«Қазақстан халқының салт-дәстүрлері мен әдеп-ғұрыптары»
Тәрбие сағаты
Тақырыбы: Салт-дәстүрім-алтын қазынам
Сыныбы:
Мақсаты: Оқушыларға ұлттық мәдениет пен қазақ халқының салт-дәстүрі, әдет-ғұрпының тәрбиелік мәні туралы таныстыру, оқушылардың бойына ұлттық құндылықтар мен рухани адамгершілік, имандылық қасиеттерді қалыптастыру
Күтілетін нәтиже: Оқушыларға ұлттық мәдениет пен қазақ халқының салт-дәстүрі, әдет-ғұрпының тәрбиелік мәні туралы біледі, оқушылардың бойына ұлттық құндылықтар мен рухани адамгершілік, имандылық қасиеттерді қалыптасады
Сабақтың түрі: Жанұялық құндылық сағаты
Қолданылатын әдіс-тәсілдер: Кинометафора, «ақ сүйек», «шаңырақ», т.б
Қолданылатын құрал-жабдықтар:интерактивті тақта, маркер, филипчарт , ленталы шаңырақ, қоржын
Көрнекілігі: ұлағатты сөздер жазылған плакаттар, «салт-дәстүрім –қазынам» буклет, шарлар
Жоспары:
1. Психологиялық ынтымақ орнату. «Сәлемдесу тренингі» әр ұлттың сәлемдесуі
2. Топқа бөлу «Тойбастар» конфет түстері арқылы 3 топқа бөлу
3. Миға шабуыл «Кинометафора» әдісі
4. Топтық жұмыс «Ақ сүйек» әдісі
5. Сергіту сәті «Мақал сөздің мәйегі»
5. «Шаңырақ» әдісі арқылы бекіту
6.Кері байланыс «Бессаусақ» әдісі
7. Рефлексия «Нысана» әдісі
Сабақтың басы:
Армысыздар, оқушылар, ұстаздар!
Ата-салтым – асыл мұрам, ардағым,
Бабалардың жалғастырар арманын.
Сан ғасырда қалпын бұзбас қадірім,
Өткенімді бүгініммен жалғадым –деп ақын жырына арқау болған халқымыздың ұлттық мәдениеті, әдет-ғұрпы, салт-дәстүрін танып –білуге арналған бүгінгі «Салт-дәстүрім-асыл қазынам» атты тәрбие сағатына қош келдіңіздер!
Сәлем сөздің анасы дегендей ең алдымен бір-бірімізбен амандасып алайық, олай болса кәне, оқушылар ортаға шығып әр елдің сәлемдесу түрлерін көрсетейік. Рахмет!
Иә, балалар, бұдан біз әр елдің амандасу ғұрпының , өзіндік ерекшелігі бар екенін байқадық. Яғни, амандасу – әр халық мәдениетінің қайнар бұлағы десек, артық айтқандық емес. Әр елдің әдет-ғұрпы мен тұрмыс-тіршілігіне, салт-дәстүріне байланысты сәлемдесу түрлері де өзгеше болып келеді екен. Балалар енді ортаға тағы да бір ұлттық дәстүрдің бірі «тойбастарды» тартуға рұқсат етіңдер. Ал балалар тойбастардан аланған конфет түрлері арқылы 3 топқа бөлініп, өз тобымызға жайғасайық.
Ендігі кезекте экранға назар аударайық. «Кинометафора» әдісі бойынша «Қыз Жібек» фильмінен салт-дәстүрге байланысты үзінді көрсетіледі.Оқушылар фильмде көрсетілген салт-дәстүрлер жайында ойларын ортаға салады, талдайды, сабақ тақырыбын анықтайды.
Сабақтың ортасы: Топтық жұмыс «Ақ сүйек» әдісі
Ортаға тақырып аты жазылған «ақ сүйек» тасталады, топ басшылары «ақ сүйекте» жазылған тақырыпты бөліп алады. «Ақ сүйекте» жазылған тақырыптар
№1 «Бала тәрбиесіне байланысты салт-дәстүрлер», постер қорғау
№2 «Бала тәрбиесіне байланысты әдет-ғұрыптар», көрініс көрсету
№3 «Қазақ халқының ырым-тиымдары», ребус құрау, қорғау
ҚБ «Ай» әдісі арқылы бағалау
Толық ай – тапсырма толық орындалды
Жарты ай – тапсырма жартылай орындалмады
Жаңа туған ай - тапсырма толық орындалмаған
Сергіту сәті. «Мақал сөздің мәйегі» мақал –мәтел жарысы
Сабақтың соңы:
«Шаңырақ» әдісі арқылы бүгінгі сабақты бекіту. Топ мүшелері шаңырақтағы лентада жазылған сұрақтарға жауап береді,
Кері байланыс «Бессаусақ» әдісі арқылы оқушылар кері байланысқа түседі
-
Бас бармақ: Менің көңіл-күйім.
-
Балан үйрек: Не білдім?
-
Ортан терек: Қайда қолдана аламын.
-
Шылдыр шүмек: Қандай кедергі болды?
-
Кішкене бөбек: Менің тілегім.
Рефлексия «Нысана» әдісі бойынша бүгінгі сабаққа қорытынды жасайды
Қосымша-1
Дәстүр-халықтың атадан балаға көшіп,жалғасын және дамып отыратын тарихи әлеуметтік, мәдени-тұрмыстық, кәсіптік, салт-сана, әдет-ғұрып,мінез-құлық,тәлім-тәрбие және рухани іс-әрекеттер көрінісі.
Шілдехана (салт)
Жаңа туған нәрестенің құрметіне жасалатын ойын-сауық той.
Кіндік кесер (салт)
Нәресте туған сәтте оның кіндігін кесетін әйелдер (Кіндік шешесі) дайын тұрады. Кіндік кесу – мәртебелі, абыройлы іс.
Бесікке салу (салт)
Жаңа туған баланы бесікке салу. Бесік қасиетті, киелі, қуатты мүлік, сәбидің алтын ұясы болып есептеледі.
Тыштырма (дәстүр)
Сәбиді бесікке салар кезде бесіктің түбегітұратын тесіктен құрт, ірімшік, тәттілер өткізіп «тыштыма, тыштыма» деп ырым жасайды және оны «тыштырма» деп атайды.
Қырқынан шығару (салт)
Баланың туғанына қырық күн толған соң оны ыдысқа қырық қасық су құйып шомылдырады. Ол сәбидің жан жүйесінің қалыптасып дені сау болып өсуіне деген ақ тілектен шыққан.
Тұсау кесер (салт)
Сәби қаз тұрғаннан кейін тез жүріп кетсін деген тілекпен жасалатын ғұрып.
Базарлық (дәстүр)
Алыс сапарға шыққан адамдардың жақындарына (жерлес, көрші – көлем, жас балаларға, сыйлас адамдарына) әкелген сыйлығы.
Байғазы (дәстүр)
Балалардың, жастардың жаңа киімі үшін берілетін ақшалай, заттай сый.
Тілашар (дәстүр)
Баласы 7 жасқа толған балаға жаңа киім кигізіп, оқу жабдықтарын дайындап, шағын той өткізеді. Мұны «тілашар» тойы деп атайды.
Қосымша -2.
Әдет-ғұрып – белгілі бір қоғамдық-әлеуметтік ортада пайда болып, оның мүшелерінің мінез-құлқының, тұрмыс-тіршілігінің бұлжылмас қағидаларына айналған жөн-жосық, жол-жоралғы.
Қазақ халқында қалыптасқан бірнеше ғұрыптар:
1)Ат қою(ғұрып). Қазақ халқы жаңа туған сәбиге жақсы есімдер мен әйгілі адамдардың атын қойған.Сонымен бірге бала есімін беделді кісілерге қойғызып батасын алған.
2)Айдар(ғұрып). Балалардың төбе шашын ұзартып өсіріп қояды.
Бұл ғұрып ер балаға жасалады. Сәбилерге шаш орнына кекіл, тұлым да қойылады.
3)Кекіл (ғұрып). Жас балалардың шашын ұстарамен алып тастайды да маңдайына бір шөкім шаш қалдырып, оның жиегін тегістеп қиып қояды. Оны «кекіл»дейді.
Қосымша-3
Ырым –тиымдар.
.Қазақ халқы баланы жастайынан адамгершілікке тәрбиелеп, ол үшін көптеген тыйым сөздер айтып, жаман әдеттерден сақтап отырған.
Дастарқаннан аттама.
Нанды жерге тастама.
Ақты төкпе.
Бос бесікті тербетпе.
Үйдің ішінде ысқырма.
Тізеңді құшақтама.
Босағаны керме.
Отпен ойнама.
Үлкеннің алдынан кесіп өтпе.
Су ішіп отырған құдығыңа түкірме.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Салт-дәстүрім -асыл қазынам. Тәрбие сағаты.doc

шағым қалдыра аласыз