400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Салауатты өмір салты

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазіргі таңдағы салауатты өмір салтына деген көзқарас
Материалдың қысқаша нұсқасы

Салауатты өмір салты.

Бұл ұғым алғашында 2000-шы жылдардың бас жағында мемлекеттік бағдарламалар аясында айтылған еді. Содан бері айтыла-айтыла жауыр болған тақырыпқа айналды. Мектептер мен ЖОО-ның бағдарламаларына пәндер мен факультативтер ретінде де кірді. Телевизия мен басылымдарда көп айтылды, жазылды. Бәрі қарапайым – дұрыс тамақтану, шынығу, тағы сол сияқтылары. Мәселе, елдің соны орындамайтынында. Адам баласы өзіне пайда келтіретін нәрсені біреу мәжбүрлемейінше өз еркімен істемейді екен. Әрі зиянды нәстелерге адамдардың көбінің әуес екені белгілі. Ғылым тұрғысынан қарасаң да, дін тұрғысынан қарасаң да, оның түсініктемесі бар. Нәпсі, шайтан, депрессия, стресс, тұқымқуалаушылық, еліктеушілік, мақтаншақтық, көрсеқызарлық, көреалмаушылық, сараңдық, жалқаулық, немқұрайдылық, әпербақандық, нәпсіқұмарлық, әлі жетпейтін нәстелерге құмарлық, дүниеқоңыздық, тыйым салынған зиян нәстелерге құмарлық және тағы басқа нәстелер адамзаттың көпшілігін салауатты өмір салтын ұстанудан жырақ ететін ортақ аурулары. Адам баласы өзіне зиянды нәстелерді өте қымбат бағаға сатып алады дегені рас. Арақ-шарап қымбат, темекі де солай, бұзылған әйелдер мен еркексымақтарды жалдау (иә, әйелдер ондайларды жалдайды бұл мемлекетте де), құмар ойындары, мәні жоқ сәнді заттар, атақ үшін жасалатын іс-шаралар, ең ақыры посткеңестік мемлекеттерде сәнге айналған консерванттары көп фаст-фуд, бәрі де ақша талап етеді. Адамды қимылдатып тұрған оның миы. Қазір адамдардың көбінің санасы уланған. Көпшілігі әлеуметтік желілерге тәуелді болған, сондағы улы қоқысқа қамалып отыр. Соның салдарынан ел ызақор, ашушаң, ұрысқыш болды. Жұмыстарына жақтырмай барып, үйлеріне жүйкелеп қайтады. Оның үстіне қоғамдық көліктермен жүретіндер сығылысып, ұрысады. Әрине, бар ызаларын үйлеріндегілеріне төгеді. Салауатты өмір салтын сақтау тұрмақ, соның кейбір нышандарын да көрсете алмайды. Қолдары тимейді. Шаршап үйлеріне барғандарындағы ермектері – телефон, әлеуметтік желілер, неше түрлі еліртпе видеолар және елдің жағдайын желеу етіп, елді алауыз қылып отырған Қазақстанның егемендігіне шүйліккен блоггерсымақтар (басқа мемлекеттердің тапсырмаларымен істейтіндері белгілі). Солайша өздеріне қарай алмаған кісілер, балаларына да қарай алмайды. Олардың да ермегі сол телефон, әлеуметтік желілер, сондағы қауымдастықтар, ондағы небір сорақы видеоларды көреді, денсаулықтарына зиянды іс-әрекеттерді істейді (білетіндер нені меңзегенімді түсінеді, біздің мемлекетте ондайды ашық жазбаймыз). Нағыз өсетін шақтарында, шынығудың орнына былығуда. Әрине, шынығатын жасөспірімдер де бар, бірақ солардың көпшілігі физикалық күштерін әлгі әлсіздерге қолдануды ермек қылып алған. Солай әлімжеттік пен бопсалау мектептерден басталуда. Қазіргі балалар уақыттың көбін ғимараттардың ішінде өткізеді, үй, мектеп. Үйірмеге барса, ол да жабық ғимарат. Ұрсып  шығармаса, далаға серуендеуге де шықпайды. Бетон сорып, боп-боз, әлжуаз болуда. Олар қалай төбелеседі, қалай ел қорғайды, ел тұрмақ өз әйелдерін қалай қорғайды? Белгісіз. Жоқ, белгілі… Жаңа буын әлсіз, нашар дей беру әдет болып кетті. Алдыңғы буындар туралы да олардан бұрынғылар дәл солай айтты. Елдің салғырт болғаны оның кеңес өкіметінен шыққанында. Қайда барса, оларға жұмыс табылды. Қара жұмыс. Айлықтарын алды, жаратты, тауарлар арзан болды. Ел соған жаман үйренді. Қазіргі егемен Қазақстанды жақтырмайды, сол кезді аңсайды. Қайтадан кеңес өкіметі болса дейді. Олары дұрыс емес. КСРО құлағанынан кейін елдің көбі жұмыссыз қалды, әйелдер сауда жасап кетті, еркектерді сыйламайтын болды, беттерімен кетті. Солар алғашқылардан болып салауатты өмір салтын белінен басты: еркектері де, әйелдері де арақ ішті, қатты бұзылды, оларды көрген балалары «ұяларында көргендерін ұшқандарында барынша ілді»…

Ұлтқа бөліп айтпаймын, мемлекеттің бүкіл елінің көбі нашар, аурушаң болды, олардың балалары да сапасыз болды. Солайша – ол мемлекеттің үлкен проблемасы. Оған тек ұлтжанды қазақтар ғана алаңдайды. Себебі Отанымызды қорғауымыз керек. Айтқанның сөзі жаман, жылағанның көзі жаман дегендей, кәрі-құртаң кісілер ауырғандарын айтып шағынғандарында, есік терезені жап, шәйді анандай қылып құй, дәрі әкеліп бер деп ойбайлағандарында көбің жақтырмайсыңдар. Кезінде олар да күтінбегендер, денсаулықтарынан айырылғандарынан кейін барып денсаулықтарының қадірін білгендер. Сендер одан үлгі алыңдар. Күтініңдер, физикалық шынығудан бөлек, тұлға болып қалыптасуға дағдылайтын істермен шұғылданыңдар. Салауатты өмір салтын ұстану үшін көп адамдар диетаға отырады. Мен тән диетасынан бөлек, ми-сана диетасын ұстау керек деп ойлаймын. Себебі адамды қимылдатып тұрған оның миы. Керек емес ойлардан және әрекеттерден сақтанғанда адамның қолы босайды, өзіне қарай алады, жаттығу жасап, серуендеуге, өнер-білім үйренуге, адамдармен араласуға, мемлекеттің дамуына үлес қосуға, ұлтымыздың тарихын білуге, білімімен бөлісуге мүмкіндік алады. Менің телефоным 9-шы маусым күні бұзылды, оны тастадым. Бес ай телефон қолданбай жүрмін, әрине жаңа смартфон сатып аламын ғой. Қолымның әлдеқайда босағанын аңғардым. Шығармашылықпен айналысамын, конференцияларға қатысамын, өнер-білімді бұрынғыдан да көбірек үйренудемін, серуендеймін, миым тынығып қалды. Бұдан қорытынды мынау: телефонды тек хабарласу үшін ғана, интернетті тек білім алу үшін ғана қолдану керек. Әрине, интернетті сауда-саттық үшін қолданатындар бір бөлек. Қолы бос кездің бәрін адам өзін дамытуға, тұлға болып қалыптасуға, азаматтық белсенділігін арттыруға, солайша ұлтымыздың абыройын көтеруге және мемлекетіміздің беделін өсіруге қолдануы керек. Мықты адам өз абыройын да, достарының абыройын да сақтай алады. Ондай адамды керек қылады, онымен санасады, оны сыйлайды. Тіпті, өздері салауатты өмір салтын ұстана алмағандар, ең болмаса балаларының тәрбиесіне және олардың салауатты өмір салтын ұстануына көңіл бөлгендері әрі дұрыс, әрі өз алдарындағы да, келесі буын алдындағы және мемлекет алдындағы міндеті.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
24 ақпан
367
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі