"Салауаттылық саулық негізі" эстафеталық жарысы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Салауаттылық саулық негізі" эстафеталық жарысы

Материал туралы қысқаша түсінік
"Салауаттылық саулық негізі" эстафеталық жарысы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Салауаттылық саулық негізі».

Мақсаты: 1.Оқушылардың спортқа деген қызығушылығын арттыру;
2.Оқушыларды ұйымшылдыққа, достыққа, ұлтжандылыққа тәрбиелеу;
3.Оқушыларды жылдамдыққа, шапшаңдыққа үйрету. Білім, білік дағдыларын кеңейту;
Сабақтың түрі: командалық жарыс.
Сабақтың әдісі: ойын.
Өтетін орны: спорт залы.
Құрал-жабдығы: доп, кедергілер, секірткіш, ысқырық, шығыршық, қап, эстафета таяқшасы.

Жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті спорт сүйер қауым! Бүгін сіздер «Дүние жүзілік денсаулық күнімен!» спорттық ойынына қатысқалы отырған 4 сынып оқушылары мен мұғалім - тәрбиешілер өнерін тамашағалы отырсыңдар.
Ал енді спорт заңы бойынша қазылар алқасымен таныстырып өтемін:
1. ДТІЖО: Талманова Д.Ж.
2. ДОІЖО: Айтжанова Ж.Ә.

3. Психолог: Тортаева Г.Б

Топтар отыр сынға түскелі,
Сыналмақшы ептілік пен күштері.
Әрбірінің жігер-күші жалындап
Жеңіс сәтін тағат таппай күткені.
Спорт десе таза біздің арымыз,
Жалындайды сайысқанда жанымыз.
Сайысатын ағаларды бүгінгі,
Қарсы алайық қошеметпен бәріміз.

Әр топ өзін таныстырады да, төрдегі арнайы орынға барып тұрады.

І. Ұйымдастыру кезеңі
1.Жарысымыздың қорытындысын шығарып, әділ бағалап отыратын әділқазылар алқасымен таныстыру.
2.Ортаға командалар шығады. Оқушылардың командасы бойынша сапқа тұрғызылады. Мемлекеттік Әнұран орындалады.

ІІ. Жарыстың шарты.
1.Сәлемдесу.(ұраны, топ аты)
2.Эстафеталық ойындар
3.Қорытындылау

1.«Эстафета таяқшасын алып жүгіру»
Әр топ ойыншылары төрешінің белгісі бойынша кедергілердің арасымен эстафета таяқшасын алып белгіленген жерге жүгіріп барып, кейін қайтады. Екінші ойыншыға береді. Бірінші келген команда жеңіске жетеді.
2.«Секіртпемен жүгіру»
Топ оқушылары төрешінің белгісі бойынша секіртпемен жүгіреді. Белгіленген жерге жүгіріп барып, кейін қайтады. Келесі ойыншыға береді. Ойынды бірінші аяқтаған топ жеңімпаз болады.
3.«Шығыршық тасы»
Төрешінің белгісі бойынша топ басшысы шығыршықпен белгіленген жерге топ мүшелерін біртіндеп тасып, кейін қайтады. Соңғы ойыншыны апарып, барлығын бірдей алып келеді.



4.«Жұптасқан ұстаушылар»
Төрешінің белгісі арқылы топ мүшелері екеуден жұптасып белгіленген жерге жүгіріп барып, кейін қайтады.
5.«Арқан тарту»
Команда мүшелері түгел арқан тартуға шығады. Белгіленген жерге қарсылас команда мүшелерін тартып келеді. Командалар бір-бірімен түгел арқанмен тартысады.

6. «Допты түсірме»
Жарысқа қатысушылар қашықтықтың ұзындығы 10-15 метрдей болады. Саптың ең алдында тұрған ойыншы допты екі тізесінің арасына қыстырып алып жалаушаны айналып келуі қажет. Тапсырманы ойыншылардың бәрі орындап шыққанша ойын жалғаса береді.

7. «Көп болып жүгіру»
Ойынға командалар бір уақытта қатыса алады. Олар сөре сызығының жанында бір бағытқа қарап лек түзеп тұрады. Әр команданың сөре сызығынан 10-15 м қашық жерде айналып кері қайтатын белгі қойылады.
Белгі берілгеннен кейін командалардың ең алдында тұрған бір-бір ойыншысы жүгірген күйі қойылған белгіні айналып өтіп, өз командасына оралады да, өзінен кейінгі ойыншының қолынан ұстайды. Енді олар қол ұстасқан күйі бірге жүгіріп, белгіні айналып өтіп, тағы да өз командасына оралады.

Ал, құрметті спорт сүйер қауым, бүгінгі сайысымыздың жеңімпаздары да анықталды.


ІІІ. Қорытындылау.
Қорытынды сөз әділқазыларға беріледі.
Командалар сап түзеп қатарға тұрады.
Ұпай санын есептеп, жарысқа қатысқан командаларды марапаттау.









Рисунок 5







Келісілді: ДТІЖО:

Талманова Д.Ж.

_____________

7.04.2018



Гранитогор санаториялық мектеп-интернаты



Тақырыбы:

«Салауаттылық саулық негізі»

(жарыс)

4,5а,5ә,6 сынып.









Дене шынықтыру нұсқаушы: Ниязалиев Д.Б

Дене шынықтыру мұғалімі: Исламов Т.Ф.

2017-2018ж



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
19.10.2018
539
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі