жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
"Шамшырақ" газеті

Тараз қаласы, Желтоқсан айы
«Болашақ» мектеп- 2015жыл
интернатының төл газеті №2


Қ
ұрметті "Шамшырақ" журналының оқырмандары!
Жан сарайыңды рухани дүниемен байытып, асқақ армандарға жетелеуді мақсат еткен "Шамшырақ" журналы жас жеткіншектеріміздің жан серігіне айналып, жас дарындарға жол көрсетер шамшырақ болып келе жатқанын мақтанышпен айта аламыз!
Міне, жаңа оқу жылы басталып, бірінші тоқсандыда артқа тастадық. Мектеп жылдары ғажайып жылдар деп бекер айтылмаған. Оқушыларымыздың жарқын болашағына қосып жатқан ерен еңбектерін жария ететін, білім нәрін сусындай отырып, ой-өрісін, қарым-қабілетін танып-білу мақсатында ұйымдастырылатын түрлі ой-жарыс, зияткерлік байқаулар, спорттық жарыстар мен қызықты кештер ұйымдастыру, мерекелерге орай нақышына келтіре орындайтын тамаша әсем әндер мен көздің жауын алатын әр түрлі ұлттың киімін киген бишілердің орындауындағы билердің әдемілігін паш ететін бірде-бір журнал осы.
Ендеше, құрметті оқырман, "Шамшырақ" газетінің одан әрі шарықтап дамуына өз үлестеріңді қоссаңдар дейміз. Мектебіміздің күнделікті тыныс-тіршілігінен, өз өмірлеріңізден алынған қызықты мәліметтер болса, мақалаларыңызды жариялауға ұсыныс білдіреміз. Қаламдарыңыз ұштала берсін!

Қ
анатың талмасын "Үміт
қанатында"фестивалі
Еліміздегі мүмкіндігі шектеулі жандарға барынша қолдау көрсету керектігін Елбасы халыққа Жолдауында баса айтқан болатын. Мұндай қоғам мүшелеріне қамқорлық көрсету тек мемлекеттің ғана емес, кез-келген азаматтың парызы . Білім алуына, жұмыс жасауына көмек көрсету азаматтық парызбен қатар, үлкен сауапты іс екенін бәрімізге айқын. Осы орайда Тараз қаласындағы көзі әлсіз көретін азаматтарға арналған кітапхана жылда зағиптар күніне орай "Үміт қанатында" атты фестивальді өнерлі зағип және көзі нашар көретін балалар мен азаматтарға арнайы ұйымдастырып отырады. Фестиваль облыс көлеміндегі барлық аудан, қалалардан көзі нашар көретін азаматтарды шақырады. Осы аталған кітапхана тарапынан біздің "Болашақ" мектеп-интернатының балаларына да барынша қолдау көрсетіледі десек артық айтпаған болар едік.
Мекеме мамандарының тынбай еңбектенуінің арқасында, балалардың білім мен өнерге деген талпынысы да жоғары. Өнерге деген құштарлығының нәтижесінде үлкен көрсеткіштерге қол жеткізіп келеміз. Атап айтсақ "Үміт қанатында" фестиваліне "Болашақ" мектеп-интернатынан 5 оқушы қатысып жүлделі орындарға ие болып қайтты. Бейнелеу өнері мен қол өнер номинациясы бойынша Баймұрат Аңсар 1 - орын ды иеленсе, аспапта орындау номинациясында Абдрахманов Бақдаулет 2 - орынды жеңіп алды. Мектебіміздің кішкентай жұлдыздары Бақыт Кәусар ән айтудан алдына жан салмай 1-орынды қанжығасына байласа, Рыспек Алмаз 2-орынды алып қайтты. Сонымен қатар мәнерлеп оқу номинациясы бойынша Кутубай Аружан Мұқағали Мақатаевтың "Отан" өлеңін нақышына келтіре оқып, 2-орын жеңімпазы атанды. Осындай жеңістерге жеткен біздің оқушыларымыздың қуанышында шек болмады. Рахмет саған "Үміт қанатында" фестивалі! Өсіп, өркендей бер!
Фестиваль
"Үм іт
қанатында"









Берекелі әрі мерекелі
күз айларында аталып өтетін кештердің бірі «Алтын күз»
мерекесі. Күз мезгілінде сап-сары алтындай күйге енетін
табиғат көркі, пісіп- жетілген жемістер адам жанына берер жылуы
мол. Екінші тоқсанның алғашқы
күндерінде «Арайлы, Алтын күз» атты күзгі балл кеші өтті.
Бал 1-10 сынып
оқушылары арасында ұйымдастырылды. Кеш мақсаты оқушылардың әртүрлі
іс-шараларға белсене қатысуы, біліммен қатар өнерді бірге алып
жүруге дағдыландыру, уақыттарын көңілді өткізу. Мектептің музыкалық
залы шарлармен, күзгі жапырақтармен, «күз» тақырыбына оқушылар
жасаған суреттермен безендірілді. Бір айта кететін жай биылғы
балдың ерекшелігі байқауға барлық сынып оқушылары қатыстырылды. Кеш
барысында сайыс тазалығын, әділ бағасын беретін әділқазылар алқасын
сайлап, сайыс арасында әсерлі ән шырқалып, мың бұралған
бишілердің орындауында би биленді. Кеш өте жоғары деңгейде болып,
қызықты, әрі есте қаларлықтай әсер қалдырды. Сайыстар арасындағы
үзілістерде көрермендермен ойындар өткізіліп, әзіл сұрақтарға
жауаптар берілді. Кеш мәресіне жете бере әділқазылар алқасы
шешімімен жоғары және орта буын оқушылары арасында бас жүлдені
иеленген 9 "ә" сынып оқушысы Омарь Әнель «Күз ханшайымы» атанса,
бастауыш буын арасында 4 "а" сынып оқушысы Пернәлі Айсұлу бас жүлде
«Күз ханшайымы» атанып, жоғарыда аталған жеңімпаздарға бағалы
сыйлықтар табысталды. Сайысқа қатысқан барлық сыныптар әр түрлі
номинация бойынша марапатталып, бағалы сыйлықтар сыйланды. Осындай
айдарлы кештер жыл бойына жалғасын табады деп
сенеміз! 
1
-желтоқсан
тұңғыш президент күні
Барша ұлтты бауырына басқан
бауырмал Қазақ халық біреуді артық, біреуді кем деп көрмеген.
Татулық пен достықта тұруды ежелден серік еткен. Қазақстан - өз
ұлты, халқы, діні, тілі, мәдениеті, тарихы, салт-дәстүрі бар
құдіретті ел. Қазаққа тән ата-бабаларымыздан қалған ар-намыс,
жігер-қайрат, қайтпас қанат мұра ретінде келешек ұрпаққа дейін
жеткен. Қазақ елі тәуелсіз болса деген арман ұшқын шашса, бүгінгі
таңда Қазақстан Республикасы Қазақ елінің соңғы жиырма төрт жыл
тұтқасын ұстап, туын көтерген тұрлаулы да тұғырлы тұлғасы – тұңғыш
Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың басшылығымен, жаһанға аты жеткен
мемлекетке айналды. Ұлы даланың тағдыр-тарихын барлық дем тынысымен
түсініп, елінің ендігі тарихын сол ұлылар рухында одан әрі
жаңғырта, жасарта алып кететін ер, көзсіз батыр, тап-таза ар -
намыстан жаралған қайтпас-қайсар қайраткер,
Нұрсұлтан Әбішұлы - жер бетіне сөзін өткізіп, отырған бүгінгі
заманның көрнекті саясаткері, Қазақстанның тәуелсіз мемлекетін
құрудың басында тұрған, осы жолдағы не қилы тар жол, тайғақ кешуді
халқымен бірге өтіп, қиыншылықтарын бөліскен, бүгінде әлем мойындап
отырған жаңа мемлекетті қалыптастырған, болашаққа бағыттап бара
жатқан ұлы тұлға. 1-желтоқсан Тұңғыш Президент күнін мектеп оқушылары
"Елін сүйген, елі сүйген Елбасы" атты тақырыбында ауқымды іс-шара
ұйымдастырып, мерекелік кеш өткізді. Кеш барысында Елбасы туралы
бейнефильм көрсетіліп, өмірбаянына шолу жасалды. Елбасының
құрметіне арналған кеш көрермендерге ерекше әсер етіп, болашақ
жастарымызға үлгі боларлық тағылым
болды.





Б
үгін бабаларымыз сан мыңдаған жылдар бойы армандаған
Тәуелсіздік күні. Желтоқсанның екпінімен келген Тәуелсіздіктің біз
үшін орны ерекше. Сондықтан да «толарсақтан саз кешкен» батыр
бабаларымыздың әр жылда төгілген қанының, ұлы мұраттар жолында
құрбан болған асыл азаматтарымыздың асқақ армандарының, сәбиін
білегімен, даласын жүрегімен тербеткен аналарымыздың көз жасының,
Жаратқаннан тілеген медетінің арқасында қол жеткізген Тәуелсіздікті
біз әрқашан мақтан тұтып, қастерлей білуге тиістіміз. Осы айтулы
мерекеге орай "Болашақ" мектеп-интернатының қызметкерлері мен
оқушылары "Тәуелсіздік-тұғырым" атты театрландырылған ауқымды кеш
ұйымдастырды.Осы іс-шараны ұйымдастырудағы мақсат өсіп келе жатқан
ұрпағымызға өткен тарихымызға құрметпен қарауға, оқушыларды елін,
Отанын сүюге және егемен елімізді сақтауға және оны гүлдендіруге
құштар патриоттық сезімді, күш – қуаты мол жастарды тәрбиелеу.
Желтоқсанда мерт болған қазақ қыздары мен жігіттерінің рухына,
ерлігіне деген тағзым. Кеш барысында Отан басына күн туған
кезең «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» деген атпен тарихта
аты қалған ашаршылық кезеңдері, Аңырақай шайқасы туралы айтылып,
қазақ хандығының құрылу тарихына тоқталынды.
Аты аңызға
айналған сұрапыл соғыс жылдарында
жанқиярлық ерлігі, өжеттігі мен өрлігі үшін көзге
түскен батыр Бауыржан Момышұлы туралы ерекше
баяндалып, егеменді еліміздің келешегі үшін жанын пида
еткен желтоқсандағы Қайрат Рысқұлбеков және басқа да жастардың
ерліктері жайлы көрініс түрінде көрсетіліп, өлең жолдары арналды.
Кеш соңында жиналған қауым Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік
концертті тамашалады.

Төрлет, Жаңа Жыл!
Жалпы асыға күтетін, қуаныш пен шаттық, үміт пен игі тілекке толы мереке - жаңа жыл да келіп қалды. Әне-міне дегенше, ескі жылды тарих қойнауына тапсырып. жаңа жыл табалдырыгын аттағалы тұрмыз. Осы мерекеге байланысты, мектебімізде тамаша да, қызықты жаңа жылдық мерекелік кеш ұйымдастырылды. Жаңа жылдық кешіміз спорттық залды әшекейлеуден басталды. Әрине, ең басты жаңа жылдың симфолы- мерекелік шыршаны бүкіл мектеп болып сәндедік. Бастауыш буынға арналған жаңа жылдық той ертегі желісі бойынша өтті. Мерекеде басты кейіпкер Аяз ата мен Ақшақардан басқа қазақ ертегілерінің кейіпкерлері Таусоғар, Көлтауысар, Желаяқ, қошқар мен теке де келіп балалармен жаңа жыл мерекесін бірге өткізді. Ескі қой жылы қонақта болып, басқа ұлттың ертегі кейіпкерлері Белоснежка жеті гномдарымен бірге, кішкентай Ақшақарларда балалармен бірге жаңа мешін жылын қарсы алды. Жоғары буын және орта буынға арналған шырша мерекесіне "Праздник" агентвасы спонсорлық көмек ретінде жаңа жылдық мерекелік бағдарламамен келіп, қызықты көріністер көрсетті. Жоғары, орта және бастауыш буын сынып оқушыларына арналған мерекелік той өте қызықты өтіп, әуелеген әуезді ән және мың бұралтар бимен қатар көрермендер арасында жаңа жылдық конкурстар ұйымдастырылды. Конкурстан үздік шыққандарға арнайы сыйлықтар табысталды.
Жаңа жыл мерекесіне арналған кешке қатысқан оқушылар мен көрермен қауымы керемет әсерде, дән ризашылықта тарасты. Мереке соңы барлығы үшін жаңа жылдық би кешіне ұласты. Жаңа жылда жарқын табыстарға жете берейік!







Пайдалы кеңестер:
(
тері
күтімі)

Ұйықтар алдында жасайтын күтім таңертеңгі келбетімізге тікелей әсер етеді. Кейде өзіміз байқамай қалатын қателіктер тізімін ұсынамыз.
Бояуды сүртпеу. Ұйықтап жатқанда бояу біз қалағандай жұмыс істемейді. Егер ұйықтар алдында бетіңіздегі бояуды сүртпесеңіз, ол терідегі ұсақ тесіктерді бітеп, қабынуға итермелейді және терінің қартаюынтездетеді.
Күндізгі крем қолдану. Күндізгі кремдер (көпшілігі) құрамында күннен қорғайтын фактор болады. Сол үшін түнгі кремдерге қарағанда бағасы сәл қымбаттау. Ал ондай күннен қорғайтын фактор бізге түнде қажет емес. Арнайы түнгі кремдер қанық әрі тез сіңгіш болады. Соның себебінен түнгі уақытта жасушалар табиғи жолмен қалпына келуіне көмектеседі.
Шашты жіберу. Шашты жинап ұйықтау шарты барлық адамға арналмаған. Тек бет терісі безеу шығуға бейім адамдарға қойылатын шарт. Бізге "майлы тері" сөз тіркесі таныс, сонымен қатар шашта да май болатынын ұмытпауымыз керек. Егер шашыңызды жіберіп ұйықтасаңыз, шаш бетке тиеді. Содан соң шаштағы майлар бет терісінің жасушаларын бітейді. Сондықтан ұйықтар алдында шашыңызды жұмсақ резеңкемен жинап жатқаныңыз жөн.
Массаж жасауды ұмыту. Бетіңізге массаж жасау үш-ақ минут уақыт жеткілікті. Егер үйреншікті ісіңізге айналдырсаңыз, әжімдерден және тері созылуынан қорықпасаңыз болады. Бет терісіндегі ең нәзік және күйзеліс жиналатын көздің айналасына аса мән беру қажет. Бет терісіне массаж жасаудың әдісін алдыңғы материалда айтып кеткен болатынбыз.
Скрабты шектен тыс қолдану. Әрине, тері жасушаларының қабыршақтануынан құтылу дұрыс әрі жағымды. Бірақ скрабты аптасына екі реттен артық қолданбаған жөн. Скрабты көп қолданғаныңыздың зияны 20 жасыңызда білінбейді. Ал 30 жасқа толғанда теріңіз сезімтал бола бастап, қылтамырлардың жарылуына әкеледі. Соның салдарынан теріңіз ауырғыш және сырт көзге шаршаңқы көрінетін болады.


ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН ҚАУЫМ !
Қолдарыңызға тиіп отырған газет мектеп
мұғалімдері мен оқушыларына, жалпы
оқырмандарға арналған.
тоқсанына бір рет шығады.
2015 жылдың қыркүйек айынан бастап
жарық көре бастады.
Мақала, өлең, хат, сурет, пайдалы кеңестер,
құттықтаулар және сүйіншілеріңіз болса
мектеп тәлімгерінің бөлмесіне
хабарласуларыңызға болады.
Редакция алқасы:
компьютерде терген және әрлеген: Усербаева Г. А.
Тілшілер: Тұрымбек А.
Сайлауова Ұ.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген