Қайырлы күн, құрметті көрермендер, сайысқа қатысушы әріптестер!
«KitapХАН@» кітап оқу жарысының апталық кезеңінде қорғайтын кітабым – «Отбасы хрестоматиясы» жобасы аясында Санжар Керімбай мен Әділбек Нәбидің авторлығымен жазылған «Өзбекәлі және мәдени майдан» туындысы.
Бұл кітапты оқи отырып, әуелі таңқалдым (не деген тарих!), сүйсіндім, күлдім, еңкілдеп жылаған сәттерім де болды, тіпті қолымда кітабым, көзімнен аққан жасты көрген 30 жастағы ұлымның: «Анашым, не болды? Тыныштық па?» деген сұрағына «Өзбекәлі туралы білесің бе?» деп кітапта баяндалған тарихи оқиғалардың бірін айта бастағанымда кемсеңдеп жылап жібергенімді бүгін жасырып қала алмадым... бұл жай ғана әсерлену емес, бұл шын мәнінде жылататын кітап...
... кітаптың соңғы парағын жапқан сәтте кезінде Өзбекәлі арқалаған, онан Санжар мойнына ілген борыш әп-сәтте менің иығыма ауысқанын анық сезіндім... Маған сеніңіз, кітапты оқып болған кезде ол борыш Сіздің де иығыңызға ілінетіні анық.
Жазушы Әбдіжәміл Нұрпейісов былай деген екен: «Қазақ тарихында ұлтының мәдени уызына жарыған үш Мәдениет министрі болды. Олар – Темірбек, Ілияс, Өзбекәлі». Мәдени құндылықтарға кеудесі толы ұрпақ өкілдері «орыстандыру саясатына» төтеп берді. Қисса, дастандар мен ертегіге қанып өскен олар – мәдени майдан ашты. Майданда жеңіске жетті. Оған дәлел өте көп, мұның барлығы кітапта өте әсерлі баяндалады. Ілияс, Темірбек пен Өзбекәлінің мәдени майданының арқасында жойылуға шақ қалған жәдігерлерімізбен қайта табысып, кейбірімен қайта танысып, жаңғыртқаны туралы тарихи деректер келтіре отырып баяндайды.
Мен сіздерге кітаптан өте әсерленген тұсты мазмұндап берейін:
1970 жылы Өзбекәлі Торғайға мәдени жер аударылады...
Облыстағы 3-ші адам бола тұра өзінің тұрмыстық жағдайы жасалмағанына қарамастан халықтың мәдени тұрмысымен танысып, өз жұмысын бірден «әуелі мәдениет, сосын экономика» деген ұранмен, іске кіріседі.
Әуелі ашаршылық, онан соғыс, онан бір рет жабылып қайта ашылған, кезінде білім мен мәдениеттің ошағы болған Торғай өңірі дәл сол сәтте жыларман күйде болатын.
Облыс орталығы Арқалықтың өзінде не радио, не теледидар болмайды, қазақ тілінде баспасөзге жазылу дәрежесі өте төмен, қазақша кітаптар мен күйтабақтар туралы әңгіме қозғаудың өзі күрделі, қазақ мектебінің халі тіпті мүшкіл. Өзбекәлі ауылдың жай-күйімен танысып, тіпті шошынады. Ауыл өмірімен танысқан Өзбекәлі бірден мына мәселелерге мән береді:
- қыстағы көң мен қоқысты үй маңына тастамауға және ағаш ектіріп, аула мәдениетіне үйретеді;
- қарапайым, бірақ маңызды тұрмыстық мәдениет: тамақты кәдімгі жер үстелге отырып ішуге дағдыландырады;
- ауылға аптасына көшпелі монша мен дүкен жеткізеді, 50 үйден асатын болса клуб, медпункт, дүкен, монша соққызды;
- алыстағы қойшы ауылға дейін радио желісін тартқызады, қазақ тілінде газет-журнал жеткізеді, қазақ тіліндегі кітаптарды тікелей Алматыдан алдыртады;
- Арқалық театрын ел астанасы Алматыдан мықты етіп салдыртады, актерлік құраммен қамтамасыз етеді, сонау Мәскеуде оқып жүрген қазақ жастарын алдыртып, бүкіл жағдайын жасайды, халықты театр мәдениетіне үйретеді;
- Арқалықта музей ашады, музейдің өзін қазақ тарихынан бастайды, әр ұлттық жәдігерді өзі жинақтайды;
- «Торғай әуендері» фестивалі өте жоғары дәрежеде өтті.
3 жылда 79 кітап дүкенін ашып, қай дүкенге қандай кітап керектігін Өзбекәлі Жәнібек өзі қадағалаған.
Кітап көп оқылатын аймақта үлкен түрмелер соғылмайды, керісінше кітапхана мен кітап дүкені артта қалған өңірден қылмыскерлер көп шығатыны тарихта дәлелденген.
Міне, осындай орасан шаруаны табысты атқарған торғайлықтар ашылғанына 3 жыл болғанына қарамастан ең жоғарғы награда Ленин орденін облыстың қанжығасына байлайды.
3 жылда да елдің еңсесін көтеретін қыруар шаруа атқаруға болатына көзім жеткен кезде іштей «әттеген-айым» да болғанын жасырмаймын. Өкінішке орай 1991 жылы тәуелсіздік алғаннан соң 30 жылдан астам «әуелі экономика, сонан соң мәдениет» деген ұранның әсерінен оңтайландыру саясатының құрбандығына айналған, сондай қиындықпен көтерілген Торғай облысы таратылады...
Бұл 55 бөлім, 383 бет, 24 баспа табақтан тұратын «Өзбекәлі және мәдени майдан» кітабын 5 минутқа сыйдырған үзінді ғана.
Кеңестің саясаттың интригасына жұтылып кетпей, өзінің азаматтық және ұлттық мықты ұстанымының арқасында ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕК мәңгі БОЛМЫСҚА ие болды.
Англияның бәсекелес мектептерінің көрсеткіші// премьер-министр шығару статистикасы екен.
Неге премьер-министр? Премьер-министр болған мемлекеттік қызметкер ағылшын арманын орындауға кіріседі екен.
Егер болашақта әр қазақ мектебінен 1 ӨЖ шығатын болса, әлі-ақ қазақ арманы орындалатынына сенімім арта түсті. Ол үшін әр қазақ, әр мектеп, әр ұстаз, әр мектеп оқушысы «Өзбекәлі және мәдени майдан» кітабын оқуы тиіс.
Бұл кітапты оқыған адамның жүрек көзі ашылады, жүрек көзі ашылған жанның кеудесі рухани құндылықтарға толады.
Назар қойып тыңдағандарыңызға рахмет!
Арыстаннан алтау тумай ма?
Арыстаннан туған алтаудың біреуі абадан болмай ма?
Бөріден алтау тумай ма?
Бөріден туған алтаудың біреуі арлан болмай ма?
Тұлпардан алтау тумай ма?
Тұлпардан туған алтаудың біреуі тарлан болмай ма?
Азаматтан алтау тумай ма?
Азаматтан туған алтаудың біреуінде арман болмай ма?
Арманы бар біреуі ата жолын қумай ма, еліне қорған болмай ма?
2
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Санжар Керімбайдың "Өзбекәлі және мәдени майдан" кітабының тыныстырылым қорғауы

шағым қалдыра аласыз