СЕМЕЙДЕГІ СЫНАҚ – СҰРАПЫЛ КҮНДЕР СҰМДЫҒЫ

Тақырып бойынша 11 материал табылды

СЕМЕЙДЕГІ СЫНАҚ – СҰРАПЫЛ КҮНДЕР СҰМДЫҒЫ

Материал туралы қысқаша түсінік
Семей полигонына 30 жыл толуына орай арнайы жазылған мақала. Ел аумағында болған жойқын жарылысты сипаттау. Ядросыз қарудың қаншалықты маңызды екендігін дәріптеу
Материалдың қысқаша нұсқасы

СЕМЕЙДЕГІ СЫНАҚ – СҰРАПЫЛ КҮНДЕР СҰМДЫҒЫ

Мереева Ақбөбек Қоныскереевна, тарих пәнінің мұғалімі

Маңғыстау облысының білім басқармасының Бейнеу ауданы бойынша білім бөлімінің «Қарақұм ЖББМ КММ»

mereeva.akbobek@mail.ru


Семейдегі ядролық тарихтағы үлкен дақ тәрізді. Ел санасынан өшпейді, салқын лебі ешқашан басылмайды. Қара жерді қайыстырған жарылыс қаншама жанның өмірін қыршын қиып, сан мыңдаған адамның ауру болып дүние есігін ашуға түрткі болды. Жасыл аймаққа оранған кең жазиралы даламыз көк түтіннің астына көмкеріліп, тіршілікті тамырымен жойып жібергендей болды. Арада 30 жыл өтсе де, Семейдегі сынақ салдары әлі күнге халықтың жарасынан жазылмаған.

1949 жылдың 29 тамызында, таң сібірлеп атып, сағат тілі жетіні көрсеткен шақта, қып-қызыл шоқ тәрізді отты доп Жер денесін ортасынан ойып түсіріп, күлі көкке бір мезетте көтерілді. Шарпыған жалын дереу айналаға тарап, алдына келгеннің бәрін жалмағандай күй кешкен. Жақын маңда тұратын ауыл-аймақ тұрғындары түк түсінбестен, жарылысқа қарап, жүректері алқымына тығылды. Тіршілік үшін күресіп, жансақтауға жанталасқан жануарлар мен жәндіктер отқа оранып, бір мезетте жоқ болды. Ештеңеден хабары жоқ, қарапайым тұрғынға бұл тозақты жауапты мамандар №2 оқу полигонында РДС-1, зымырандық көрсеткіш снаряды, плутоний зарядан жер бетінен сынақтан өтіп жатыр деп түсіндірген болатын. Бұл КСРО тарихындағы тұңғыш атым жарылысы болды. Ғалымдар өз кезегінде мән-жайды сырттан бақылап, көз сүзіп тұрды. Тек бұл жайттан қарапайым халық қана хабарсыз еді. Бейқам жатқан жандардың жарылыстан үйлеріндегі терезелер сынып, біраз үйлердің қабырғасының құлауына да алып келді. Не болып жатқанын түсінбей дал болған адамдар улы газды жұтып, ағзалары адам танымастай өзгеріске ұшырады. Ең қызығы, полигон алдын ала жоспарланса да, халық ешқайда көшірілмеген болатын. Тіпті, бір ауыз ескертпестен, тосыннан тастай салған бомба тәрізді төтесінен жарып, талай жанды есеңгіретіп тастады. Тек араға төрт жыл салып, адамдарды басқа жаққа орналастыру мәселесі қолға алына бастады. Бұл уақытта жерге сіңіп, ауаға тарап үлгерген сынақ нәтижесі, біраз тұрғынның мына өмірмен қош айтысуына себеп болып үлгерген еді. Тірі қалған жандардың өзінде бойына түрлі дерт жармасып, қатерлі ісік ауруы үш есеге ұлғайды. Оған қоса, өкпе, сүт безі рагынан талай тұрғын зардап шегіп, тәнімен қоса жаны азапқа түсіп, ақыл-ойына зақым келді. Дүние есігін шыр етіп ашқан сәбилер сау тумай, тіршілікке келген күннің алғашқы сәтінен бастап азап шеккен болатын. Олардың бойындағы түрлі өзгерістер, адамзат баласына мүлде жат, қарауға батыл шыдамайтын қорқынышты кейіпте туылды. Әрбір жүкті әйел дені сау баланы дүниеге әкелсем деген ғана арманмен өмір сүрді. Алайда, бұл бақыт көпшілігіне бұйыра бермеді. Сұрапыл сынақтың салдары өзінің сипатын көрсетпей қоймады.

Адамдар ғана емес, жер ана да қабырғасы қайысып үнсіз жылап, бойына түскен ауыр зілді әрең көтеріп тұрған болатын. Бойындағы құнарлы элементтердің көбісі жойылып, тіршіліктің түрі қалмаған. Жасыл желектер бүршік атуын тоқтатып, жайқалған гүлдерден тек жазық дала қалған. Орманы жоқ болса, торғайы қайдан болсын, тұнжыраған тіршілікке жан-жануарлар да келмей, жұпыны күйде жарылыстың қалдықтарымен ғана қоршаған орта қаңырап бос қалды. Өкінішке орай, қара жердің қойнына құлаған бұл бір жарылыс қана емес еді. 1951 жылы уран бомбасы, ал 1953 жылы жер үстінде алғаш рет қуаттылығы 500 килотонна болатын сутек бомбасы сыналды. Семей ядролық полигонында 1961-1962 жылдары әуеде және жер үстінде 50-дей ядролық бомба сынақтан өткізілген болатын. Тіпті, бұл жарылыстар, жер жаһанға жайылған Жапонияның Хиросима қаласына тасталған атом бомбасынан да екі жарым мың есе асып түсті.

Қаншама жыл бойы қарапайым халық пен қара жердің қабырғасын қайыстырған сұмдық жайтқа тоқтау айту үшін, алғашқы толқыныстар байқала бастады. 1989 жылдың ақпан айында «Невада-Семей» қозғалысын басқарып, бірігуге үндеу жариялап, митингке шыққандандыр арасында қоғам қайраткері, ақын Олжас Сүлейменов болды. Ол әділетсіздікке шыдай алмай, бойындағы бар күш-жігерін осы салаға сарп еткен болатын. Ол КСРО және АҚШ Президентіне үндеу жариялап: «Сайын даламыз ядролық жарылыстардан қалтырап бітті, сондықтан да онда ары қарай үнсіз қалу мүмкін емес. 40 жыл ішінде бұл арада мыңдаған Хиросималар жарылды. Біз келешекті қауіппен күтудеміз. Уайымсыз отырып, су мен тамақ ішу, өмірге нәресте әкелу мүмкін емес болып барады. Қазақстандағы ядролық қаруды тоқтату үшін, өз үйімізде бейбітшілік пен тыныштық орнату үшін, өз құқықтарымыз үшін күресу мақсатында біз «Невада – Семей» қозғалысын құрдық». Осы уақытқа дейін үнсіз тығылып келген халық бір дауыстан «ядролық қаруға жол жоқ!», «Сынақтар тоқтатылсын» деп мәлімдеді. Әрине, жаппай шыққан халықтың үні бекер болмады, 1989 жылдың 27 қарашасында КСРО Жоғары Кеңесінің «Семей полигонын жабу» туралы қаулысы қабылданды. Ел аумағында да, арнайы заң негізінде жарлық шығып, 1991 жылы «Семей ядролық полигонының жабылуы туралы» Қазақ КСР Президенті Н.Ә.Назарбаев қол қойды. Ол өзінің бір сөзінде: «Қазақстан ширек ғасырдан бері тұтас жер беті бейбітшілікке бөлену үшін бар күш-жігерін салып келеді. Біз қуаты жөнінен әлемде төртінші орынға ие ядролық қарудан өз еркімізбен бас тартқан елміз. Әлемдік қауіпсіздікті нығайту жолында көптеген тың бастамалар көтердік. Бұл – Қазақстанның бейбіт бастамалары жер бетіндегі барша елдің мүдделеріне сай келетінін және олардың қолдайтынын көрсетті», деген болатын.

Әрине, басқа түссе баспақшыл дейді, қайран қазағым, қаншама нәубет жылдарды артқа тастап, бейбіт күнге ұмтылған шақта, аяқ асты аласапыранға ұласқан сұрапыл жылдар соғыссыз-ақ талай жанның өмірін жалмап, талай ғұмырға балта шабылды, талай сәби жарық дүниеге келмей жатып, мына өмірмен қош айтысты, талайы жан мен тән азабын тартып, тіршілікпен күресіп өтті. Араға отыз жыл салса да, сол жылдар жаңғырығы әлі де халық санасында мықтап бекітіліп қалған. Енді, мұндай сынақ елімізде болмасын! Бейбітшілік пен ядросыз әлем мәңгі жасасын!










Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
20.08.2021
343
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі