Шеберлік сынып туралы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Шеберлік сынып туралы

Материал туралы қысқаша түсінік
пән мұғалімдеріне арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Өрлеу» БАҰО АҚФ,

Алматы облысы бойынша педагог

қызметкерлердің біліктілігін арттыру

институтының аға оқытушысы

Қылышбекова Н.Ұ.


Тіл мен пәнді кіріктіріп оқыту


2018 жылдың 27 тамызы күні  «Өрлеу» «БАҰО» АҚ филиалы «Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» базасында Мұғалімнің кәсіби дамуын психологиялық-педагогикалық тұрғыдан қолдау кафедрасының аға оқытушысы Нұрсәуле Қылышбекова Ұқанбайқызы «Тіл мен пәнді кіріктіріп оқытуда (CLIL) қолданылатын инновациялық әдіс тәсілдерді насихаттау» тақырыбында Алакөл, Талғар аудандары мен Талдықорған қаласындағы орта мектеп, гимназиялардан 30-дан аса мұғалім қатысқан облыстық шеберлік сыныбын өткізді.

Облыстық шеберлік сыныбының  мақсаты  –  қатысымдық тапсырмаларды қолдану жолдарын меңгерте отырып, пән мұғалімінің кәсіби құзыреттілігін дамыту, педагогтардың кәсіби өсуін зерделеу, тәжірибе алмасу.

Іс-шараны «Өрлеу» «БАҰО» АҚ филиалы АОПҚБАИ директорының ғылыми-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары, саяси ғылымдарының докторы, доцент Толқын Ауелгазина ашып, көптілде білім беру – көптілді тұлға қалыптастырудың негізі екендігіне, адамның тұлғалық дамуының көптеген сипаттарын айқындайтын, оның кәсіби  тұрғыда бәсекеге қабілеттілігі мен әлеуметтік ұтқырлығының қалыптасу деңгейін     көрсететіндігіне тоқталып өтті.    

    Аға оқытушысы Н.Қылышбекова іс-шараның мақсат-міндеттерімен таныстыра келе, Алматы облысының әр түкпірінен келген мұғалімдердің шығармашылық қызметтеріне сәттілік тіледі. Сонымен қатар, Нұрсәуле Ұқанбайқызы білім беру ұйымдары үшін ұйымдастырылған бейне-сабақтар мен бейне-дәрістердің «Педагогикалық идеялар панорамасы» конкурсына өтінім қабылдау жалғасып жатқандығын айтып өтті. Шараға қатысушы ұстаздар «Педагогикалық идеялар панорамасы» республикалық конкурсына ерекше қызығушылық танытып, қатысуға үмітті екендіктерін жеткізді.

Шеберлік сыныбы жұмысы аясында қатысушы мұғалімдер іс-шараның бағдарламасына сәйкес баяндамалар оқып, тақырып бойынша дайындаған жұмыстарының презентациясымен таныстырды, сабақ үлгілерін көрсетіп, тәжірибе алмасты.

          Облыстық іс-шараны  қорытындылай келе, «Өрлеу» «БАҰО» АҚ филиалы «Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» директорының ғылыми-әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары Толқын Ауелгазина іс-шараға қатысып, белсенділік танытқан мұғалімдерге алғыс хаттар табыс етті.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
27.08.2018
633
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі