Салт - дәстүр сынып сағаты

Тақырып бойынша 27 материал табылды

Салт - дәстүр сынып сағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбие тақырыбы Салт-дәстүр Құндылық «Еңбекқорлық және кәсіби біліктілік» Сынып ұжымын сыйластыққа, бір-біріне қолдау көрсете білуге тәрбиелеу.Адамның басты құндылығы оның бостандығы. Қауіпсіздік сабағы «Жедел қызмет нөмірлері» ЖЖЕ «Көлік құралдарының аялдау жолы» Мақсаттары Тәрбиеленушілерге ата-бабаларымыздың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрып туралы түсінік беру. Өз халқына, ұлтына, туған жерге деген сүйіспеншіліктерін, адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру. Салт-дәстүр арқылы тәрбиеленушілердің бойына мәдени, рухани құндылықтарды сыйдырып, дарыту.Тәрбиеленушілерге қазақ халқының салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын дәріптеуге, құрметтеп мақтан тұтуға тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Педагогтің Т.А.Ә.

Қарапаш Ақерке Құралқызы

Күні:

18.11.2024ж

Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Тәрбие тақырыбы

Салт-дәстүр

Құндылық

«Еңбекқорлық және кәсіби біліктілік»

Сынып ұжымын сыйластыққа, бір-біріне қолдау көрсете білуге тәрбиелеу.Адамның басты құндылығы оның бостандығы.

Қауіпсіздік сабағы

«Жедел қызмет нөмірлері»

ЖЖЕ

«Көлік құралдарының аялдау жолы»

Мақсаттары

Тәрбиеленушілерге ата-бабаларымыздың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрып туралы түсінік беру. Өз халқына, ұлтына, туған жерге деген сүйіспеншіліктерін, адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру. Салт-дәстүр арқылы тәрбиеленушілердің бойына мәдени, рухани құндылықтарды сыйдырып, дарыту.Тәрбиеленушілерге қазақ халқының салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын дәріптеуге, құрметтеп мақтан тұтуға тәрбиелеу.


Сабақ барысы:

Сабақтың кезені/ уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті

Ресурстар


Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу. «Миға шабуыл».

1 І. Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу


Мұғалім:

- Балалар, бүгінгі ашық тәрбие сағатымыздың тақырыбын бірге оқимыз: «Салт-дәстүр».

- Салт-дәстүр, әдет-ғұрып атадан балаға қалып отыратын мол мұра. Әр ұлттың өзіне тән салт-дәстүрі бар.

- Салт – әр ұлттың, халықтың діні мен сеніміне, тұрмыс-тіршілігіне, ұлттық құрылым ерекшелігіне сәйкес ғасырлар бойы жинақталып, өмірдің өзі туғызған ғұрыптарының негіздері.

- Салт-дәстүрлерінің ішіндегі бала тәрбиесіне байланысты тәрбие дәстүріне тоқталсақ.

1.тапсырма

Кестемен жұмыс

1. Шілдехана - жаңа туған нәрестенің құрметіне жасалатын ойын-сауық, той.

2. Кіндік кесер - нәресте туған сәтте оның кіндігін әйелдер (кіндік шешесі) дайын тұрады. Кіндік кесу - мәртебелі, абыройлы іс.

3. Бесікке салу - жаңа туған баланы бесікке салу. Бесік қасиетті, киелі, құтты




мүлік, сәбидің алтын ұясы болып есептеледі.

4. Қырқынан шығару - баланың туғанына қырық күн толған соң, оны ыдысқа қырық қасық су құйып шомылдырады. Ол сәбидің жан-жүйесінің қалыптасып дені сау болып өсуіне деген ақ тілектен шыққан.

5. Тұсау кесер - сәби қаз тұрғаннан кейін тез жүріп кетсін деген тілекпен жасалатын ғұрып.


- Қазақтың өмір салтын, өрен салтын қолдану мен дәріптеуді ғұрып дейміз. Қазақ халқында қалыптасқан бірнеше ғұрыптар:

1. Ат қою - қазақ халқы жаңа туған сәбиге жақсы есімдер мен әйгілі адамдардың атын қойған. Сонымен бірге бала есімін беделді кісілерге қойғызып, батасын алған.

2. Кекіл - жас балалардың шашын ұстарамен алып тастайды да, маңдайына бір шөкім шаш қалдырып, оның жиегін тегістеп қиып қояды. Оны «кекіл»дейді.

3. Айдар - балалардың төбе шашын ұзартып өсіріп қояды. Бұл ғұрып ер балаға жасалады. Сәбилерге шаш орнына кекіл, тұлым да қойылады.


- Дәстүр - халықтың атадан балаға көшіп, жалғасын және дамып отыратын тарихи әлеуметтік, мәдени-тұрмыстық, кәсіптік, салт-сана, әдет-ғұрып, тәлім-тәрбие және рухани іс-әрекеттер көрінісі. Қазақтың бірнеше дәстүрлерін атап өтсек.



2- тапсырма

Мұғалім:

- Енді, «Кім білгір?» ойынын ойнаймыз.

- Бүгінгі тәрбие сағатымыз қызықты өту үшін, келесі танымды ойынға берейік. Мына қоржынға асықтар салынған. Ол асықтардың бетінде сан жазылған. Қоржыннан кез келген бір асықты аласыңдар. Шыққан сол санға байланысты сұрақ қоямыз, кім көп жауап береді екен?

1-сұрақ. Он атаны таратып беріңіз. (Әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене, туажат, жегжат, жұрағат, жамағат)


2-сұрақ. Үш мақсатты ата. (Жол мақсаты-жету, дау мақсаты-біту, сауда мақсаты-ұту)


3-сұрақ. Үш арсыз. (Ұйқы арсыз , күлкі арсыз, тамақ арсыз)

4-сұрақ. Үш алыс. (Кәрі мен жас, жақсы мен жаман, алыс пен жақын)

5-сұрақ. Үш биді атаңыз. (Төле би, Әйтеке би, Қазыбек би)

6-сұрақ. Үш жүзді атаңыз. (Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүз)

7-сұрақ. Үш даусыз. (Мінез, кәрілік, ажал)

8-сұрақ. Жігіттің үш жақын жұртын ата. (Ағайын жұрт, нағашы жұрт, қайын жұрт)

9-сұрақ. Үш арыс. (Сәкен Сейфуллин, Бейінбет Майлин, Ілияс Жансүгіров)

10-сұрақ. Үш сауап. (Шөлге құдық қазған. Өзенге көпір салған. Жолға ағаш еккен)

3- тапсырма

Мұғалім:

- «Сөздің көркі – мақал» демекші мақалдап сөйлеу жарысына да кезек берейік. Екі оқушы жарысқа шығады.


1-оқушы:

- Ассалаумағалейкүм, қарсыласым.

2-оқушы:

- Амансың ба, достым?


1-оқушы:

- Алыстан алты жасар бала келсе, алпыстағы шал сәлем береді.

2-оқушы:

- Қуыс үйден құр шықпа.


1-оқушы:

- Сыйлап берген су, сатып алған балдан артық.

2-оқушы:

- Сыйға сый, сыраға бал


1-оқушы:

- Бірлік түбі – тірлік

2-оқушы:

- Биік төбеге шықсаң, көзің ашылады, жақсымен сөйлессең, көңілің ашылады.

Қорытынды.

- Балалар, бүгінгі біздің ашық тәрбие сағатымыздың максаты - заман өзгерсе де, ұлттык салт -дәстүріміздің ұмытылмайтынын еске салып, ұлттык мұраны кайта жаңғырту.

- Әрбір жас ұрпақ болашакта халқын сүйетін, еліне адал қызмет ететін, тілінің, салт-дәстүрінің жанашыры



болатынМұғалім:.
Шығармашылық жұмыс

Эссе жазу.

Қажетті білімді толық меңгердім бе?

Қай дағдыларды қалыптастырдым?

Үйге тапсырма

Баяндама жазып келу






Сұрақтарға жауап беріп,ат салысады.

Оқушы өз ойларын ортаға салады.

Оқушы жауаптары арқылы жаңа тақырыпқа көшу

Оқушы өз болжамдарын айтып, талқылау жүргізеді








Оқушылар кестемен жұмыс жасап сәйкестендіреді

1. Тыштырма -

сәбиді бесікке салар кезде бесіктің түбегі тұратын тесіктен құрт, ірімшік, тәттілер өткізіп «тышты ма? тышты ма?» деп ырым жасайды және оны «тыштырма» деп атайды. Тыштырманы әйелдер ырым




етіп бөлісіп, бала-шағаларына үлестіріп береді.

2. Базарлық - алыс сапарға шыққан адамдардың жақындарына (жерлес, көрші-көлем, жас балалар, сыйлас адамдарына) әкелген сыйлығы.

3. Байғазы - балалардың, жастардың жаңа киімі үшін берілетін ақшалай, заттай сый.

4. Тілашар - баласы 7 жасқа толған соң балаға жаңа киім кигізіп, оқу жабдықтарын дайындап, шағын той өткізеді. Мұны «тілашар»тойы деп атайды.

5. Жеті ата - халқымыз кейінгі ұрпаққа жеті атасын білдіруді міндеттеген. Олай болса жеті ата: Бала, Әке, Ата, Арғы ата, Баба, Түп ата, Тек ата.

6. Асату - ет желініп болған соң төрде отырған ақсақал табақта қалған етті жас балалар мен жігіттерге асатады.













Сұрақтарға жылдам жауап береді


























Слайд.
















Слайд







ЖЖЕ

«Көлік құралдарының аялдау жолы»

Тежеу жолы, біріншіден, машина доңғалағы мен жолдың арасындағы байланыс күшінің әсерінен белгілі болады. Жол құрғақ, автокөлік доңғалағының бедері жаңа болса, онда доңғалақтың жолмен байланыс күші онан сайын күшейіп, тежеу жолы қысқарады. Егер жол тайғақ, доңғалақ бедері жұқарған болса, онда доңғалақтың жолмен байланыс күші азайып, тежеу жолы ұзарады.

Сонымен бірге, автокөліктің тежеу жолы көліктің жүру жылдамдығына көп байланысты. Жылдамдық неғұрлым жоғары болған сайын тежеу жолы соғұрлым ұзын болады. Нақты мысал келтірейік. Автокөлік сағатына 30 шақырым жылдамдықпен жүргенде, жеңіл автокөліктің тежеу жолы 7,2 м, дәл осы жылдамдықта жүк машинасының тепжеу жолы — 9,5 м болады екен. Ал жүк машинасының жүру жылдамдығы 30 шақырымнан 60 шақырымға дейін өссе, тежу жолы 2 есе емес, өкінішке қарай, 4 есе артатыны нақты есептелген әрі дәлелденген.

Тежеу жолы ұзын болуының тағы бір себебі бар. Ол машинаның салмағына да байланысты. Әсіресе ірі жүк машиналары, автобустар, КамАЗ- дар мен КрАЗ-дардың тежеу жолы жеңіл машиналардың тежеу жолынан әлдеқайда ұзын болады.
























Источник: https://www.tarbie.kz/10228





«Жедел қызмет нөмірлері»

«ЖЕДЕЛ ҚЫЗМЕТ НӨМІРЛЕРІ»

Сабақтың мақсаты: оқушыларды төтенше жағдайлардағы ережелерімен таныстыру.

Негізгі міндеттер:

1. Оқушылардың мамандандырылған қызметтерге көмек сұрай білуін дамыту.

2. Қандай жағдайларда шұғыл қызметтерге қоңырау шалу керектігін

түсіндіріңіз.





3. Оқушыларды шұғыл қызмет операторына ақпаратты дұрыс және анық жеткізуге үйрету.

Материалдар мен ресурстар:

Сабақтың осы тақырыбы бойынша мысалдарды көрсетуге арналған презентация.

