Материалдар / Салауатты өмір салтын ұстану – біздің парыз
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Салауатты өмір салтын ұстану – біздің парыз

Материал туралы қысқаша түсінік
өмірге, адамзат ұрпағына деген аяушылық сезімін ояту, аурудың алдын алуды үйрету. Мамандық иелері туралы түсініктерін кеңейтіп, олардың қызметіне байланысты сауаттарын дамыту.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
29 Сәуір 2018
721
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақтың тақырыбы:Салауатты өмір салтын ұстану – біздің парыз

 Сабақтың мақсаты: оқушылардың бойына салауатты өмір салтын дарыта отырып, зиянды әдеттерден аулақ болуды түсіндіру, насихаттау.
Білімділігі: жаман әдеттерден туатын аурулар туралы білімдерін жетілдіру.
Дамытушылығы: өмірге, адамзат ұрпағына деген аяушылық сезімін ояту, аурудың алдын алуды үйрету. Мамандық иелері туралы түсініктерін кеңейтіп, олардың қызметіне байланысты сауаттарын дамыту.
Тәрбиелігі: тәні де, жаны да таза, әрі сау болашақ ұрпақты тәрбиелеу.
Көрнекілігі:қолшатыр

Әдісі: баяндау, сұхбат, сұрақ-жауап, ой қозғау.
Сабақтың барысы:Ұйымдастыру бөлімі

Жаңа сабақ:

Н.Назарбаевтың сөзі: 
Салауаттылық өмір салтын орнықтыру, халқымыздың денсаулығын жақсарту бағытында жұмыс жүргізуіміз қажет. 

1.Мұғалімнің кіріспе сөзі: Біздің халқымыз «Деннің саулығы – бастың байлығы» – деп тегін айтпаған. Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев халқымыздың денсаулығына өз жолдауында үлкен мән беріп, азаматтардың денсаулығына, қоршаған ортаның таза болуына күш салу қажеттілігін атап айтқан. Ендеше, денсаулықты сақтау өз қолымызда.

Сергіту сәті.

Армысың, асыл күн!

Армысың, асыл жыр!

Армысың көк аспан!

Армысың жан досым!

Жылуыма жылу қос

Міне, менің қолым.

Өсиет:
Лұқпан хакімнен «Өмірде байлық қымбат па, жоқ даңқ қымбат па?» деп сұраған екен. Сонда ол «Байлық та, даңқ та адам баласын бақытты ете алмайды. Біле білсеңдер, ауру ханнан дені сау қайыршы бақытты. Ал бақыт дегеніміз не? Әрбір адам өзінің күш - жігерін халқына, өз еліне, ұрпақ тәрбиесіне жұмсап ақылды, парасатты және денсаулығы зор болса ғана бақытты» деген екен.
Лұқпан хакім ерекше дарынды,зерек болыпты.Соның қалдырған жеті өсиеті:
Біріншісі - ерте тұру.
Екіншісі - орта тазалығын сақтау.
Үшіншісі - дене шынықтыру.
Төртіншісі - үнемі денені таза ұстау, ыңғайлы киіну.
Бесіншісі - үнемі сергек жүру.
Алтыншысы - артық тамақ ішпеу.

Жетіншісі - көп ұйқтап жалқау болмау

-2-

Осылардың барлығы денсаулықты сақтаудың негізгі кепілі болып табылады.
Ұзақ өмір сүргің келсе денсаулығыңды күт, спортпен шұғылдан.

Балалар алдарыңа мынадай сауалдар тастағалы тұрмын.
I «Тәніңе қорлық, жаныңа зорлық жасама» нақыл сөзі төңірегінде
II «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде», мақалы төңірегінде;
III «Сүйе білсе, табиғат сұлулыққа тұнып тұр» сауалы төңірегінде пікірлеріңізді ортаға салуларыңызды сұраймын. Бірер минут дайындалуға беремін.
1 сауал төңірегінде зиянды әдеттер — нашақорлық, есірткі, темекі тарту, олардың алдын алу, олармен күресу туралы айтқызу.
2 сауал - дұрыс тамақтану, спортпен шұғылдану, күнделікті гимнастиканы сақтау туралы айтқызу.
3 сауал - қоршаған орта, табиғат сұлулығы туралы, экологияның денсаулыққа әсері туралы, жеріміздің экологиясы туралы, оны қорғау.
Рахмет балалар, тамаша ойларыңды ортаға салдыңдар.

Ендігі кезек келген қонақтарға сөз берейік:

Имам: 1. денім сау болсын десең –тамақты ішер алдында және ішіп болғаннан кейін қолыңды жу. Тамақтың берекесі де осында. 
2. Тістеріңізді тазалап жүріңіздер, себебі ол пәктікке жатады. Пәктік иманға шақырады, ал иман жәннатта иесімен бірге болады. 
3. Алла тағала пәк, ол пәктікті жақсы көреді, ол таза, тазалықты ұнатады. Үй жайыңызды, жүріп –тұратын жолдарыңды таза ұстаңдар. 

Эколог:
Біздің қоғамымызда ішімдік, темекі, есірткі заттары тек денсаулыққа әсер етіп қоймайды, сонымен қатар экологияға да кері әсерін тигізуде. Мысалы: темекіде никотиннен басқа улы заттар, шаң, күйе болады. Олар ауаға таралып ең алдымен ағзаға зиян келтіреді, екеуі де атмосфераны ластайды. Кейде темекі тарту. ішімдік ішу өрт, жарылыс сияқты апаттарға әкелуде.
Демограф:
Дүние жүзіндегі қандай да болмасын ұлттың дамуына, табиғи өсуіне
күнделікті өмірдегі теріс әрекеттер,жұқпалы аурулар кері әсерін тигізуде, Қанша адамдар осылармен жақын жүрудің нәтижесінде өз-өзіне қол жұмсап, екінші бір адамды өмірінен айыруда. Көп отбасында сәбилер жарымжан, ақыл-есі төмен күйде дүниеге келуде. Жетім балалардың саны көбеюде.
Психолог:
Мектеп жасында теріс әрекетке үйір болған
оқушылар ештеңемен шұғылданбайды, сабақ оқымайды, қоғамдық жұмысқа қатыспайды, елеусіз жүреді. Жоғарғы сынып оқушылары өздерін «үлкен адамбыз» деп, ешкімге бағынышты емес екенін көрсеткісі келеді. Мұндай оқушылар ұмытшақ, ұғу қабілеті төмен болады, бет-әлпеті табиғи өңінен айрылады.
Тарихшы: Спорт (француз тілінен алынған) — белгілі ережелер немесе дәстүрлерге сай көбінесе жарыс күйінде өтетін әрекет. Спорт жалпы алғанда физикалық мығымдығы өте маңызды болатын (жеңіске немесе жеңіліске әкелетін) әрекетті сипаттағанымен, ақыл - ой немесе құрал - жабдық сапасы

-3-

да маңызды рөл атқаратын ақыл - ой спорты және мотор спортына қатысты айтылады. Адам баласы спортпен денсаулығын жақсарту, моральді және затты қанағаттану үшін, өзін - өзі дамыту үшін шұғылданады.
Дәрігер: Азық - түліктер біздің денсаулығымызға зиян келтіреді. Бірінші кесірлі продукт - чипсы. Чипсидің құрамында адам денсаулығына еш пайдасы жоқ қайта кері әсер етеді: канцероген, май, бояғыш заттар және дәмін үдеткіштері мол
.Ауыз қуысы- біздің денсаулығымызды сақтайтын жеріміздің бірі.Тісті біз таза ұстауымыз керек. Яғни, тісті күнде екі мезгіл тазалау қажет.

2.Тамақты өз уақытында, үш мезгіл ішуіміз керек. Сол кезде денсаулығымыз мықты болады. Тамақ ішер алдында қолымызды жууымызкерек.Тамақ адамға күш-қуат, ынта-жігер береді.

3.Суға апта сайын түсу бізге пайдалы. Бойымызды таза , ұқыпты ұстау дене мүшеміздің дамуына көп көмегін тигізеді.

4.Ұйқыны уақытында ұйықтап, таза желдетілген бөлмеде дем алуымыз қажет.

5.Партаға дұрыс отыру омыртқа – жотамыздың дұрыс дамуына көмектеседі.

Сондықтан кез-келген адам рухани әлеуметтік тұрғыдан денсаулығы мықты болуы үшін салауатты өмір –салтын ұстануы қажет.

Шығармашылық тапсырма: 
1- топ: 
................................................баламыз, 
.................................................аламыз. 
..................................................... 
.................................................санамыз. 
2- топ: 
................................................күлеміз, 
.................................................жүреміз, 
....................................................... 
...................................................сүреміз. 
Оқушыларға сөз кезегін беру:

Данияр:

Шыныққан шымыр денеміз,

Күн сайын өсіп келеміз.

Денсаулық- 5 сабақ -5

Деп рапорт береміз!

Бірханым:

Суық қардан онша қорқа қоймасаң,

Шынығасың таза ауада ойнасаң.

 Осы кезде спортпен шұғылданып,

Сұлулық пен денсаулықты ойлайсың.

Дилназ: Дені сау адам ақжарқын, көңілді және іскер болады. Оның жұмысы алға, өнері биікке көтеріліп, отбасында тыныштық орнайды.


-4-

Гаухар:  Денсаулық-адамға табиғаттың берген құндылығы. Денсаулықты әртүрлі тәсілмен сақтап, нығайтуға болады.

Нұралы:

Спорт біздің досымыз,

Күш қайрат сыналған.

Спорт біздің досымыз,

Бала кезден шыңдалған

Айшат:

Денсаулық ол күлуің,

Көңіл күйің жадырай.

Денсаулық-ол жүруің,

Ешбір жерің ауырмай.

Дана:

Басты байлық-денсаулық-

Бабаң айтқан даналық.

Сақта жолын сен тауып,

Осы шақтан балалық.

Нәзгүл:

Денсаулық –ол шыныққан

Барлық денең мүшесі

Денсаулық –ол тыныққан

Жүйке-тамыр жүйесі.

Қуаныш: Салауатты өмір салтын қолдайық,

Әдеттен жаман әманда аулақ болайық,

Өз өмірің өз қолыңда, ей , балалар,

Су ішпеген гүлдей болып қалмайық,

Назерке :

Біз өмірді таңдаймыз,

Біз өмірді қолдаймыз. 

Әрқашан бар ынтамен,

Салауатты қолдаймыз.

Нұрдәулет: Денсаулық табиғаттың адамға берген ең үлкен байлығы.

Медет:

Денсаулықты сақтайық.

Шынығайық баптайық

Енді жұмбақтарға кезек берейік:(жұмбақтың шешімін тапқан оқушыларға сыйлықтар беру)

Жұмбақтар шешу 
1.Ертемен күнде сен, 
Қолыңа сүйкесең, 
Кетіп кір-ласың, 
Тап-таза боласың 
Сабын 

-5-

2.Шомылған баланы, 
Аймалап алады. 
Сипайды қолында, 
Сипайды жонында 
Орамал 
3.Иілсең , иіліп, 
Түйілсең, түйіліп. 
Қарайды кісіге, 
Ұқыпты ісіне 
Айна 
4. Аузы жоқ, көзі жоқ, 
Тілі жоқ, сөзі жоқ. 
Бірақ та тісі бар, 
Басыңмен ісі бар 
Тарақ 

Тренинг «Қолшатыр...» 
-Біз зиянды заттардан қорғану үшін не істеуіміз керек? Оқушылар қолшатырдың әр бөлігіне қағазға өз ойларын жазып іледі.
 
Жангерім: 
Шат көңіл адамдар, 
Ақ көңіл адамдар! 
Денсаулық- зор байлық, 
Жансаулық-мол байлық. 
Амандық үшін де, 
Адамдық ісінде 
Қолданып ел сынар, 
Табиғат-емші бар. 
1.Құралай-КҮН. 
Нұр сәуле –шуақты, 
Беретін қуатты. 
Ұлы емші анамыз, 
Күннен күш аламыз. 
Жылытып, қыздырып 
Нұрына жүздіріп, 
Күн ана шуағы 
Сырқатты қуады. 
2. Жансая-АУА. 
Жер шары-«дәу » әлем, 
Қоршаған ауамен. 
Ауадан тыныс ап, 
Өсті өмір, ырыс, бақ. 
Денсаулық-дауа да, 
Дәмге күш-ауада 

-6-

3. Дилназ-СУ. 
Сусын да әрі дем, 
Су-емші бәрінен. 
Сусынан берді жер, 
Жуынсаң сергітер. 
Денсаулық тірегі. 
Тік ұстап денеңді, 
Сапқа тұр сен енді. 
Жанға сеп шынығу, 
Жаттығып тынығу. 
Сымбатты болуда, 
Өзіңнің қолыңда. 
7. Айғаным-ТАБИҒИ ТАЛҒАМ. 
Жеміс пен көкөніс, 
Нан, сүт берер күш. 
Витамин –тағам-нәр, 
Ас адамның арқауы. 
Тағам іш жағымды. 
Дертіңді қуатты, 
Денеңнен қуады. 
8. Бекарыс-ДЕМАЛЫС. 
Еңбекпен шынықтық, 
Енді сәл тынықтық. 
Серги біл құр жатпа, 
Сейілде гүл бақта. 
Ұйқыны қоя тұр, 
Көр кино, театр. 
Жиналдық аманда, 
Күш бере адамға. 
9. Ермұхаммед-АҚЫЛ-ОЙ. 
Ой салып ақылға, 
Он істі мақұлда. 
Табиғат әрқашан, 
Емдерін пайдалан. 
Талпынсаң құрыспай, 
Денсаулық құрыштай. 
Боласың көңілді, 
Қуантып еліңді. 
Ие боп жақсы атаққа, 
Жетесің мақсатқа. 

«Денсаулық» сөзінің мағынасын ашқызу. 
Д- ДҰРЫС ДЕМ АЛУ. 

Е-ЕРІНБЕУ 

-7-

Н- НИЕТТЕУ. 
С-СПОРТПЕН АЙНАЛЫСУ. 
А-АҒЗАНЫ ШЫНЫҚТЫРУ. 
У-УАҚЫТТЫ ДҰРЫС ҰЙЫМДАСТЫРУ. 
Л-ЛАЙЫҚТЫ ӨМІР СҮРУ. 
Ы- ЫНТА-ЫҚЫЛАС АЛҒА ЖЕТЕЛЕЙДІ. 
Қ- ҚОЗҒАЛЫС АҒЗАНЫ ШЫНЫҚТЫРАДЫ. 

Тренинг «Денің сау болсын десең...» 
Бір оқушы «Денің сау болсын десең...» деп ортаға шығады. Қалған оқушылар осы сөйлемді толықтырып аяқтап, шеңбер құрайды. 


Қорытындылау

Назарларыңызға рақмет!



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!