Материалдар / Салт дәстүрім-сарқылмайтын байлығым

Салт дәстүрім-сарқылмайтын байлығым

Материал туралы қысқаша түсінік
оқушыларға қазақ халқының салт - дәстүрлері мен әдет-ғұрпының тәрбиелік мәнін ұғындыру, баланың бойына адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру, халық өнегесін үйрету.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Наурыз 2018
742
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: Салт-дәстүрім – сарқылмайтын байлығым

Мақсаты: оқушыларға қазақ халқының салт - дәстүрлері мен әдет-ғұрпының тәрбиелік мәнін ұғындыру, баланың бойына адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру, халық өнегесін үйрету.Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, таныстыру,әңгімелеу,баяндау.

1 - оқушы: Тәрбие дәстүрі.Әр ұлттың, халықтың, діні мен сеніміне, тұрмыс тіршілігіне, ұлттық құрылым ерекшелігіне сәйкес ғасырлар бойы жинақталып, өмірдің өзі туғызған ғұрыптар тұғырының негізгі салт ретінде қалыптасқан. Шілдехана (салт)- жаңа туған нәрестенің құрметіне жасалатын ойын - сауық, той. Кіндіккесер (салт). Нәресте туған сәтте оның кіндігін кесетін әйелдер (кіндік шешесі) дайын тұрады. Кіндік кесу – мәртебелі, абыройлы іс. Бесікке салу (салт)- жаңа туған баланы бесікке салу. Бесік - қасиетті, киелі құтты мүлік, сәбидің алтын ұясы болып есептеледі. Қырқынан шығару (салт). Баланың туғанына қырық күн толған соң оны ыдысқа қырық қасық су құйып шомылдырады. Ол сәбидің жан – жүйесінің қалыптасып дені сау болып өсуіне деген ақ тілектен шыққан. Тұсау кесер (салт)- сәби қаз тұрғаннан кейін тез жүріп кетсін деген тілекпен жасалатын ғұрып. Қазақтың өмір салты, өрен салты т. б. қолдану мен дәріптеуді ғұрып дейміз.2 - оқушы:Қазақ халқында қалыптасқан ғұрыптар Ат қою (ғұрып). Қазақ халқы жаңа туған сәбиге жақсы есімдер мен әйгілі адамдардың атын қойған. Сонымен бірге бала есімін беделді кісілерге қойғызып батасын алған. Айдар (ғұрып). Балалардың төбе шашын ұзартып өсіріп қоады. Бұл ғұрып ер балаға жасалады. Сәбилерге шаш орнына кекіл, тұлым да қойылады. Кекіл (ғұрып). Жас балардың шашын ұстарамен алып тастайды да, маңдайына бір шөкім шаш қалдырып, оның жиегін тегістеп қиып қояды.3 - оқушы:Дәстүр - халықтың атадан балаға көшіп, жалғасып және дамып отыратын тарихи әлеуметтік, мәдени - тұрмыстық, кәсіптік, салт - сана, әдет - ғұрып, мінез - құлық, тәлім - тәрбие және рухани іс - әрекеттер көрінісі.Базарлық (дәстүр)- алыс сапарға шыққан адамдардың жақындарына әкелген сыйлығы.Байғазы (дәстүр)- балалардың, жастардың жаңа киімі, заты үшін берілетін ақшалай, заттай сый.Тілашар (дәстүр)- баласы жеті жасқа толған соң балаға жаңа киім кигізіп, оқу - жабдықтарын дайындап, шағын той өткізеді. Мұны «Тілашар» тойы деп атайды.Жеті ата (дәстүр)- халқымыз кейінгі ұрпаққа жеті атасын білуді міндеттеген.Асату (дәстүр)- ет желініп болған соң төрде отырған ақсақал табақта қалған етті жас балалар мен жігіттерге асатады.2 - жүргізуші: Бүгінгі кешіміз қызықты өтуі үшін келесі кезекті танымдық ойынға берейік. Мына қоржында асықтар салынған. Ол асықтардың бетінде сан жазылған. Қоржыннан кез - келген бір асықты аласыңдар. Шыққан сол санға байланысты сұрақ қоямыз, кім көп жауап береді екен.?«10» саны- Он ата шежіресін таратып беріңіз.(әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене, туажат, жегжат, жұрағат, жұмағат)«3» саны- Үш мақсатты ата.(жол мақсаты - жету, дау мақсаты - біту, сауда мақсаты - ұту)- Үш арсыз (ұйқы арсыз, күлкі арсыз, тамақ арсыз)- Үш алыс (кәрі мен жас, жақсы мен жаман, алыс пен жақын)- Үш биді атаңыз (Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би)- Үш жүзді атаңдар (Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүз)- Үш даусыз (мінез, кәрілік, ажал)- Жігіттің үш жақын жұртын ата.(ағайын жұрт, нағашы жұрт, қайын жұрт)- Үш арыс (Сәкен, Ілияс, Бейімбет)- Үш сауап (шөлге құдық қазған, өзенге көпір салған, жолға ағаш еккен)Үш байлық (денсаулық, ақ жаулық, он саулық)- Үш тәтті (жан тәтті, мал тәтті, жар тәтті)«4» саны- Төрт қонақ түрін атаңдар (арнайы қонақ, құдайы қонақ, қыдырма қонақ, қылғыма қонақ)- Төрт түліктің пірін атаңыз (түйе пірі - Ойсыл қара, жылқы пірі - Қамбар ата, сиыр пірі - Зеңгі баба, қой пірі - Шопан ата, ешкі пірі - Шекшек ата)- Төрт қымбат не? (Алтын ұяң Отан қымбат,Құт - береке атаң қымбат.Мейіріміңді анаң қымбат,Бәрінен де ұят пенен ар қымбат)«5» саны- Бес дұшпан (өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ)- Бес асыл (талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым)- Бес байлық (Әуелгі байлық - денсаулық.Екінші байлық - еркіндік.Үшінші байлық - тіл байлық.Төртінші байлық - қайрат - күш, ақ жаулық.Бесінші байлық - балаңыз.)- Бес қаруға нелер жатады?(мылтық, садақ, найза, қылыш, айбалта)- Бес жақын кімдер? (Тату болса - ағайын жақын,Ақылшы болса апайың жақын.Бауырмал болса - інің жақын,Инабатты болса - келінің жақын.Алдыңа тартқан адал асын,Қимас жақын – қарындасың.)«6» саны- Алты алаш деген кімдер?(Алаш ханның балалары: Қазақ, Қарақалпақ, Қырғыз, Өзбек, Түркімен, Жайылхан)- Алты қиынды атаңдар.(Арадан шыққан жау қиын,Таусылмайтын дау қиын,Шанышқылаған сөз қиын.Жазылмаған дерт қиын.Іске аспаған серт қиын,Ақылыңнан адасып,Өзің түскен өрт қиынНе істеріңді біле алмай,Ашиды сонда бас миың)«7» саны- Жеті жұт.(құрғақшылық, мал жұтау, оба,(індет), өрт, соғыс, жер сілкіну, сел (тасқын)- Жеті күнді атаңдар (Бүгін - дүйсенбі.Ертең - сейсенбі.Бүрсігүні - сәрсенбі.Арғы күні бейсенбіҚасиетті күн жұмаСоңғы күні - сенбіАзына - жексенбі.)- Жеті қазынаны атаңыз.(ер жігіт, сұлу әйел, ілім - білім, жүйрік ат, құмай тазы, қыран бүркіт, берен мылтық)Жеті атаны таратыңыз?(әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене, туажат.)- Жеті жетімге нелер жатады?(Тыңдаусыз қалған сөз жетім,Қиюсіз қалған бөз жетім.Қанатты сөз, мақал мен мәтелдерге.«Сөздің көркі - мақал» деген ұғым бар. Біздің ойынымыз қыза түскен тәрізді. Мақалдап сөйлеу жарысына да кезек берейік. Қане, екі жақтан жарысқа кім шығады? - Ассалаумағалейкүм, қарсыласым. «Алыстан алты жасар бала келсе, алпыстағы шал сәлем береді» деген, сәлем беруге келдім.- Амансың ба, досым. «Қуыс үйден құр шықпа»деген, тізеңді бүгіп дәм ауыз ти.- «Сыйлап берген су сатып алған балдан артық»дегендей жайғассақ жайғасайық.- «Сыйға сый, сыраға бал»демекші өткенде өздеріңе риза болып қайттық қой.- «Аз да бітер, көп те бітер, татулыққа не жетер»демекші татулық пен ауызбірлікке не жетсін!- «Төртеу түгел болса алар, алтау ала болса алдырар»деген ғой, о не дегеніңіз?Бірлік түбі - тірлік»деген ғой бабаларымыз, бірлік болсын.Биік төбеге шықсаң, көзің ашылады, жақсымен сөйлессең, көңілің ашылады»дегендей көңіліміз марқайып қалды ғой.Әңгіме әңгіме дегізер, әңгіме бұзау емізер»демекші қой қайтайын, мал келетін уақыт болды.-«тау тауға қосылмас, адамға адам қосылмас»деген, әлі кездесерміз, сау бол!.

Мына үзік - үзік сөздерден мақал құрастыру керек.1. Ұяда ұшқанда (Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің.)2. Ата... бала...(Ата - бәйтерек, бала - жапырақ.)3. Ер... ез...(Ер біл өледі, ез мың өледі.)4. Өле... бөле...(Өле жегенше бөле же.)5. Таяқ... сөз...(Таяқ еттен өтеді, сөз сүйектен өтеді)6. Мал... жер...(Мал баққандікі, жер жыртқандікі.)7. Тентектің... түстен...(Тентектің ақылы түстен кейін кіреді.)8... сүйіндіреді,... күйіндіреді...(Жақсы сөз сүйіндіреді, жаман сөз күйіндіреді.)9. Мысыққа..., тышқанға...(Мысыққа ойын керек, тышқанға өлім керек.)10. Мектеп..., білім,(Мектеп - кеме, білім - теңіз.)











Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