Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
"SANALY URPAQ" - сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл кеңсесі
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Шегебаев Мақсат Талғатұлы
Тұран Университеті студенті
«5В030100 Құқықтану» мамандығы
Алматы, Қазақстан
e-mail: shegebaev.maksat99@mail.ru
Ғылыми жетекші:
Досжанова Майра Томасқызы
Тұран Универвеситінің з.ғ.м, оқытушы
Алматы, Қазақстан
e-mail: doszhanova.m@mail.ru
Түйін
Бұл мақалада, жас ұрпақ бойында сыбайлас жемқорлықты қазіргі заманғы құқықтық мемлекеттің құндылықтарымен мүлдем сыйыспайтын құбылыс ретінде санап, оған төзбеушілік сезімін тәрбиелеу және «Тұран» университеті қабырғасындағы білімберу жүйесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана мен мәдениетті қалыптастыру бойынша қарастырылып құралынған.
Резюме
В данной статье рассматривается вопрос о формировании у молодого поколения антикоррупционного сознания и культуры в системе образования в стенах университета «Туран», воспитания чувства нетерпимости к коррупции, считая коррупцию как явление, абсолютно несовместимое с ценностями современного правового государства.
Summary
This article discusses the formation of the younger generation of anti-corruption consciousness and culture in the education system in the University "Turan", education of a sense of intolerance to corruption, considering corruption as a phenomenon that is absolutely incompatible with the values of the modern rule of law.
«SANALY URPAQ» - сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кеңсесі
Түйін сөздер: сыбайлас жемқорлық, іс-қимыл, азамат, қоғам, мемлекет, құқық, сана, мәдениет, кластер, ғылыми-зерттеу институт, кеңсе, инновациялық технологиялар
Ключевые слова: коррупция, деятельность, гражданин, общество, государство, право, сознание, культура, классы, научно-исследовательский институт, офис, инновационные технологии
Keywords: corruption, activity, citizen, society, state, law, consciousness, culture, classes, research Institute, office, innovative technologies
«Қазақстан – 2050» Стратегиясы: Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» «сыбайлас жемқорлықты ұлттық қауіпсіздікке нұқсан келтіретін тікелей қауіптердің қатарына жатқызады және қоғамды осы жағымсыз құбылыспен күреске күш-жігерді біріктіруге бағыттайды». Тәжірибе көрсетіп отырғандай, сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет тек сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға кінәлі тұлғаларды жауаптылыққа тартумен шектелмеуі тиіс. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға, оны тудыратын себептерді жоюға бағытталған құқықтық, экономикалық, ағартушылық, тәрбиелік, ұйымдастырушылық және өзге де шаралардың жүйесі қажет.
Осыған сәйкес кластерді негіздеу мына нұсқаулықтар бойынша қарастырылады:
Біріншіден, кластерлер ұйымдар мен әлеуметтік топтар құндылықтарының бірлескен тізбегі шеңберіндегі өзара әрекеттесу формасының бірі болып табылады.
Екіншіден, Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған Стратегиясында, «Нұр Отан» партиясының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың 2015-2025 жылдарға арналған бағдарламасында бекітілген нысаналы индикаторлардың бірі – құқықтық мәдениет деңгейі, ал негізгі мәдениеттердің бірі – сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана деңгейін қалыптастыру болып табылады [1].
Демек, біздің бірінші кезектегі міндетіміз – азаматтардың санасын жаңғырту. Ал оны жастардан бастау керек, себебі жас ұрпақтың санасы қалыптасу үстінде.
Үшіншіден, біз құқықтық сана мен құқықтық мәдениеттің белгілі бір деңгейін қалыптастырмағанша, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл әрекеті нәтижелі болмауы мүмкін емес. Алдын ала шараларын қолданудың тиімділігі сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананың деңгейіне тікелей тәуелді болып табылады.
Төртіншіден, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана мен құқықтық мәдениетті қалыптастыру жүйелі, мақсатты және үздіксіз процесс болуы тиіс. Бұл мақсатта тек кластерлік басқару шеңберінде ғана қол жеткізуге болады. Қазіргі әлемдік тәжірибе мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің әр түрлі институционалдық құқықтық әдіснамасын көрсетіп отыр.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің және қарсы іс әрекеттің халықаралық-құқытық тәжірибесін талдау нәтижесі көрсеткендей, Оңтүстік-Шығыс Азия елдері (Сингапур, Қытай, Малайзия) мемлекеттік әсер етудің өте қатал, жазалау шараларын қолданады. Тиісінше мұнда институционалдық құрылымдар неғұрлым жақсы дамыған (мамандандырылған мемлекеттік органдардың бірнеше түрлері мен құрылымдық деңгейлері). АҚШ пен бірқатар батыс елдерінің билік органдары мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіне жеке тұлғаларды, тіптен құқық бұзушылық жасаған кінәлі адамдарды да тарта отырып, «мәмілелер», «келісімдер» әдіснамасын кеңінен қолданады. Германияда, Англияда «өндіріп алынатын сомадан пайыз» беру арқылы азаматтардың материалдық қызығушылығын туғызу жолымен жұртшылықты сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске тартуда [2].
Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың негізі – тәрбие және білім беру процесі болып табылады. Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының мақсатты көрсеткіштеріне қол жеткізу үшін және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы жетекші шет елдердің тәжірибесін ескере отырып, «Тұран» университетінің негізінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша ғылыми және білім беру кластерін құру ұсынылып отыр.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша бірыңғай кіластерді құруға ұсынылып отырған жоба бірегей болып табылады және әлемде теңдесі жоқ.
Сәйкесінше, «Тұран» университетіндегі «Sanaly urpaq» кеңсесі ҚР мемлекттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігі мен Алматы қаласының әкімдігімен бірлесе отырып, қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру мақсатында мына ұжымдармен бірігіп қарастырады:
-
ҚР аумақтық қоғамдық қабылдау болмесімен;
-
Алматы қаласы қоғамды қабылдау бөлмесімен;
-
Жаңа технологияларды тарату бойынша Алматы қаласының жобалық кеңсесімен;
-
Қазақстан Республикасы аумақтарының жобалық кеңселерімен.
Бірыңғай институционалды кластерді құру ғылыми ұйым – «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы технологиялар» ғылыми-зерттеу институты мен қоғамдық бақылау органы – «Азаматтық бақылау» қоғамдық қабылдауын, сондай-ақ жүзеге асу процесіндебілім беру жүйесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа технологиялар енгізілетін жоба – Жобалық кеңсесін біріктіруді көздейді. Бірыңғай кластерді құру сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана мен жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру үдерісін дәйекті түрде жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Жобалық кеңселердің қызметі кезінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы технологияларды енгізу бойынша мына төменднгідей мәселелер қарастырылады:
- Жобалық кеңсе (технологияларды енгізу);
- ҒЗИ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы технологиялар» (технологияларды әзірлеу);
- Қоғамдық қабылдау бөлмесі;
- Халықтың өтініштері, арыздары мен шағымдары [3].
Кластердің негізгі құрылымдық элементтерінің бірі, оның (ядросы) – «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы технологиялар» ҒЗИ болып табылады.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы технологиялар» ғылыми-зерттеу институты:
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыру арқылы сыбайлас жемқорлықты жоюға бағытталған жаңа доктриналды бағыттар мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы технологияларды қалыптастыру үшін заңгер-ғалымдардың, экономистердің, саясаттанушылардың, әлеуметтанушылардың, педагоктардың, ақпараттық технология саласындағы мамандардың күш-жігерін біріктіру – «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы технологиялар» ғылыми-зерттеу институтын құрудың және оның қызметінің мақсаты болып табылады;
Іргелі, ізденістік және қолданбалы ғылыми зерттеулерді, сондай-ақ сыбайлар жемқорлыққа қарсы бейіндік эксперементальды әзірлемелерді ұйымдастыру және өткізу болып қарастырылады.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы технологиялар» ҒЗИ міндеттері:
-
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған іс-қимылдарға ғылыми, ғылыми-педагогикалық қызыметкерлерді, студенттерді, магистранттарды, ізденушілерді, докторанттарды, тәжірибедегі қызметкерлерді және де басқа да волонтерларды қатыстыру;
-
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметте қолданылатын нақты инновациялық технологияларды (әдістер, құралдар мен тәсілдер) дайындау;
-
Сыбайлас жемқорлықа қарсы сана мен мәдениетті қалыптастыруға бағытталған білім беру бағдарламаларын әзірлеу;
-
Ғылыми-зерттеушілік және білім беру қызметін жүзеге асыру жұмыстарын жүзеге асыру мен (кәсіби біліктілік квалификациялық курстарын, мониторинг, ұсыыстар әзірлеу, консультативтік қызмет және т.б.) қызметтерді көрсету.
-
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың халықаралық-құқықтық тәжірибесін зерттеу және іс жүзінде қолдану;
-
ҒЗИ қызыметіндегі сауалнамаларға сәйкес Қазақстандық және шетелдік әріптестердің ынтымақтастарын нығайту;
-
Ғылыми-тәжірибелік конференциялар мен басқа да ғылыми іс-шараларды ұйымдастыру;
-
Құқықтық, соның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама жүргізу;
-
Монографияларды, мақаладарды, ғылыми-аналитикалық материалдарды, оқулықтарды, сыбайлас жемқорлыққа қарасы бағытталған оқу-әдістемелік құралдарды дайындау мен оқу орындарында оқу үрдісіне енгізу [4].
Халықпен кері байланыстың серпінді құралы болып табылатын, қоғамдық қабылдауға келіп түскен азаматтардың сыбайлас жемқорлық болуы туралы ақпараттарын (өтініштер, шағымдар мен арыздар) талдау негізінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы технологиялар» ҒЗИ мемлекеттің түрлі саласында қолданылатын сыбайлас жемқолыққа қарсы жаңа технологияларды әзірлейтін болады және оларды жобалық кеңсесі қызметіне ендіру көзделеді.
Сонымен қатар, ғылыми-зеттеу институтында барлық жинақталған және талданған ақпараттар салалар бойынша проблемалар мен технологияларды кейінгі жіктелуін жүйелендіру қажет, сондай-ақ оларды маңызына қарап топтастыру қажет; екіншіден сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін және қауып-қатерлерін жою бойынша нақты шаралар әзірлеуі керек.
Бұл кластерді іске асыру жөніндегі іс-шаралыр үш кезең бойынша өтеді:
1-ші кезең – Алматы қаласында жобаның іске қосылуы;
2-ші кезең – Желілік әдісін пайдалану, яғни бүкіл республика бойынша жобаны дайындау және қосу;
3-ші кезең – Кластерді цифрландыру.
Сонымен, кластер сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру арқылы сыбайлас жемқолқты жою – маңызды мемлекеттік мақсатты шешудің кешенді, жүйелі тәсілін қамтамасыз етеді.
Қазақстан Республикасында білім беру жүйесі, мемлекеттік органдар мен азаматық қоғам институттары қазіргі заманғы (жаңа) сыбайлас жемқорлыққа қарсы технологияларды әзірлеу және енгізу арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана мен жемқорлыққа қарсы мәдениеттің жоғарға деңгейін қалыптастыру негізгі мақсаты болып табылатын инфрақұрылымды қалыптастыру үшін бірігіп жатыр.
Құрылған ғылыми жіне білім беру кластері келесі негізгі міндеттерді шешуге арналған:
-
халықтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетінің жоғары деңгейін тәрбиелеу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыру;
-
сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру үдерісіне инновациялық тиімді технологияларды әзірлеу және енгізу, сондай-ақ қоғамның түрлі салаларында сыбайлас жемқорлық көріністерін болдырмау;
-
ҚР заңнамасын жетілдіру бойынша ұсынымдар мен ұсыныстарды дайындау арқылы қазіргі заманғы үрдістер мен тәуекелдерді ескере отырып, Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана қалыптастыру мәселелерін ғылыми тұрғыдан дамыту;
-
сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында тұрақты оң нәтиже беретін органдармен және ұйымдармен халықаралық ынтымақтастықты дамыту;
-
сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында азаматтардың жаңаруы мен санасына жәрдемдесу, халықтың қызметін және бастамаларын дамыту.
Осы қарастырылған «Тұран» университеті қабырғасындағы «Sanaly urpaq» кеңсесінің қызметіне сәйкес күтілетін нәтижелерді ата кетер болсам:
- желілік жобаның кеңсесін қалыптастырудың алғышарттарын жасау;
- ақпаратты жинау, қорытындылау және жүйелеу бойынша әдістемелік негіздерді қалыптастыру, оның проблемалары мен технологияларын классификациялау және оларды маңыздылығына қарай топтастыру;
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы инновациялық технологияларды әзірлеу және енгізу;
- кластерді цифрландыру.
Қорытындылай келе, «Азаматтық бақылау» және қоғамдық қабылдау бойынша «Тұран» университетіндегі «Sanaly urpaq» кеңсесінің мақсаты: - - сабайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кешенді іс-шараларды ұйымдастыру және іске асыру, қоғамдағы және жеке тұлғалардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқықтық мәдениетін қалдыптастырудың сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын тиімді іске асыру.
Ал жобаның міндеттері болып мына қағидалар негізге алына:
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жүргізу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы құқықтық қолдану практикасының жағдайын, сондай-ақ қоғамның сыбайлас жемқорлық деңгейін анықтау және бағалау туралы ақпаратты жинау, өңдеу, қорытындылау;
- мемлекеттік органдар үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мониторингі нәтижелері бойынша жылдық және квартал сайынғы ұсынымдарын қалыптастыру;
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимылдың өзекті мәселелерін соның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруды, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың нәтижелері бойынша ұсыныстар енгізуді талқылау үшін мемлекеттік органдардың қатысуымен жыл сайынғы және квартал болынша ғылыми-тәжірибелік іс-шараларды өткізу;
- бұқаралық ақпарат құралдарында (БАҚ) сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған, соның ішінде қоғамдық қабылдауға қол жеткізу мүмкіндіктері, оның мақсаттары мен міндеттері туралы ақпараттық жұмыстарды ұйымдастыру;
- қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған кешенді шаралар жүргізу [5].
Осылайша аталғын кластер – Қазақстандағы білім беру жүйесінде алғаш рет сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа технологияны жасау және енгізу жолымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті арттыру жолдарын ұйымдастыру барысында инфрақұрылымды құру мақсатында мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам институттарын біріктірген, көпмақсатты құрылымы болып табылады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
-
Қазақстан Республикасының «2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы» туралы Заңы. (2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 986 Жарлығы).
-
Әбдіжәлел Б. Сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейтудің саяси және әлеуметтік амалдары туралы. // «Заң газеті». 18 шілде 2006 ж.
-
«Саналы ұрпақ» жобасының 2018–2020 жылдарға арналған жарғысы
-
4. Рахметов Т. Основные направления предупреждения коррупции. //Закон и время. 2004. №9. С.29-31.
-
Алматы қ. «Саналы ұрпақ» жобасының 2018–2020 жылдарға арналған жарғысы http://sanalyurpaq.kz/kz/ustav