Шалкиіз жырау «Би Темірге бірінші толғауы» 8 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Шалкиіз жырау «Би Темірге бірінші толғауы» 8 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітемін:

Бөлім: Даналар сөзі – ақылдың көзі

Мектеп: М.Арын атындағы Қарғалы қазақ орта мектебі

Күні: 16.10.2020

Мұғалімнің аты: Калабазарова Э.А.



Сынып: 8 «Г»

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар:

Сабақ тақырыбы

Шалкиіз жырау «Би Темірге бірінші толғауы»

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

Б/С. 8.3.1.1 шығарманың тақырыбы мен идеясын осы тектес басқа шығармалармен салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығын бағалау


Сабақ мақсаты

Барлық оқушылар

Шалкиіз жырау мен Ақтамберді жыраудың толғауларын салыстырып, идеясын ашады

Көптеген оқушылар: Толғаулардың тарихи құндылықтарына баға береді, салыстырады;

Кейбір оқушылар: Шығармалардың көркемдік-идеялық құндылығын гуманистік тұрғыдан талдап, баға береді, салыстырады.

Бағалау критерийлері

шығарманың тақырыбы мен идеясын осы тектес басқа шығармалармен салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығын бағалай алады.

Құндылықтар

Мәңгілік ел» құндылығы:

Тіл және мәдениет

Өзіне және айналадағы адамдарға құрмет;

Ынтымақтастық;

Жауапкершілік;

Отбасы мүшелеріне, құндылықтарға деген құрмет.

Аталған құндылықтар сабақ тақырыбы арқылы оқушылардың жеке және жұптаса, топтаса отырып жұмыс жасаулары, сын тұрғысынан ойлай білу дағдылары негізінде жүзеге асады.


Пәнаралық байланыс

Қазақстан тарихымен байланыс. Шалкиіз жырау қазақ пен ноғайлы хандарымен, соның ішінде ноғайлының билеушісі Би Темірмен жақын араласқаны белгілі.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар қолдана алады:

Толғаудың тақырыбы мен идеясын осы тектес шығармалармен салыстырады;

Ауызша шығарманың тарихи және көркемдік құндылығына баға береді;

Өз көзқарастарын жазылым жұмысында жеткізе алады.

Пәндік лексика мен терминология: Тарихи және көркемдік құндылық

Диалог пен жазылымға арналған тілдік қолданыстар:

Менің ойымша...

Менің байқауымша...

Шығармада көтерілген мәселе жайында былай ойлаймын...

Шығарманың басқа шығармалармен үнестігін салыстыра қарайтын болсақ:

Шығарманың тарихи және көркемдік құндылығы мынада деп білемін:

Осыған дейінгі оқылғандар

Ақтамберді, Шалкиіз жыраулардың толғауларымен танысып, «Би Темірге бірінші толғаудың» мазмұнын толықтай меңгерді.

Жоспар

Уақытты жоспарлау

Жоспарланған іс-әрекеттер

Ресурстар

Сабақтың басы

7мин

Сабақ тақырыбы, оқу мақсаты, бағалау критерийлері таныстырылады.

Оқу мақсаты таныстырылғаннан кейін «Болжау» стратегиясы арқылы сабақта қандай жұмыс жүргізілетінін болжатуға болады.

Сынып оқушылары санамалау әдісімен төрт топта бірігеді. Топ басшылары сайланады.




Сабақтың ортасы

25мин























































2мин

Үй тапсырмасы «Шалкиіз – өз заманының адал перзенті» тақырыбында шығарманың көркемдік-идеялық құндылығын гуманистік тұрғыдан талдап, әдеби эссе жазып келген. Сөз саны – 150. Үй тапсырмасын әр топтан екі оқушы оқып, берілген бағалау критреийі бойынша бағаланады.


Өтілген тақырыпты пысықтау мақсатында төмендегі сұрақтар беріледі:

1.Шалкиізге халық не себепті жырау деген атауды теліген?

2.Толғауының идеясы қандай?

3.Қалай ойлайсыңдар, не себепті жырау Би Темірді аса көтермелеп мадақтаған?

4.Шалкиіз жыраудың толғауында қандай көркемдегіш құралдар көп кездесті?

Топтық жұмыс

Әр топқа төмендегідей тапсырмалар беріледі. Топтағы оқушылар деңгейіне қарай тапсырмаларды бөліп алып, дайындалады. Әр топтан 3 оқушы шығып, өздеріне берілген жұмысты қорғауы тиіс.

1-топ

1.Шалкиіз жырау «Би Темірге бірінші толғау» шығармасы арқылы оқырманға не айтқысы келді?

2.Ақтамберді Сарыұлы «Күлдір-күлдір кісінетіп» толғауы арқылы не айтқысы келді?

3.Екі шығарманың ортақ ұқсастығы неде?


2-топ

1.Шалкиіз жырау өмір сүрген орта қандай болды?

2.Ақтамберді Сарыұлы өмір сүрген орта қандай болды?

3.Екеуінің ортақ ұқсастығы неде?


3-топ

1.Шалкиіз жырау «Би Темірге бірінші толғау» шығармасында қандай көркемдегіш құралдар қолданды?

2.Ақтамберді Сарыұлы «Күлдір-күлдір кісінетіп» толғауында қандай көркемдегіш құралдар қолданған?

3.Екі жыраудың тілдік қолданысында қандай ортақ ұқсастық бар?

4-топ

1.Ақтамберді Сарыұлына мінездеме бер.

2.Шалкиіз жырауға мінездеме бер.

3.Екі жыраудың бойында қандай ортақ ұқсастық бар?


Жұмысты бағалау дескрипторы

1.Ақтамберді Сарыұлы мен Шалкиіз жыраудың шығармаларының идеясын, өмір сүрген ортасын, толғауларының көркемдік тілін салыстырады;

2.Құндылығына баға береді.

3.Өз ойларын дәлелмен еркін жеткізеді.


Әр топ өз жұмыстарын тақырып бойынша қорғап болған соң, топтық бағалау жүреді.


Мұғалім тарапынан кері байланыс (түзету, мадақтау) жүреді.


Үй тапсырмасы ретінде толғаудан үзінді жаттау ұсынылады.

Шалкиіздің дүниеге келуі «Қазақ хандығы»

Таратпа қағаздар


Стикерлер

Маркерлер







Сабақтың соңы

6мин


Рефлексия

1.Бүгінгі сабақта алған пайдалы ақпарат...

2.Қиындық тудырған тапсырма...

4.Ең жеңіл болған тапсырма...

5.Кімнен көмек алдың?


Қосымша ақпарат

Дифференциация сіз қалайша көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз?Қабілеттері жоғарылау оқушыларды қалайша ынталандыруды жоспарлайсыз?

















Бағалау – сіз оқушылардың оқу деңгейін қалайша тексеруді жоспарлайсыз?

Пәнаралық сілтемелер
Денсаулық пен қауіпсіздікті тексеру
АТ сілтемелер
Мағына сілтемелері

Ынтымақтастық (коллаборативті) оқыту саралаудың тиімді тәсілі болып табылады. Шағын топтарда қабілеті орта оқушы өзінің құрбысынан көмек алуға мүмкіндігі болды ма?


Қабілетті оқушылар өз ойы мен идеясын жүзеге асыру арқылы топ жұмысына үлесін қоса алды ма?

Тапсырмаларды түсіндіруде нұсқаулықтардың берілуі


Топтар бір-бірінің жауабын тексеріп, өзара бағалауы қалай жүрді?

Мұғалім сындарлы кері байланысты бере алды ма?




Денсаулық сақтау технологиялары, қауіпсіздік ережелері сақталады, барлық жағдай ескерілген.








Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
01.03.2021
1057
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі