Шалғын жануарлар (ашық сабақ)

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Шалғын жануарлар (ашық сабақ)

Материал туралы қысқаша түсінік
Табиғаттану, биология пәндерінің мұғалімдеріне арналған ашық сабақ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Шымкент қаласы білім басқармасының

«Есту қабілеті бұзылған балаларға арналған

1 арнайы мектеп-интернаты»

коммуналдық мемлекеттік мекемесінің

мұғалімі Боранбай Лаура


Сабақтың тақырыбы: «Шалғын жануарлары». №3(4).


Сабақтың мақсаты: 1. Өткен сабақты пысықтау және жаңа

тақырыппен таныстыру. Шалғын жануарлары

туралы мәлімет беру.

2. Оқушылардың сөздік қорын молайту,

дыбыстардың дұрыс айтылуын қадағалау.

3. Шалғын жануарларын тануға, пәнге деген

қызығушылығын ояту.


Көрнекілігі: суреттер, қима-қағаздар.


Сабақтың түрі: сұрақ-жауап.


Меңгерілетін сөздер: табиғи мекен жайлар, шалғын өсімдіктері мен

жануарлары.


Сабақтың барысы:


  1. Ұйымдастыру кезеңі.

а) диалог.

- Қабылдағышты киіңдер, аппаратты қосыңдар.

- [Па-Па-Па] Дыбыс бар ма?

- [..., сен қалай естисің?]

- [Қазір қандай сабақ?]

- Сабақты неден бастаймыз?


б) сөздік жаттығу.

Мақсаты: Сөздерді дұрыс бір екпінмен оқыту.


Табиғи мекен жайлар: шалғын, дала, шөлейт, орман, тау, егістік.


  1. Өткен сабақты пысықтау.

  1. Үй тапсырмасын тексеру.

  • Өткен сабақтың тақырыбы қандай?

  • (Өткен сабақтың тақырыбы «Шалғын өсімдіктері»)

  • Үйге қандай тапсырма берілді?

  • («Шалғын өсімдіктері» туралы оқу, сұрақтарға жауап беру).


  • Дұрыс, енді сұрақтарға жауап береміз.


  1. Сұрақтармен жұмыс.

  • Шалғын дегеніміз не?

  • (Шалғын дегеніміз ылғалы мол, гүлге ұқсас шөптер өсетін жер).

  • Шалғын қандай жерлерде болады?

  • (Шалғындар тау беткейлерінде, көл жағалауларында, орманның ашық алаңдарында болады).

  • ..., толықтыр.

  • (Шалғындар жазықта да, тауда да кездеседі).

  • Шалғында өсетін өсімдіктерді ата.

  • (Жоңышқа, қоңырбас, атқонақ, қоңыраубас, тышқанбұршақ).


  1. Жаңа сабақ.

Тақырыптың аты: «Шалғын жануарлары». (бірге оқимыз)


Меңгерілетін сөздер.

  • Бүгінгі сабақта кездесетін жаңа сөздермен танысамыз.


Ұқсас – бірдей.

Ұсақ қоңыз – майда қоңыз.

Алуан түрлі – әр түрлі.

Бүркіт, бөдене – құстың аты.

Шегіртке, көбелек – жәндіктің аты.

(бірге оқимыз)


  • Сонымен, балалар, шалғын дегеніміз не?

  • (Шалғын дегеніміз ылғалы мол, гүлге ұқсас шөптер өсетін жер).

  • Мынау қандай жер? (суреттер)

  • (Шалғынды жер).

  • Неге олай ойлайсыңдар?

  • (Шалғынды жерде шөптер, гүлдер өседі).

  • Мына жерді шалғын деп атауға болады ма?

  • (Жоқ).

  • Неге?

  • (Себебі, бұл жерде ағаштар өсіп тұр.)

  • Дұрыс, енді шалғын жерде өмір сүретін жануарлармен танысамыз. (суретке қараңдар)

  • Мынау шалғын жер. Шалғыннан нені көруге болады?

  • Мынау не?

  • (Көбелек, бал ара, шегіртке, құрт.) (бәрі бірге)

  • Балалар, шегіртке, бал ара, көбелектен басқа тағы нені көріп тұрсыңдар?

  • (Құс).

  • Қандай құс екенін білесіңдер ме?

  • (Бозторғай құсы). (бәрі бірге)


Бозторғай құсы жер бетіне шыққан құрттармен, қоңыздармен қоректенеді. Шалғынды жерде бозторғайдан басқа құстар да кездеседі. Олар: бүркіт, бөдене. (суреттен көрсету)


  • Қандай құстарды көруге болады?

  • Бүркіт, бөдене, құладын. (бәрі бірге)

  • Бөдене неге ұқсайды?

  • (Тауыққа ұқсайды).

  • Шалғыннан тек құстарды ғана емес, сұртышқандар мен саршұнақтарды да кездестіруге болады. Олар қалың шөптен көрінбейді.


  1. Сабақты бекіту.

а) оқулықпен жұмыс.

- Оқулықтың 102-ші бетін ашыңдар.

- Бүгінгі жаңа тақырыпты жәй дауыспен оқыңдар.


б) дәптермен жұмыс.

- Дәптерлеріңді ашыңдар. Жаңа сөздерді дәптерлеріңе жазыңдар.


в) «Баскетбол» ойыны

- Берілген суреттерді тиісті кәрзеңкеге салыңдар.

(Өсімдіктер мен жануарлардың суреттері және екі баскетбол кәрзеңкесі болады)


  1. Үйге тапсырма.

Оқулықтың 102-ші бетін оқып келу. Сұрақтарға жауап беру.


  1. Сабақты қорыту.

[- Бүгін біз сабақта не істедік?]

[- Бүгін біз сабақта не білдік?]


  1. Оқушыларды бағалау.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
15.10.2018
889
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі