400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Саралау тапсырмаларын дайындау

Материал туралы қысқаша түсінік
Күнделікті сабақта саралау тапсырмаларын дайындауға көмек ретінде
Материалдың қысқаша нұсқасы

Шебер- сынып жоспары

Тақырыбы: «Саралау тапсырмаларын дайындау».

Алматы қаласы. № 76 ЖББ мектептің бастауыш сынып мұғалімі

Кыдырканова Карлыгаш Шарыпкановна

Мақсаты: Оқу үдерісінде оқушылардың қажеттілігі мен қабілеттерін ескере отырып, саралау тапсырмаларын дайындау жолдарын үйрету.

Міндеттері:

  • шеберлік – сынып қатысушыларына әдістемелік көмек көрсету;

  • қатысушылардың өздерінің кәсіби шеберліктеріне ой жүгірту;

  • оқу материалын тиімді меңгеру;

  • қызығушылығын арттыру;

Күтілетін нәтиже: Қатысушылардың білімдері жинақталады, қарастырған тақырыпқа қызығушылығу туады, белсенділігі мен шығармашылығы артады, өз тәжірибесінде қолданады.

Шебер-сыныптың жүргізілуі: ұйымдастыру, мақсаты мен міндетін таныстыру, топқа бөлу, таныстырылыммен таныстыру, топтарға арналған тапсырмалар беру, кері байланыс алу, рефлексия жасау.

Әдістер мен тәсілдер: Тренинг, «Блум таксономиясы», Саралау әдістері.

Ресурстар: актив тақта, таныстырылым, мәтін жазылған парақтар, маркер, қалам, стикер.

Шебер сыныптың барысы:

  1. Ұйымдастыру. Өзін таныстыру, тақырып, мақсаты мен міндетін хабарлау.

  2. Тренинг психологиялық ахуал туғызу. Барлық қатысушыларға қағаз таратылады.

  • Ойыңызға не келеді соны жасаңыз?

Сұрақ: Нені байқаймыз? Не жасау екендігі туралы мақсат қойылмады.

1-тапсырма. Қадамдар.

1.Қағазды екі бүктеу.

2. Осы қағаздан симметриялы зат жасау.

3.Оны қайшысыз қолмен қию.

Сұрақ:

-Жасаған заттардан не байқауға болады?

- Әр қатысушы неге әртүрлі жасады?

  • -Ол неге байланысты?( Әрине бұл әр адамның ойлау қабілеті әртүрлі екендігін білдіреді.) ҚБ: От шашу арқылы бағалау.

  1. Мағынаны тану. Таныстырылым арқылы түсіндіру.

Ең алдымен саралау деген не? деген сұраққа тоқталайық.

Әрбір оқушыны оның қабілеті мен мүмкіндігіне сай оқыту, әртүрлі топтардың ерекшелігіне сай оқытуға бейімдеу. Біздің алдымызда отырған оқушының ойлау деңгейлері әртүрлі болғандықтан, саралау тапсырмаларын ұйымдастыру арқылы ғана нәтижеге қол жеткізуге болады. Өз іс –әрекетімді жоспарлау барысында саралауға байланысты негізгі үш туындады. Сол сұрақтарға өз бетімше ізденіп жауап іздеп көрдім. Бүгін сіздермен бөліскім келеді.

  1. Саралау тапсырмаларын қалай дайындауға болады?

  2. Саралау тапсырмаларын қай кезде беруге болады?

  3. Саралау тапсырмаларын қалай бағалауға болады?

Бірініші сұрақ бойынша тоқталатын болсақ. Саралауды дайындау әдістері бірнеше топқа бөлінеді.

Тапсырма бойынша саралау- тапсырмаларды оқушы деңгейіне қарай сараланып алынады.Мысалы:

Мазмұн (ресурс) бойынша саралау- тапсырмалар оқулықтар, өмірден, идактикалық материалдардан және ақпарат көздерінен сараланып алынады.



Жылдамдық арқылы саралау- тапсырмалар оқушылардың жылдамдықтарына қарай сараланады. Жылдам орындайтын оқушылардың барлығы жақсы нәтижеге жете бермейді.

Нәтиже бойынша саралау- сабақ мақсатына сәйкес барлық оқушыларға бірдей тапсырма беріледі, бірақ оқушылар нәтиже әртүрлі дейгейде жетеді. Мысалы, бұл тапсырмаларға бақылау жұмыстарының, диктант, тест, БЖБ, ТЖБ т.б. жұмыстардан байқауға болады.

Екінші сұрақ бойынша бұл саралау тапсырмаларын қай кезде беурге болады? Оқушылардың сабақ мақсатына жеткен немесе қиындықтар туындағанын анықтау үшін, алдыңғы сабақты пысықтау, жаңа тақырыпты бекіту, қайталау жұмыстары кезінде жүргізуге болады. Яғни, сабақтың кез-келген бөлігінде ұйымдастырға болады.

Саралауды бағалау бағалау критерийлері- оқытудың міндеттерін жүзеге асыратын өлшемдер мен жұмыс барысында орындайтын іс-әрекеттер тізбесі арқылы жүзеге асады. Яғни, тапсырмаға берілген дескриптор арқылы оқушы өзін- өзі бағалауға, жұптық бағалау немесе мұғалімнің бағалауы арқылы жүзеге асады.

Қатысушыларға топтық тапсырма. Әр топқа мәтін жазылған парақ таратылады. Осы мәтін бойынша «Блум таксономиясы» ойлау деңгейлерін негізге ала отырып, саралау тапсырмасын және тапсырмаға дескриптор құрастыру тапсырылады. Топ қатысушылары тапсырманы орындап, қорытынды шығарады.

Shape5 Shape4 Shape1

Ойлаудың төмен деңгейі

Shape3

Ойлаудың орта деңгейі

Shape7 Shape2

Ойлаудың жоғары деңгейі

Shape6

Кері байланыс: Бүгінгі шебер-сыныптан Не жақсы болды? Нені жақсарту керек? (әр топтан бір қатысушыдан ауызша кері байланыс алу)

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
28 қаңтар
457
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі