400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Саясат маған не береді

Материал туралы қысқаша түсінік
Саясатымызды саналы түрде жүргізіп,билікті қоғамға жаңаша аяқ басуымыз қажет.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Саясат маған не береді?»

Ұлтымыздың даму тарихы мен ғұмыр кешу жолында түрлі қиындықтар мен еңсерілмес асулар болғаны белгілі.Десе де,қазір тереземіз тең,керегеміз кең,шегарамыз шегендеулі елге айналдық.Тарихымызды таразылап,болашағымызды бағдарлау үстіндеміз.Тәуелсіз-саяси көшбасшы елге айналдық,сардарлы саясатымызды саналы түрде жүргізіп,билікті қоғамға аяқ бастық.Осы орайда тәуелсіздіктің ақ таңында туылып,еркіндіктің есігін ашып туған мына бізге тәуелсіз саясат не береді деген сұрақ ойға оралады.Тәуелсіз елдің тәуменді тұлғалары болмас үшін қара халық саясатқа керегінше қызмет етуде.Билікке берешегімізді бергенімізбен,аларымыз қандай болмақ?

Саясаттың маған береріне тоқталсам,жеке тәуелсіз тұлға ретінде биліктен қажет етерлік мұқтаждарымыз жеткілікті.Жюль Ренар айтпақшы «Мен саясатпен шұғылданбаймын», ал сіз бұл сөздің «Мен өмір сүрумен шұғылданбаймын» деп айтумен бірдей екендігін білесіз бе?» демекші біздің барлық өміріміз саясаттан тұрады.Робинзон Крузо секілді адам баспаған иесіз аралда қалып қалмасақ,саясаттан шалғай кетуіміз мүмкін емес-ті.

Семюэл Джонсон 1775 жылы «Саясат-әлемде мансапқа жетудің құралы» деп кеткен.Ғасырлар зымырандай зырғып ,өзгерістер орын алса да бұл жеке басым үшін өзгермейтін актуалды пікір.Яғни мен үшін де саясат мансапқа аяқ басудағы үлкен баспалдақ.Мамандығым журналистика болғандықтан билік төңірегінде төңкеріс яки жаңа жаңалық жасаумыз қажет.Билік пен халықты байланыстырушы құрал болғанымызбен,сауаттылық деңгейіміз төмен болса,қара тұрмыстың кіріне былғанып,саясаттың сандалына түсуге мәжбүр боларымыз хақ.Сондықтан билік бізді пайдаланғанын кеш түсініп,қолымызды мезгілінен кеш сермеп қалмайынша ,сауатты сынайтын санаулы саясаткерлер санатына кіріп,билікті өз пайдамызға асырғанымыз жөн.Яғни биліктің маған берері-жекеменшік баспасөздің принципін қалыптастыру жолындағы мансаптық көтерілу жолы.

Сөзімді Жюль Ренордың сөзімен қортындылағым келеді:«Егер сіз саясатқа араласпасаңыз,саясат сізге араласады!»

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
06.12.2023
365
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі