Материалдар / Сандық білім беру заманауи оқытудың кілті.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сандық білім беру заманауи оқытудың кілті.

Материал туралы қысқаша түсінік
Сандық білім беру заманауи оқытудың кілті.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
28 Ақпан 2023
172
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сандық білім беру заманауи оқытудың кілті.




Қазіргі заман бой жарыстыратын заман емес, ой жарыстыратын заман.

Н.Назарбаев


ХХІ ғасыр – жаңа технология мен ақпараттандыру ғасыры. Тәуелсіз Қазақстан да сол ғасырға нық қадам басты. Ел өмірінің барлық саласы цифрлық жүйеге көшті. Ендігі кезекте еліміздің ертеңі болар бүгінгі жас ұрпақ компьютердің қыр-сырын терең меңгеруі тиіс.

Оқытудағы сандық білім беру ресурстары пән бойынша типтік оқу бағдарламасына сәйкес нақты оқу тақырыбына арналған дидактикалық материалдар болып табылады. Білім саласын цифрландыру барлық қызметіне ақпараттық технологияны енгізу және ұлттық модельді қалыптастыру - қазақстандық білім беруді сапалы деңгейге көтерудің алғы шарты.

Жаңашыл қоғамды ақпараттандыру үрдістері және олармен тығыз байланыстағы білім беру жүйесінің барлық формаларын ақпараттандыру үрдістері жаңа ақпараттық және коммуникациялық технологияларын меңгеру және жапай тарату үрдістерімен сипатталады. Мұндай технологиялар қашықтан оқыту және ашық білім берудің жаңа жүйелерінде оқытушы мен оқып үйренушінің арасында қарым-қатынас орнату және мағлұмат алмасу үшін белсенді қолданылады. Жаңашыл оқытушы ақпараттық және коммуникациялық технологиялар төңірегіндегі білімдерді игеріп қана қоймай, сондай-ақ оларды өзінің кәсіби іс-әрекетінде пайдалана алатын маман болуы тиіс.Технология түсінігі практикалық есептерді шешу үшін ғылыми және инженерлік білімдерді пайдалану мағынасын білдіреді. Олай болса ақпараттық технология ретінде білімнің ақпараттық ресурсқа айналу үрдісін алуға болады. Ақпараттық технологияның мақсаты кейіннен оны талдау үшін және соның негізінде қандай да бір әрекеттерді орындау туралы шешім қабылдау үшін ақпарат өңдіру болып табылады.

Ақпараттық және коммуникациялық технологиялар–ақпаратты өңдеудің әр түрлі алгоритмдерін, әдістерін, механизмдерін және түрлі құрылғыларын сипаттайтын ортақ түсінік. Маңызды жаңа ақпараттық және коммуникациялық технологияларының құралдары ретінде сәйкес программалық қамтамасыз етілген компьютер және ақпарат орналасқан телекоммуникация құралдары болып табылады. Енді ақпарат және коммуникация сөздерінің түпкілікті мағынасын ашсақ.[2]

Ақпараттық технология–қазіргі компютерлік техника кезінде ақпаратты жинау, сақтау, өңдеу және тасымалдау істерін қамтамасыз ететін математикалық және кибернетикалық тәсілдер мен қазіргі техникалық құралдар жиыны. Педагогиканы оқыту тәжірибесінде ақпараттық технологияны қолдану кең көрініс тапқан. Д. Ш. Матростың пікірі бойынша «кез келген әдіс пен технология, ақпараттық технология деп танылады». Бұл қорытындыға ол оқытудың үнемі оқытушыдан білім алушыға ақпарат берумен байланысты болғандығы үшін келген. Педогогикалық әдебиеттерде кездесетін бұл ұғымның анықтамасының екі түрлі тұжырымды іріктеп алды. Біріншісінің аясында ақпараттық технология білім алушылардың танымдық іс- әрекеттеріне сәйкес ақпараттық өнімдерді мақсатты түрде құрастыру, тасымалдау, сақтауды аз көлемдегі шығынсыз, жаңа оқыту құралдары мен әдістерін үйлесімді қолдану нәтижесінде ұйымдасқан дидактикалық үдеріс ретінде қарастырылады. Екінші амалы ретінде оқытудың техникалық ортасын қолданатын ақпараттық құралдар арқылы құрастыруды анықтау жолы танылды. Осылайша, бірінші жағдайда, технология үдерісі ретінде саналса, екіншісінде оқу үдерісінде арнайы бардарламалық–техникалық құралдарды қолдану туралы айтылады.

Сандық білім беру ресурстарының қоғамдық мәніне талдау жасай келе келесідей тұжырымдар жасалды:

1. Жаңа ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялар қоғам дамуының ең маңызды стратегиялық факторы болып табылатын ақпараттық ресурстарды белсеңді және тиімді пайдалану мүмкіндігін береді;

2. Өркениеттің дамуы, жұмыс істейтін тұрғындардың көпшілігінің еңбек объектілері мен нәтижелері материалдық құндылық емес, ақпарат пен ғылыми білім болып табылатын ақпараттық қоғам бағытында іске асуда. Сонымен қоса ақпараттық технологиялар қоғамда болып жатқан ақпараттық үрдістерді тиімді ету және көп жағдайларда автоматтандыру мүмкіндігін береді;

3. Ақпараттық үрдістер, басқа, одан да күрделі өңдірістік немесе қоғамдық үрдістердің маңызды элементі болып табылады. Осыған байланысты ақпараттық технологиялар қоғамдық немесе өңдірістік технологиялардың сәйкес құрамдас бөлігі ретінде қарастырылады;

4. Телекоммуникациялық технологиялар, ақпараттық технологиялардың бір бөлігі бола тұра, адамдар мен мекемелер арасында ақпарат алмасуды қамтамасыз етуде, сондай-ақ жаппай ақпарат тарату мен дайындау жүйесінде маңызды роль атқарады;

5. Ақпараттық технологиялар қоғамды тұлғаландыру, оның білім беру жүйесін және мәдениетін дамыту үрдісінде негізгі орын алады. Сондай-ақ , оқытатын ақпараттық құралдарды пайдалану, кадрларды қайта дайындау және олардың квалификациясын өсіру жүйесі үшін де, өзіндік білім алу жүйесі үшін де тиімді әдіс болып табылады.

Сонымен, оқытудың сандық білім беру дегенімізді тұтас кешенді компьютерлік және басқа да құралдарды қолданумен болатын дидактикалық үдеріс деп танығанымыз жөн. Ақпараттық технологияның бағдарламалық оқу құралдары: электронды оқулықтар, электронды курстар, дәрістер, слайд–дәрістер, мультимедиялық презентация, флипчарт, интерактивті тақта, ACTIVboard, ACTIVslate, активті қалам және т. б. жатады.

Оқу бағдарламалық құралдары келесі аспектілерге сай болуы керек:

- психологиялық–аталған бағдарлама оқу уәжіне, педагогикаға оқу пәні ретінде қалай ықпал етеді, оған деген қызығушылықты арттыра ма, төмендете ме, машинада құрастырылып ұсынылған қиын әрі күрделі, дәстүрден тыс талаптары білім алушыларда қиындықтар тудыра ма ;

- педагогикалық–бағдарлама қаншалықта көлемде педагогика курсының жалпы бағытын түсіндіре алады және де білім алушылар бойында педогогикалық іс–әрекет туралы оң көзқарастарын қаншалықты көрсете алады;

- әдістемелік–бағдарлама материалды меңгертуге дұрыс таңдалған ба, оқушыларға ұсынылған тапсырмаларды таңдау дұрыс шешімін тапты ма, материал әдістемелік тұрғыдан дұрыс берілген бе;

- ұйымдастырушылық–компьютерді және жаңа ақпараттық технологияны қолданумен өткізілетін сабақ дұрыс жоспарланған ба, білім алушыға өзіндік жұмыстарды орындау үшін уақыт жеткілікті көлемде берілі ме және т. б.

Осы жайттардың басын ашып құрастыру өте үлкен еңбекті, арнайы іскерлік, дағды мен уақытты талап етеді. Сонымен қатар оқу сабақтарының сапасы виртуалды иллюстративтік материалды әзірлеу мен өңдеу сапасына байланысты болады.

Презентация әзірлеу барысында мынандай ортақ ұсыныстарды қолдану керек :

- презентация үшін жинақталған оқу материалы айқын құрылымдалған, жүйеленген болуы тиіс ;

- иллюстрациялауды қажет ететін оқу материалы іріктелініп алынуы керек;

- презентация әзірленетін тақырып бойынша немесе тұтас оқу материалы басты және жанама ақпаратты анықтап алып, мақсат пен міндеттерді тұжырымдау керек ;

- презентацияны әзірлеудің жалпы сызбасы қисындық жағынан бірізді және параллельді байланыстар тізбегін құрайды (пәнаралық, ғылым аралық, пән ішілік және т. б) ;

- презентацияның құрылымына жоспар конспектісі кіреді, онда басты ұғымдардың анықтамасы, ойлардың қорытындылары, слайдтардың аты мен мазмұны, мәтін үзінділері, суреттер, сызбалар, кестелер, фотосуреттер беріледі ;

- презентация түрін таңдап алу қажет. Ол екі типті болады : ажыратылымсыз (музыкалы және музыкасыз) , кадрлық (музыкасыз). Ажыратылымсыз презентация дәріске дейін не одан кейін, ал кадрлық презентация лектордың сөйлеу барысында, дәріспен қатар жүріп отырады ;

-мәтін мен бейнелер бір–бірін толықтырып отыруы керек, видеотүсірілім мен анимация материалдарын қолдануға болады ;

Интерактивті тақта–бұл компьютердің қосымша құрылғыларының бірі және де дәріс берушіге немесе баяндамашыға екі түрлі құралдарды біріктіретін: ақпараттың кескіні мен қарапайым маркер тақтасын біріктіретін құрал.

Интерактивті тақтамен жұмыс жасау үшін қандай да бір арнайы жазба құралдары бутафорскілі ластик және маркерлерге батарейкалар қажет емес. Сонымен бірге, тақтаға қолмен жазуға да болады: ол үшін сияның түсін таңдау қажет. Айта кетерлік бір жайт, тақта тікелей желіске қосылмайды және балаларға ешқандай қауіп туғызбайды.

Интерактивті тақта кәдімгі маркерлік тақта сияқты. Оның да лотоктары бар, арнайы контейнерлер орналасқан, ластиктер мен маркерлердің түстеріне жауап беретін. Әрбір контейнерлерде оптикалық сенсорлар бар, қандай құралдардан сіз лотка алғаныңызды анықтайтын. Егер барлық маркелер мен ластиктер орнында болса, тақтаға қолыңызды тигізгенде тышқанмен жұмыс жасағандай көрінеді, мысалы, қолыңызға маркер алсаңыз тақтаға жаза аласыз.

Интерактивті тақтада компьютерде жасайтын жұмыстарды да жасай аласыз: мәтінді теріп және сақтай аласыз, фильмдер мен слайдтар көрсете аласыз, интернеттен қажетті ақпараттар іздестіре аласыз. Мұғалімнің берген сабағын оқушылар тақтадан анық көре алады, олар енді өзге жаққа алаңдай ала ма.

Интерактивті құралдардың келесі ерекшеліктерін атап өтуге болады:
1. Бормен тақтаға жазылған кескінді интерактивті тақтадағы түрлі–түсті айқын, ұқыпты кескінмен салыстыруға болмайды
2. Тақта мен бордың көмегімен әр түрлі қосымшалары бар жұмысты түсіндіру қиын әрі мүмкін емес.
3. Слайдтарда, флипчартта қателер жіберілсе, тез арада түзетуге болады
4. Сабақта ACTIVote тестілеу жүйесі арқылы тест алу мүмкіндігін қолдануға болады
5. ACTIVwand указкасының көмегімен тақтаның жоғарғы бөлігіне кішкентайларға да қол жеткізуге мүмкіндік береді.
6. Сабақта көрнекілікті қолдану деңгейі артады.
7. Сабақтың өнімділігі артады.
8. Оқушылардың білім деңгейіне оң әсер етеді;
Электрондық оқулық – дисплей экранында көрінетін жай ғана мәтін емес – ол оқушыға өз жолымен, керекті материалдарды жеке меңгеруге арналған күрделі, көпсатылыжүйе, оқулықтың қажетті бөлімдерін қайталап, игеру тәсілі мен логикасын да өзіне тән етіп таңдап алып, осы сәтте ең керек деген материалдарды қарап шығуға мүмкіндік береді. Оның гипермәтіні нақты құрылымдардан тұрады да, бір-бірімен тығыз байланысқан ықшам логикалық жүйе болып табылады. Бұл жүйемен танысу арқылы оқушы практикалық негізде алгоритмдік ойлау қабілетін дамыта алады. Ал өзіне қажетті мәліметті компьютер жадының керекті ұясынан іздеп таба білу да әрбір баланың бүгін талап етілетін стратегиялық ойлау қабілетін қалыптастырады.

Электрондық оқулықтарды дайындауда мынадай дидактикалық шарттар ескерілуі тиіс:

1. Белгілі бір пәнге байланысты дайындалған электрондық оқулықтың сол пәннің типтік бағдарламасына сәйкес болуы;

2. Электрондық оқулықтар курста оқытылатын тараулар мен тақырыптарға қатысты лекция конспектісін қамтитын негізгі; лабораториялық және практикалық тапсырмаларды орындауға арналған қосымша; материалға қатысты анықтама, библиографиядан тұратын көмекші; аралық және қорытынды бақылау сұрақтарынан тұратын тест; материалды дайындауда пайдаланылған әдебиеттер тізімдері бөлімдерін қамтуы;

3. Электрондық оқулықтың кәдімгі оқулықтардың мазмұндарын қайталамауы, яғни берілетін тақырыпқа қатысты ақпараттың нақты әрі қысқа берілуін ескеру керек;

4. Белгiлi бiр тақырыпқа қатысты материал 2-3 экрандық беттен артық болмауы тиiс;

5. Бiр қатардағы мәтін 62-65 таңбадан аспауы тиіс;

6. Оқулықты шектен тыс иллюстрациялық, анимациялық тұрғыдан көркемдеу пайдаланушыға кері әсерін тигізуі мүмкін

Электронды –әдістемелік құралдарды анимация элементтерімен қамтамасыз ету

Жан-жақты білімі жоғары, мәдениеттті, әділетті, өмірге көзқарасы түзу, өз мамандығы бойынша ғылыми ізденіс бағытында шығармашылықпен жұмыс жасайтын, кәсіби шеберлігін дамытуға талпынысы жоғары, бейімділік жағдаятына бағдарлана алатын шәкірттер біздің ертеңгі болашағымыз.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Мұхамбетжанова С. Ақпараттық технология және қашықтықтан оқыту. - Алматы: Атамұра, 2005. – 152 б.

2. Сарманова С. Орта мектепте ақпараттық технологияны қолдану // Қазақстан мектебі. – 2004, № 5, б. 10-11

3. Қасымова Р. Мультимедиалық технологиялардың тиімділігі // Информатика негіздері, 2004, №5, б. 4-6




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!