Материалдар / Шебер сынып "Сабақта табысқа жету жағдаятын туғызу" Жас мамандарға
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Шебер сынып "Сабақта табысқа жету жағдаятын туғызу" Жас мамандарға

Материал туралы қысқаша түсінік
Шеберлік – сынып қатысушыларына әдістемелік көмек көрсету
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Мамыр 2021
2521
5 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


«Қарағанды көлік-технологиялық колледжі» КММ















«Сабақта табысқа жету жағдаятын туғызу жолдары»

тақырыбында өткен


ШЕБЕР - СЫНЫПТЫҢ

әзірлемесі








Өткізген: математика пәнінің

оқытушысы Г.А.Хамитова

















Қарағанды

Тақырыбы:

«Сабақта табысқа жету жағдаятын туғызу жолдары»


Шеберлік сыныбының

мақсаты:

Шеберлік – сынып қатысушыларына әдістемелік көмек көрсету


Міндеті:

Қатысушылардың өздерінің кәсіби шеберліктеріне ой жүгірте білуі;

Үйренушілердің қызығушылығын тудыру

Құралдар:

презентация, мәтіндер жазылған парақтар, ватман, стикерлер, маркерлер

Жоспар

I Кезең

7 мин.


Ұйымдастыру кезеңі

1 Қызығушылығын ояту.

Видео «Бәрі өз қолыңда»

2 Тренинг — психологиялық ахуал туғызу. Түс таңдау арқылы топқа бөлу. Адамдардың түс таңдауына қарап, олардың мінезі туралы психологтардың айтқан болжамы.

II Кезең

10 мин.



Теориялық бөлім

1 Тақырып бойынша ақпарат беру

2 Қатысушылармен жұмыс (Қатысушылар берілген оқыту әдістерімен танысады, талдайды)

1 топ- «Бір минут»

2 топ- «Креативті матрица»

3 топ-«Карточкалар иерархиясы»

III Кезең

10 мин.

Практикалық бөлім

Табысқа жету жағдаятының мәнін талқылау.

1 топ- «Бір минут» әдісі арқылы

2 топ- «Креативті матрица» әдісі арқылы

3 топ-«Карточкалар иерархиясы» әдісі бойынша «Менің қоғамым» «Креативті матрица» әдісінің қолданысын көрсету.

IV кезең

3 мин.

Қорытынды кезең

Сабақ соңындағы кері байланыс «Тазалық» ойыны




Күтілетін нәтижелер

Қатысушылардың білімдері жинақталады;

Қарастырылған тақырыпқа қызығушылықтары туындайды, белсенділіктері артады;

Әдіс-тәсілдерді қолдана алады.
















1 Ұйымдастыру кезеңі

Сәлеметсіздер ме, құрметті әріптестер! Мен сіздермен кездесіп, бірлесе жұмыс жасайтыныма қуаныштымын. Презентация арқылы шебер сыныптың мақсаты мен міндетін, сабақ ұранын хабарлау.

1) Қызығушылығын ояту

Аңыз: (видео) «Бәрі өз қолыңда»

Бір қалада әйгілі ғалым өмір сүріпті. Оның шәкірттері өте көп болған екен. Бір күні сол шәкірттердің біріне осы біздің ұстаздың жауап бере алмайтын сұрағы бар ма екен деген ой келеді. Ұстазын сынамақ болған оймен гүлдеп тұрған шалғынды жерге келіп, гүлге қонып тұрған ең әдемі бір көбелекті ұстап алады. Ол көбелекті екі қолының алақанына жасырып, ұстазымнан менің қолымда қандай көбелек бар деп сұраймын. Егер ұстазым сенің қолыңдағы көбелек өлі дейтін болса, мен сол мезетті көбелекті жібере саламын, сол кезде ұстазымның қателескеніне көзі жетеді. Ал, сенің қолыңдағы көбелек тірі дейтін болса, екі алақанымды қысып, ол көбелекті өлтіремін де, сіз қателестіңіз деп айтамын дейді шәкірт. Сонымен, шәкірт ұстазының жанына келіп, менің қолымда қандай көбелек бар деп сұрайды. Сол кезде ұстазы шәкіртіне қарамастан сабырлықпен «Бәрі өз қолыңда»деп жауап берген екен.

Аңызда айтылғандай өзіңнің табысты болуың «Бәрі өз қолыңда» екен. Сондықтан бүгінгі сабағымыздың ұраны болсын.

2) Тренинг — психологиялық ахуал туғызу. Топтарға бөлу.

Кез- келген адамның сүйікті түсі болады. Адамдардың түс таңдауына қарап психологтар олардың мінезін, жан дүниесін болжайды екен. Сонымен өзіміздің мінезімізді білуге тырысып көрейік. Ендеше түс таңдайық.

Қызыл түс таңдағандар -1 топ

Жасыл түс таңдағандар -2 топ

Сары түс таңдағандар -3 топ

Сары түсті - еркіндікті қалайтындар және қиялға берілгіштер қалайды. Олар күтпеген оқиғаларды жақсы көреді Үнемі ізденісте жүреді. Тың идеяларды талқылап, ой таразысына салғанды жақсы көреді. Бірақ кейде жауапкершіліктен қашады.

Қызыл түс тасыған күшті білдіреді. Көбінесе қызу қанды адам осы түсті таңдайды. Албырт, белсенді тез шешім шығаратындар. Өмірден бәрін тез үйреніп, алға ұмтылғыштар, оларды бірқалыптылық тез жалықтырады. Айналасындағылардың қателігіне көз жұмып қарамайды. Шынайылықты жақсы көреді.

Жасыл түсті жақсы көретіндер тыныштықты қалайды. Дегенмен көпшілікпен араласқанға құмар. Шыдамды, тым байсалды. Ұжымның алдында өзін көрсеткенді қаламайды. Өйткені өзгелер жомарттығын пайдаланып кетеді деп қорқады.

2 Теориялық бөлім

1) Тақырып бойынша ақпарат беру.

Сабақта табысқа жету жағдаятын туғызудағы қолданылатын оқыту әдістері туралы мағлұмат беру.

Білім беру үрдісінде оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру үшін әртүрлі педагогикалық технологиялар мен әдіс –тәсілдер қолдануда. Соның ішінде оқушының белгілі бір жетістікке жету үшін сабақта табысқа жету жағдаятын туғызу әдістері. Егер оқушы өзі қандайда бір жетістікке қолы жетсе, ол қуанып қана қоймайды, онда тағы да алдындағы белестерден өту мақсаты тұрады. Осындай жағдайда мұғалім оқушының қандайда бір жетістікке жетуі үшін төмендегідей жағдаяттарды сабақта жиі қолданса, мұғалім жұмысының жетістігін көруге болады.

2) Қатысушылармен жұмыс (Қатысушылар берілген оқыту әдістерімен танысады, талдайды)

«Бір минут» әдісі (1 топ)

Бұл әдіс  оқушыларда оқылған материалдан түйінді, басты ақпаратты іріктей білу дағдыларын қалыптастыруға көмектеседі, сондай-ақ белсенді тыңдау дағдысын дамытады. Аталған әдісті«Ыстық орындық» тапсырмасымен байланыстыруға болады.

Топқа қаратып бір «ыстық» орындық қойылады. Сондай-ақ барынша жайлы қарым-қатынасты қамтамасыз ету мақсатында «ыстық» орындықты дөңгеленіп отырған балалардың ортасына қоюға болады.

Әдісті жүзеге асыру  алгоритмі

Оқушылар тиісті тақырыпты зерделеп, өздері негізгі деп санайтын ақпаратты атап көрсетеді. Оқушыларға рөлді топта немесе жеке зерттеуіне болады.

Оқуға берілген уақыттан кейін оқушылар «ыстық» орындыққа отырып, бір минуттың ішінде өздерінің басты қорытындысын ақпаратын ұсынады.

Басқа оқушылар мұқият тыңдаулары керек, егер де олар «ыстық» орындықтағы баланың тақырыптан ауытқығанын немесе қайталанғанын, күмәнді деректер келтіргенін аңғарса, олар наразылық білдіре алады. Мұндай жағдай орын алса,  уақыт тоқтатылады.

Ұйымдастырушы  наразылықтың дұрыс - бұрыстығын шешіп, өз шешімін дәйектеуі қажет.

Егер де наразылық дұрыс деп танылса, онда «ыстық» орындықтағы оқушы ойыннан шығып, орындықты босатады. Наразылық танытқан оқушы   ұпай алады.

Егер де наразылықтан бас тартылса, онда оқушы басқа наразылық білдірілгенше дейін немесе бір минут аяқталғанша өз сөзін жалғастырады. Егер оқушы өзіне тиесілі  минут бойынша «ыстық» орындықта отыра алса, ұпай алады.

Креативті матрица (2 топ)

Қалыптастырылатын дағдылар:

- креативтілік;

- ойлау, шешім қабылдау, проблемаларды шешу;

- бірлескен жұмыс.

Жалпы сипаттама

Бұл әдіс оқушыларды жағдайлардың, нұсқаулардың, идеялар мен оқиғалар топтамасы туралы (болжамды түрде) креативті ойлауға ынталандырады. Бұл ойлау және проблемаларды шешу дағдыларына ықпал ете отырып, оқушылардың сұрақтарға жаңа қырынан қарауына мүмкіндік береді. Нұсқаларды зерделеп, басқа оқушылар идеяларының негізінде өз нұсқаларын сындарлы, әрі креативті етіп құрастыру үшін оқушылар топтарда жұмыс істейді.

Жұмыс алгоритмі.

1 Оқушыларға белгілі бір мәселеге негізделген болжамды сценарийлері бар матрица беріңіз:

2 Студенттерден әрбір қатардан, олардың пікірінше орындалуы мүмкін бір нұсқаны таңдап және оларды бірге қосуды сұрайды. Сондай-ақ олардың ықтималдығы төмен сценарийлері, іске асуы мүмкін жағдайларды анықтау сұралады.

3 Бұдан кейін студенттерден топ ішінде олар атқарған жұмысты талқылауды сұраңыз- топтар өздерінің идеяларын дәйектей алды ма? Топтар өз талқылауын қалай тұжырымдады? Үйлестіруші болды ма? Келісімге қол жеткізді ме, егер олай болса, қалай қол жеткізді?

Мысал: Креативті матрица «Геометриялық денелер»

Проблема

призма

Конус

пирамида

цилиндр

Түсінігі мен анықтамасы

Тік төртбұрышты оның қабырғаларының бірінен айналдырғанда шығатын фигураны айтады.


Бір жағы кез келген көпбұрыш, ал қалған п жағы төбелері ортақ үшбұрыштардан тұратын көпжақты атайды.


Екі жағы параллель жазықтықтарда

жататын өзара тең көпбұрыштар, ал қалған

жақтары осы көпбұрыштармен ортақ қабырғалары

бар параллелограмдар болып келген көпжақты атайды.


Тікбұрышты үшбұрышты катетінен айналдырғанда шығатын фигураны

Формулалар

Мамандықта








Карточкалар иерархиясы (3 топ)

Бұл тапсырма оқушыларға идеялар мен ақпаратты басымдығы бойынша орналастырып, неге бұлай орналастырғандарын дәлелдеп, талқы жүргізуге мүмкіндік береді.

Сыныпты жоспарлау

Оқушылар тақтаның немесе қабырғаның жанында жұмыс істейді. Немесе топтарға үстел басында жұмыс істеуге болады.

Жұмыс алгоритмі

1. Шағын топтардағы студенттерге белгілі бір сұраққа қатысты 9 немесе одан аз идея беріледі немесе оны өздері жазады.

2. Олар өздері бірінші басымдық беретін идеясын жоғарығы қояды, содан кейін  екінші солай барлық тоғыз идеяны қойып шығады.

3. Топта ең маңызды деген идеяны анықтау үшін оқушылар арасында талқылау жүреді. Әрқайсысы идеяның маңыздылығына қатысты пікір білдіре отырып, бір-бірін тыңдау арқылы мол мәліметтер алады.

3 Практикалық бөлім

Табысқа жету жағдаятының мәнін талқылау.

1 топ- «Бір минут» әдісі арқылы

2 топ- «Креативті матрица» әдісі арқылы

3топ-«Карточкалар иерархиясы» әдісі бойынша «Менің қоғамым» «Креативті матрица» әдісінің қолданысын к

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!