Материалдар / Шебер сынып «Критериалды бағалау-табысқа жету баспалдағы»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Шебер сынып «Критериалды бағалау-табысқа жету баспалдағы»

Материал туралы қысқаша түсінік
Шебер сыныпта бағалау тапсырмаларын əзірлеуге, оларды көрсетудің əртүрлі тəсілдерін қолдануға, əзірленген тапсырмаларға сараптама жасаудың педагогикалық əдіс-тəсілдерін жетілдіруге, тест сұрақтарының дұрыс жауабы мен дистракторларды шеберлікпен құрастыруға, тапсырма мен тест сұрақтарының мазмұнын талдай білуге жəне пəн бойынша бағалауға арналған тапсырманы дұрыс таңдай білуге үйрету
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Қараша 2021
443
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Жалғансай орта мектебі












«Критериалды бағалау-табысқа жету баспалдағы»


Шебер сынып








Дайындаған: Досқалиева Ақмарал

Меңдібайқызы















Тақырыбы: «Критериалды бағалау-табысқа жету баспалдағы» шебер сынып


Мақсаты: Бағалау тапсырмаларын əзірлеуге, оларды көрсетудің əртүрлі тəсілдерін қолдануға, əзірленген тапсырмаларға сараптама жасаудың педагогикалық əдіс-тəсілдерін жетілдіруге, тест сұрақтарының дұрыс жауабы мен дистракторларды шеберлікпен құрастыруға, тапсырма мен тест сұрақтарының мазмұнын талдай білуге жəне пəн бойынша бағалауға арналған тапсырманы дұрыс таңдай білуге үйрету

Ерекшеліктері: Оқу тапсырмаларын білім алушылар үшін қызықты, тартымды және маңызды етуге бағытталу болып табылады.

Күтілетін нәтиже:

- алдына қойған мақсатына жете алатын оқушы тәриеленеді;

- әр оқушы өз білім деңгейін, мүмкіндігі, іскерлігін біліп ғана қоймай оны дамытады;

- өз бетімен ізденіс дағдыларын шығармашылық қабілетті жетілдіретін, шығармашыл тұлға қалыптасады;

-Идеясы: « Бірігіп,бірге жеңеміз» !

Әдісі:Әңгімелесу- пікір алмасу, сұрақ-жауап сыни тұрғыдан ойлау, тренингтер,тәмсілдер, шығармашылық жұмыс, кері байланыс, бағалау;

Ресурстары: Интербелсенді тақта, сызбалар, ватман, А4 қағаздары, маркер,ойын элементтері, жағдаяттар,стикерлер,бағалау парақшалары т.б.


Жүру барысы:

І.Ұйымдастыру бөлімі.

Кіріспе сөз :

- Қайырлы күн, құрметті әріптестер!Бүгінгі күні сіздермен кездескеніме қуаныштымын! Бүгінгі біздің отырысымыз ерекше болады деген үмітпен шарамызды бастаймыз. Шебер сыныпқа қош келдіңіздер! Шарамыздың ерекшелігі сол, білім саласындағы қиындықтарды біз боп, сіз боп пікірлесе отырып, ойымызды түйіндеп, өмір жолында пайдалану.

Олай болса, барлықтарыңызға сәттілік тілей отырып, алдымен шебер сыныбымызды бастамас бұрын, әрі қарай шараға бірлесе, ынтымақтаса, белсенділікпен қатысуымыз үшін бір-біріміз амандасып сәлемдесіп алайық.

Психологиялық тренинг.


«Сәлемдесу» жаттығуы



Барлығымыз орынымыздан тұрып бір бірімізбен қол беру арқылы, құшақтасып, оң иықпен, сол иықпен, оң аяқпен, сол аяқпен, оң тіземен, сол тіземен, балалық еркелікті еске алып мұрын ұшымен сәлемдесеміз.


Олай болса,

  • Менің қолымдағы сандықшадан, өз таңдау еріктеріңізбен көбелектерді алыңыздар. Осы көбелектердің түсі бойынша топқа бөлініп отыра қояйық.