Жедел қызмет нөмірлері туралы жадынамалары бар үлестірме материалдар. Проектор, проекциялық экран, компьютер.

Сабақтың барысы

1. Кіріспе (2 минутқа дейін):

Суреттерден құтқару қызметінің түрін анықта, құтқару қызметінің нөмірлерін

айт.




- Ортақ құтқару қызметінің нөмірін айт.

Кез келген қауіпті жағдайдан құтқаратын ортақ телефон нөмірі – 112. Бұл нөмірге хабарласу арқылы барлық қауіпті жағдай бойынша көмек ала аласыз. Төтенше жағдай кезінде бастысы, сабыр сақтап, диспетчерге, болған жағдайды дұрыстап түсінікті жеткізу қажет.

«Есте сақта!»

Өрт күзеті 101

Полиция 102

Жедел жәрдем 103

Төтенше газ қызметі 104,112

Бірыңғай құтқару қызметі 112

«111 жедел қызметі» байланыс орталығы балалар мен

ересектер өздеріне көмек қажет екендігі туралы, тұрмыстық зорлық-зомбылық, балалардың құқықтарының бұзылуы туралы, баланың көшеде, үйде, көлікте жалғыз қалғаны туралы, өміріне және денсаулығына қауіп төнгенде хабарласу үшін ашылған.

- «111» нөмірі – 24/7 байланыста

- «111» нөмірі – құпиялылықты сақтайды 111

- «111» нөмірі – тәулік бойы ІІД және өңірлердің жедел топтарымен байланыста.


2.

Қорытынды. Сабақты қорытындылау, балалар үйге қайталау үшін ала алатын шұғыл қызмет нөмірлері бар жадынама тарату.



Негізгі бөлім

- Өмірде жалғыздан-жалғыз қиын жағдайда қалып қоятын кездерде барлығын өзің жеңіп шығуың керек болады. Егер сен құтқару қызметтерінің нөмірлерін білсең, өзіңе де, айналаңдағы басқа адамдарға да көмектесе аласың. Ендеше нөмірлерді жазып ал!

Жағдаяттарды талқылау:



Үйде сен бір өзіңсің. Кенет түтіннің иісін сездің. Келесі бөлмеге барсаң, өртшығып жатыр. Сенің әрекетің.....

Спорттық алаңда балалар ойнап жүр. Араларында ересек адам жоқ. Ұлдардың біреуі құлап қалды. Ол қатты айқайлап жылап тұр. Баланың ауруы қатты ұлғая бастады. Сіздің әрекетіңіз...

Сен мектептен үйге келдің. Ата-анаң жұмыста, қарындасың балабақшада.

Ал үйден жағымсыз иіс шығып тұр. Газдың иісіне ұқсайды, сен не істейсің … Үйде жалғыз қалдың, сенің ішің пысып кетті. Сен қалжыңмен өрт қызметіне

телефон соғып, көршіүйде өрт болып жатқандығын хабарладың. Терезеге жақындап

өрт қызметінің машинасын күтіп тұрсың.

Осы оқиғаны аяқта .....

3. Практикалық бөлім. (6 минут)

Жағдайларды талдау.

Төтенше жағдайға қоңырау шалған кезде, сізге хабарлау керек:

1. Алдымен қоңырау шалу керек: мекенжайды айтып, байланыс үзілсе де, құтқарушылар қайда бару керектігін біледі.

2. Бұл қайда болды: аулада, пәтерде, қоймада және тағы басқа жерлерді нақты айту керек.

3. Не болғанын нақты хабарлау: теледидар, жиһаз жанып тұр; газдың иісі сезіледі.

Егер диспетчер сұраса сіз үйдің, пәтердің нөмірін, кіре беріске кіру кодын және барлық қажетті мәліметтерді нақтылап айту керек.

Пайдалы сілтемелер:

https://orken-instituty.kz/ru/telefony-goryachih-linij https://youtu.be/XN1hCSucuqQ?si=d0QrFl9yslUOu2dn


https://youtu.be/ylMqQnk_eq4?si=zzekmQUmfe_7ldVC











Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
18.11.2024
156
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі