2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

сая

Материал туралы қысқаша түсінік
қмжлар жинагы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
23 Наурыз 2023
162
1 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Оқулықта қолданылатын негізгі

Р. А. Қадырқұлов, У. А. Гаипбаева

ИНФОРМАТИКА

Әдістемелік нұсқау

Жалпы білім беретін мектептің

8-сынып мұғалімдеріне арналған

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған

Алматыкітап баспасы

2021

Қадырқұлов Р.А., Гаипбаева У.А.

Информатика: Жалпы білім беретін мектептің 8-сынып мұғалімдеріне арналған әдістемелік нұсқау/ Р.А. Қадырқұлов, У.А. Гаипбаева. – Алматы: Алматыкітап баспасы, 2021 – 158 бет.

© Қадырқұлов Р.А., Гаипбаева У.А., 2021 © «АЛМАТЫКІТАП БАСПАСЫ» ЖШС, 2021

Алғы сөз

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында «Болашақта ұлттың табысты болуы оның табиғи байлығымен емес, адамдарының бәсекелестік қабілетімен айқындалады» делінген. Әрбір қазақстандық, тұтас ұлт ХХІ ғасырға лайықты қасиеттерді игеруі қажет екенін жіктеп көрсетеді. Солардың бірі – компьютерлік сауаттылық.

Компьютерлік сауаттылық – адам қызметінің барлық салаларында, күнделікті өміріміздің ажырамас бөлігіне айналған ақпараттық технологияларды табысты қолданатын тұлғалық сапа.

Білім алушылардың компьютерлік сауаттылығын дамыту оқыту мен оқу үдерісінде, ғылымның әртүрлі салаларын игеруде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды дұрыс қолдануға мүмкіндік береді.

Бұл әдістемелік нұсқау 8-сыныпқа арналған «Информатика» пәнін оқытуда мұғалімдерге көмекші әдістемелік нұсқаулық ретінде ұсынылады.

Әдістемелік құралда жаңартылған білім беру мазмұнының талаптарына сай дайындалған оқулықты үйлесімді пайдалану үшін әрбір тақырыпты тиімді жоспарлау, оқыту мен бағалауды ұйымдастыру барысында мұғалімдер қауымына арналған бағыт-бағдар берілген.

Сонымен қатар, «Информатика» пәнін оқытудың мақсат-міндеттері, әдістәсілдері, оқушы жетістігін бағалау, оқытудың әдістемелік ерекшеліктері, оқулық мазмұнының құрылымына түсіндірме, ұзақмерзімді, қысқамерзімді сабақ жоспарлары қамтылған.

Оқулықтың әрбір тақырыбының мазмұны мен құрылымы оқушы игеретін жаңа білім мен тәжірибеге бағытталған ой қозғау, қызығушылықты арттыруға арналған проблемалық сұрақтар, өз бетімен түсінуі үшін теориялық ақпарат, тәжірибелік дағдыны дамытуға арналған практикалық тапсырмалар, қосымша ақпараттар, жаңа білімді бекіту мен сыни тұрғыдан ойлауды дамытуға арналған сұрақтар, зерттеу, жобалау және үй тапсырмалары қарапайымнан күрделі әрекетке бейімделіп беріледі.

Қазіргі оқу әдістемелік кешеннің заманауи компоненттерінің бірі білім беру үдерісінің барлық қатысушылары – мұғалім, оқушы мен ата-аналар қолданатын интернет ресурстар (bilimland.kz, ustaz.kz, smk.edu.kz, sabak.kz) жүйелі ақпарат, тәжірибе алмасу алаңы болып саналады.

Сіздерге ұсынылып отырған оқу-әдістемелік кешен авторлардың жинақталған тәжірибесі негізінде жасалды.

Оқу-әдістемелік құралдың мазмұны мен сапасын жақсартуға арналған ескертпелер мен ұсыныстарды roma-suz@mail.ru электронды поштаға жіберулеріңізді сұраймыз.

Негізгі орта білім беру деңгейінің 8-сыныбына арналған «Информатика» пәнінен жаңартылған мазмұн бойынша үлгілік оқу бағдарламасы

1- тарау. Негізгі ережелер

  1. Негізгі орта білім беру деңгейінің 8-сыныбына арналған «Информатика» пәнінен жаңартылған мазмұн бойынша үлгілік оқу бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 6- тармақшасына сәйкес әзірленген.

  2. «Информатика» оқу пәнін оқыту мақсаты білім алушыларды заманауи ақпараттық технологияларды тиімді пайдалану үшін базалық білім, білік және дағдылармен қамтамасыз ету болып табылады.

  3. Негізгі міндеттер:

1) білім алушыларда ақпараттық процестердің қоғамдағы түсінігін, ақпараттық технологияларды адам іс-әрекетінің әртүрлі салаларында пайдаланудың техникалық мүмкіндіктері мен перспективаларын түсінуді қалыптастыру; 2) ақпараттық технологияларды күнделікті өмірде, оқуда және келешек еңбек ісәрекетінде тиімді пайдалану біліктерін дамыту;

  1. білім алушыларды жүйелерді талдау, шешімдерді әзірлеу, программалық қосымшаларды жасау, өздерінің өнімдерін бағалау үшін компьютермен жұмыс

істеудің базалық қағидаларын түсінуін қамтамасыз ету;

  1. талдау, абстракциялау, модельдеу және программалау арқылы түрлі тапсырмалар шеше білуді дамыту;

  2. білім алушылардың есепті құрамдас бөліктерге бөлу және жалпы заңдылықтарды айқындау, қойылған міндеттерді шешудің тиімді және ұтымды тәсілдерін іздеу қабілеттілігін қамтитын логикалық, алгоритмдік, сондай-ақ есептеу ойлауын дамыту;

  3. білім алушылардың бойында ақпараттық мәдениетті қалыптастыру – жалпы қабылданған қағидаларды сақтау, жеке адамның және бүкіл қазақстандық қоғам мүдделерін ескеру;

  4. білім алушылардың академиялық тілді меңгеруіне және пән бойынша ұғымдық аппаратты байытуына ықпал ету.

2-тарау. «Информатика» пәнінің мазмұнын ұйымдастыру

  1. «Информатика» оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:

8 - сыныпта – аптасына 1 сағаттан, оқу жылында 34 сағат;

  1. Оқу пәнінің мазмұны оқыту бөлімдері бойынша ұйымдастырылған. Бөлімдер сыныптар бойынша күтілетін нәтижелер түрінде оқыту мақсаттары көрсетілетін бөлімшелерге бөлінген: дағды немесе білік, білім немесе түсінік.

  2. «Информатика» пәні бойынша бағдарламаның мазмұны 4 бөлімді қамтиды:

  1. компьютерлік жүйелер;

  2. ақпараттық процестер; 3) компьютерлік ойлау;

4) денсаулық және қауіпсіздік.

7. «Компьютерлік жүйелер» бөлімі келесі бөлімшелерді қамтиды:

1) компьютердің құрылғылары; 2) программалық қамтамасыз ету; 3) компьютерлік желілер.

4. «Ақпараттық процестер» бөлімі келесі бөлімшелерді қамтиды: 1) ақпаратты өлшеу мен ұсыну;

2) ақпараттық объектілерді құру және түрлендіру.

5. «Компьютерлік ойлау» бөлімі келесі бөлімшелерді қамтиды: 1) модельдеу; 2) алгоритмдер;

3) программалау.

6.«Денсаулық және қауіпсіздік» бөлімі келесі бөлімшелерді қамтиды:

  1. эргономика;

  2. ақпараттық және онлайн қауіпсіздік.

7. 8-сыныпқа арналған «Информатика» оқу пәнінің базалық білім мазмұны келесі бөлімдерді қамтиды:

  1. «Компьютердің құрылғылары». Процессор және оның негізгі сипаттамалары;

  2. «Компьютерлік желілер». Компьютерлік желінің өткізу қабілеті;

  3. «Ақпаратты ұсыну және өлшеу». Ақпараттың көлемін бағалаудың

алфавиттік тәсілі;

  1. «Ақпараттық объектілерді құру және түрлендіру». Электрондық кестелердегі деректер пішімдері. Абсолюттік және салыстырмалы сілтемелер. Функциялар графиктерін құру. Кірістірілген функцияларды пайдалану: математикалық (сомасы, көбейтіндісі, дәрежесі), статистикалық (ең төменгі, ең жоғары, орташа, есеп), логикалық (егер);

  2. «Модельдеу». Интеграцияланған дайындау ортасында қолданбалы міндеттерді шешу;

  3. «Алгоритмдер және программалау». Цикл операторлары (параметрі бар цикл, алғышартты цикл, кейінгі шартты цикл). Алгоритм трассировкасы. Интеграцияланған дайындау ортасында міндеттерді шешу;

  4. «Денсаулық және қауіпсіздік». Электрондық құрылғылардың адам ағзасына әсері, электрондық құрылғылардың теріс әсерінен қорғау тәсілдері. Желідегі пайдаланушының қауіпсіздігі: алаяқтық, интернеттегі агрессия.

12. Осы оқу бағдарламасы қосымшаға сәйкес негізгі орта білім деңгейінің 8 - сыныбына арналған «Информатика» пәні бойынша жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу жоспарының ұзақмерзімді жоспарына қосымша ретінде іске асырылады.

«Информатика» пәнінің оқыту мақсаты мен міндеттері

  1. Ақпараттық технологиялар адам іс-әрекетінің барлық салаларына енуімен қоса, біздің күнделікті өміріміздің ажырамас бөлігіне айналды. Ақпараттық технологияларды қолдану цифрлық форматтағы әртүрлі ақпаратпен жұмыс істеу үдерісін тездетеді әрі жеңілдетеді.

  2. Дамыған елдерде білім берудің басым бағыттарының бірі – оқушыларда компьютерлік сауаттылықты қалыптастыру. Егер бір жағынан, оқушылардың айтылған құзыреттілікті меңгеруі уақыттың талабы болса, екінші жағынан, бұл талап ақпараттық технологиялардың өзге оқу пәндерін оқытуда жаңа аспап болып, әртүрлі білім беру салаларымен біріктіруге арналған ресурстар мен техникалық құралдарды қолданудан туындап отыр.

  3. «Информатика» пәнін оқытудың мақсаты: оқушыларды негізгі біліммен, тиімді пайдалануға арналған қазіргі ақпараттық технологиямен бірге жүретін жұмыс дағдыларымен және қабілеттерімен қамтамасыз ету.

  4. Негізгі тапсырмалар:

    • ақпараттық үдерістердің қоғамдағы рөлін оқушылардың түсінуі, ақпараттық технологияларды адам іс-әрекетінің әртүрлі салаларында пайдаланудың техникалық мүмкіндігі мен әлеуетін қалыптастыру;

    • ақпараттық технологияларды күнделікті өмірде, оқу мен келешектегі жұмыс барысында тиімді қолдануға оқушыларды үйрету;

    • жүйені талдауға, шешім, программалық қосымшалар жасауға, оларды дамытып жетілдіруге, сонымен қатар өздерінің өнімдерін бағалауға мүмкіндік бере отырып, оқушылардың компьютермен жұмыс істеудің негізгі қағидаларын түсінуін қамтамасыз ету;

    • талдау, абстракция, модельдеу мен программалау арқылы оқушыларға әртүрлі тапсырма орындауды үйрету;

    • тапсырмаларды құрамдас бөлікке ажырату мен ортақ заңдылықтарды табу, қойылған тапсырмаларды шешуге тиімді әрі ыңғайлы тәсілдер табу мүмкіндіктерін дамытатын логикалық, алгоритмдік, жалпылау сияқты ойлаудың кезеңдерін дамыту;

    • оқушыларда ақпараттық мәдениетті қалыптастыру – жеке тұлға мен бүкіл қазақстандық қоғамның мүддесін көздеуге арналған жалпы ережелерді ұстану;

    • оқушылардың ғылыми тілді меңгеруіне, пән бойынша ұғымдық аппаратты байытуға қажетті орта жасау.

«Ин

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!