Бекітемін:
|
Пәні:
Химия
|
Күні:
|
Сыныбы: 8 А,Ә,Б
|
Сабақтың
тақырыбы
|
Сандық
есептер. Экзотермиялық және
эндотермиялық реакциялар
|
Негізгі
мақсат
|
Жылу эффектісі туралы мағлұмат
беру. Эндотермиялық және экзотермиялық реакцияларға байланысты
сандық есептерді шығартудың классикалық, алгебралық әдістерін
үйрету.
Термохимиялық реакцияларға
күнделікті тұрмыстан мысалдар
келтіру.
Практика жүзінде алған
білімдерін қолдана білуге
дағдыландыру.
|
Оқу
нәтижелері
|
Эндотермиялық және
экзотермиялық реакцияларға байланысты сандық есептерді шығартудың
классикалық, алгебралық әдістерін
меңгереді.
Химиялық реакция теңдеулерін
сауатты жазуға дағдыланады.
|
Іс- әрекет
түрлері
|
ой қозғау,
топтастыру, Жигсо-1
Эксперт-1, «Доп қарлы кесек»,
Эксперименттік кезең, Жигсо-1 Эксперт-2,
Интерпретация, Шындық-жалған»
әдісі
|
Ресурстар:
|
Оқулық: Химия 8-сынып,
периодтық жүйе, интербелсенді тақта, көңіл-күйді білдіретін
смаиликтер,
|
Сыныпты
ұйымдастыру:
|
Сәлемдесу, түгендеу және
зейіндерін бір ортаға
тоғыстыру.
|
Тапсырма
|
Мұғалімнің
әрекеті
|
Оқушының
әрекеті
|
ОЖТ
|
Сергіту жаттығуын
жасату
|
|
Топтастыру
|
«Жану» ,
«Тотығу» ,
«Бөліну»,
«Алмасу»
|
Оқушылар химиялық реакция
типтері бойынша бөлінеді.
|
1-тапсырма
Жигсо-1
Эксперт-1
(8 минут)
|
1. 0,2 моль
О2
____________
2.
3 моль СО2 ___________
3.
2 моль SO2 ____________I
топ
1.
0,5 моль НCl
2.
0,6*1023 O2
3.
2,5 моль H2SO4 __________II
топ
1.
4г сутек
2.
0,5 моль су
3.
2 моль Н2S
ІІІ
топ
1.
4г сутек
2.
3 моль СО2
3.
2 моль Н2SO4 ІV
топ
|
Оқушылар есептерді топпен
біріге отырып шығарады.
|
2-тапсырма
«Доп қарлы
кесек»
(3минут)
|
-
Алюминий оксиді
–
-
Фосфор (V) оксиді
–
-
CO2 –
-
NO2 –
-
K2O
–
-
Натрий
оксиді –
-
Темір (III) оксиді –
-
СrO3 –
-
Mn2O7 –
-
SO3 -
|
Оқушылар оксидтердің
формуласын немесе халыкаралық атауын айтады. Әрбір топқа жеке
сұрақтар қойылады.
|
2-тапсырма
(5минут)
|
№1.
Кальций карбонатының ыдырауы
мынадай термохимиялық теңдеумен
сипатталады:
СaCO3
= CaO +
CO2↑
-
157
кДж
Массасы 325 г кальций
карбонатын ыдырату үшін қанша жылу жұмсау
керек?
Шығарылуы:
1-әдіс.
Алдымен кальций карбонатының
молярлық массасын табамыз:
М(CaCO3)
= 100г/моль
Енді пропорция
құрамыз:
Егер 100г
CaCO3
ыдырату үшін 157 кДж жылу
жұмсалса, онда 325г CaCO3
ыдырату үшін х кДж жылу жұмсау
керек.
Бұдан: х= 325г*157/100= 510,25
кДж
2-әдіс
Алдымен кальций карбонатының
зат мөлшерін табамыз:
ῡ
(CaCO3)= m(CaCO3)/М(CaCO3)=325г/100г/моль = 3,25
моль
Енді пропорция
құрамыз:
Егер 1 моль
CaCO3
ыдырату үшін 157 кДж жылу
жұмсалса, онда 3,25 моль CaCO3
ыдырату үшін х кДж жылу
керек.
х=3,25 моль* 157 кДж/моль =
510,25 кДж
№2. Мына термохимиялық
теңдеулерді пайдалана отырып, графиттің көміртек (ІІ) оксидіне
дейін жану реакциясының жылу эффектісін
есептеңіздер?
C
+ O2 = CO2 + 393 кДж
СО
+ 1/2О2 = СО2 + 282 кДж
|
Оқушылар экзотермиялық және
эндотермиялық реакцияларға негіздерген есептердің классикалық және
алгебралық әдістерін
меңгереді.
|
Эксперименттік
кезең. Термохимиялық
теңдеулер
(7минут)
|
Сынауыққа күкіртті салып,
спирт шамымен қыздырып, үстіне натрий ерітіндісін салып спирт
шамымен қайта қыздырамыз. Қыздыру процесі арқылы кішігірім жарылыс
алуға болады.
Na + S =
Na2S
+
Q
Дымқыл орамалды спирт
ерітіндісіне салып, жағу процесін жүргіземіз. Спиртке батырылған
орамал мүлдем жанбайды.
C2H5OH +
O2 =
CO2 +
H2O
+Q
2Mg +
O2 =
2MgO +
Q
|
Оқушылар эксперименттің жүруін
бақылап, қажетті реакция теңдеулерін
жазады.
|
3-тапсырма
«Ойлан
тап»
(3
минут)
|
Электрондық
формуласы:
1s2 2s2 2p3
Сутектік
қосылыста
Валенттілігі –
үш
Ал оттектік
қосылыстарында
Валенттілігі бірден
басталып,
Беспен
аяқталады.
Бұл қандай
элемент
Кәне, кім
табады?
Белгісіз элементтің
оксидтерінің формулаларын
жазыңыздар.
***
Менделеев
кестесінде,
2,3 – топтарда
орналаспаған.
Бірақ оның
валенттілігі
ІІ,ІІІ болып келеді
қосылыстарда
Белгісіз элементтің
оксидтерінің формулаларын
жазыңыздар.
|
Оқушылар жалпы сұраққа жауап
береді.
|
4-тапсырма
Жигсо-1
Эксперт-2
(10минут)
|
№1. Мына термохимиялық теңдеу
бойынша:
P +
O2 =
P2O5 + 720 кДж реакция нәтижесінде
120 кДж/моль жылу бөлінсе, қанша фосфор
жанған?
№2. Мына термохимиялық теңдеу
бойынша:
H2S
+
O2 =
SO2 +
H2O + 857,3 кДж. Массасы 170 г
H2S
жанғанда қанша жылу бөінетінін
есептеңдер.
№3. Мына термохимиялық теңдеу
бойынша:
CH4 +
2O2 =
CO2 +
H2O + 892 кДж реакция
нәтижесінде 446 кДж жылу бөлінсе, а) қанша грамм метан жанған? ә)
қанша көлем CO2 түзілген?
№4. С +
O2 =
CO2 + 393 кДж термохимиялық
теңдеуіне сүйене отырып, массасы 1,5 кг көмір жаққанда қанша жылу
бөлінетінін
есептеңіздер?
№5. 2Cu +
O2 = 2CuO + 311 кДж термохимиялық
теңдеуі бойынша 6 моль мыс тотыққанда қанша жылу бөлінетінін
есептеңіздер?
|
Оқушылар топпен біріге отырып,
есептерді шығарады.
|
5-тапсырма
Интерпретация
(5
минут)
|
«Термохимиялық
теңдеулер –
Қоршаған
ортада»
|
Оқушылар тапсырманы топпен
біріге отырып, орындайды.
|
6-тапсырма.
«Шындық-жалған»
ойыны
|
-
Термохимиялық теңдеулердің
қарапайым реакция теңдеуінен ешқандай айырмашылығы жоқ.
(жоқ)
-
Экзотермиялық реакцияға жатады
көмірдің жануы (йа)
-
Эндотермиялық реакцияларға
химиялық реакцияның типі айырылу жатады.
(йа)
-
Жанартаудың атқылауы
термохимиялық реакцияларға жатады
(йа)
-
Темірдің үш түрлі оксиді бар?
(жоқ)
-
Көмірқышқыл газы өсімдіктерден
бөлінеді?(жоқ)
|
Оқушыларға қорытындылау
мақсатында сұрақтар
қойылады.
|
Қорытындылау
|
Әрбір оқушы сабақ мазмұны
сәйкес өз ойын білдіреді.
|
Сабақ барысында алған
әсерлерімен бөліседі.
|
Үйге тапсырма
беру
|
Сандық
есептер. Экзотермиялық және
эндотермиялық реакциялар №1-10 73-74
беттер
|
Бағалау
|
Оқушылардың сабаққа қатысу
белсенділігі мен жауаптарының сауаттылығы мен ғылымилығы ескеріле
отырып формативті бағалау
жасалады.
|
Кері
байланыс
|
Стикерге өздерінің бүгінгі
сабақтан алған әсерлері, алған ақпараттарының құндылығы мен
маңыздылығы туралы ойларын
білдіреді.
|
Жаңа сабақты қаншалықты
түсінгендерін, көңіл-күйді білдіретін смаиликтер арқылы
білдіреді.
|