Болжау


Түрткі сауалдар:

Сіз оқушылардың бағдарламаға сәйкес оқу мақсаттарын орындау қабілетін қалай бағалайсыз?
Оқушының білім алу барысындағы қателіктері мен олқылықтарын немен айқындайсыз?

Нені бағалауға болады? 

Олай болса бүгінгі шеберлік сыныптың тақырыбы: «Критериалды бағалау-табысқа жету баспалдағы


1- тапсырма.

1-топқа

Қалыптастырушы бағалау жəне бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау үшін тапсырмаларды құрастыру алгоритмін құрастырыңыз

2-топқа

Тоқсандық жиынтық бағалау үшін тапсырмалар құрастыру алгоритмін құрастырыңыз


3-топқа Берілген мәтінді пайдалана отырып тексеру парағын дайындаңыз

Дескриптор – тапсырмаларды орындау кезіндегі əрекетті көрсететін сипаттама.

Дескрипторлар қалыптастырушы бағалау мен бөлім бойынша жиынтық бағалауды өткізу кезінде қолданылады. Тапсырмаларды тексеру үдерісінде бөлім бойынша жиынтық бағалауда қолданылатын əр дескриптор 1 балмен бағаланады.

Дескрипторлар əрқашан тапсырмалармен қатар құрастырылады жəне тапсырманы орындау кезіндегі əр қадамның сипатын болжайды. Бұл тапсырманың мазмұны бойынша сенімді жəне жарамды болуын, сондай-ақ басқа мұғалімдердің тарапынан да объективті, дұрыс бағалануын қамтамасыз етеді.

Дескрипторларды құрастыру кезінде ненің алдын алу қажет?

Дескрипторларды тиянақтау кезінде «біледі», «түсінеді», «жасайды» жəне т.б. сияқты фразаларды қолданбаған дұрыс. Мұндай мазмұндағы сөздер бағалауға қиындық туғызады жəне тапсырмаларды орындау кезіндегі нақты əрекеттерді сипаттамайды.Дескриптор оқушының қиындықтарын анықтауға жəне кері байланыс ұсынуға мүмкіндік беруге көмектесуі қажет. Мысалы, «дұрыс жауапты көрсетеді» емес, «стандартты түрде жазылған сандардың ретін салыстыру негізінде артық сандарды көрсетеді» деп берілуі тиіс.Ашық типті тапсырмалар үшін дескрипторларды құрастыру таңдалған орындау тəсілдерін (егер талап етілсе) сипаттаудан басталады, мысалы, «дискриминант формуласын қолданады». Бұдан əрі алынған жауап пен аралық əрекеттер сипатталады, мысалы,«дискриминанттың мəнін есептейді», «теңдеу түбірінің санын анықтайды», «теңдеудің түбірін табады». Мұғалім өз тəжірибесіне жəне кəсіби пайымдауына сүйене отырып, тапсырмаларды орындау кезінде қандай аралық қадамдарды бағалауы керектігін анықтайды.Тапсырмалардың дескрипторлары тапсырмаларды орындаудың қай кезеңінде оқушыларда қиындықтар туындайтынын анықтауға мүмкіндік беретіндей болуы керек жəне бағалау кезінде мұғалімнің шешімі объективті болуы үшін анық, нақты болуы қажет. Бұл оқушылар мен олардың ата-аналарына сындарлы (конструктивті) кері байланыс беруге жағдай жасайды (Негізгі жəне жалпы білім беретін мектептердің мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау бойынша нұсқаулық, 2016).

Тапсырманы орындау қадамдары

1-қадам: Топта ақылдасады.

2-қадам: Алгоритм құрастырады.

3-қадам: Әр топ атынан бір немесе бірнеше шешен шығып, жұмыстарын қорғайды.

4-қадам: Қорғау соңында талқылау ұйымдастырылады.


2-тапсырма

1-топқа

1.Өз пəніңіз бойынша оқу бағдарламасының əртүрлі бөлімінен бірнеше оқу мақсаттарын таңдаңыз

2.Оқу мақсаттарына критерий/бағалау критерийлерін құрастырыңыз

3.Бағалау критерийлерін ойлау дағдыларының деңгейлерімен сəйкестендіріңіз


Оқу мақсаты

Бағалау критерийі

Ойлау

дағдыларының деңгейі




2-топқа

Бөлім бойынша жиынтық бағалауға тапсырма құрастырыңыз

Оқу мақсаты


Бағалау критерийі


Ойлау дағдыларының деңгейі


Тапсырма






3-топқа

Балл қою кестесі мәтінімен танысып тексеру парағын дайындаңыз

Балл қою кестесі тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмалары үшін құрастырылады жəне жиынтық жұмыстарды тексеру үдерісінде қолданылады.Балл қою кестесі – тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларына балл қою бойынша бірыңғай норманы белгілеу үшін мұғалімдер қолданатын кесте.Балл қою кестесі қашан, қалай балл берілетіндігін білдіретін, дұрыс (болжамды) жауаптар мен ұсыныстардың үлгілері туралы анық жəне нақты ақпарат ұсынатын құрал болып табылады.Балл қою кестесінің құрылымы мен мазмұны пəндер мен тапсырмалар түрлеріне қатысты ерекшеленуі мүмкін (мысалы, қазақ тілі мен əдебиеті пəнінде балл қою кестелері сөйлеу əрекеттері (тыңдалым, оқылым, айтылым, жазылым) бойынша əртүрлі болуы мүмкін). Балл қою кестесінің құрылымы мынадай ақпараттардан тұрады: тапсырмалар нөмірі, тапсырмаларды орындаудың кезеңдері көрсетілген жауаптары, əр кезеңнің балдары жəне балдың берілуі туралы ұсынысы бар қосымша ақпараттар .Балл қою кестесінде көп таңдауды қажет ететін тапсырмалар үшін дұрыс жауабы(кілті) көрсетіледі.Ашық типті тапсырмалардың дұрыс (болжамды) жауаптарының үлгілерін құрастыру кезінде балл қою кестесінде бағалаудың екі аспектісі сипатталады: таңдалған жауап (мысалы, Ізденімпаз, шыдамды, тілалғыш, тəрбиелі); ықтимал жауаптар немесе оқушы жауабы ескеріледі (мысалы, автор пікірімен келісу/келіспеу пікірін жазады/оқушы жауабы ескеріледі.). Бұдан əрі тапсырмаларды орындаудың əр кезеңінің балдары көрсетіледі.Барлық альтернативті жауаптар балл қою кестесінде көрсетілуі тиіс, мұндай жағдайда олар «/» қисық сызықпен не «немесе» шылауымен ажыратылады .

Қорытынды

Критериалды бағалаудың маңызы:
Мұғалімдер үшін:
• Сапала нәтижеге әкелетін критерийлер құрастыруға;
• Өз іс-әрекетін саралап және болашаққа жоспарлай алатын мәліметтер алуға;
• Сабақ берудің сапасын арттыруға;
• Оқушының жеке ерекшеліктерін ескере отырып, оқытудың әр тұлғаға арналған ауқымын жоспарлауға;
• Бағалаудың әртүрлі әдістерін пайдалануға;
• Оқу бағдарламасын қолжетімді ету үшін ұсыныстар енгізуге
Оқушылар үшін:
• Танымдық қабілеті мен ойлау деңгейін арттыратын оқытудың әртүрлі әдістерін пайдалануға;
• Табысқа жетелейтін бағалау критерийлерін түсінуге;
• Өзін және өзгелерді бағалау арқылы кері байланысқа түсуге;
• Сыни ойлауына, еркін ойын айтуына, өзінің білімін көрсетуге
Ата-аналар үшін:
• Баласының білім сапасының дәлелдемелерімен танысуға;
• Оның оқуындағы табыстылықты бақылауға;
• Оқуына қолдау көрсету үшін бағыт алуына мүмкіндік туғызады.
Критериалды бағалау жүйесінің тиімділігі:
• Мұғалімге оқушының оқу жетістіктерін объективті түрде бағалауға мүмкіндік береді;
• Оқушыларға оқу үдерісі барысында туындаған қиындықтарды түсінуге, бағалауға мүмкіндік береді;
• Ата-аналар оқушының оқу жетістіктер бойынша объективті дәлелдемелермен қамтамасыз етіледі;


«Қарандаштың 5 қасиеті»

Бұл қарандаштың қандай 5 қасиеті бар деп ойлайсыздар? Сыни ойлануға тырысыңыздар.

Қарандаштың бес қасиетіне құлақ салыңыздар!

Бірде бала әжесінің хат жазып отырғанын көріп:

-Әже,сіз мен туралы жазып отырсыз ғой,иә?-деп сұрайды.

-Ия, сен дәл таптың,мен сен туралы жазып отырмын.Мұнда менің не жазып отырғаным маңызды емес,немен жазып отырғаным маңызды.Мен сені өскенде мына қарандаш сияқты болғаныңды қалаймын, -дейді.Бала қарандашқа таңырқай қарайды,бірақ одан ешқандай ерекшелікті таппайды.

Ол:-Мен көріп жүрген қарандаштардан өзгешелігі жоқ қой ,-дейді.

Әжесі:-Бәрі әр нәрсенің ішкі сырына үңілуге байланысты.Бұл қарандашта 5 түрлі қасиет бар.Ол сенің өміріңе қажет болады,-дейді.

1-сен ақылды боларсың,бірақ сенің бағыттаушы қолың бар екенін ұмытпа, ол сенің жол сілтеушің.

2-жақсы жазу үшін,мен ол қарандашты ұштауым керек.Бұл кезде ол қарандаштың жанына ауыр тиеді,бірақ ұшталған қарандаш өте жіңішке жазады.Қандай да болмасын қиындыққа төзе біл,ол саған өмірлік сабақ болады.

3-қарандашпен жазғаныныңның кейбірін қатеге есептеп өшіргішпен кетіресің.Есіңде болсын,өз қатеңді түзеу барлық жағдайда жаман болмайды.Тура жолдан адаспауыңа көмектеседі.

4-қарандаштың сырты ағаштан жасалғаны,оның пішіні мәнді емес,оның ішіндегі графигі мәнді.Сондықтан, әрқашан ішкі дүниеңде не болып жатқанын ойла.

5- қарандаш-әрине,жазғанда артында із қалдырады. Сен де қарандаш сияқты өз іс-әрекетіңмен артыңда із қалдырасың.Қоғамға пайдалы іс істейсің.Әр қадамыңды ойлап бас,-дейді.




Кері байланыс:

Мұғалімнің қорытынды сөзі:

Критериалдық бағалау жүйесін қолдану арқылы біз: Оқушының тұлғалық бағытын белсенді позицияға бағыттап, тұлғаның өзіндік жауапкершілігін арттырып, еңбегін нақты бағалауға мүмкіндік береміз.Оқушының бағалау жүйесіне толық қанағаттануын қамтамасыз ете аламыз. Критериалды бағалаудың басты ерекшелігі: Алдын ала ұсынылған бағалау шкаласы; Анық, айқындылығы; Бағаның әділдігі; Өзін бағалауға мүмкіндіктің берілуі.

Критериалды бағалау жүйесінің заман талабына сай бәсекеге қабілетті, білімді, іскер, ойлау жүйесі дамыған, логикалық тұжырым жасауға бейім, еркін ойлай алатын жеке тұлғаны қалыптастырады; жеке жұмыстар жүргізу арқылы білім дәрежесін, ой-өрісін әрі қарай дамытады; оқушылардың білім сапасын арттырады;

оқушының тұлғалық бағытын белсенді позициясына бағыттауға мүмкіндік беретін бірден-бір бағалау жолы; тұлғаны өзіндік жауапкершілікке, тұғырлы нәтижеге, бағытқа жеткізетін, шығармашыл бағалау жүйесі

Рефлексия

Шебер сынып аяқталды. Бәріңізге көп-көп рахмет айтамыз. Өздеріңізбен бірге жұмыс жүргізу үлкен ғанибет. Біз бүгінгі жұмысымызда алға қойған міндеттерімізді орындадық деп ойлаймын. Сіздерге кәсіби қызметтеріңізге табыс тілеймін, кездескенше!


Уақыт бөліп келгендеріңізге рахмет, сау болыңыздар! Қошемет, қол соғайық!



































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!