Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Саяхат сабақты өткізу-ұрпақты жан-жақты дамытудың басты кепілі

Материал туралы қысқаша түсінік
Саяхат сабақтар қазір жаңа бағдарламаға өнікті енуде. Дамыған мемлекеттерде сабақтың 80 пайызы табиғат құшағында саяхат ретінде және музей сабақтар болып өтіледі. Барлығы көру арқылы өтетін болғандықтан оқушының есінде жақсы сақталады және кіріктіріліп оқытылады. Нәтижелі болады.Көптеген әдіс қолданылады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Саяхат сабақты өткізу-ұрпақты жан-жақты дамытудың басты кепілі

Қазақстан - даму жолындағы мемлекет. Қазір ағарту саласы өзгеру үстінде. Ұстаз бүгін де ақыл-ой, инабаттылық, өнегенің көзі. Қазірде 21 ғасыр мұғаліміне тіпті көп міндеттер мен жауапкершіліктер жүктеліп отыр.

Білім ордаларындағы бала бақша тәрбиешілері, мектеп мұғалімдері мен жоғарғы оқу орындары оқытушыларына түбегейлі әдістерді өзгеруге тура келді.

Дәстүрлі сабақ пен қатар жаңаша оқыту белең алуда. Соның бірі –саяхат сабақтар. Дамыған 8 мемлекетте сабақтың 80 пайызы саяхат сабақтар мен музей сабақтардан тұрады. Олардың даму ерекшелігі - осында. Оған әбден мойын бұрған. Бұл сабақтың түрі білім беру саласында әуелден бар. 1955-1956 оқу жылдарында саяхат сабақтар тоқсанына 2 рет міндетті түрде өтілген. Маңғыстау облыстық мұрағатының №46 фондысында мұны дәлелдейтін нақты құжаттар, сабақ жоспарлары сақталған. Оны кезінде «ғылыми сабақтар» деп атапты. Олай аталу себебін оқулықтан тыс алынған тақырып ретінде деп түсінуге болады. Егер оқулықта бар материал болса, оқушы соның мазмұнын айтып, сұраққа жауап береді. Мұнда көшіріп жазып, оқып алып айтатындай дайын дүние жоқ. Бәрі шығармашылық, өз бетімен жұмыс жүргізу түрінде өтіледі. Баланың дамуы үшін қолайлысы-осы сабақтар екендігін түсінген.

Қазірде саяхат сабақтарды сирек те болса, ұйымдастырып жүрген оқытушылар баршылық. Көзбен көру арқылы өтетін болғандықтан, оның нәтижесі-90 пайыз деп батыл айтуға болады. Кезінде ғұлама Әл – Фараби: «Оқытудың негізгі әдісі – көрнекілік»,- екенін дәлелдеген. Оның бұл тұжырымы да қазіргі педагогикада мәнін жойған жоқ. Көруге негізделіп құрылған сабақ жанды, тірі сабақ болып өтеді және оқушы есінде ұзақ сақталады. Кеңестік кезде көрнекілік принципінің негізін қалаушы, оны негіздеген чех педагогы Ян Амос Коменский  деп таныдық. Біздің аталарымыздың бұл турасында одан да ертерек айтқан нақты пікірлері, бар екен. Ол пікірлердің бәрі сәулелі санамен, ұстамды терең ой, істің тетігін аңғара отырып, дәл танып айтылған дана сөздер деп білеміз. Сондықтан халқымыз: «Мың естігеннен-бір көрген» деп, тоқетерін айтқан. Қазіргі педагогикадағы интерактивті тақтаны (АКТ) сол көруге негізделген ең жетілген заманауи көрнекілік деп тануда. Бұл табиғи жанды көру емес, қолжетімді, өлі көру. Бірақ жоқтан жақсы.

Тірі, жанды көру-сабағы табиғат құшағында көкірек, көңіл көзің айналаны, кеңістікті кең шолатын, әлемге кең бойлай алатын, көзің мен көкірегіңе сыйғыза алатын саяхат сабақтар! Табиғатпен байланыс ұстанымдарының негізін қалаған - әл-Фараби атамыз. «Адамзатқа тән ерекше бір қасиет – өзін қоршаған дүниенің әсемдік сырларына үңілу, содан рухани нәр алу, өзінің нәзік сезімін образдар арқылы паш ету» - бұл да сан ғылыммен астасқан шартарапқа әйгілі телегейдің көреген ойы.

Адам мен табиғат-қашаннан егіз ұғым. Екінші ұстаз Әл-Фараби оқу, білім, ғылым адамы болу адамгершілік және тәрбие мәселелерімен тығыз байланысты деп көрсетеді. Ғылымсыз ештеңе де пайдаға аспайды. Құранның өзінде ғылым- бәріне басшы. Аллатағаланың бойындағы сегіз сипаттың екі сипаты бірігіп, ғылым-ақыл негізгі сипатқа айналады. Арғы асыл арнадан адасып қалу-бізге көп өкініш әкелді. Сол жолмен жүргендердің ұтқаны көп. Жаратылыстану әлемінің білгірі, кемеңгер ғылымды білгірлікпен жүйелейді. Ал ұлы Абай: «Дүние де-өзі, мал да - өзі, Ғылымға көңіл бөлсеңіз»,-деп өсиет тастайды. Қазіргі еліміздегі оқу ағарту жүйесіндегі жаңа бағдарлама да ғылымға негізделіп, жаңашаланып ғылымға бет бұруда. Оның жаңашалануы-сабақтың ғылымилануы. Бірден бастап кетуге мұғалім де, оқушы да, мектеп базасы да дайын емес... Соған қазір алғашқы баспалдақтар қалануда.

35 жылдан бері саяхат сабақтарын өткізіп келемін. Саяхат сабақтары мемлекеттік бағдарламамен тығыз байланысты өтіледі: «Ұлы даланың жеті қыры», «Жасыл ел», «Өңірлерді дамыту», «Туған жер» мемлекеттік бағдарламаларымен де байланыстырылып, оқушылар ізденіске түседі. Соның бірі Ақшұқыр аулындағы Машырық қажының мектебі, құдығы, бақшасымен таныстырылған саяхат сабағы. Сабаққа оқушылар, студенттер, ғалымдар, ата-аналар қатыстырылды. Құдық басында оқушыларды, студенттерді тақырып бойынша 6 топқа бөліп, жеке тапсырмалар берілді. Жай және зерделі бақылауды жүргізу көз алдарында өтті. Өңірдегі құдық маңайындағы өсімдіктермен жұмыс жүрді. Бұған биолог мұғалімдер қатыстырылды. Мұғалімдерге 2 оқушы, 2 студенттен бөлініп берілді. Мұндағы мақсат: дамыта оқыта, ілгерілей отырып, ғылыми тапсырмалармен іздендіре жетектеу. Мұғалім әрбір өсімдікке түсінік беріп, маңызды толықтыруларынан кейін студенттерге көп нәрсе аян болды. Бұл тұста студенттер шөптің, топырақ түрлерін биолог мұғалімнің жетектеуімен ажыратып, аттарын білді.
Олар зерттеу барысында биологиялық анықтағышты пайдаланды.

Зерттеушілік, ізденушілік – бала табиғатына тән құбылыс. Білуге деген құштарлық, бақылауға тырысушылық тәжірибеден өткізуге дайын тұру, әлем туралы жаңа мәлімет жинауға талпынушылық қасиеттер балаға тән дәстүрлі мінез екенін есте ұстаған жөн. Студенттер қоршаған ортамен таныса отырып, өзіндік зерттеу әрекетінің көмегімен жаңа білімді дайын күйінде емес, өздері ашты.

Таратпа материалдар зерттеу, зерделеумен қатар дағдыларын дамытты. Сондықтан студенттерді, оқушыларды өз білімдерін кез келген жағдайда қалай бейімдеу керектігін біліп, болашақта кездесуі мүмкін кез келген күрделі тапсырмаларды шешуге икемді болуға баулу маңызды екендігі айтылды. Зерттеу барысында құдықтың математикалық өлшемін алды. «Жаратылыстану» пәні бойынша білім беру бағдарламасында ғылыми-зерттеу жүргізу дағдылары мен біз өмір сүретін әлем туралы білімге ерекше назар аударылған. «Мен – зерттеушімін», «Тірі табиғат», «Заттар және олардың қасиеттері», «Теңіз және ауыл қатынасы» сияқты тақырыптарды зерделеу оқушылар мен студенттерге көптеген дағдыларды қалыптастырып дамытуға көмектесті: зерттелетін тақырыпты таңдау; сұрақ қойып, оған жауап беру тәсілдерін табу; зерттеу жүргізу жоспарын құру; болжам жасау; сұраққа жауап беру үшін зерттеу жүргізу, зерттеу нәтижесінде алынған түрлі деректерді жинау, қайта өндеу және түсіндіру. Бұл пән биология, химия және физика, математика пәндерінің негізін қалайды.
Мұғалімнің жетекшілігімен «Әлеуметтік ықпалдастырылған зерттеу моделі» жүргізілді. Модель әртүрлі 7  зерттеу  кезеңді  қамтыды:

Ретке келтіру

Зерттеуге дайындық

Зерттеу

Сұрыптау

Алға ілгерілеу

Байланыс орнату

Шара қабылдау

Осының ішінде, студенттерге күрделі болғаны: «Сұрыптау», «Алға ілгерілеу» кезеңдері болды. Дайын, жаттанды, көшіруге әдеттенген оқушы мен студентке өмірмен, өңірмен байланыстырып, көзбе-көз сол мезетте қорытынды шығару оңай болмады. Жалпы алдағы уақытта оқушыларды, студенттерді осы 7 кезеңнен тұратын зерттеулерге баулу-оқытушылар алдында тұрған міндет. Жаңаша оқыту дегеніміз-осы. Ал жаңаша оқытудың арғы түбі-ғылыми ізденіс.

Ретке келтіру кезеңінде олар тақырыппен жұмыс істеуге мүмкіндік бере отырып, оларды қызықтыратын мәселелерді анықтады. Зерттеуге дайындық кезеңінде осы тақырып бойынша бұрыннан белгілі нәрселерді анықтау және жұмыс істеу бағыты мен нысанын белгілеу жаттығуларын орындады. 7 кезең көзбе-көз жаттығулар арқылы іске асты: математикалық, биологиялық, химиялық, тілдік бағытта жүргізілді.

Зерттеу кезеңінде «Біздің нақты нені білгіміз келеді?», «Бұны істеудің ең үздік жолы қандай?» және «Ақпаратты қалай жинаймыз?» деген сұрақтар түрлері қолданылды. Сұрыптау кезеңінде оқушылардың, студенттердің жинақталған ақпаратты өндеуіне және әртүрлі тәсілдермен таныстыруына мүмкіндік беріледі. 

Алға ілгерілеу кезеңінде тақырып аясын кеңейтіп, студенттердің тақырыпты түсінгенін тексеру мақсатында «Біз қандай қорытындыларға келдік?», «Оларды қандай дәлелдермен негіздей аламыз?» деген сұрақтарға жауап алынды. 

Байланыс орнату  кезеңінде оқу үдерісінің барысы туралы және  не үйренгені туралы рефлексия жасауына мүмкіндік берілді. Ең соңғы кезең шара қабылдау кезеңінде студенттерге өздерінің түсінігі мен өмірлік тәжірибесінің арасында байланыс орнатуға көмектесу жұмысы жүргізілді. Студенттер үшін ең қиыны осы болды. Бұл зерттеу моделі шәкірттерге терең білім алып, пәнді түсіну үшін, қажетті жоғары деңгейлі дағдыларды қалыптастырып дамытуға ықпалын тигізеді.
Барлық пән бойынша жол-серуендерді өткізуге болады. Баланың жан - жақты дамуы оның қоршаған ортамен белсенді қарым - қатынасы негізінде қалыптасады. Серуеннің мақсаты – бала денсаулығын нығайту, шаршаудың алдын – алу. Баланың жан - жақты дамуы оның қоршаған ортамен белсенді қарым - қатынасы негізінде қалыптасады. Ең бастысы серуен
баланың танымдық, көркем - эстетикалық, әлеуметтік - тұлғалық дамуына ықпал етеді. Жол серуенді мейлінше жаяу жүріске ыңғайлы, бәлендей қашық емес, тақырыбы танымды,тағылымды нысандарға бағыттаймын.

Үнемі оқу кабинетінде 4 қабырғаға қамалып қалған оқушы мен студент кеңістікке шыққанда еліреді. Сол үшін міндетті түрде, ең алдымен, байырқату жұмыстары жүргізіледі. Екіншісі жай бақылау. Бақылау да түрліше болады. 4 түрлі бақылау іске асырылады. Жол-серуен кезінде
қимыл белсенділігін арттыру, қимылдық, спорттық ойындар мен жаттығулар міндетті түрде орындатылады. Мектепке дейінгі мекемеде, мектепте серуенді дұрыс ұйымдастырудың жоспары алдын-ала тыңғылықты дайындықпен жүргізілсе, неғұрлым қызықты өтеді. Саяхат сабақтардың өзіндік қиындықтары да бар. Оған мойымау керек. Саяхат сабақты өткізу-заман талабы. Ұрпақты жан-жақты дамытудың басты кепілі.



Ж.С.Дүйсенбаева, филология ғылымдарының докторы, Махамбет сыйлығының иегері, ЖШС «Каспий өңірі «БОЛАШАҚ» колледжінің оқытушысы








Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
12.10.2020
260
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12