай,

Тоқалынан Байбөрі, Қалқаман.

Ақынның көлемді поэмасы қалай аталады.

Мәнерлеп оқып мағынасын ашу.

«Қалқаман - Мамыр» поэмасы

Біздің жетінші атамыз Әйтеке деген-

Бабаңның бір туысқан інісі екен.

Әйтектің бәйбішеден жалғызы- Олжай,

Тоқалынан Байбөрі, Қалқаман.

Жетінші атасы Әйтеке бабаның туысқан інісі.Әйтектің бәбішесінен туылған жалғыз ұлы Олжай және тоқалынан туған Байбөрі мен Қалқаман.

Сөздікпен жұмыс

Еркек шора- еркек балаша киінген қыз.Бастаңғы- әке-шешесі үйде жоқта қыз- бозбала мал сойып,құрбыларын жинайды.Оғаш- оғаш, қателік.Халал-адал.Асық- ғашық.Шахит болу- дін жолында қаза болу.Бұл жерде ауыспалы мағынасында: «ақ көңіл».



1-тапсырма Шығарманы композициялық құрлысына талдау.

1. Шығарманың басталуы.

2.Байланысы. Көркем шығармада оқиғалардың бір – бірімен сабақтасып отыруын байланыс дейміз.

3.Дамуы. Шығармадағы оқиғалардың қалыңдап шиеленіске түсуін шығарманың дамуы дейміз.

4.Шарықтау шегі.Көркем шығармаларда оқиғалардың аяқталу шегіне жетуін шығарманың шарықтау шегі дейміз.



1.Қалқаман мен Мамырдың алғашқы кездесуі шығарманың басталуы.

2.Қалқаман мен Мамырдың бір- бірін ұнатуы, бастаңғы,сөз байласуы.

3.Мамырдың біреуге айттырылуы.

4.Екі жастың серттесіп қалуы,Мәмбетейлер мен Тобықты руының жанжалдасуы.



2-тапсырма Шығармаға аннотациялық талдау

Бөлім аты Кейіпкерлер тағдыры Көркемдік әдіс

1 Кездесу Екі жас бірін-бірі алғаш көргеннен ұнатып қалады. Баяндау

2 Бастаңғы Мамырдың туыстары тойға кетіп,жастар бастаңғы жасайды Суреттеу

3 Тосын жағдай Мамыр Қалқаманға өзінің біреуге атастырылғанын жеткізеді. Диалог

4 Диалог Екі жас қол ұстасып қашып кетеді. Портрет

Сұрақтар:

1.Баяндау деген не?

Жауаптар:

1.Әдеби шығарманың оқиғасын желілі түрде көркемдеп әңгімелеуді баяндау дейміз.

2.Жазушы кейде шығарма оқиғасын баяндау барсында оқиғаның болған жерімен, кейіпкерлерімен, олардың жеке басына тән ерекшеліктерімен,оларды қоршаған ортамен таныстыруды суреттеу дейміз.

2.Суреттеу деген не?

3- тапсырма Сатылай кешенді талдау

Тақырыбы Екі жастың сүйіспеншілігі

Идеясы Ер бірлігін сақтау

Шумақ 94 шумақ

Әр шумақ 4 жолдан құралған

Бунақ саны 3 бунақ

Буын саны 11 буын

Ұйқас түрі а,а,б,а, қара өлең

Үйге тапсырма: Шәкәрімнің өмірі мен шығармашылығын оқып келу. «Қалқаман- Мамыр» поэмасының мазмұнын айту.

Қорытынды: Оқушылар бүгінгі тәрбие сағатымыз өз мақсатына жетті.



















Ашық тәрбие сағаты:

Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі мен шығармашылығы

« Қалқаман- Мамыр » поэмасы.













Өткізген: Джалмухамбетова Ж.Б







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
08.06.2018
1006
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі