Эссе тақырыбы: Шәкәрім шығармаларындағы рухани – адамгершілік құндылықтардың бейнеленуі
Мен
кетемін,
келеді тағы өмірге
мендей,
Олар мінді
көреді,
қисық жерін
жөндей.
Бара-бара айқындалып ақтық істің
анығы,
Адасқанмен, хақиқатқа қоймақ емес
сенбей.
Шәкәрім Құдайбердіұлы.
Мен осы эссені жазбас бұрын көптеген ақпараттарды оқып, ақын өлеңдеріне жақсылап мән беріп, мазмұнын терең түсінуге тырыстым. Шыны керек, қатты қызықтым. Өз халқының мұңын жырлап, жоғын жоқтап, адам бойындағы игі қасиеттерді тілге тиек ете отырып, өлең жазу - Шәкәрім шығармашылығының басты идеясы іспеттес екен.
Қазақ халқының әдебиеті қанша қиындық көрсе
де, тар қапастан ұзақ жылдар бойы ерен еңбек пен қарқынды
талпыныстың арқасында жарық көргені бәрімізге белгілі. Әділдік
іздеп шарқ ұрған, ақиқатын ашып, турасын тік қойған
ақын-жазушыларымыз өте көп. Сол асыл қазыналарымыздың бірі де
бірегейі Шәкәрім атамыз.
Шәкәрім бойында сан алуан сарқылмас қайнар
бастаулар мен салыстыруға келмейтін талант жатыр. Ақын атамыз сол
бастаулардың арқыраған бұлақтай көзін ашып, кіршіксіз мөлдір суын
жарыққа шығарып, талғаммен талғай отырып табиғатына
дарытты.
Шығыс классикасының майталмандарын
қоспағанда, ұлы Абайдың әдеби дәстүрі, өзі өмір сүрген дәуірдегі
жан-жақты мәселелер Шәкәрім үшін алтын мектеп болды десем еш
қателеспеген болар
едім.
Қара халық қамы үшін аянбай, адал қызмет
етуді армандап, қазағымның мәдениеті өшпеу үшін барын салды. Сол
үшін жан сала күресті, сол мақсаттан жазушылық арнасын
тапты. Ол әрдайым тек бір Аллаға ғана сеніп, тура
жолмен хақ жарған. Ақын өз өлеңінде былайша мысал
келтіреді:
Шыннан өзге Құдай
жоқ,
Анық Құдай – Шын
Құдай.
Ұқпай қалма алаң
боп,
Шын болмаса, кiм
Құдай?
Бұл сөздерден «шындық» тақырыбы Шәкәрімнің өмір ұстанымы екенін білгендеймін. Әрине, ол бір жағынан Ұлы Абай атамыздан тәрбие алып, өлең жазуда сол кісінің үлгісін бекем ұстаған. Абай мен Шәкәрім өлеңдерінің біршамасы адам бойындағы жақсы да жаман мінездер мен рухани құндылықтарға бай асыл қасиеттерді дәріптеумен жазылған. Мәселен, «Адам немене?» деген өлеңінде адам бойындағы түрлі қасиеттерге тоқталып, өткір сөздерімен сынға алады:
Бiлiмдiлер сөз жазып,
зарлағанда,
Ой кезiп, жердiң жүзiн
шарлағанда,
Алдаусыз адам өмiрiн
түзетерлiк
Әдiлет, ынсап, мейiрiм бар ма адамда?,
-
деп, қанша жазып, айтсаң да, елді аралап үйретсең де адамды алдамайтын, нағыз шыншыл, мейірімді адамды табу қиын деген ойды білдіреді.
Ақынның қай өлеңін алып қарасаңыз да, адамгершілік құндылықтарға бай, рухани тәрбие алатын үлкен өнегелі сөздер бар. Мәселен, «Адамшылық» деген өлеңінде :
Кісіге адамшылық неге
керек?
Адамдық – өзге айуаннан артық
демек!
Ит талаған төбеттен қалай
дейсің,
Аямай әл келгенін жұлып
жемек.
Мейірімсіз қасқырда да күшті өмір
бар,
Артылған жерің қайсы онан бөлек?
–
дейді. Бұл өлең жолдарымен ит секілді адамды жан-жағынан жұлмалап, мейірімсіз болсаң, адамдық қасиетіңнен не пайда, одан да жәрдем қыл, жығылған мен жылағанға көмек қыл деген өнегелі тәрбиеге шақырады.
Шәкәрім атамыздың әрбір өлеңін қызыға оқып шықтым десем артық айтпаймын. Тақырыбы мен мазмұны бойыма күш беріп, ақын шығармашылығы туралы білімім шыңдалып, қаламым ұштала түсті. Адам бойындағы адамгершілік қасиеттерді дәріптей отырып, санасыз, ақылсыздарды сынай отырып, алдағы өмірімізде жаман нәрселерден жиреніп, адал нәрсеге үйренгенімізді қалады. Мен ақынның шығармашылығын толық меңгердім деп айта алмаймын, себебі Шәкәрім күрделі тақырып. Дегенмен де, қызыға оқитын, құлшына жаттап алатын керемет дүниелермен таныстым деп ойлаймын. Өлеңдерінің әр жолында қазіргі замандағы кейбір адамдардың мінез-құлқы мен тыныс-тіршілігі дөп келіп айтылғандай болады. Сол үшін де, мен бұл ой толғауды өте керемет әсермен жазып шықтым.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Шәкәрім шығармаларындағы рухани – адамгершілік құндылықтардың бейнеленуі

шағым қалдыра аласыз