жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Сәндік қолданбалы өнер мамандығына дуалдық оқыту жүйесін енгізу
Дуалдық оқыту жүйесін енгізу
Алматы құрылыс және халықтық кәсіпшілік колледжі
Өндірістік оқыту шебері
Джуптыбаев Н.А
Үкіметтің арнайы қаулысымен
бекітілген жастардың бәсекеге қабілеттілігін қолдау мен дамытудың
2008-2015 жылдарға арналған тұжырымдамасында жастардың халықаралық
стандарттарға сәйкес келетін отандық кәсіптік білім алуына жағдай
жасау, жастарды жұмыспен қамту және жұмысқа орналастыру деңгейін
арттыру мәселелері жіті қарастырылған.
Елбасы Н.Назарбаев өзінің дәстүрлі Жолдауында білім саласына
айрықша басымдық берді. Оның ішінде техникалық және кәсіптік білім
беру саласын дамытуда дуальды оқыту технологияларын енгізуді,
осыған орай Үкіметке тиісті шаралар қабылдауды
тапсырды.
Дуалды оқыту жүйесі
дегеніміз - теорияны өндіріспен ұштастыра
оқыту технологиясы. Ол алғаш Германияда пайда
болып (Кәсіптік білім туралы Заңына
сәйкес(BBIG) 1969 және 2006) негізі қаланды. Дуалды оқыту
жүйесінің кәсіби мамандар даярлауда тиімділігі мен нәтижелілігі зор
екендігі тәжірибеде дәлелденген. Дуалды оқыту жүйесі қазіргі дүние
жүзілік тәжірибеде бар дүние. Оның жарқын мысалдарының бірі -
Германиядағы кәсіптік-техникалық білім берудегі даярлаудың дуалдық
жүйесі. Мұнда студенттердің уақытының үштен екі бөлігінде еңбек ете
жүріп өндірістен қол үзбей оқиды, тек уақытының үшінші бөлігін
теориялық оқуға, білімді ұйымдастыруға
арнайды.
Алматы құрылыс және халықтық кәсіпшілік колледж ішінде қазақ халық музыка аспаптарын дайындау мамандығы бойынша (қол өнер)мамандығы бар. Қолөнер-ежелден кележатқан кәсіп. Ол халықтың өмірін, тұрмысымен бірге дамып, ұрпақтан ұрпаққа беріліп отырады. Өнер туындыларының иесін шебер деп атаған. Қолөнер шеберлері табиғаттың әсем көріністерін қолөнер бұйымдарында жиі қолданған. Қолөнер дүние жүзінің әр халқында бар. Сонымен қатар әр елдің, әр халықтың тарихи дамуына, тұрмысына, тарихи ерекшелігіне және эстетикалық талғамына байланысты өзіндік ерекшелігімен өшпес із қалдырып келеді.
Осы мамандықты дуалдық жүйе
маман даярлауда өндіріс, білім алушының және мемлекеттің мүдделерін
біріктіруге бағытталған кәсіптік білім берудің түрі етіп дайындаса.
Бұл мамандық Қазақстан Республикасында Алматы қрылыс және халықтық
кәсіпшілік коллежінде ғана меңгеріледі, еліміздің болашағы үшін,қол
өнер үшін, өндіріс орны үшін экономикалық жағынан тиімді. Маманды
қайта даярлауға, жұмыс орнына бейімдеуге уақыт кетпейді. Білім
алушы жастар үшін өмірдегі өз орнын ерте табуға мүмкіндік туады,
жұмысқа ерте араласып, бейімделеді.
Қазіргі кезде, әлемде оқытудың дуальды жүйесі кәсіптік-техникалық
кадрлар даярлаудың ең тиімді жолдарының бірі. Оның ерекшелігі сол
кәсіптік оқыту үдерісінің басым бөлігі оқу орнында емес,
кәсіпорындарда технологиялық, диплом алдындағы тәжірибелерден
өтеді.
Өңірлерде дуальдық жүйені енгізу бойынша жұмыстар кәсіпорындармен
оқу жоспарларын, оқу процесінің кестесін қайта қараумен, кәсіптік
білім беру орындарының материалдық-техникалық базасын жетілдірумен
тығыз байланысты. Сонымен қатар, мамандықтар тізімін ұлғайтуға,
оқытушылардың біліктілігін арттыруға ден
қойылуда.
Дуалды жүйемен оқытудың жетістігі көп.
Біріншіден, бітіруші түлектердің жұмысқа
орналасу көрсеткіші жоғары болады, себебі оқу барысында өндіріспен
тығыз байланыста болған оқушы жұмыс берушінің барлық талаптарын
игеріп, меңгерген жұмысшы маман
болады.
Екіншіден, жақсы білімді, болашақ
жұмысшы маман психологиялық жағынан жаңа ортаға бейімделген дайын
маман болып шығады. Өндірісте өздігінен шешім қабылдай алады.
Теория мен тәжірибені меңгеріп, бекітілген жұмысқа деген
жауапкершілік сезімі жоғарылайды. Өндірісте болғандықтан ұжыммен
жұмыс жүргізеді және өндірістегі жұмыстарға
бейімделеді.
Үшіншіден, «тәжірибеден теорияға»
принципімен жұмыс жүреді, оқушы теориялық, яғни көзбен көріп,
оқығанын айтудан гөрі, өндірістегі жағдайларға сәйкес жұмыс
жүргізеді. Жұмыс барысындағы қиындықты өз еркімен
шешеді.
Төртіншіден, жұмыс берушінің оқушыға
берген бағасы дайындалған маманның біліктілігімен байқалады.
Алғашқы күннен бастап ұзақ уақыт өндірісте жұмысшы болған оқушы,
өзінің білім мен ынтасын көрсетеді.
Бесінші, оқытушы тек қана
теорияны ғана меңгермей, өндірістегі соңғы жаңалықтарды біліп,
заманауи талаптарды меңгереді.
Алтыншы, бюджеттік шығын азаяды,
себебі оқуға кеткен шығынның біраз бөлігі өндірісте болғандықтан
оқушы оны күнделікті көріп, игереді.
Жоғарыда аталған мәселелердің барлығы дуальды оқыту технологиясы
енгізіліп, жүзеге асқан кезде қол жеткізетін нәтижелер.
Еліміздегі кәсіби-техникалық білім беру жүйесі ең бірінші кезекте
ұлттық экономиканың мамандарға деген қазіргі және келешектегі
сұранысын барынша өтеуге бағдар ұстауы керек. Өйткені, экономиканың
қарқынды дамуымен кәсіби-техникалық маман иелеріне сұраныс та күн
санап артуда. Соған орай, теориядан гөрі тәжірибеге басымдық
берілетін дуальдық жүйені енгізу халықты жұмыспен қамту проблемасын
шешудің бірден-бір тиімді жолы екендігі
анық.
Дуалдық жүйе - оқытудың
дәстүрлі түрлері мен әдістерінің негізгі кемшілігін, яғни теория
мен тәжірибенің арасындағы алшақтықты жояды;
2. Техникалық және кәсіптік білім беру мекемелері бітіруші
түлектерін кәсіпорындарға жұмысқа орналастыру үшін
жұмыстанады;
3. Жұмыс берушімен тығыз байланыста жұмыс жасайтын оқу орны болашақ
мамандарға қойылатын талаптарды ескеріп отырады;
4. Әлеуметтік серіктестіктер өндіріс талабына сай, білім алушыға
қойылатын біліктілік талаптарды дайындауға, кәсіптік
стандарттарды, дуальдық оқыту жүйесі бойынша өзгеретін модульдық
бағдарламаны, оқу бағдарламасын дайындауға және оқытушыларды
тағылымдамадан өткізуге қатысады;
5. Әлеуметтік серіктестіктер мамандар дайындау бойынша мемлекеттік
тапсырманы қалыптастыруға қатысады;
Оқушының кәсіби дайындық деңгейін бағалау және біліктілікті
тағайындау үшін құзырлы мамандар мемлекеттік емтихан комиссиясы
мүшесі ретінде қатысады;
7. Білім алушы дуальдық жүйемен оқыту нәтижесінде белгілі
құзіреттерді меңгерген кәсіби дағдыға ие болады;
8. Оқу орнын бітіруші жұмысқа орналасу мүмкіндігіне ие
болады.
Қолөнер саласы тек ұрпақтан-ұрпаққа дәстүр бойынша қалып отырған.
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген