Материалдар / Сәкен Сейфуллин
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сәкен Сейфуллин

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ әдебиетінің қалыптасуына айрықша еңбек сіңірген С. Сейфуллин әдебиеттің басқа жанрларында да айтарлықтай із қалдырған. Оның әдеби-сын мақалалары, баяндамалары мен сөйлеген сөздері ұлттың мәдени-рухани өміріне сергек араласқан сыншылдық ойының құнарлылығын және пәрменділігін танытады. Әсіресе, қазақ әдебиеттану ғылымында күні бүгінге дейін құнын жоймаған. "Қазақ әдебиеті" атты зерттеу еңбегінің мәні зор. Сәкен өзінің бүкіл саналы ғұмырында елдің елдік дәрежесін көтеруді арман етіп, оның шын мәнінде азат, мәдениеті, әдебиеті жоғары елдермен терезесі теңелуін аңсап өтті. Ел тағдыры үшін ой тербеп, іспен көрінді.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Наурыз 2024
399
3 рет жүктелген
700 ₸
Бүгін алсаңыз
+35 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +35 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

17 жалпы білім беретін орта мектебінің 7Б сынып оқушысы-

Туманова Валерия

"Арқаның ұлы кемеңгері- С.Сейфуллин»

ғылыми жобасы

Жобаның бағыты: Қазақ әдебиеті мен тарихы

Тақырыбы: Сәкен Сейфуллиннің өмірі мен шығармашылығы.

Зерттеудің мақсаты: Сәкен Сейфуллиннің өмірі мен шығармашылығын жете зерттеу, туған- туыстарынан, қосымша әдебиеттерден тың мәліметтер жинау, өз білімімді жетілдіре отыра, тереңдету, оның шығармаларының алатын орнын анықтау

Өз бетімен әрекеттену деңгейі:

Мұғалім - ой салушы, бағыттаушы, кеңесші, реттеуші,толықтырушы.

Оқушы - белсенді әрекет жасаушы, ақпарат көздерін анықтаушы, жоба жасаушы,қоғаушы.

Мектептерде қазақ тілі пәнінен оқулықтағы берілген материалдарды толық түсіндіру кезінде қосымша әдістемелік құралдардың алатын орны өте зор,сондықтан да жоғарыда аталған ғылыми жобаны қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында көрнекі құрал ретінде пайдалануға болады.Оқушылар жобаны құрастырып жасау барысында көп әрекеттенген. Жобаның мақсаты, міндеттері мен құрылымы жүйелі және мазмұнды құрастырылған.Жобада көптеген құнды мәліметтер жинақталған.

Аталмыш жоба талаптарға сай орындалған.

Осыдан жасалған тұжырым: өнер –мәңгілік.Өнер атадан, балаға, ғасырдан ғасырға өшпейтін мұра болып сақталып,жалғасып отырады, халықтың рухани қазынасына айналады.

Аталмыш жобаны өзге ұлт аудиториларында сынып сағаты ретінде, Қазақстан тарихы, қазақ тілі мен әдебиеті, ән-күй,бейнелеу сабақтарында да пайдаланып,көрнекілік құрал ретінде қолдануға ұсыныс жасап отырмыз.

Зерттеудің болжамы: Егер де, Сәкен Сейфуллин жайында жиналған деректерден жаңалықтар мен тың мәліметтер табылып жатса,мен оны жас ұрпақ пен қазақ әдебиетінің оқырмандарына насихаттап,оқулыққа қосымша әдістемелік құрал ретінде ұсынар едім.

Күтілетін нәтиже: Сәкеннің саяси қуғын-сүргінге ұшыраған өлеңдерін оқып білуге үндеу, Сәкеннің соңғы жылдары онымен бірге болған жары Гүлбаһрам мен қызы Ырымжанның естелік әңгімелерін жас ұрпаққа құнды мұра ретінде қалдыру.

Жобаның мазмұны:

І. Сәкен Сейфуллиннің өмірбаяны

ІІ. Сәкен Сейфуллиннің шығармалары

ІІІ. Сәкеннің жары Гүлбаһрам мен қызы Ырымжанның сұхбаты

VI. Сәкен Сейфуллин кітаптары мен ескерткіштері

V. Қорытынды

Ұлы тұлғалардың Сәкен жайлы ой-толғаныстары мен пікірлері:

Желісі үзілмей келген жиырма жылдық ақын жолы жеңіл жол емес. Күш-қуат, ой-сезім, істері нәр атаулының барлығын қуаныш пен күйініш, қиналу мен тебірену араларында, жалындай жанып ортаға салған жылдар. Бұл жолға барлық жас қуаты, өмірлік бейнеті, жүрек қаны сарп етілген. Осы күйді, әсіресе, Сәкен басынан мол кешті.” Мұхтар Әуезов

Описание: 19Сейфуллин Сәкен (Сәдуақас) -қазақтың атақты ақыны, жалынды жазушысы, дарынды драматург, білікті ұстаз, мемлекеттік қайраткері, Қазақстанның қазақ әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі.

Қарағанды облысы Ағадыр (қазіргі Шет ауданы) ауданы Қарашілік қыстағында дүниеге келген. Әкесі Сейфолла серілігі бар домбырашы, саятшы, сөзге шешен кісі екен де, шешесі Жамал әңгіме, аңыз-ертекті көп білетін әрі нәшіне келтіріп айтатын салиқалы ана болыпты. Сәкен әке мінезін, өнерін бойға жұқтырып, ана әңгімелерін жалықпай тыңдап, зердесіне түйіп өседі.

Нілдідегі орыс-қазақ, Ақмоладағы бастауыш приход мектебінде, үш класты қалалық училищеде оқыған. 1913-1916 жылдар арасында ол Омбы мұғалімдер семенариясының студенті болған.

Оқу бітірген соң, елге келіп, ауылда мұғалім болады. Көп ұзамай, 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісі бұрқ ете түскенде, ақын халық жағына шығады.

«Жас қазақ» ұйымын құрып, «Тіршілік» атты большевиктік газет шығаруға қатысады.

1922- 1925 ж.ж. «Еңбекші қазақ», (Егемен Қазақстан) газетінің, «Әдебиет майданы»(Жұлдыз) журналының редакторы болды.

1925-1937 ж.ж. жазушылар одағында, газет-журнал редакцияларында алқа мүшесі болды

Өмірінен деректер:

1922-1925 Қазақстан Халық Комиссарлары Кеңесінің төрағасы

1922 “Еңбекші қазақ”газетінің редакторы

1905-1908 Нілдідегі орыс-қазақ және Ақмоладағы бастауыш приход мектебінде оқыды.

1908-1913 Ақмолада приходская школада,қалалық училищеде оқыды

1913-1916 Омбы мұғалімдер семинариясында оқыған.Омбыда қазақ жастарының “Бірлік ”қауымын,Ақмолада “Жас қазақ”ұйымын ашып,”Тіршілік”газетін шығаруды ұйымдастырады.

1917 Ақмола Совдепі президумының мүшесі

1918 КОКП мүшесі

1919 Ақмола совдепшілермен бірге тұтқындалып, Атаманның “азап вагонында” 47 күн азап шегіп,Колчактың Омбыдағы түрмесінен қашып құтылады.

1920 Қаз АКСР жариялаған Кеңестердің 1-Құрылтай съезінде орталық атқару Коитеті Президиумының мүшесі,Жер –су комиссиясының төрағасы болды.

1925 Халық ағарту комиссараты жанындағы Ғылым орталығының төрағасы,Қазақстан пролетар жазушылары ассоциясының (Қаз АПП)басшысы

1926 БКП Өлкелік комитеті партия тарихы бөлімінң меңгерушісі

1927 Қызылорда Халық ағарту институтының ,Ташкенттегі Қазақ педагогикалық институтының директоры

1932 “Әдебиет майданы” журналының редакторы

1934 Қазақтың коммунистік журналистика институтының профессоры

1936 Әдеби қызметінің 20 жылдығы тойланып,оған Еңбек Қызыл ту ордені берілді

1937 Тұтқындалды

26.02.1938 “Халық жауы” ретінде атылды

1922-1925 жылдар арасында Қазақ АССР Халық Комиссарлары Советінің председателі болып істейді.

«Бақыт жолына» атты драмалық пьеса жазады. 1917 жылы Ақмола жастарының күшімен «Бақыт жолына» атты пьесасы Ақмола қазақ драма театрында қойылды.

Сонымен қатар өршіл ақын жаңа дәуірді жаңаша жырлаған, қазақ әдебиетіне бұрын болмаған образдар мен түрлер, сөз оралымдарын әкелген шығармашылығымен жаңа бағыттағы әдебиетке көшбасшы болды.

Сәкеннің каламынан туған шығырмалар:

«Домбыра» (1924) ,«Экспресс» (1926), «Асау тұлпар» (1922), «Тұрмыс толқынында» (1928), «Көкшетау» (1929), «Альбатрос» (1933), «Қызыл ат» (1933), «Социалстан» (1927) өлең-поэмалар жинақтары, «Тар жол, тайғақ кешу» атты тарихи мемуарлық романы, «Жер қазғандар»(1928),

«Айша» (1922), «Қызыл сұңқарлар» (1920), « Жемістер» (1935) драмалары мен повестері.

Мұра”, “Түс”, “Кім басшы аға халыққа”, “Қазақ сабағы”, “Надан бай, “Жетімге”, “Інішегіме” өлеңдері патша отаршылығы, қазақ елінің қараңғылықтан көзі ашылмағандығы, қазақ байларының надандығы мен топастығы өздері бірікпей, жан-жаққа тартқан ел басшыларының берекетсіздігі, тектес саяси-әлеуметтік тақырыптарын қозғау , кедейлік, жоқтық зардаптары, білімге үндеу және оларға халық мұраттары тұрғысынан жауап іздеу жас ақыннның азаматтық ой-өрісіне тепе-тең.

Қазақтың ескі әдебиет нұсқалары” (1931)

Батырлар” (1933)

Қазақ әдебиеті ” (1932)

Тар жол ,тайғақ кешу”атты тарихи мемуарлық романында М.Тәтімов,С.Шәріповтердің бастарынан кешкен оқиғаларды (1916-1919)қосалқы эпизодтар арқылы суреттеген

Описание: Dec15218.JPG

Сәкен Сейфуллин өз туған жерінің сұлу табиғатын талай рет тебірене жырлаған.

Описание: Dec15215.JPG

...Кең даланы күңірентіп

Қатты айқайлап ән салдым.

Әнім кетті дыңылдап,

Жаңғыртып кең даланы,

Салдым күшті дауыспен ән!

Әніме қосылды: кең дала,

Аққулы-қазды шалқар көл,

Қамысты-құрақты көк өзен

Қосылды бәрі шуласып,

Қосылды бәрі шаттанып.

Ол туған даланың табиғатын, адамның ішкі сезім күйлерін, адал махаббатты жырлайтын, өмір сүйгіштікті уағыздайтын «Аққудың айрылуы», « Лашын әңгімесі» , « Ақсақ киік», «Сырсандық», «Отарба терезесінен» т.б. көптеген шығармалар жазды.

1936 жылы республикада қазақ қаламгерлері арасында тұңғыш рет С. Сейфуллиннің әдеби қызметінің 20 жылдық мерейтойы кең көлемде атап өтіліп, ақын Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталады.

Хронологиялық кесте

Ырымжан Сейфуллина, Сәкен Сейфуллиннің қызы:

- Қалай алып кеткені көз алдымда, 24 сентябрь күні азанда тұрып, шай ішейін деп жатқан болатын. Демалыс күні көп адам келетін жазушылар, тағы басқалар. Сол екі адам келді 11-ден аса бере, олар ақ қағазды көрсетті де Сәкеннің түрі бұзылып, су беріңдерші деді. Бірақ, екеуі рұқсат бермеді. Сөйтіп, киімдерін киіп көз алдымызда алып кетті.

Описание: gulbaramСәкен Сейфуллин ақталған тұстан бастап, осы ардақты ағамыздың зайыбы Гүлбаһрам жеңешемізбен жиі сұхабаттасып жүрдік.

-Сәкен көбінде өзімен өзі болып, үндемей тұйық отыратын еді. Көп тұнжырады. Кейде қолына қалам алса да, жөнді ештеңе жазбай, қағаздарын алдынан сырғыта салды. Еңсесі түсіп кетті. Таяғын ұстап, терезеге көп қарады. Басқаға да зауқы соқпады. Ешқайда телефон да соқпады. Үйге де жөнді ешкім келмеді. Оқта-текте Сәбит кіріп шығады. Төр үйде күңкілдесіп біраз сөйлеседі. Сәкен газет оқиды да, көнілсіз тастай береді. Көптенгі жақын жолдастары, жақын достары халық жауы атанып жатты. “Нығмет Сәдуақасов, Әбілқайыр Досов, Хамза Жүсіпбеков, Ілияс Жансүгіров. Бейімбет Майлин, бәрі-бәрі жаман атпен кетіп жатыр”,-деп Сәкен бас шайқап күрсінді.

Бірақ көп ұзамай 1937 жылдың нәубетінде өзі құрған Кеңес үкіметінің түрмесінде жан түршігерлік қинау мен қорлық көріп, есіл ер 44 жасында опат болды. Ақын 1956 жылы толығынан ақталды.

Қорытынды:

Сәкеннің жары Гүлбаһрам мен қызы Ырымжанның берген сұхбаттарынан оның басынан кешкен ауыр да қиын тағдыры - мені және менің замандастарымды толғандырмай қоймайтын күрделі дүние.

Маған “Жақсының аты өлсе де, хаты өлмейді!”- демекші Сәкен Сейфуллиннің саналы да қысқа ғұмыры қатты әсер етті. Келешекте Сәкен сияқты ұлы тұлғалардың өмірі мен шығармашылығы жас ұрпаққа үлгі, өнеге болары сөзсіз деп ойлаймын.

"Арқаның ұлы кемеңгері- С.Сейфуллин» ғылыми жобасы

17 жалпы білім беретін орта мектебінің

7Б сынып оқушысы-

Туманова Валерия

Ғылыми жоба жетекшісі:

қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі –

Мусатаева Салтанат Турсуновна





Ғылыми жұмыс (жоба): Әдебиет | Сакен Сейфуллин шығармасы

28 Қыркүйек, 2019, 00:05

0

Жоба жұмысының мақсаты: Көкшетау поэмасындағы тау атауларының аңыздармен сабақтастығын анықтау
Міндеті:
— Ақын өлеңдеріндегі табиғатты суреттеулерін зерттеу, саралау;
— Табиғат сұлулығын адам тіршілігімен байланыстыруын байқау, аялауға үйрену, табиғаттың көркем бейнелерін көре білуге үйрену.;
— Ақынның ойын жас ұрпаққа насихаттау

Жобаның өзектілігі: С. Сейфуллиннің Көкшетау поэмасындағы табиғат суреттерінің адам өмірімен байланыстылығы, бейнелі сөз сұлулығы.
Зерттеу жұмысының ғылыми болжамы: С. Сейфуллин лирикасындағы табиғат суреттерінің өміршеңдігі жоғары, өзінің оқырмандарын рухани байытуға өз үлесін әрқашанда қосады, болашақ ұрпақтың өлеңдерден алары көп екендігін болжадым.
Зерттеу әдістері:
• Ізденіс
• Халық аңыздарын Көкшетау поэмасындағы табиғат суреттерімен байланыстыру
• Жүйелі қорытындылау

І. Кіріспе
Сәкен – біздің ұлттық мақтанышымыз,
ел үшін еңіреген ер, қайтпас қайсар күрескер.
Сәкен – өлеңнен өрнек өрген ақын… (Н. Ә. Назарбаев)

ХХ ғасырдың 20 — 40 жылдары жемісті еңбек еткен қазақ лириктерінің шығармашылықтарына көз салғанда олардың қай — қайсысының да айналып
өтпейтін нысанасы бар екенін көруге болады. Ол – табиғат. Табиғат лирикасының алғашқы белгі, нышандарын халық поэзиясынан байқауға болады. Шындығында да, қазақтың халық поэзиясында табиғат суреті, жаратылыс көріністері үлкен орын алатыны белгілі. Бұлай болуы заңды нәрсе еді. Кең далада көшіп жүрген, күнделікті өмірі жылдың төрт мезгілінде де кең сахарада, ашық аспан астында, өзен — судың жағасында өтетін қазақтың өзін әрдайым табиғаттың аясында, бауырында отырғандай сезінуі таңғаларлық құбылыс емес. Қай жазушының шығармасын алып қарасақ та, табиғат назардан тыс қалған емес. Табиғаттың атқарар рөлі де әр шығармада әр басқа. Бір шығармада кейіпкерінің қандай екенін көрсетсе, енді бір шығармада мінезін көрсетеді. Келесі бір шығармада табиғаттың жеке — дара өз әсемдігі берілсе, енді бірінде табиғаттың адам ерекшеліктерімен байланысын көрсетеді.
Қазақ халқының ұлы ақыны Сәкен Сейфуллиннің шығармаларының көбі ғажайып табиғат суреттері, қайталанбас сұлу көрініс, өйткені табиғат ақынға қанатты шабыт береді. Ақын өлеңдерінде табиғатты көркем суреттеумен қатар оны қазақ халқының тұрмыс — тіршілігіне, мінез-құлқына байланысты жырлады.
Зерттеу мақсатым: Көкшетау поэмасындағы тау атауларының аңыздармен сабақтастығын анықтау
Міндеті:
— Ақын өлеңдеріндегі табиғатты суреттеулерін зерттеу, саралау;
— Табиғат сұлулығын адам тіршілігімен байланыстыруын байқау, аялауға үйрену, табиғаттың көркем бейнелерін көре білуге үйрену.;
— Ақынның ойын жас ұрпаққа насихаттау

Менің ойымша, менің таңдаған тақырыбым оқушылардың ой — өрісін дамытуға, адамның табиғатпен қандай тығыз байланысы бар екендігіне ықпал тигізеді. Мен Сәкен шығармаларын оқып, зерттей келе, табиғат құбылыс адам тіршілігіне көп әсер ететіндігіне көзім жетті.
Табиғатты ақын өлеңдерінде қалай бейнелеп суреттегенін анықтау мақсатында әр түрлі зерттеу жұмыстарын жүргізіп, көптеген кітаптарды оқып, сараладым. Осылай зерттей келе Сәкеннің табиғатты суреттеген Көкшетау поэмасындағы таулардың аталу сырына көңіл бөлдім.

2. 1. Сырға толы ғажайып өлке

Көкшетау поэмасы 1929 жарық көрді. Бұл кезең советтік өмірдің ең бір белеңді уақытымен шендесіп жатыр. Бұл поэма сынаққа көп ұшырады. Сәкенге бүгіннен алшақтап өткенді аңсадың, өткен дәуірге көңіл бөлдің деген айып тағылды. Осындай жан — жақты қысымға қарамай Сәкен құнды шығарманы дүниеге әкелді. Поэма 4 бөлімнен, 47 тараудан құрылған. Бастала бере Көкшенің әдемі табиғатын көлі мен терегін, қарағайы мен қайыңын, тау мен тасын, ауасы мен суын тамылжыта суреттейді. Табиғат сұлулығына, ел мен жер тарихын, ескі ақындарын, шежіресін қосып сұлулық пен рухани байлық үйлесімділігін жыр етеді. Ақын Оқжетпес, Жеке батыр, Бурабай атаулары жөнінде аңызды ел, жер тарихымен бірге береді. Ақын табиғат сұлулығына адамдар сұлулығын, жер, ел тарихының терең тамырын көркем бейнелер жан дүниесінің ізгілігіне сәйкестендіріп, Көкшенің қадір — қасиетін жерімен, онда тіршілік еткен елімен бірге жырлайды.
Ақынның әйгілі «Көкшетау» поэмасы қазақ жерінің ең бір көркем, сәулетті өңірінің естен кетпес мынандай керемет сұлу суреттерінен басталады:
Арқаның кербез сұлу Көкшетауы,
Дамылсыз сұлу бетін жуған жауын.
Жан — жақтан ертелі — кеш бұлттар келіп,
Жүреді біліп кетіп есен — сауын…
Мен бұл өлең шумақтарынан онда суреттелген мөлдіреген күміс айнадай сексен көлдің аясында, көк мұнарға оранып, көшкен бұлттармен есен — амандық сұрасып, сұлу жүзін әлсін — әлсін ақ жауынмен жуып, нұр жайнаған кербез ару Көкшетау табиғатының көріністерін өз көзімен көріп, жұпар ауасымен рахаттана тыныстап, қалың қарағай, ақ қайыңдарының сыбдырын өз құлағымен естіп тұрғандай әсер аламын.
Поэмадағы лирикалық кейіпкер — Көкшетау. Барлық оқиға «Оқжетпес», «Жұмбақтас», «Жеке батыр» айқын суреттеліп, Көкшетау образын ашып, күшейте түсуге жәрдем береді.
Сыршыл да ойшыл ақын, сұлулық жыршысы табиғатты онда мекендеген адамның көңіл күйімен, жасампаз еңбегімен байланыстыра жан бітіре суреттейді.
Сәкен Көкше аңыздарының ішінен Жеке батыр, Бурабай, Оқжетпес, Жұмбақтас туралы әңгімелерді бөліп алды.[4]
Сәкен ақын жырлаған Көкше. Көркіне көз тоймайды. Сұлулығына сұқтанасың. Туған еліңде осындай жер жаннатының барына шүкіршілік етесің. Көкше өңірі демалуға барған бір топ ақын — жазушыларды осылай бауырына тартты. Тылсым табиғаты құпия сырларына үңілтті. Өңірдің шырайы — шежіре, әр тасы — тарих, айшықты жері — аңыз…

2. 2. Қойнауы аңызға көмкерілген сұлу Көкше.

Сәкеннің «Көкшетау» поэмасы негізінен, Көкшетауға байланысты осындай халық аңыздарына құрылады. Дәл осы тұрғыдан «Көкшетау» поэмасы қазақ әдебиетіне інжу – маржан боп тағылған құнды дүние десек болады.
Ақын поэманың шығармалық сюжетін, адамдардың арасындағы қарым — қатынасқа құрған. Оқиғалар, қақтығыстар, іс — әрекеттер кейіпкерлердің мінезін ашып көрсеткен.
Поэмада Көкшетауға байланысты ел ішінде айтылып, бірден — бірге көшіп келе жатқан аңыз — әңгімелерді жігін ажыратқысыздай ұжымдастырып, ақындық құдіретпен жырлай білген.
Поэманы көкше табиғатының сұлу көркін суреттеуден бастаған ақын, ол туралы ел ішінде толып жатқан аңыздар барлығына назар аударады.

Жеке батыр.
Болыпты баяғыда Жеке батыр,
Тау бағып жатады екен тігіп шатыр.
Бір күні қарауылда қалғып кетіп,
Сол батыр бүгінгіше ұйықтап жатыр.
— иә, табиғат қандай сұлу таудың өзі де батыр бейнесінде ұйықтап жатыр.
Жеке батыр – Бурабай тауының солтүстігінде орналасқан тау.
Бурабай ауданы жерінде. Алыстан таудың нобайы сақтықты ойлап дулығасы мен болат сауытын шешпей мәңгі ұйқыға кеткен сақалды батырдың бейнесін елестетеді. Аңыз бойынша ертеректе алып күш иесі, арманшыл бір батыр осы өңірде өмір сүріпті. Жас кезінде уайым — қайғы дегенді елемей өзінше думандатып өмір сүреді. Ер жеткенде жоқшылық пен халық мұңын көріп, қабағын кірбің шалады. Туған жеріне жоңғарлар мен қалмақтар жиі — жиі шапқыншылық жасап отырған. Ауылдардың шаңын аспанға көтеріп, астан — кестең қиратып, жау әскері төрт — түлік мал табындары мен қорғансыз адамдарды айдап кетеді. Ал ел іші бір — бірімен қалыңдық пен жайылымдыққа таласып, күнде қырқысып, ауыз бірлікке келе алмайды. Бұны көрген жас батыр бәріне қолын бір сілтеп, ауылдан кетуді ойлайды. Еркін жүріп, бақ пен байлық іздегісі келеді. «Мүмкін болса ауылдастарыма жақсылық жасасам сонда олар тынышталар ма еді» – деген оймен кетпекші болып, өзіне болат қылыш пен дулыға, үстіне сауыт соғып киіп, бақыт іздеп жолға шығады. Жол үстінде Жеке батырға басқа ауылдың батырлары жолығады. Олар да бақыт жолына жалғыз шыққан екен. Жаумен бірінші болып қазақ батыры жолығады. Қалың қол оның алдын бөгеп, қоршауға алады. Ол жаумен ұзақ шайқасады. Жау қара масадай құжынап, шегірткедей үймелеп, батырдың үстіне шығып кетеді. Оның көзі көрмей, құлағы естімей қалады. Сонда ғана ол бақыт үшін жалғыз күресудің қате екенін түсінеді, аһ ұрып өкінеді. Алып тұлғалы батыр әл — дәрмені құрып, туған даласына шалқасынан құлап түсіп, тасқа айналады, мәңгілік ұйқыға беріледі. Жеке батыр бетегелі далада тас болып жатыр.[6]
Поэманы оқып отырғанда Сәкеннің негізгі ойы — Көкшенің көркем табиғатын жырлау болғандығын байқау қиын емес. Ол қандай уақиғаны әңгімелесе де Көкшетаудың табиғат байлығымен, көлінің, тауының әсем көріністерімен байланыстырып, соған меңзей отырады. Кейде ол өзінше тауға, шыңға, көлге портрет, мінездеме береді. Жеке батырды ол ұйықтап жатқан батыр күйінде:
Батырдың қырыққа таяу келген жасы,
Денесі биік жота, таудай басы,
Сақалы төсін жапқан, қыр мұрынды,
Киюлі баста жатыр дулығасы,— деп бейнелейді……






























Жоспары:

1. С.Сейфуллиннің өмірі мен шығармашылығы

2. С.Сейфуллиннің “Бандыны қуған Хамит” әңгімесінің танымдық, тәрбиелік мәні

3. Шығарма кейіпкерлерінің бейнесін жасау жолдары.

 

Лекция мақсаты:

Сәкеңнің өзі де әкесінің аң аулағыш саятшы, сауыкқой, домбырашы, шешесінің халық өлең-жырларын көп білетін, сөзге шебер адамдар болғандығын айтады. Мұның өзі Сәкеннің өлең-жыр, әңгіме-ертегілерге деген құмарлық сезімінің ерте оянуына көп әсер етеді.

Лекция мәтіні: Сәкен (Садуақас) Сейфуллин 1894 жылы қазіргі Қарағанды облысынын Жаңаарқа ауданында шағын дәулетті, орта шаруанын семьясында туды. Сәкеннің ата-анасы ауыл арасына қадірлі, меймандос, адал ниетті, ақ жарқын, сонымен бірге өнерлі кісілер болды. Сәкеңнің өзі де әкесінің аң аулағыш саятшы, сауыкқой, домбырашы, шешесінің халық өлең-жырларын көп білетін, сөзге шебер адамдар болғандығын айтады. Мұның өзі Сәкеннің өлең-жыр, әңгіме-ертегілерге деген құмарлық сезімінің ерте оянуына көп әсер етеді.

Сәкен бастапқыда ауыл молдасынан оқып, тез-ақ хат танып кетеді. Баласының оқуға алғырлығын, зейінділігін, ой-талабынын күштілігін байқаған Сейфолла Сәкенге орысша білім бергісі келеді. Осы мақсатпен 1905 жылы оны Успенск (Нілді) мыс заводындағы мектепке береді. Сәкен мұнда үш жылдай оқыды. Онан кейін Ақмоладағы бастауыш орыс мектебіне (приходская школаға) түседі. Мұны бітірген соң, үш кластық училищеде оқиды. Сәкеннің жастайынан екі тілдес бірдей білім алуы, оның орыс әдебиетінің көрнекті қаламгерлерінің шығармаларымен, сондай-ақ өз халқының әдебиетімен молынан танысуына мүмкіндік береді.

1913 жылы Сәкен Омбы қаласына барып, оқытушылар семинариясына түседі. Семинарияны ол үш жылдан кейін, 1916 жылы бітіріп шығады. Сәкеннің ақындық, жазушылық талабы ерте кезден байқалады. Ол — Успенск мен Ақмолада оқып жүрген кезінде-ақ өлең шығара бастайды. Омбы қаласында оқып жүрген кезінде студенттердің «Бірлік» атты әдеби үйірмесіне қатыса жүріп, өзінің алғашқы өлендер жинағын құрастырады. Бұл жинақ 1914 жылы «Өткен күндер» деғен атпен Қазан қаласында басылып шығады. Бұл кітап Сәкеннің ақындық талабының зор екендігін жалпы жұртшылыкка танытады.

Сәкен оқытушылар семинариясын бітірісімеп, Ақмола төңірегіндегі бір ауылдық мектепке мүғалім болып орналасады. Бүл кез (1916 жыл) патша ө

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!