Материалдар / Секірудің түрлері
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Секірудің түрлері

Материал туралы қысқаша түсінік
Секіру – табиғи , қолданбалы маңызы бар қимыл. Секіру жаттығулары құрсақ бөлігі, аяқ, арқа, қол бұлшық еттерінің қызметін күшейтеді, батылдыққа, сенімділікке тәрбиелейді, жылдамдық, икемділік қасиеттерін дамытады. Бастауыш сынып бағдарламасында секірудің келесі түрлері қарастырылған: қысқа және ұзын секіртпелермен секіру, бір орында секіру, жүгіріп келіп секіру, жүгіріп келіп биіктікке секіру. Секіру спорт аланыңда, спорт залда өткізіледі.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Қараша 2021
1436
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Дәріс № _____

Тақырыбы: Секірудің түрлері


Жоспары:

  1. Секіру әдістерінің негізі

  2. Секірудің биіктігі мен қашықтығына әсер ететін себептер

  3. 4 сыныптағы секірулерге үйрету жаттығулары

  4. Секіру жаттығуларын өткізу барысында сақталатын қауіпсіздік ережелері

  5. Биіктікке секіру

  6. Жүгіріп келіп ұзындыққа секіру

  7. Бір орында тұрып ұзындыққа секіру


Секіру – табиғи , қолданбалы маңызы бар қимыл. Секіру жаттығулары құрсақ бөлігі, аяқ, арқа, қол бұлшық еттерінің қызметін күшейтеді, батылдыққа, сенімділікке тәрбиелейді, жылдамдық, икемділік қасиеттерін дамытады.

Бастауыш сынып бағдарламасында секірудің келесі түрлері қарастырылған: қысқа және ұзын секіртпелермен секіру, бір орында секіру, жүгіріп келіп секіру, жүгіріп келіп биіктікке секіру. Секіру спорт аланыңда, спорт залда өткізіледі.

Секірудің барлық түрлері де оңайлыққа түспейтін жаттығулар. Секірулер аяктың және дененің жоғарғы жақ бөлігінің бұлшық еттерін дамытып шынықтырады, тыныс алу мен қан айналу жүйелерінің қызметін жақсартады [3;109].

Биіктікке секіру өзінің әдістері жағынан төмендегідей топтарға бөлінеді:

  • жүгіріп келіп биіктікке "адымдау" ("қайшылау") әдісімен секіру техникасы;

  • жүгіріп келіп "аяқты кеудеге қарай жиып биіктікке секіру техникасы" (аспалап секіру);

  • жүгіріп келіп "арқамен секіру (фосбюри-флот)";

Ұзындыққа секіру төмендегідей түрлерге бөлінеді:

  • жүгіріп келіп "аяқты жиып" секіру;

  • жүгіріп келіп "аяқты қайшылап" секіру;

  • жүгіріп келіп "шалқалай" секіру [3;109].

Биіктікке және ұзындыққа секірудің техникасын меңгеру үшін бастапқыда бір орында тұрып секіруді үйренген жөн. Орнында тұрып ұзындыққа және биіктікке секіру төменгі сыныптарда үйретіледі, дегенмен де әр сынып сайын жетілдіріп отырса, ол дағдыға айналады.

Бір орында тұрып секірген кезде аяқты тіреп итерілу үшін қолайлы орынды қамтамасыз ету қажет. Яғни, аяқ итерілген кезде аяқтың тайғанамауын ойластырған жөн. Жұмсақ жерге (қопсытылған құм, гимнастикалық төсеніш), сондай-ақ қатты жерге де секіруге болады. Секіру кезіңде ұзындық пен биіктіктің онша үлкен болмауын және жерге жұмсақ, жеңіл секіріп түсуді үйымдастыру керек.

4 сыныптағы секірулерге үйрету

ІV-сыныптын оқу бағдарламасында екпін алып биіктікке «адымдау» және ұзындыққа «адымдап» секіру әдісін үйрету қарастырылған. Төртінші сыныптағыларды оқу нормативтерін тапсыруға дайындау қажет.

Секіруге үйрегуге кірісе отырып, мұғалім олардың техникасы жөнінде өз білімін жаңартып отыруы тиіс, мысалы, биіктікке секіруде серпілу секілді секірудің негізгі кезеңінің (фазасының) орындапуы жөніндегі, сондай-ақ сермеу қимылдарының сипаты, екпін алу мен серпілудегі қозғалыс жылдамдығын арттыру кұбылысы жөніндегі қазіргі кездегі түсініктерді есепке алуы керек [4;109].

«Адымдау» тясілімен биіктікке секіруді 10-11 жастағы оқушылар әдетте 5-7 жүгіру адымынан екпін алып орындайды. Екпін алу түзу сызық бойымен, сермейтін аяқ жағынан кергіге 30°-40° бұрыш жасай орындалады. Оны аяқтың серіппелілігін сезіне отырып, сенімді түрде орындау керек. Шапшандық бірқалыпты өсіріледі. Жүгіру адымының техникасы қысқа қашықтыққа тура жүгіру техникасы секілді, бірақ шапшаңдық барынша жоғары болмай, тиімді серпілуді орындауға мүмкіндік беретіндей ретте өседі. Соңғы адымды орындауда секірушінің кеудесі сермейтін аяқты белсенді бүгу есебінен тіке немесе артқа аз ғана шалқайған қалыпта болады. Табиғи жүгіруге жақын козғалыспен серпілетін аяқ өкшемен, кейін аяқтың ұшына ауысатыңдай етіп серпілетін тақтайшаға қойылады [3;110].

Секіру жаттығуларын өткізу барысында сақталатын қауіпсіздік ережелері:

- спорттық аяқкиіммен секіру,

- секіріп жергетүсу барысында гимнастикалық төсеніштерге,

- спорт алаңында құм төселген жерге түсу.

Ұзындыққа , биіктікке секіру барысында бірінен соң бірі секіру рұқсат етілмейді .

Ұзын –қысқа секіртпелермен бір орында тұрып секіру. Секіру жаттығуларынан бір орында тұрып секіру ең тиімді дайындық құралы болып табылады. Бұл әдіс бастауыш сыныптың барлық сыныптарында қолданылады [2;93].

Бірте – бірте үйрету әдісі:

1. Қолды еркін ұстап төмен, жоғары секіру

2. Қолды арнайы қалыпта ұстау, бір орында екі аяқпен секіру

3. Бір аяқпен секіру

4. Екі аяқпен алға қарай жылжи секіру

5. Бір аяқпен алға қарай жылжи секіру

6. Екі аяқпен оңға, солға бұрылыс жасап секіру

7. Бір аяқпен оңға, солға бұрылыс жасап секіру

8. Ілініп тұрған секіртпеден секіріп отыру

9. Айналып тұрған секіртпеден секіру

10. Жүгіріп келіп айналып тұрған секіртпеден секіру

11. Екі аяқпен айналып тұрған секіртпенің алдынан секіру

12. Қысқа секіртпеден секіру

13. Қысқа секіртпеден екі аяқпен секіру

14. Қысқа секіртпеден бір аяқпен секіру, екінші аяққа ауысып секіру

15. Бір орында тұрып, жұптасып ұзын секіртпеден секіру

16. Айналып тұрған секіртпеден 90градусқа бұрылып секіру

17. Қысқа секіртпеден екі аяқпен, бір аяқпен, бір аяқтан екінші аяққа ауысып секіру

18. Секіртпені артқа қарай айналдырып секіру [1;94].

Секіру жаттығуларының барлық түрлерін қолдың қалыптарын өзгертіп, жаттығудың қайталану санын ұлғайта алмастыруды күрделендіре отырып үйретуге болады.

Биіктіктен секіру итеру, серпілу, жерге түсумен сипатталады.

Биіктікке секіру жаттығуларына үйретудегі жаттығуларына үйретудегі дайындық жаттығулар бір орында секіру, алға секіру, жан- жаққа секіру, артқа секіру болып табылады.

Оқушылар дайындық жаттығуларын меңгергеннен кейін гимнастикалық орындықтан секіруді өткізуге болады. Биіктіктен секіруді қосымша тапсырмалар арқылы күрделендіруге болады: сепрпілу барысындағы бұрылыстар, алақанды шапалақтау, т.с.с

Оқушылар секіру жаттығуларының техникасын меңгергеннен кейін бірте бірте деңгейі ұзартылып отырылады.

Бірте- бірте үйрету әдісі:

1. Бір орында жеңіл жерге секіріп түсу

2. Қолды алдын ала артқа қойып, алға қараай жеңіл секіріп түсу

3. Оңға, солға жеңіл секіріп

4. 40 см биіктіктен секіру

5. Бір орында жеңіл секіріп түсу: аяқтың ұшына тұру, қол алда - жоғарыда; аяқтың табанымен тұру, қол алда , төменде, артта ,сәл алға еңкею, секіріп түскен кезде денені тік ұстау

6. Алға секіріп түсу

7. Алақанды шапалақтап алға секіру

8. 60 см биіктіктен оңға, солға, артқа жеңіл секіріп түсу

9. 60 см биіктіктен секіру

10. Биіктіктен секіру,тепе- теңдік сақтап отырып, қалу қалпын сақтау

11. 80 см биіктіктен жерге дұрыс секіру әдісін сақтап секіру.

Биіктікке секіру

Биіктікке секіру мектеп бағдарламасында бастауыш сыныптарында қарастырылған.

Биіктікке секірудің  бес тәсілі бар: «фосбюри-флоп», «алмалы-салмалы», «толқын» «аунатпа» және «аттап өту». Алғашқыда оқушыларды «аяғын бүгіп» тік жүгіріп келіп секіру әдісінен бастайды, содан кейін «аттап» секіру техникасына ауысады [4;43].

«Аяғын бүгіп» жүгіріп келіп биіктікке секіру жылдам жүгіруден басталады. Итеру барысында сермелетін аяқ бірден алға, жоғарыға көтеріледі, ал итерілетін аяқ түзеледі.

Секіру барысында екі аяқ бірге топталады, қол алда, жоғарыда, екі аяқпен жеңіл жерге түсу, қол алда.

Биіктікке секірудің де 4 элементі бар:

  1. Екпіндей жүгіру

  2. Серпілу

  3. Кергіден асу

  4. Жерге түсу

Үш – төрт адым жүгіріп келіп секіруді бірте-бірте үйрету әдістері:

1. 20 см биіктіктен еркін секіру

2. Екі – үш адым жүгіріп келіп белгіленген жерден жеңіл секіріп түсу

3. Биіктігі 40 см тақтайдың үстінен секіру

4. 4-5 адым жүгіріп келіп, секіру барысында аяқты бүгіп секіру

5. Биіктікте ілінген заттарға қол тигізіп секіру

6. Алақанды шапалақтап секіру

7. Биіктіктігі 50 см заттардан секіру

8. Жеті адым жүгіріп келіп, белгіленген жерден секіру

9. Ілулі затқа басты тигізіп секіру

10. Биіктікке оңға, солға бұрылып секіріп

11. Биіктігі 40 см заттардан секіру

12. Биіктігі 70 см заттардан секіру


Жүгіріп келіп ұзындыққа секіру

Жүгіріп келіп ұзындыққа секіру бастауыш мектеп бағдарламасының барлық сыныптарында қарастырылған. Ереже бойынша бұл жаттығулар спорт аланыңда өткізіледі. Жаттығуларды үйрету міндеті балаларда бірте-бірте «Аяқты бүгіп» жеңіл атлетикалық секіру әдісін меңгерту болып табылады [2;96].

Секіру тихникасы. 15-20 м жылдамдықта жүгіру. Итеруге үш- төрт адым қалғанда жылдамдық ұлғаяды. Итеру барысында серпілетін аяқтың тізісі толық бүгілген, жылдам алға, жоғары қозғалады. Қол бірден жоғары көтеріледі, осы кезде серпілу басталады, серпілу барысында екі аяқтың тізесі сәл бүгіледі, ал жерге түсу алдында екі аяқ түзуленеді, денені алға қарай еңкейтіп, ижерге секіріп түскен кезде қол бірден алға қойылады, артқа құлап қалмау үшін екі аяқ толық бүгіледі.

Әдетте ұзындыққа секіру төрт кезеңнен тұрады.

1.Екпіндей жүгіру.

2.Серпілу

3.Самғау

4.Жерге түсу.

Бірте- бірте үйрету әдістері:

1. Жүгіріп келіп ұзындыққа секіру

2. Биіктігі 20-25см жүктен секіру

3. Белгіленген жерден ұзындыыққа секіру

4. Жүгіріп келіп ұзындыққа секіру

5. Белгіленген жерден секіру

6. Шеңберден шеңберге секіру

7. Белгіленген жерден секіру

8. Ілулі заттарға қолын тигізіп секіру

9. Жүгіріп келіп алысқа секіру

10. Белгіленген жерден секіру

11. Бес- жеті адым жүгіріп өтіп аяқты бүгіп секіру

12. 60 см биіктіктегі кедергіден секіру

13. Жүгіруді жылдамдатып секіру

14. Жүгіріп келіп ұзындыққа нәтижелі секіру .




Бір орында тұрып ұзындыққа секіру.

Бір орында тұрып ұзындыққа секіру 2- сыныптан бастап үйретіледі. Бұл секіру жаттығуларында аяқты итеру, аяқпен бір уақытта орындалады. Секіруге арналған бұрышы, ұшуда спортшының тепе-теңдікті сақтай білуі және жерге қону кезінде аяқтарын әрі қарай алға шығаруы әсер етеді.Ұзындыққа секіру қарқыннан, ұшу фазасынан және жерге қонудан тұрады [1;97].

Секіру техникасы: Тік тұру, аяқ қатар қойылған;аяқтың ұшына көтерілу, бір уақытта қолды алға жоғары көтеру; бірден төмен, алға жоғары, қол қимылдарын жасау, екі аяқпен бірге алға қарай итерілу. Серпілу барысында аяқ алға қойылады, жерге түсу барысында аяқ бүгіліп түседі, қол алда.

Бірте-бірте үйр.ету әдістері:

  1. Екі аяқпен жерге еркін секіріп түсу

  2. Екі аяқты итере отырып, ұзындыққа секіру

  3. Жартылай отырып ұзындыққа секіру

  4. Жартылай отырып ұзындыққа секіру, қол артта

  5. Қолды дұрыс ұстап секіру

  6. Аяқты дұрыс ұстап секіру

  7. Жерге дұрыс секіріп түсу

  8. Алысқа секіру

Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9-сыныптары үшін «Дене шынықтыру» пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасында жеңіл атлетика бөлімінде 15 сағат бөлінген. Оның ішінде секіру түрлері бойынша 3 сағат қарастырылған.

Жылдық сағат саны

Сынып

Апталық

жүктеме

5-сынып

3 сағат

102 сағат

6-сынып

3 сағат

102 сағат

7-сынып

3 сағат

102 сағат

8-сынып

3 сағат

102 сағат

9-сынып

3 сағат

102 сағат


Ольга Сергеевна Рыпакова - Қазақстанның үш аттап секіруден жеңіл атлеті. 2008 жылғы Бейжіңде - қола медаль, 2012 жылғы Лондон – алтын және 2016 жылғы Рио-де Жанейро олимпиадасында- қола медальді иеленген. Ольга Рыпакова 2010 жылы Шанхайда өткен «Гауһар лига» деп аталатын жарыста алтын, 2011 жылғы Тэгу қаласында өткен әлем чемпионатында Ольга Рыпакова күміс медаль жеңіп алды. 2017 жылы Өскемен қаласында Олимпиада чемпионы Рыпакова атындағы Жеңіл атлетика манежі ашылды.

Қорытындылай келе секірудің барлық түрлері де оңайлыққа түспейтін жаттығулар. Секірулер аяктың және дененің жоғарғы жақ бөлігінің бұлшық еттерін дамытып шынықтырады, тыныс алу мен қан айналу жүйелерінің қызметін жақсартады. Бастауыш сынып бағдарламасында секірудің келесі түрлері қарастырылған: қысқа және ұзын секіртпелермен секіру, бір орында секіру, жүгіріп келіп секіру, жүгіріп келіп биіктікке секіру. Секіру спорт аланыңда, спорт залда өткізіледі.


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:


  1. Дене шынықтыру. Орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында жалпы орта білім беруге арналған оқу бағдарламасы. – Астана, 2016. – 26 б.

  2. Мұхамеджанова Ұ. Дене шынықтыру пәнін оқыту әдістемесі – Астана, 2017. – 200б.

  3. Тайжанов С. Жеңіл атлетика әдістемелік құрал. - Алматы, 2012. – 252б.

  4. Төтенай Б. Дене тәрбиесі оқулығы – Алматы, 2017. – 160б.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!