Шала туылған балаларға күтім

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Шала туылған балаларға күтім

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақала Шпла туылған баларға күтім
Материалдың қысқаша нұсқасы

Шала туылған нәрестелерге мейірбикелік күтімді ұйымдастыру

Кіріспе :Мерзімінен бұрын босану,шала туылған нәрестелер, шала туылған нәрестені күту,шала туылған нәрестені күту ерекшеліктері,кувез,күтім көрсетудегі мейіргер рөлі,шала туылу бойынша көрсеткіштерді орындау .

  • Менің конференция тақырыбым Қазіргі әлемдегі неонатология, Педиатрия және акушериядағы өзекті мәселелердің бірі болып табылатын «Шала туылған нәрестеге мейіргерлік күтім».

  • Қазақстан Республикасында мерзімінен бұрын босану жиілігі салыстырмалы түрде тұрақты және туған балалар санының 5-10% - ын құрағанына қарамастан, "терең" және "экстремалды" шала туған балалардың үлес салмағы артып келеді. Мұндай құбылысты халықтың әлеуметтік және адамгершілік деңгейінің төмендеуімен, толық емес тамақтанумен, зиянды құмарлықпен (әйелдердің өздері ғана емес, сонымен қатар олардың ортасы да), әлеуметтік негізделген инфекциялармен, стресстік және экологиялық жүктемелермен және соның салдарынан жүкті әйелдер денсаулығының қанағаттанарсыз жай-күйімен, жүктілік пен босанудың патологиялық ағымымен байланысты пренаталдық тәуекел факторларының әсерінің артуымен түсіндіруге болады.

  • Мерзімінен бұрын туған балалар дәрігер-педиатрлардың, мейіргерлердің назарында болуы тиіс, өйткені дәл осындай балалардың арасында перинаталдық патологияның ең жоғары пайызы байқалады және одан кейінгі дамудағы ауытқулар едәуір жиі анықталады. Өкінішке орай, кейбір организмдегі бұзылушылықтар қайтымсыз сипатқа ие.

  • Қазақстанда «ана мен бала» мәселесіне басты назар аударылып, денсаулық сақтау саласына, соның ішінде «шала туылған нәрестелерге мейіргердің күтімі »туралы тереңірек зерттеуді қолға алып, дамытуы тиіс. Бұл елдегі «ана мен бала»өлім көрсеткішін төмендетумен қатар, бұл бағыттағы ғылыми еңбектерді көбейту мәселесін қарау керек. Осы мәселеге азда болса өз ғылыми нұсқамда көрсетілген мәселелерді қарапшығуды жөн көрдім.

Шала туылған балалар — 37 аптаға толмай мерзімінен бұрын және салмағы 2500г аз, ал бойы 45см төмен туылған балаларды айтады.

Әдетте 32-37 апта аралығында туылған нәрестелердің өміршеңдік дәрежесі жоғарылау болады, 26 аптаға дейін туылған нәрестелердің өміршеңділік деңгейі төмен болады. Мұндай балалардың тыныс алу, ас қорыту және терморегуляция жүйесі әлсіз және толық дамымауынан ерекше күтімді қажет етеді.

Нәрестенің салмағына қарай шала туудың 4 дәрежесі бар:

  • І дәреже — 2500-2001 грамм;

  • II дәреже — 2000-1500 грамм;

  • III дәреже — 1500-1001 грамм,

  • IV дәреже — 1000 грамнан 500 грамға дейін.

Шала туылу себептері:

  • жүктілік кезіндегі токсикоздар.

  • жүктілік кезінде тұмау немесе басқа инфекциялық аурулармен ауруы.

  • жүкті әйелдің экстрагенитальді аурулары.

  • әйелдің зиянды әдеттері.

  • жиі түсік тастау , аборт жасату.

  • психикалық және физикалық стресстер.

Шала туған балалардың анатомо-физиологиялық ерекшеліктері:

  • Сыртқы келбетіндегі ерекшеліктері: кіші өлшемдер, бойы қысқа және торлануы төмен (құрсақ ішілік гипотрофияға тән болатындай терісі әжімді, бос болуы);

  • Дене бітімі пропорциялы емес: басы мен денесі салыстырмалы үлкен, мойны мен аяқ қолы қысқа, кіндігі төмен орналасқан;

  • Айқын лануго: үлпілдек түктер иығы мен арқасын, сонымен қатар маңдай, бет, сан мен бөксесін жапқан;

  • Жыныс саңылауларының ашық тұруы;

  • Бос ұма (аталық бездердің ұмада болуы баланың гестациялық жасының 28 аптадан асқанын дәлелдейді);

  • Қолдарындағы тырнақтардың дамымауы, құлақ қалқаны жұмсақ;

  • Бас сүйегінің бет сүйегінен үлкен болуы, кіші еңбегі үнемі ашық, бас сүйек жіктері ашық;

  • Жүйке жүйесінің әлсіздігі және физиологиялық реакциялардың тез өшуі, тітіркендіргішке баяу жауап қайтаруы, жылу реттелуінің тұрақсыздығы және бұлшықет гипотониясы тән.

  • Жүрек-қантамыр жүйесі басқа функционалды жүйелерге қарағанда салыстырмалы жетілген болып келеді, себебі ол онтогенездің бастапқы кезеңінде қалыптасады. Соған қарамастан пульстің толуы аз, лабильді болып келеді.

  • Эндокриндік жүйе қызметінің ерекшелігі олардың жетілу дәрежесіне және анасындағы эндокринді бұзылыстардың болуына байланысты.

  • Бүйрек үсті бездерінің жетілмеуі нәрестелердің әлсіз болуына ықпал етеді.

Шала туған нәрестелер, яғни 28-34 апта аралығында туған нәрестелер, әлсіз, көмекке көбірек мұқтаж. Олар көбінесе өкпенің жасанды желдетуін қажет етеді, бірақ олардың денсаулығына қатысты болжамдар 28 аптаға дейін және бір килограмнан аз туған науқастармен салыстырғанда қолайлы. Мұндай кішкентай балаларға ұзақ және күрделі емдеу қажет.

Қазіргі таңда шала туылған нәрестелерге күтім жасау заманауи жабдықтар мен білікті мамандар өмірдің алғашқы күндерінде нәрестелерге күтім жасаудың тиімді процесін ұйымдастыра алады, бірақ, өкінішке орай, барлық органдар мен жүйелердің жетілмегендігіне байланысты емдеу процесінде көптеген асқынулар болады: бұл созылмалы өкпе ауруы, бронх-өкпе дисплазиясы, неврологиялық бұзылулар, энтероколиттер, әртүрлі органдарға қан кетулер, соның ішінде бас ми, гидроцефалия, анемия және т. б. Дәрігерлердің міндеті-нәрестенің өмір сүруі ғана емес, сонымен қатар сапалы өмірмен қамтамасыз ету болып табылады .

Неліктен шала туған нәрестелер өмір сүруге мүмкіндік алды?

10-15 жыл бұрын шала туған кездегі көптеген қиындықтарды жеңуге мүмкіндік беретін бірқатар технологиялар пайда болды. Атап айтқанда, жаңа туған нәрестенің өкпесіне жасанды сурфактант - белсенді затты енгізу - негізгі міндеттердің бірі-баланың тыныс алуын жақсартуға көмектеседі. Сурфактант – ол белсенді зат, бұл тыныс алу және дем шығару кезінде өкпені түзететін зат болып табылады

ЭТДС және ӨТДС бар бала реанимация және қарқынды терапия бөлімшесіне түскеннен кейін баланың өмірінің алғашқы сағаттарында жағдайды тұрақтандыру бойынша бірқатар іс-шаралар жүргізіледі: дене температурасын бақылау, баланы инкубатордан шығармай өлшеу, айғақтар болған кезде өкпеге сурфактант -белсенді затын енгізу (егер босану кезінде орындалмаса); гипервентиляцияның және оттегінің артық түсуінің алдын алу-гипероксия (оттегінің қанықтылық деңгейін бақылау ол 90-95% құрауы тиіс); сұйықтық пен қоректік заттардың (көмірсулар, аминқышқылдары, май эмульсиялары, витаминдер мен микроэлементтер веноздық катетер арқылы үздіксіз жеткізілуін қамтамасыз ету, қандағы глюкозаны бақылау, қан қысымының көрсеткіштерін бақылау.

Шала туылған балаларға мейірбикелік көмекті жетілдіру мақсатында замануи ғылыми технологиялар мен тәсілдер қазіргі таңда қолданылып жатыр және ол өз кезегінде жақсы жетістіктерге қол жеткізіпте жатыр.

Баланы тамақтандыру әдісі шартсыз рефлекстерге байланысты:

  • Егер шала туған балада ему және жұту шартсыз рефлекстері жоқ болса, ол баланы мұрынан жіберілген полиэтилен зонд арқылы тамақтандырамыз.

  • егер балада ему рефлексі жоқ, бірақ жұту рефлексі болса, ол баланы қасықпен немесе пипеткамен тамақтандырамыз.

  • Егер балада ему және жұту рефлекстері жақсы дамыған болса, емшекпен тамақтандырады. Тамақтандыру жиілігі баланың салмағына,ему қабілетіне байланысты,оларды 7-11 рет тамақтандырамыз.

Ата-ана мен бала арасындағы психо-эмоционалды байланысты құру үшін, сондай-ақ баланың терісінің бетінде ата-ананың терісінің бетін мекендейтін сапрофитті микроорганизмдердің қорғаныш қабығын қалыптастыру үшін барлық терең шала туған нәрестелерде "кенгуру" сеанстары өткізіледі, оның барысында бала анасының немесе әкесінің кеудесіне теріге теріні төсеп жатқызады. 

Бала салмағына қарай бөлімшеге кіргеннен кейін оны кувезге немесе АРЖ-ға (ашық реанимациялық жүйе) салады. Кувезге температура мен ылғалдылық беріледі, ол нәрестені мүмкіндігінше ананың құрсағындағыдай күймен қамтамасыз ету үшін жасалады. Бөлімшеде тәулік бойы жұмыс атқаратын медбикелік пост бар, бұл әр баланың тәулік бойы бақыланатынын көрсетеді, сондай-ақ, әр баланың, барлық өмірлік маңызды көрсеткіштерін бақылайтын мониторы бар: жүрек соғу жиілігі, дене температурасы, қысымы, қанықтылық.

Шала туылған балаға жүргізілетін негізгі тексеру әдістері

1 Жалпы клиникалық тексеру:

Педиатордың қарауы:салмағы,бойы, бас және кеуде шеңбері,рефлекстер мен терморегуляция

Апгар шкаласы бойынша алғашқы бағалау:туу кезінде

2 Лабораториялық зерттеулер: қан анализі (жалпы,биохимиялық ),несеп анализі

3 Аспаптық зерттеулер:Нейросонография мидың құрылымын, қан құйылуды немесе перивентрикулярлық лейкомаляцияны анықтау үшін

4 ЭхоКГ (жүрек УДЗ) жүрек ақаулары мен ашық артериялық өзектің бар жоғын анықтау үшін

5 Ішкі ағзаларды УДЗ бауыр,бүйрек, ішек жағдайы

6Офтальмологиялық тексеру: ретинопатияны анықтау үшін (әсіресе 32 апта немесе 1500г балаларға )

7 Слух скринингі (отоакустикалық эмиссия немесее аудиометрия):есту қабілетінің бұзылысын анықтау

8 Неврологиялық тексеру : невропатологтың динамикалық бақылауы, бұлшық ет тонусы,моторлық даму, рефлекстер тексеріледі,қажет болған жағдайда МРТ және т.б

Бала үйге қашан бара алады?

Барлық аналар шыдамды болуы керек, туыстары мен жақындарының қолдауы да маңызды рөл атқарады. Үйге жіберілгеннен кейін де кішкентай нәрестенің күресі тоқтамайды: өйткені, енді оларға ең бастысы: ауырмау, даму, өсу және жақындарына қуаныш сыйлау болып табылады!

Қорытынды :

    • Осылайша, біз шала туған нәрестелерді күтуде мейіргердің өз жұмысына деген зейінді көзқарасы, оның жұмыс нәтижелеріне деген қызығушылығы, балаға бақылауды сауатты және уақытында қолдану қандай рөл атқаратынын көріп отырмыз. Шала туған және салмағы аз балаларды күтетін мейіргердің жұмысы одан толық өзін-өзіне сенімділікті , рухани күш жұмсауды, кішкентай бала үшін махаббат пен қамқорлықты талап етеді.

    • Дегенмен, қарқынды емдеу тәжірибесінің артуына, өлім-жітім деңгейінің төмендеуіне қарамастан, шала туған балалар арасында мүгедектіктің үлкен пайызы бар.

    • Әрине, шала туған баланың болашағы тек медицина қызметкерлерінің біліктілігіне байланысты деп айта алмаймыз. Бірақ шала туған және салмағы аз баланы күту процесіне қатысатын мейіргерге оның біліктілігіне, сенімділігіне, жеке қасиеттеріне байланысты.

    • Түйіндей келе ең маңыздысы мейіргерлер өз жұмысында кәсібилік пен тазалық, жауапкершілікке баса мән беруі керек.

Пайдаланылған әдибиеттер тізімі :

1. Антонов А. В. М. Сидельникова "Преждевременные роды. Шала туылған бала."Гэотар-Медиа "баспасы" 2009 жыл.

2. Агейкин В. А. медициналық ғылыми және оқу - әдістемелік журнал № 16 [қазан 2010] бөлім - лекциялар жұмыстың атауы - "шала туған балалар".

3. Бомбардирова Е. А., Яцык Г. В., Тресорукова О. В. "балаларды күту және ерте оңалту" мақаласы.

4. Баранов А., РАМН балалар денсаулығы ғылыми орталығының директоры, РАМН академигі, профессор. Медициналық газет. 2010 жыл. № 20-19 наурыз 2011 жыл. "Перинаталдық революция қажет")

5. Боровик Т. Э., Яцык Г. В., Скворцова В. А. "Емізу шала туған балалар Журналы" "Емдеуші дәрігер" 2009, №2, с. 64-68.

6.Дюсембаев А. А., Ормантаев К. С. с соавт. «Балалар хирургиясы» /Редакциялық басқаруымен шығарылған. Алматы – 2008.- Оқулық. – Семей, 2008.- 670 бет;


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
11.04.2025
80
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі