Шәкәрім тағылымы
Кенже Зәмзебай, филология магистрі
қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Жемісті, жақсы иісті бұл бәйшешек,
Аралайық, пайдасын көрем десек.
Ұғымды, милы жастың ойын қозғап,
Ұқтырар талай тәлім, талай есеп, /1, 149/ -
деп зерек жастарға мол мұрасын ұсынған, Абайдың дарынды шәкірті, әрі дәстүрін жалғастырушы, қазақ әдебиетінің аса көрнекті өкілдерінің бірі – Шәкәрім Құдайбердіұлы айтқан болатын. Ол – лирик, әрі эпик ақын, прозаик, шебер аудармашы, ғұлама философ, тамаша тарихшы, талантты сазгер және ірі қоғам қайраткері ретінде аса бай рухани мұра қалдырды. Сан қырлы тума талант иесі өзінің бүкіл саналы ғұмырында адамгершілік, гуманистік, демократтық және ағартушылық идеяларды уағыздай жүріп, туған халқының болашағы мен игілігі үшін бар күш-жігерін сарқа жұмсап өтті. Қазақ әдебиетінің жаңа сатыға көтерілуі, одан әрі дамуына өлшеусіз үлес қосты.
Шәкәрім Құдайбердіұлы поэзиясының кәусар бұлағы, бастау алған қайнар көзі ұлы Абайдың құдіретті жыры, ол бастаған реалистік дәстүр болды. Ол заңды да еді. Өйткені Шәкәрім Абай ақынның жанында болып, тағылымын алған талантты ақын інісі, ұлы ойшылдың маңайына топтасқан жастар шоғырының шоқтығы биік өкілі.
Шәкәрім реализмі – Абай реализмінің заңды жалғасы. Ол да Абайша өз дәуірінің шындығын, қоғамдық құбылыстарды шынайы реалистікпен суреттеді. Өмір құбылыстарын шыншылдықпен бейнелеу ақын шығармашылығындағы сыншылдық сипатының өрістеуіне жол ашты. Ол айналасындағы кемшіліктерді, адамдардың мінез-құлқындағы кереғарлықты сынағанда халқын надандықтан арылтуға, рухани дамудың ізгі жолына салуға ұмтылды. Осы бағыт Шәкәрімді ағартушылық арнаға әкелді. 1928 жылғы «Анадан алғаш туғанымда» деген өлеңінде Шәкәрім әділет орнына мылтық билеген қоғам туралы былайша толғайды:
Табылмас анық азат адам,
Жаралыс билер заманды.
Көрсетер мұқтаж, азап саған,
Тартқызар өмір жазаңды. /1,188/
Айтары не, ақынның бұл болжамы айнытпай келді емес пе?! Шәкәрімнің халық бойындағы ертеден арылмай келе жатқан мін-кемшіліктерді батыл сынап, ел-жұртты адамгершілік пен адал кәсіпке, еңбек пен өнер-білімді игеруге шақыратын жырлары ұлы Абай идеяларымен терең астасып, үндесіп отырады. Ел басшыларының әділетсіздіктері мен зұлымдығын, момындарға жасаған зорлық-зомбылығын, парақорлығын ақын жеріне жеткізіп сынаған. Абай «Болыс болдым мінеки» өлеңінде:
Болыс болдым мінеки,
Бар малымды шығындап.
Түйеде қом, атта жал,
Қалмады елге тығындап, /2,88/ -
немесе «Көзінен басқа ойы жоқ» өлеңінде:
Кітапты молда теріс оқыр,
Дағарадай боп сәлдесі.
Мал құмар көңлі – бек соқыр?
Бүркіттен кем бе жем жесі?/2,154/
Ал Шәкәрім ақын:
Бай, жуан, әкім, сопылар,
Жемтік көрсе шоқылар.
Бірі алдап, бірі арбап, /1,52/
Талайтын елді осылар, - деп топтап түйресе, енді бірде, оларды ащы сын, өткір мысқылмен ажуалап:
Жуандар, елді билеп не қыласың,
Өздеріңе айтқызса әділ-ақсың.
Мен қарасам сендердің бетің теріс.
Әбден асып, ақ жолдан адасыпсың, /1,101/-
дейді. Қазіргі қоғамдағы белең алған – жемқорлықты, парақорлықты көреген даналарымыз жеріне жеткізе сынаған. Жалпақ жұртқа топырақ шашуға болмайды, әйтсе де халық қазынасына қол салған «парақорлар» ХХІ ғасырда «жоқ» деп айта алмаймыз. Шенді шекпен жамылып, мансапқа құмартқандар жолын тауып, жомарт болып, билікке жетіп отыр. Бұдан екі ғасыр бұрын айтылған асыл сөздердің қуаты әлі күнге дейін өз күшін жоймаған.
Жастарға насихат тегінде адам мінезіндегі мақтанды, ызақорлық пен ашушаңдықты, жатып ішер жалқаулық пен еңбексіздікті, күндестік пен мақтанды, алдау-арбауды жойып, адамгершілік пен ардың салтанат құруы үшін тынымсыз күрес ашуға шақырды. Абай ақын:
Мақтау – жел сөз, жанға қас,
Қошаметшіл шығарған.
Бір мақтаса боқтамас
Ел табылса, құмарлан. /2,169/
Шәкәрім ақын:
Тауып айтқан талассыз мақтау, боқтау,
Жақсы іске ындын, зиянға салар тоқтау.
Көп наданның сөзімен құйқылжысаң,
Сен де жынды боласың есі жоқтау. /1,65/
Абай Құнанбаев «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» деген мақалдағы ойын «Аш қарын жұбана ма майлы ас жемей» өлеңінде жалғастырады.
Жалға жүр, жат жерге кет, мал тауып кел,
Малың болса, сыйламай тұра алмас ел.
Қаруыңның барында қайрат қылмай,
Қаңғып өткен өмірдің бәрі де – жел... /2,206-207/
Ал, Шәкәрім ақын:
Тамақ, керегін жерден іздесе,
Қалап еңбекті ғана көздесе,
Еңбекпенен, өрнекпенен,
Өнер бойға тоқылса, /1, 44/-
деп ұстазы Абай ақынның ойын дамыта түседі. Шәкәрім Құдайбердіұлы алдымен іштегі мінді түземей, тек сыртын әрлеп, сылаңдаған кердең де кербез қулардың іс-әрекет, сын-сиқын ұлы Абайша қатты сынға алады.
Шедірейіп, шекиіп,
Қасын керіп кекиіп
Қолдан пішін жасаған,
Біреу келер секиіп, /1,100/-
десе, Абай ақын:
Осындай сидаң жігіт елде мол-ақ,
Бәрі де шаруаға келеді олақ.
Сырын түзер біреу жоқ, сыртын түзеп,
Бар өнері – қу борбай, сымпыс шолақ. /2,136/
Ел ішіндегі алауыздық пен парақорлықты, мансапқорлықты жою үшін жастарды жаңаша оқытып тәрбиелеу қажеттігін түсінген ақын барлық кұш-жігерін, ақындық өнерін соларға арнайды. Ол жаңа буын – жастарды өнегелі өнерге, оқу-білімге бағыттауда, ең алдымен, ұлы Абайды ұстаз тұтады. Адамның асыл қасиеттерін ашып көрсетеді. Абай ақын «Малға достың мұңы жоқ малдан басқа» өлеңінде:
... Осыны оқып, ойлай бер, болсаң зерек,
Еңбекті сат, ар сатып неге керек?
Үш-ақ нәрсе – адамның қасиеті:
Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек./2,235/
Ал Шәкәрім ақын «Мен кетемін» өлеңінде:
Ақ жүрек пен Таза ақыл,
Қылсаң Адал еңбек, -
Бәрінен де сол мақұл –
Артқыға жол бермек, /1,270/- дейді.
Шәкәрім лирикасындағы философиялық терең ойшылдық пен поэтикалық көркемдік Абай дәстүрімен әрдайым үндесіп жатады. Оның бүкіл әдеби мұрасынан Абай іргетасын қалаған реалистік әдеби дәстүрдің жалғастығы жарқырай көрінеді. Шәкәрім шығармаларында өзі өмір сүрген дәуірдің қоғамдық көріністері бейнеленді. Ақынның шығармашылық мұрасы – халқымыздың ғасырлар бойы маңызын жоймайтын рхани қазынасы. Шәкәрім тағылымы – сарқылмайтын кеніш. Бұл байлықты ашқанның үстіне аша түсу, сөйтіп түркі халықтарының ортақ игілігіне айналу жолындағы әрбір ізденіс талабы барынша қолдауға лайықты. Тағылымы мол тамырымыздан ажырап қалмайық, бүгінгі ұрпақ!
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
-
Құдайбердиев Ш. Шығармалары. Алматы: Жазушы, 1988.- 560б.
-
Құнанбаев А. Шығармалар. 1 том. Алматы: Жазушы, 1968.-319б.
-
Құнанбаев А. Шығармалар. 2 том. Алматы: Жазушы, 1968.-251б.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Шәкәрім тағылымы" мақала

шағым қалдыра аласыз